328
V тарау
БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ
НЕГІЗДЕРІ
5. БАСШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ КӘСІБИ МАҢЫЗДЫ
ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛЕР
5.1 Әлсіз басшылардың белгілері
1. Әрқашан ойламаған
жағдаяттарға тап болады, өйткені
оларды алдын ала болжауға қабілетсіз.
2. Істі білетініне және оны бәрінен жақсы жасайтынына
сенімді, себебі барлығын өзі жасауға тырысады.
3. Бір қолына телефон тұтқасын ұстап,
екінші қолымен құ-
жатқа қол қойып, сол уақытта жұмысшыға кеңес бере отырып,
келушілерді қабылдайды.
4. Оның жазба үстелі әрқашан қағаздарға толы. Оның үстіне
олардың қайсысы маңызды, қайсысы тез орындауды қажет ете-
тіні, қайсысы керек емес екені мүлдем түсініксіз.
5. Түнде де жұмыс істейді.
6. Оқылмаған қағаздар салынған папкасын немесе сөмкесін
ылғи ұстап жүреді (үйден жұмысқа және керісінше).
7. Ешқашан ешнәрсені аяғына дейін шешпейді, шешілмеген
сұрақтардың ауыртпалығы оның иығына түседі,
психикасына
қысым жасайды.
8. Орындалатын шешім қабылдаудың орнына, ең жақсы ше-
шім қабылдауға тырысады.
9. Бағынушыларын тегімен атайды. «Жақсы жігіт» атағын
алуға тырысады.
10. Кез келген екі жақты келісімге дайын және сонымен қа-
тар «кемсіту нысанын» іздейді.
329
11. «Ашық есік» ұстанымы бойынша жұмыс істейді, оның
кабинетіне кім және қашан қаласа да кіре алады.
Щекин Г.В. Практическая психология менеджмента: Как делать карьеру.
Как строить организацию: научно-практическое пособие. – Киев, 1994. – С.78-79.
Бағынушыларды жазалаудың жеті ережесі
1. Жұмысшының жағымсыз әрекетіне реакция (жауап) жыл-
дам болу керек: ыстық плитаға қолын тигізді, күйді –
бірден
қолын тартып алды.
2. Жазаны бірінші рет қолданғанда, оны екінші рет қайта-
ламайтындай ету керек. Ыстық плитадағы сияқты: екінші рет
қолын кім ыстық плитаға қояды! Жазаның «мөлшерін» көпші-
лікпен қабылданғандай біртіндеп көбейту дұрыс емес.
3. Әлдеқандай бір нәрсе үшін ғана жазалау керек (ыстық
плитада қолдың бір нүктесін ғана күйдіресің).
Бізде адамның
нақты мінез-құлығын емес, барлығы үшін және адамды түгелі-
мен жазалайды.
4. Ыстық плитаға кімнің қолы тигені маңызды емес, нәтиже
әрқашан бірдей. Біздің басшылар кейде қатысушылардың барлығын
емес, нақты бір адамның нақты бір мінез-құлқы үшін жазалайды.
5. Күйген жердегі ауруды басуға болады.
Біз өзімізге ұна-
майтын әрекет үшін жазалауға назарымызды аударып, өзіміз
қалаған әрекет мәнерін көрсетуді ұмытып кетеміз. Кінәліде жиі
жазаның ауруы өте күшті болмауына арналған құралдар мен
баламалар болмайды.
6. Ыстық плита мен дененің арақашықтығы неғұрлым үлкен
болса, күю мүмкіндігі соғұрлым аз.
Сен мадақтауға неғұрлым
жақын болсаң, өзіңнің әріптестеріңді жазалау соғұрлым аз болады.
7. Кінәлінің өзіне жазаны анықтауды ұсын. Адамдар әдетте
өздеріне қатаңырақ жаза ойлап табады.
8. Ешқашан ұмытпа, жазалау үшін мейірімділік те, түсіну-
шілік те, ойлау да, дарын да, сүйішпеншілік те – ештеңе
қажет
емес. Тіке мағынасында да, жанама мағынасында да кезкелген
«ақымақ» адамды «бөліп тастауға» қабілетті,
өкінішке қарай,
кейде біздің басшылар да бұл жағдайда болады.
Урбанович А.А. Психология управления: учебное пособие. – Мн.: Харвест,
2004. – 619-620 с. (Библиотека практической психологии).