Басқару іс-әрекетіндегі коммуникативтік
құбылыстар мен процестер
Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқының барлық фор-
малары мен коммуникация процесінде туындайтын белгілі бір
заңдылықтар мен құбылыстарға негізделген. Олар коммуника-
тивтік құбылыстар ұғымымен белгіленген. Олардың негізгілері:
еліктіру, мәжбүрлей түсіндіру, сендіру, ұқсату, еліктеу; олардың
әрқайсысының өзіндік ерекше заңдылықтары бар.
Еліктіру – эмоционалдық күйді (көбінесе санадан өтпеген
деңгейдегі) бір адамнан екіншісіне беру процесі. Бұл әсер көбі-
несе үлкен аудиторияларға тән.
Мәжбүрлей түсіндіру адамның психикалық саласына олар-
дың ақпаратты қабылдауының санаға сіңгендігін және іске асы-
рылуын әдейі төмендетуге, оның белсенді түсінуінің, талдауы-
ның және өткен тәжірибемен байланысының болмауына байла-
нысқан әсер ету процесі ретінде анықталады. Мәжбүрлей түсін-
дірілген ақпарат мазмұны түзетуге қиынырақ беріледі, «мәжбүр-
ленген мінез-құлықтық бағдар» түрін қабылдайды. Мәжбүрлей
түсіндіру тиімділігі суггестор («мәжбүрлей түсіндірушінің») бе-
деліне байланысты болады.
174
Сендіру қисынды негіздеу көмегімен ақпарат қабылдаушы
адамнан ерікті келісім алуға тұрғызылады. Бұл – интеллектуалдық,
ал мәжбүрлей түсіндіру көңіл-күйлік, еріктік әсер ету.
Ұқсату (еліктеу) – бөтен мінез-құлықты белсенді қайталау.
Еліктеудің бірнеше негізгі типтері бар: қисынды және қисын-
сыз, ішкі және сыртқы, еліктеу-сән және еліктеу-дәстүр, ішкі
және топаралық еліктеу. Бұл – конформистік мінез-құлықтың
негізгі механизмдерінің бірі.
Осы құбылыстардың барлығының психологиялық механизм-
дері өзіндік ерекше коммуникативтік процестердің және тұл-
ғаның олар шартталатын сапаларының болуымен байланысқан.
Бұл эмпатия, аттракция, идентификация, рефлекция, т.б. про-
цестері.
Оларды сипаттаудың алдында олар таралатын жалпы комму-
никативтік контексті сипаттаушы ұғымды анықтау қажет:
1. Коммуникативтік цикл – бұл бірқатар негізгі коммуника-
тивтік іс-әрекеттің тізбектілігі. Оның құрылымы коммуника-
цияның жалпы құрылымына тұтастай ұқсас, бірақ біраз қосым-
ша компоненттерден тұрады:
– коммуникативтік түрткі – коммуникативтік актінің баст-
алуына және оның формасын таңдауға ұмтылудың туындауы;
– әріптесті «шақыру»;
– шақырудан «бас тарту»;
– «шақыруды» қабылдау;
– ақпарат беру;
– адресатпен байланысты аяқтау және түйсінудің аяқталуы
мен адресаттың жауаптық сөзінің инициациясын білдіретін өзін-
дік ерекше операциялар;
– адресаттың байланысты үзу мүмкіндігі;
– адресаттан кері байланысты ақпарат алу және оны интер-
претациялау;
– бастапқы хабарды түзету және коммуникативтік циклді
аяқтау немесе оны қайталау (егер коммуникацияның бастапқы
мақсаттары орындалмаса).
2. Коммуникативтік күй – бұл тұлғаның коммуникацияға
қосылу шамасы мен толықтығын, оның мүмкіндіктерін және он-
дағы белсенділігін сипаттайтын қорытушы ұғым. Бұл әрі тұл-
175
ғаның коммуникацияға үстемесін қамтамасыз ететін басқа ин-
дивидтер жағынан ықпалды-рецептивтік бағдарды қабылдауға
әзірлік.
3. Коммуникативтік біліктілік – бұл басқа адамдармен бай-
ланыс орнату және қолдау қабілеті.
4. Коммуникативтік қабілеттер өзара іс-қимыл тиімділігінің
жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұның себебі – алынған бі-
лім мен тәжірибе емес, тұлғалық сапалар және ерекшеліктер.
Бұл қабілеттер құрамына экстраверттік, ашықтық (соның ішінде
когнитивтік), көңіл-күйлік, сезімталдық, т.б. кіреді.
Интегративтік сапа ретіндегі коммуникативтік қабілетті қам-
тамасыз етуде коммуникативтік қабілеттермен тығыз беттесетін
коммуникативтік процестер басты рөл атқарады, оларды процестер
ретінде де, тұлғаның сапалары ретінде де қарастыруға болады.
Төмендегілер олардың негізгілері болып табылады.
Эмпатия ( гр. empathea – күйіне ортақтасу) – адамның эмо-
ционалдық күйіне ену, эмоционалдық түсіну. Кейде ұтымды
және эмпатиялық түсінулер бір-біріне қарама-қайшылықта бола-
ды; осы кезде туындайтын коммуникантпен байланыстың
айқынсыздық сезімі оған деген сенімсіздікті шақырады. Өткен
тәжірибенің ұлғаю шамасына қарай эмпатия процестерінің тиім-
ділігі арта түседі. Эмпатияның тұрмыстық эквиваленті – сезім-
талдық.
Идентификация – өзін басқа адамға ұқсату. Онымен проек-
ция және децентрациялау процестері тығыз байланысады. Өзін
қандай да біреумен идентификациялай келе, адам оған өзінің
кейбір сипаттарын ауыстырады. Сондықтан идентификация еш-
қашанда толық, әрі объективті бола алмайды.
Атрибуция – басқалардың мінез-құлқын интеллектуал-
дық түсіндіру, оларды ұтымды интерпретациялау негізінде бо-
лады.
Аттракция – коммуникация бойынша әріптеске көңіл-күй-
лік қатынастың қалыптасуын қамтамасыз ететін процесс. Бұл
процестер нәтижесінде әлеуметтік бағдардың шамалы стерео-
типтенген жүйесі қалыптасады. Олар әлеуметтік-коммуника-
тивтік аттитьюдтер ұғымымен белгіленеді. Адам өзінің басқа
адамдар туралы ұғымдарымен тілдеседі.
176
Аффилиация – адамның қандай да бір топқа (кең мағынада)
қосылу қажеттігі және түйіспелі коммуникативтік мінез-құ-
лықтың (тар мағынада) себептерінің бірі.
Фасцинация ( ағылш. fascіnatіon – көңіл қалу, разы болмау) –
өзіндік іс-әрекеттердің белгілі бір жүйесі ретінде болатын күр-
делі коммуникативтік процесс. Бұл – коммуникативтік ақпарат-
ты жақсы қабылдауға көмектесетін контексті жасау.
Басқару іс-әрекетіндегі рефлексивтік процестер
Қарастырылған процестердің барлығы рефлексия процесінде
әлдеқайда жалпы және маңызды көрініс табады. Коммуника-
тивтік процестер синтезінің бұл формасы айрықша ерекшелік-
пен сипатталады, ол барлық белгілі психикалық процестердің
арасында күрделіліктің, интегративтіліктің аса жоғары дәреже-
сіне ие. Рефлексия – психика процестерінің негізгі үш: когни-
тивтік, регулятивтік, коммуникативтік кластарының интеграция-
лануының өнімі. Адамда саналы феноменнің туындауы оның
нәтижесі болып табылады. Бұл – рефлексияның нәтижелі жағы
және негізгі шарты.
Бұл процесс нақ басқару іс-әрекеті үшін өте маңызды, өйт-
кені оның негізгі мәні әлеуметтік нысандарда өз мінез-құлқы-
ның саналы рефлексивтік қасиеттерге ие болуында.
Психологияда рефлексия айрықша психикалық процесс, тұл-
ғаның қасиеті және психикалық күй ретінде анықталады. Өзін-
дік ерекше адами қабілет ретінде рефлексия сыртқы және ішкі
дүниені қабылдау мүмкіндігін береді. Өз психикасын өзіндік
бейнелеуге деген қабілет құбылыстың негізі болып табылады.
Бұл – «ойлау туралы ойлау» процесі, өз ойы мен сезімдеріне
шому. Шекті жағдайларда мұндай күй медитацияға тасымал-
данады, рефлексияның екі формасы атап көрсетіледі: өз іс-әре-
кетінің рефлексиясы және басқа адамның ішкі әлемінің рефлек-
сиясы [54, 55].
Рефлексия құрылымына оның төрт негізгі аспектісі қосыл-
ған:
1. Кооперативтік аспект субъектілердің кәсіби көзқараста-
ры мен топтық рөлдерінің үйлесуіне, олардың іс-әрекетін ко-
177
операциялауына байланысты. Бұл аспект өздерін басқалардың
көзқарасына қойып, жауапты іс-әрекеттерді болжау мен таңдау-
ға сүйенуді білдіреді.
2. Коммуникативтік аспект. Рефлексия – тілдесу мен тұл-
ғааралық қабылдаудың қажетті компоненті. Адам басқа тұлға үшін
ойлауға тырысады; басқа адамдардың не ойлайтынын, өзі тілдесіп
отырған әріптестері қалай қабылдайтынын түсінгісі келеді.
3. Тұлғалық аспект. Рефлексия «Мен» – физикалық дене
күші, «Мен» – биологиялық ағза, «Мен» – әлеуметтік жан,
«Мен» – өз мінез-құлқының субъектісі сияқты шағын құрылым-
дарды тұтас жүйеге интеграциялайды.
4. Интеллектуалдық аспект – рефлексия адамның өз іс-әре-
кетін атап көрсету, талдау және жағдаймен салыстыру, интел-
лектуалдық іс-әрекетін реттеу шеберлігі ретінде.
Өз іс-әрекетінің рефлексиясы негізгі үш: жағдайлық, ретро-
спективалық және перспективалық формаларда қарастырылады.
Бұл уақыт бойынша атқаратын функцияларға тәуелді болады.
Сондай-ақ рефлексия мен басқа адамдардың санасы объект
бола алады. Децентрация механизмі рефлексияның кез келген
түрінің негізі болып табылады, мұнда өмірдің тікелей процесі-
нің шегінен, ол туралы пікір айту үшін, тыс позиция алу үшін
ойша шығу орын алады.
Рефлексивтік процестер негізгі басқару шешімдерін жүзеге
асыруда негізгі рөл атқарады. Олардың тиімділігі еркін бақылау
дәлдігін анықтайды, ал бұл нақты рефлексивтік процестердің
қосылуын талап етеді. Практикалық-әлеуметтік интеллект құры-
лымында рефлексия маңызды орын алады. Психологиялық зерт-
теулер көрсеткендей, рефлексивтілік қасиеттің өзі интеллек-
туалдық іс-әрекеттің негізгі параметрлерімен байланыстың ең
көп санына ие болады.
Әлдеқайда тиімді іс-әрекет рефлексивтіліктің орташа ин-
дексі жетекшілерге тән.
Достарыңызбен бөлісу: |