144
Шешімдер жасау үшін жетекші адамдар тобын өзі таңдайды.
Бұл – жетекшінің иерархиялық ұйымдасқан жүйесіндегі жаңа
функциясы: шешімдердің «субъективтік базисін» қалыптастыру
функциясы. Ол шешім шығару жөніндегі
бірлескен іс-әрекетті
ұйымдастыруға байланысты нақтыланады. Бұл – бағалау, санк-
циялау, ынталандыру, түзету, үйлестіру, арбитраждау, мотив-
тендіру функциялары.
Басқару шешімдерінің ақпараттық негізі – едәуір дәрежеде
жетекші тікелей емес, қосалқы түрде
алатын мәліметтер, сон-
дықтан олар түрлі мүмкіндіктердегі деформацияларға ұшырай-
ды, бұл жетекші шешімінің ақпараттық негізінің толымсыздығы
мен бұрмалануына соқтырады. Ақпарат жинау салыстырмалы
түрде автономды және күрделі мәселе бола түседі.
Жүзеге асыру тұрғысынан алғанда, басқару шешімдерін қа-
былдау процестері жаңа психологиялық ерекшеліктерімен сипат-
талады. Олар көбінесе
жетекшінің өзінің емес, бағыныштыла-
рының іс-әрекетінде жүзеге асады, сондықтан шешім шығару
күрделене түседі және басқа функцияларымен толығады. Бұл –
шешімнің негізделгеніне сену, оны атқарушыларға дейін жеткізу,
бұрынғысы сәтсіз болған кезде жаңа шешімдер ұсыну функ-
циялары.
Шешімдер коллегиялы түрде қабылданады, бірақ олар үшін
жауапкершілік
жекетұлғалық сипатта
болады және оған
жетекші жауап береді. Жауапкершіліктің ерекше құбылысы үш
басты компоненттен, яғни тұлғалық, әрекеттік және топтық ком-
поненттен тұратын белгілі бір құрылымға ие болады. Олар ара-
сында шешім қабылдау процесінде байқалатын түрлі қатынас-
тар қалыптасады.
Басқару шешімдері жетекшілік ретінде тек бір ғана аспектіде
сипатталады. Шындығында, мұндай шешімдердің едәуір бөлігі бір
мезгілде
атқарушылық болып та табылады. Олар әлдеқайда жалпы
түрдегі ұйымдық құрылымдар жағынан болатын талаптар мен
нұсқауларды жүзеге асыруға тиіс. Сондықтан басқару шешімдері
қосымша – метаұйымдастырушылық факторлармен байи түседі.
Директивалық бола тұрып, олар көбінесе
мәнділігі жағынан ішкі
ұйымдастыру факторлардан асып түседі. Бір мезгілде атқарушылық
та, жетекшілік те шешімдер шығару қажеттілігі жетекшінің мар-
145
гиналдық мәртебесінің байқалымы болып табылады – бұл оның
шешім қабылдау процесіндегі мінезіне қарама-қайшылық береді.
Иерархия жағдайларында шешім шығарудың көптеген
кері
Достарыңызбен бөлісу: