Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет76/164
Дата21.12.2022
өлшемі1.92 Mb.
#467683
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   164
Ахтаева

Менеджерлік сипаттамалар 
 
Менеджерлік сипаттамалар индивидтің қабілеттер функция-
сы ретінде болатын, бірақ олар бола алмайтын қасиеттері болып 
табылады. Олардың негізгілері болатындар:
1. Жасерекшелігі факторы. Жетекшінің жасы мен иерархия-
лық деңгейі арасында байланыс бар. Кәсіби тәжірибенің бай-
лығы ересек жастың функциясы болып табылады. Карьералық 
жылжу жасқа пропорционал. Жас өскен сайын басқарудың өнім-
ді әдістері күшейеді, ал репродуктивті (өнімсіз) әдістері кері-
сінше болады. Жетекшілік стилі қатаңданады. Басқару іс-әре-
кетінің тиімділігі серпінінің жалпы ағымы – позитивті.
2. Жыныстық фактор. Басқарудың қазіргі кездегі психоло-
гиясы – бұл «ер-жетекшілер психологиясы», бірақ әйел-жетекші 


216 
соңғы уақытта зерттеушілер зейінін көбірек тартуда, ерлер бас-
қарудың бір мәселелерін, әйелдер екіншілерін жақсы шешеді, 
дегенмен, жалпы алғанда, ерлер басымдыққа ие.
3. Мәдени білім беру деңгейінің факторы басқару іс-әрекеті 
тиімділігімен тура позитивтік байланыста.
4. Әлеуметтік-экономикалық мәртебе факторы. Егер адам 
компанияға иелік ететін компанияда дүниеге келсе, бұл Ф. Фидлер 
атап көрсеткендей, оның президенті болу үшін ең сенімді тә- 
сіл. 
Тиімді менеджердің сипаттамаларының екінші тобы – қабі-
леттер функциясында болатын тұлғалық сапалар. Бұл сапаларды 
3500-ден астам зерттеу мәліметтерін қорытатын М. Стогдила-
ның еңбегі ең танымал. Ол төмендегідей басты менеджерлік 
сапаларды атап көрсетеді: доминанттылық, өзіне деген сенім-
ділік, эмоционалдық тұрақтылық, күйзеліске тұрақтылық, креа-
тивтілік, жетістіктерге ұмтылыс, кәсіпкерлік, жауапкершілік, се-
німділік, тұлғаның тәуелсіздігі, ашықтық, социобелділік (тұлға-
аралық байланысты тұрғызу шеберлігі және ауқымды әлеумет-
тік түйісулер орнату қажеттілігі). 
Бұл сапалар мен сипаттамалардың барлығы табысты басқару 
іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті қабілеттердің бүкіл 
тізімін тауыса алмайды. Басқару теориясында осы сияқты ті-
зімдер көп. Зерттеулердің бірі менеджерлік сипаттамалардың 
келесі жиынтығын келтіреді: 
А. Мінез-құлықтың концептуалдық қабілеттері мен стан-
дарттары: 
1. Көзқарастар ауқымдылығы, аса ауқымды тәсіл.
2. Ұзақ мерзімді болжау, икемділік.
3. Қуаттылық, бастамашылық және шешімділік (соның ішін-
де тәуекелдік жағдайында). 
4. Табанды жұмыс және тұрақты оқу, білім. 
Ә. Тұлғалық сапалар: 
5. Мақсаттар мен бағдарды нақты тұжырымдау. 
6. Өзге пікірді тыңдауға дайындық. 
7. Менменсіздік, құмарсыздық, бейқамдық. 
8. Қызметкерлерді дұрыс орналастыру, адал санкциялар. 
9. Жеке бастың әдемілігі. 


217 
10. Ұжым және ондағы үйлесімді құра білу шеберлігі. 
11. Денсаулық. 
Америкалық менеджменттің «7М» ережесінде: жетекші жеті 
«М» жауап береді. Бұлар тек (адамдар) method (әдістер), money 
(ақша), mushіness (машиналар), materіals (материалдар), marketіng 
(сату), management (басқару). 
Басқарулық қабілеттердің синтетикалығы олардың екінші 
санатын талдау кезінде күштірек байқалады. 
Жалпы ұйымдастырушылық қабілеттер 
 
Басқару қабілеттерінің бұл санаты екі топшадан тұра- 
ды: жалпы басқарулық қабілеттер және қандай да бір негізгі 
басқару функциясымен шартталған шағын сипаттағы қабі-
леттер.
Л.И. Уманскийдің еңбегінде бірінші топтың қабілеттері әл-
деқайда толық көрсетілген. Ол осылардың ортасында келесі-
лерді негізгілер деп есептейді.
Бірнеше негізгі тұлғалық және мінез-құлықтық индикатор-
ларда байқалатын психологиялық сайланымдылық: 
1. Басқа адамдар күйінің психологиялық ерекшеліктерін 
жылдам және дәл (көбінесе салаланбаған түрде) бейнелеудің 
қайталанатын факторы. 
2. Эмоциялық синхрондылық (басқа адамдар сезінетініне 
бірге күйзелу). 
3. Басқа адамдардың психологиялық сапаларын, олардың 
баламалы мінездемелерін сипаттауға жоғары сезімталдық пен 
қабылдаушылық. 
4. Сайлаулық-психологиялық ес немесе байқампаздық. 
5. Өзін басқа адамның психологиялық жағдайына қоя білу 
шеберлігі. 
Практикалық психологиялық ақыл-ой, Л.И. Уманскийдің 
есептеуінше, төмендегідей бағыттарда болады: 
1. Адамдардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, міндет-
терді баламалы бөлу. 
2. Адамдардың білімін қолдануды талап ететін жағдайларда 
жылдам бағдарлану. 


218 
3. Іс-әрекетті ынталандыру мотивтерін табу, адамдарды іс-
пен қызықтыру шеберлігі. 
4. Адамдарды ұжымдық іс-әрекетті орындау үшін топ- 
тау кезінде жеке ұнату (симпатия мен антипатияларды есепке 
алу). 
5. Ұйымдастыру шеберліктері мен білімді қалыптастыру ке-
зінде оқытудың жоғары дәрежесі. 
6. Практикалық мәселелерді қолда бар адам мүмкіндіктерін 
ескере отырып шешу. 
Психологиялық такт мыналарда байқалады: 
– адамдармен қарым-қатынастағы шама сезімінде; 
– әртүрлі адамдарға тілдік бейімделуде; 
– адамдармен тілдесуді жекелендіруде; 
жағдай сезімінде
– адамдарға қатысты сезімталдықта; 
– тілдесудіңқарапайымдылығы мен табиғилығында; 
– адамдарға келістің адалдығы, обьективтілігі сезімін- 
де. 
Қоғамдық қуаттылық келесілерді білдіреді: 
1) эмоционалдық және жігерлілік тіл әсері – сөйлемдерді 
акценттік мүшелеу, екпіндер, кідірістер, ым-ишара; 
2) сөз және іспен әсер етудің қисынды сенімділігі
3) өзінің күшіне сенімділік, рухани сергектік; 
4) тәуекелге бару қабілеті. 
Ұйымдастыру іс-әрекетіне талапкерлік, сыншылдық, бейім-
ділік – мұның барлығы да жалпыұйымдастырушылық қабілет-
тер, олар жекеленген басқару функцияларын табысты орын-
дауын шарттандыратын әлдеқайда шағын қабілеттермен толық-
тырылады және нақтыланады. Келесі қабілеттер олардың негіз-
гілері болып табылады: 
1. Мақсат қоюға қабілет екі негізгі аспектіден тұрады: мақ-
сатты тұжырымдау және олардың ең мәнділерін атап көрсету
бұл мақсаттарды қарамағындағылар алдында олар қабылдай-
тындай етіп тұжырымдау қабілеті. 
2. Болжау қабілеті – «болашаққа көз жіберу» шеберлігі, 
белсенді болжамдық стратегия негізінде басқаруды құру (жетек-
шінің аса маңызды қабілеті). 


219 
3. Өз іс-әрекеті мен қарамағындағылар, сондай-ақ бүкіл ұйым 
іс-әрекетін жоспарлау қабілеті. Бұл қабілет – когнитивтік және 
тұлғалық қабілеттер синтезі. 
4. Басқару шешімдерін қабылдау қабілетін басқа қабілеттер 
толтыра алмайды. 
5. Коммуникативтік қабілеттер тұлғалық ашықтық, эмпатия-
лық, рефлексивтік, экспрессивтік сияқты сапаларына негізделеді. 
6. Мотивтеуші қабілеттер де сондай-ақ интегративтік түзілім-
дер болып табылады. Жетекшінің қарамағындағыларға әсерінің 
мотивтік құралдарының бүкіл кешені осыған жатқызылады. 
7. Бақылау қабілеті. Бастысы – еңбек нәтижесін атқарушы-
ның жеке мүмкіндіктерімен салыстыру. Бақылау еңбек тиімділі-
гін арттыру құралы ретінде қолданылады. 
Практикалық тұрғыдан алғанда маңызды, тағы екі интегра-
тивтік қабілет атап көрсетіледі: кадрларды таңдау қабілеті және 
жетекшінің кәсіби біліктілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет