Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет61/164
Дата21.12.2022
өлшемі1.92 Mb.
#467683
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   164
Ахтаева

фрустрация, қобалжу, т.б.); іс-әрекет түрлері бойынша (ойын, 
оқу, еңбек); тон бойынша (оң, теріс, амбивалентті); іс-әрекетке 
әсер ету сипаты бойынша (позитивті және негативті). 


180 
Кез келген күйдің құрылымы екі: мазмұндық және серпінді 
компоненттерден тұрады. Іс-әрекеттің орындалу тиімділігіне 
күйдің мазмұны да, оның қарқындылығы да үлкен ықпал етеді. 
Іс-әрекеттің орындалуын қоштайтын энергетикалық фонды бел-
сенділену деңгейі ұғымымен белгілейді. Ол кең ауқымда өзге-
реді, оны белгілеу үшін психологияда «активация континуумы» 
немесе сергектену деңгейлерінің шкаласы ұғымы қолданылады. 
Келесі күйлер мынадай деңгейлер ретінде қарастырылады: ес-
түссіздік (кома), терең ұйқы, жеңіл ұйқы, жай сергектік, бел-
сенді сергектік, қауырт сергектік, стресс. 
Жетекші іс-әрекетінің тиімділігі белсенділену деңгейіне бай-
ланысты болады: ол тым жоғары және тым төмен деңгейлерде 
төмендейді. Бұл тәуелділікті алғаш рет американдық ғалымдар 
Р. Йеркс пен Д. Додсон байқады. Ол «Йеркс-Додсон заңы» не-
месе «оптимума активации» заңы деп аталады. Сондай-ақ пси-
хикалық күйлердің деструктивтік (негативтік) ықпал дәрежесі 
мен олар осы ықпал ететін процестердің күрделілігі арасында да 
байланыс бар. Мысалы, торығу немесе күйзеліс әсерімен интел-
лектуалдық функциялар, ал сонан кейін едәуір аз шамада әл-
деқайда қарапайым моторлық, атқарушылық функциялар төмен-
дейді. 
Басқару іс-әрекетінде эмоциогендік факторлардың қуатты 
тобы тұлғааралық қатынастармен байланысқан. Бұл іс-әрекеттің 
күрделілігі, оны жүзеге асырудың қиын шарттары оның нәти-
желеріне деген жауапкершілікпен сабақтаса келе, басқару іс-
әрекетінің сипаттамаларының тұрақты симптомдық кешенін тү-
зеді. Міне, дәл осындай іс-әрекет еріктік процестердің үнемі 
қосылуын талап етеді. Басқару іс-әрекеті психологиясында оны 
ұйымдастыру үшін әлдеқайда мәнді эмоционалдық-еріктік рет-
телудің әлдеқайда типтік аспектілер шеңберін атап көрсете- 
ді. Бұл – стресс, фрустрация проблемасы, «шұғыл іс-әрекетке 
дайындық» құбылысы, жетекшінің эмоционалдық резистенция-
сы ұғымы, дисфункционалдық күйдің когнитивтік реттелу ерек-
шеліктері, басқару іс-әрекетіндегі экспрессивтік процестердің 
заңдылықтары. 


181 
Стресс және оны жетекшінің іс-әрекетінде басқару 
«Стресс» (ағылш. stress – қысым, кернеу) ұғымы әртүрлі экстре-
малдық әсерлерге – стрессорларға жауап ретінде туындайтын 
жоғары кернеу күйлерінің кең ауқымын білдіреді. Басқару іс-
әрекетіндегі стрессорлар саны өте үлкен, олар өз мазмұны бойын-
ша өзінше ерекше. 
Ақпараттық жүктелу факторы. Басқару іс-әрекетінде ақпа-
рат көлемі мен оны өңдеуге қойылатын талаптар адамның психи-
калық мүмкіндіктерімен қарама-қайшылыққа кіреді. Сондықтан 
ақпараттың осындай көлемімен шартталатын когнитивтік жүктеме 
күйзеліске соқтыратын негативтік фактор ретінде болады. 
Ақпараттық айқынсыздық факторы. Жетекші ақпараттың 
тым артықтығына қарамастан, жетпейтін ақпаратты іздеуге не-
месе айқынсыздық, тәуекел жағдайларында қимылдауға мәжбүр. 
Ал бұл болса – күшті стрессогендік фактор.
Жауапкершілік факторы – жетекші іс-әрекеті үшін барынша 
байқалатын негізгі және шешуші фактор.
Уақыт тапшылығы факторы, тұлғааралық және тұлғаішілік 
кикілжіңдер факторы, басқару іс-әрекетінің полифокустылық 
факторы, сыртқы орта факторлары жүйесі (бәсекелестік, крими-
налдық орта, макроәлеуметтік және макроэкономикалық серпі-
ліс тұрақсыздығы) – осылардың барлығы басқару іс-әрекетінің 
стрессорлары болып табылады. 
Стрестік күйлер іс-әрекетке тұтастай және оның жекелеген 
процестеріне біртекті ықпал етеді. Стресс дамуының негізгі үш 
кезеңі бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет