397
Сіздің пікіріңізше, ұжымдағы
психологиялық келеңсіздікті
қалыптастыру үшін ол қандай іс-әрекет жасауы қажет?
А. Ең алдымен, бұрынғылардың тәртібіне көңіл бөлмей қа-
рым-қатынас құру, жұмысты жаңадан келгендердің ережесімен
орындап, бұрынғыларға күшпен әсер ету.
В. Ең
алдымен белсенділігін анықтап, оған ұжымдағы жағ-
дайды анықтауды және қалыптастыру шараларын ұсыну мен
қоғамдық ұжымның қолдауымен белсенділігі.
С. Ең алдымен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқандарды өз
жағына аударып, қарсы топты сол ыңғайға жығу.
Д. Ұжымның даму әлеуетін және шығарылып жатқан өнім-
нің сапасын тексеріп, ұжым алдына ортақ жаңа әлеуметтік тап-
сырма қою, ұжымның жақсы нәтижелеріне және дәстүріне сүйе-
не отырып, жаңа ұжымның ескі
ұжымға қарсыласпауын қада-
ғалау.
10. Өндірістік бағдарламаның ең ауыр кезінде қызметкер-
лердің біреуі ауырып қалды. Әрбір жұмысшы өз жұмысын
орындаудан қолы бос емес. Келмеген қызметкердің жұмысы өз
уақытында аяқталуы керек.
Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз?
А. Қызметкерлердің қайсысының жұмысы аз екенін біліп,
шешім қабылдаймыз: «Сіз
мына жұмысты аласыз, ал сіз мына-
ны бітіруге көмектесесіз».
В. Ұжымға мынадай ұсыныстар жасар едім: «Келіңіздер, ой-
ласайық, бұл жағдайда не істеуге болады?»
С. Ұжым белсенділеріне өз пікірлерін айтуды ұсынып, ұжым
мүшелерімен алдын ала талқылап,
содан соң шешім қабылдай-
мын.
Д. Өзіме ең тәжірибелі және сенімді қызметкерді шақырып
және келмеген кісінің жұмысын орындауға көмектесуге ұжым-
ды алып шығуын өтінемін.
11. Сізбенен әріптес арасында келіспеушілік туындады. Ай-
талық, сізге оның себебі тіптен белгісіз, бірақ жұмысқа кесірін
тигізбеу үшін қарым-
қатынасын реттеп алу керек.
Ең алдымен сіз не істер едіңіз?
398
А. Шиеленіскен қарым-қатынастың себебін білу үшін, әріп-
тесімді ашық әңгімеге шақырар едім.
В. Бәрінен бұрын оған деген қарым-қатынасымнан өзімнің
мінез-құлқымды анықтауға тырысам.
С. Әріптесіме: «Біздің іс-әрекетімізден жұмысқа зиян келеді,
одан әрі қарай жұмыс істеуді келісіп алайық» деп айтамын.
Д. Біздің жағдайымыздан хабардар басқа әріптестеріме жүгі-
нем, мүмкін, олардың бізге көмегі тиер.
Достарыңызбен бөлісу: