159
лескенімен, басымдықтары бойынша иерархияға тізілгенімен
және өзінің кезектілігі бойынша оңтайлы екендігімен анықта-
лады.
Басқару шешімдерін қабылдау процестері шешім шыға-
рудың жалпы циклі бойынша проблеманы тану мен қоя білу-
ден, бақылау мен түзетуге дейін таралады. Олардың жиын-
тығы
басқару шешімдерін шығару, қабылдау және іске асыру
жөніндегі уақытша құрылымдық операциялар болып табы-
лады.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің
феноменологиясы
Бұл ұғым басқару шешімдерін шығару мен қабылдау кезінде
байқалатын мінез-құлықтық құбылыстар мен заңдылықтар жиын-
тығын білдіреді. Олар тек шешім процестеріне ілесіп қана қой-
май, олардың жүру барысын да реттейді.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы фе-
номенологиясына жеке және топтық таңдауға тән негізгі
құбылыстар кіреді. Бұл процестер
әлеуметтік және ұйымдық
тұрғыдан жүзеге асады, сондықтан да олар жалпы көпте-
ген әлеуметтік-психологиялық құбылыстарға таралады. Басқа-
ру шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы феномено-
логиясында құбылыстардың негізгі төрт тобын атап көрсе-
теді:
1) Басқару шешімдерін қабылдау процестерін сипаттайтын,
нәтижесінде олардың жеке таңдауға
тиесілі құбылыстар;
2) Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде олардың
топтық сипатына байланысты туындайтын құбылыстар;
3) басқару шешімдерінің
өзіндік құбылыстары;
4) Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы әлеу-
меттік-психологиялық құбылыстары.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде жеке таңдауға
тән құбылыстар, яғни адамның ақпараттық процестерінің психо-
логиялық ерекшеліктерімен ерекшеленетін таңдау деформация-
сы (танымдық ауытқулар) күшейе түседі. Оларға репрезентатив-
тілік эвристикасы, әлеуметтік
перцепция жетімділігі, нақтылы-
160
ғы, қателіктері кіреді. Сондай-ақ алғашқы баламалық өзін бекіту
құбылысы ретінде белгілі «инерциялық әсер» орын алады [30,
31, 32].
Танымдық консерватизм және
радикализм әсерлері де бар.
Біріншісі ең шынайы баламаның мәнділігі мен шынайылығын
төмендетумен, ал екіншісі қарама-қарсы ағыммен сипатталады.
«Кездейсоқ оқиғалардың
квазиреттеулік елестері (иллюзия-
сы)» құбылыстары орын алады. Мұндай бағдардың тұрмыстық
эквиваленті – «снаряд бір шұңқырға екі рет түспейді».
Таңдау процестерінде өздерінің бағытталуы бойынша қара-
ма-қарсы,
ықтималдықтарды теңестіру принципі («центрация»
әсері) және
ықтималдық деформация құбылысы сияқты жағ-
дайлар байқалады.
«
Жалған себеп қателігі» орын алады. Оған мәні бойынша,
сырттай ұқсас екі кездейсоқ оқиға өзара түзеушілер ретінде ба-
ғаланатын «
елестік коррекция» құбылысы ұқсас.
Субъективтік әсерлердің қажетті әртектілігіне деген бағдар
тән. Егер адам алдын ала кездейсоқ оқиғалармен кездессе, онда
оның оларға жауабы да кездейсоқ, әртекті болуға тиіс, ал әсер-
лердің кез келген біртектілігі қателік ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар жеке таңдау процестерінде адамның тұлға-
лық ерекшеліктері саласымен байланыстағы әлдеқайда күрделі
және кешенді психологиялық құбылыстары да байқалады.
Олар:
1. «
Реактивтік кедергі» әсері (Дж. Брем). Ол кез келген сырт-
қы қысым адамның тыйым салынған іс-әрекетті жүзеге асыруға
(«тыйымда жеміс тәтті») бағытталған күшті кері әсерін туғыза-
тынына негізделген. Керісінше, реактивтік
кедергі адамға бел-
гілі бір баламаны таңдау немесе қандай да бір іс-әрекетті жүзеге
асыру «көбірек ұсынылған» жағдайда туындайды.
2. «
Кері ойлау» әсері, ол туралы (Фишхофф құбылысы) «Мен
осылай болатынын білгенмін» – адамның мұндай әсері жағдай-
дың нақты бағасын бұрмалайды және өткен баламалық тәжіри-
бенің қалыптасуына ықпал етеді. Өз пікірінің қатесіздік елесі
туындайды. Осының арқасында адамның өзін-өзі бағалауы және
болашаққа деген болжауға сенімділігі артады. Міне, осы жетек-
шіге тән бұл құбылыс болуының психологиялық себебі болады.
161
3. Жеке шартталғандар қатарына жоғарыда сипатталған
Достарыңызбен бөлісу: