Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет54/164
Дата21.12.2022
өлшемі1.92 Mb.
#467683
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   164
Ахтаева

Ф. Ирвин құбылысы да, М. Старрдың «ерікті және мәжбүрлен-
ген таңдау асимметриясы» құбылысы да кіреді.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде тұлғааралық 
өзара іс-әрекет нәтижесінде дайындалған коллегиялық ретінде 
сипатталатын құбылыстар әлдеқайда айқын байқалады. 
Олардың арасында Р. Стоунердің, жекемен салыстырғанда 
топтық шешімдердің үлкен тәуекелділігінен тұратын, «тәуекел-
дің позитивті ығысуы» құбылысы ең танымалды. Бұл құбылыс-
тың бірнеше түсініктемесі бар. Біріншісі топтық шешімде жауап-
кершілік диффузиясы (жауапкершілікті топ мүшелері арасында 
бөлу) орын алатынына келтіріледі. Екіншісі тәуекелдің оң құн-
дылығы бар екендігіне, ал тәуекелдік мінез айналадағылардың 
жоғары бағалайтынына негізделген. Адам топтың нақ өзінде 
тәуекелдік мінезді көбірек көрсете бастайды. 
Р. Кларк соңынан топтың ең тәуекелді мүшесі ұсынған тәуе-
кел деңгейіне баратынын көрсетті. Бұл деңгей орташа топтық-
тан жоғары және «төбелік әсер» ретінде белгіленеді. 
Басқару іс-әрекетіндегі әсерлерді қарастыру олардың жетек-
шінің нақты кәсіби қызметінде байқалатын маңызды ерекшелі-
гін анықтады. Бұл құбылысты «тәуекелді поляризациялау әсері» 
деп атады. Оның мәні мынада. 
Топтың қатардағы мүшелері тәуекелді барынша ұлғайтады, 
ал жетекші барынша төмендетеді. Тәуекел серпінінің «белгісі» 
жетекші мен қол астындағылар үшін әртүрлі. 
Топтық шешімдердің феноменологиясын зерттеу кезіндегі 
ең мәнді жаңалық «Grouptbіnk құбылысын» анықтаған Д. Яниске 
тиесілі. Бұл – аударуы қиын неологизм, оны «топқа толықтай 
қосылған индивидтердің шешім шығару кезіндегі ойларының 
деформациялануы» ретінде тұжырымдауға болады. Оның маз-
мұны келесі «белгілердің» (симптомдардың) жиынтығымен анық-
талады (Д. Янистің термині): 
1. Топ мүшелері бөлетін қателіксіздік елесі, нәтижесінде – 
тым артық тәуекелге бел буу. 
2. Топтың қабылданатын шешімге мүмкін болатын қар- 
сылықтарды алып тастау үшін тиімді түсінік беруге ұмты- 
луы. 


162 
3. Топтың көрсететін мінез-құлық принципіне сену, ол оның 
мүшелерін қабылданатын шешімдердің моральдық салдарын 
қабылдамауға мәжбүрлейді. 
4. Бәсекелестерге деген келіссөз жүргізу үшін аса көп теріс 
мінезді адамдар ретіндегі стереотиптік көзқарас. 
5. Топтық стереотиптерге қарсы дәлелдер ұсынатын топ мү-
шелеріне ашық қысым жасау. 
6. Топ мүшелерінің өзіндік цензурасы, топтық шешімдерге 
қатысты өз күмәндері мен қарсы дәлелдерін мүмкіндігінше 
азайтуға дайындығы. 
7. Көпшіліктің көзқарасымен келісетін бағалар және пікірлер 
жөніндегі бірауыздық елесі. 
8. Топты келеңсіз ақпараттан қорғайтын «топтық рухтың» 
жалған күзетшілерінің пайда болуы, олар топ мүшелерінің қа-
былданған шешімдерден алатын қанағаттанушылық сезімдерін 
бұзуы мүмкін. 
Топтық пікірталастың шешімдер процесі мен нәтижесінде 
ықпалын қарастыру тұлғааралық шешімдер процестері феноме-
нологиясын зерттеудің маңызды жағы болып табылады. Екі ма-
ғыналы құбылысты, яғни «қосылу» құбылысын топ пікірлері 
мен тұрғыларын пікірталас барысында жақындату) және «ажы-
рау» құбылысын (пікірлерді, бағаларды және көзқарастарды 
поляризациялау) анықтау үлкен рөл атқарады. 
Топтық пікірталас кезінде рөлдік дифференциация процесі 
ашылады, онда жауапкершілікті бөлу мен жүктеуге байланысты 
«рөлдік фасилитация» құбылысы туындайды. Оның мәні белгілі 
әлеуметтік рөлдегі адамның шешім қабылдауының өзі, одан өз 
іс-әрекеті үшін жауапкершіліктің бір бөлігін алып тастайтын 
сияқты болатынында. Бұл құбылыстың негізі мынада, бұл рөл 
субъектіге топтан беріледі, сөйтіп оған жауапкершіліктің бір 
бөлігі өтеді. Бұл шешім қабылдау процестеріне жеңілдететін 
(фасилитациялық) ықпал көрсетеді. 
«Жатталған диссонанс» құбылысы – бұл тағы да бір топтық 
құбылыс. Топтың әрбір мүшесі онда өздері басымдық беретін-
дердің көп бөлігі іске аспауы мүмкіндігін түсінеді, сондықтан ол 
қорытынды шешімнің өз мүдделерімен болашақ диссонансын 
алдын ала көретіндей сезінеді. Бұл ұстанымды бекіту субъекті-


163 
нің шешім шығару және оны қабылдау барысындағы белсенділі-
гінің төмендеуіне соқтырады. Бұл «өзінің және өзгенің дәлелде-
рін баламалы бағалаудағы асимметрия» құбылысының байқа-
луына алып келеді. 
Топтық шешімдерге «көлем әсері» орын алады. Аса үлкен 
немесе өте кіші топтар оңтайлы көлемдегі топқа (4–8 адам) қа-
рағанда, шешім қабылдаудың төмен тиімділігімен сипатталады 
[10, 11, 12]. 
Топтық шешімдер үшін «құрам әсері» орнатылған. Біртек-
тіліктің оңтайлы (орташа) дәрежесі бар топтар ең тиімді шешім-
дер шығарады. 
Топтық шешімдер үлкен сенімділікпен сипатталады, деген-
мен жеке шешімдердің де өзіндік артықшылықтары бар. Бұл – 
олардың үлкен тиімділігі, икемділігі, жеделдігі. Олар әлдеқайда 
ерекше, жан-жақты (жағдай сәттеріне сезімтал) креативті. Жал-
пы алғанда, коллегиалды түрде дайындалып, жеке қабылдана-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет