121
креативтік, оқуға бейімділік, рефлексивтілік кіреді. Іс-әрекетте
олар интеллекпен, интеллектуалдық
іс-әрекеттің жаңа ерекше-
ліктері негіз құра отырып, ажырамас байланыста болады. Бас-
қарулық іс-әрекет үшін жалпы қабілеттердің түзілу кешенді-
лігі әлдеқайда мәнді. Интеллект жалпы қабілеттердің бірі бо-
лып табылатындықтан, соңғылары оған ықпал етеді, мұны же-
текшінің практикалық интеллектісін
сипаттау кезінде ескеру
қажет.
Интеллект және басқару іс-әрекетінің тиімділігі
60-жылдардың басында басқару іс-әрекеті мен интелектіні
байланыстыратын негізгі және бастапқы заңдылық анықталды.
Америкалық психолог Е. Гизелли тура емес (ұзақ уақыт бойы
солай есептелінген және осы саладағы зерттеулерді құрсау-
лаған) қисық сызықты тәуелділік бар екенін байқады. Өте жо-
ғары интеллект бар жетекшілер емес, оның байқалуының қандай
да бір оңтайлы дәрежесі бар жетекшілердің іс-әрекеті әлдеқайда
табысты болып есептеледі. Бұл нәтижелердің кенеттігі осы
саладағы жаңа зерттеулерді ынталандырды. Олар қазіргі кез-
де хрестоматиялық болған айқындалған
тәуелділікті рас-
тады [52].
Дегенмен бұл нәтижелер олардың көптігіне және сенімді-
лігіне қарамастан, «жақсы жетекші – бұл өте ақылды жетекші»
деген күнделікті ұғыммен сәйкес келе бермейді. Ғылыми және
эмпирикалық мәліметтердің қарама-қайшылық себептерін
айқындау интеллект басқару іс-әрекетінің тиімділігімен байла-
нысының мәнін, олардың өзара әсерлесуінің күрделілігін ашып
көрсетуге мүмкіндік береді. Ф. Фидлер мен А. Лейстердің
«ара-
лық факторлар» тұжырымдамасында осы себептердің кейбі-
реулері сипатталған. Ол, интеллектің басқару іс-әрекеті табыс-
тылығымен
тура емес, көбінесе орталанған болып табылаты-
нына негізделеді. Іс-әрекет тиімділігіне интеллект ғана емес,
көптеген себептер ықпал етеді, ал интеллект оған көптеген
аралық айнымалылар, яғни жетекшінің мотивация деңгейі, оның
тәжірибесі, басшылармен және өзі басқаратын топпен арақа-
тынасы арқылы әсер етеді.
122
Интеллектуалдық қабілеттер диагностикаланатын тесті-
лердің
барлығы дерлік теориялық, абстрактілік негізде құры-
лады. Менеджердің интеллектуалдық функцияларына қойы-
латын талаптарды қолданыстағы тестілер жасалған талаптар-
мен салыстыруға болмайды. Сондықтан да нәтижелер қарама-
қайшы.
Басқару іс-әрекеті тиімділігінің интеллект деңгейіне қисық
сызықты тәуелділігі соңғы уақытта анықталған басқа да себеп-
термен түсіндіріледі, мысалы:
1) интеллект деңгейі мен басқару
іс-әрекетінің өтілі ара-
сындағы кері байланыстың болуы;
2) басқару іс-әрекетінің өтілі салыстырмалы түрде аз адам-
дарда жоғары интеллектің болуы.
Интеллектуалдық көрсеткіштердің өтіл өсуі кезіндегі тө-
мендеуінің екі негізгі себебі бар: психофизиологиялық функ-
циялардың, соның ішінде интеллектің табиғи жас ерекше-
лік инволюциясы және интеллектуалдық тестілердің көп-
шілігі негізделген академиялық
білімдер мен машықтар-
дың «ұмтылуы». Жетекшінің интеллекті көп дәрежеде тео-
риялыққа қарағанда практикалық бола түседі. Басқару іс-
әрекетінің жалпы тиімділігіне интеллектің өзі емес, өтіл мен
оның туындысы кәсіби және өмірлік тәжірибе көбірек ықпал
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: