Басқару шешімдерін қабылдаудың деңгейлік құрылымы.
«Формальды құрылым» ұғымында таңдау процестерінің ішкі
мазмұны тіркелетіндіктен, оны белгілеу үшін ұқсас «микро-
құрылым» және «эндоқұрылым» ұғымдары атап көрсетіледі.
Формальды құрылым басқару шешімдеріне де тән, өйткені
ол тұлғалық таңдаудың барлық типтері үшін әмбебап. Ол
жеке формада іске асатын шешім түрлері үшін әсіресе маңыз-
ды. Коллегиялық басқару шешімдері ұйымдастыруды да білу
қажет.
Бұл сұраққа бүгінгі күні бар басқару шешімдерін қабылдау
теорияларының бірі – басқару шешімдерінің құрылымдық-дең-
гейлік тұжырымдамасы жауап береді. Оның негізгі ережелері
мынада. Басқару шешімдерін қабылдау процестері үшін кәсіби
шешімдердің басқа түрлерінің арасында әлдеқайда айқын көрі-
нетін полиморфизм тән екендігі белгілі. Күрделілігі бойынша
түрлердің, кластардың және формалардың осы шоғырлануы,
жетекші оны «басқара алатындай» реттелуі және бірлесе ұйым-
дасуы қажет.
Мұндай реттелу басқару шешімдерінің негізгі ерекшелігіне –
оның бір мезгілде жеке және топтық таңдау процестерін қосып
алатын туынды, синтетикалық сипатына негізделген. Бұл про-
цестер арасындағы пропорцияның өзгеруі жетекшінің топпен
өзара іс-әрекеті сипатын өзгертеді, бұл коллегиялық шешімге
қатысатын бүкіл топтың құрылымдық ұйымның өзгеруіне соқ-
тырады. Басқару шешімдерінің өрісіне кіретін формалар маз-
мұны бойынша да, мәнділігі бойынша да әртүрлі болғандықтан,
олар тік орналасады, яғни бір-біріне өзара бағыныңқы. Олар ше-
шім шығару процестерін ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлері
ретінде қарастырылуға тиіс. Басқару шешімдерін ұйымдасты-
рудың бес негізгі деңгейлері атап көрсетіледі:
1. Автократиялық деңгей. Бұл деңгейде басқару шешімде-
рін қабылдау процестерінің екі айрықша ерекшелігі бар. Бі-
ріншіден, олар жетекшінің жеке формасында көрсетілген, бас-
қарылатын топ мүшелерімен байланыссыз жүзеге асады. Екін-
шіден, шешім барысында жетекші, формальды түрде өз мәр-
тебесі мен биліктік өкілеттілігін сақтай отырып өзін топқа қар-
сы (саналы түрде немесе жағдайға байланысты) қояды. Бұл
153
жағдайда шығарылатын шешімдер диктаторлық, авторитар-
лық, ал кейде волюнтарлық сипат алады. Бұл кезде топтың
өзі жетекшіге қатысты референттік топ мәртебесіне ие болмайды.
2. Автономдық деңгей. Бұл деңгей шешімдері де жеке фор-
мада іске асады, бірақ автократиялықтан өзінің психологиялық
мазмұны бойынша ерекшеленеді. Жетекші жалпытоптық қызы-
ғулар мен мүдделерді және оның мүшелерінің пікірлерін барын-
ша ескеруге ұмтылады. Шешімдердің бұл типіне орташаланған
түрде коллегиалдық аспект – жетекшінің өзін топқа тиесілі
екендігін саналауы арқылы кіреді.
Бұл – өздерінің механизмдері бойынша жеке болатын бас-
қару шешімдерінің бөлігі, өйткені автономды түрде іске асады.
Өзінің негізгі факторлары бойынша олар тұлғааралық, өйткені
оларды жасайтын субъект – топ мүшесі. Сонымен жетекші үшін
топ автократиялық шешімдерде жоқ, референттік топ
мәртебесіне ие болады.
3. Локальды-коллегиялық деңгей. Бұл деңгейдің шешімдері-
не мынадай ерекшеліктер тән:
1) шешімдер оларды жасау процедурасына топтың жетекші
тартқан басқа мүшелерінің қатысуымен іске асады. Сондықтан
олар коллегиялық сипат алады;
2) шешімдер таңдауға қатысушылардың тұлғааралық байла-
ныстары барысында жүзеге асады, бұл оларға айрықша психо-
логиялық өзіндік түр береді;
3) шешімдерге бүкіл топ емес, оның шағын бөлігі ғана қа-
тысады;
4) жетекші коллегиялық шешімдерде үстемдік мәртебесін
сақтайды, олар сондықтан иерархиялық ұйымдасқан түрде іске
асады.
4. Интегративтік-коллегиялық деңгей. Бұл деңгейдегі ше-
шімдерді дайындау және қабылдау процесіне бүкіл топ қаты-
сады. Оларда коллегиялық бастаудың айқындалу дәрежесі өз
максимумына жетеді. Мұндай шешімдер нормативті көрсетіл-
ген, сондықтан олар басқарудың ұйымдастыру жүйесінің қыз-
мет етуінің қажетті жағын құрайды. Процедуралы түрде мұндай
шешімдер референдумдар, конференциялар, жалпы жиналыстар,
т.б. формасында болады.
154
Мұндай шешімдердің екі түрі бар: біріншісінде бүкіл топ
шешімдер процедурасына нақты қосылады, екіншісінде топтың
қалған мүшелерінің барлығының көзқарасын білдіретін кейбір
мүшелері ғана қатысады. Бұл жағдай көбінесе ірі ұйымдарға
тән.
Шешімдердің мұндай типі ұйым практикасында сирек кез-
десетініне қарамастан, өз мәнділігі бойынша ол басты болып
табылады. Бұл шешімдер бірлескен – стратегиялық ретінде бел-
гіленеді.
Шешімдердің бұл типінде басқару мен коллегиялық үлесі
өзгереді. Шешімдер қабылдау сәттеріндегі айқындаушы рөл
топқа беріледі, дегенмен процедура түрінде шешімдерді дайын-
дау процесінде жетекші өз мәртебесі мен биліктік өкілеттілік-
терін сақтап қалады. Кейде шешімдер процедуралары «шешуші
сөз» топқа қалатындай нормативті реттеледі. Бұл шешімдер
басқару шешімдерін қабылдауда иерархиялық бастауға белгілі
бір қарсы салмақ ретінде болады. Бірлескен-стратегиялық ше-
шімдерде, демек шешім шығарудың иерархиялық және коорди-
нациялық (үйлестірулік) аспектілерінің инверсиясы орын алады.
5 . Метаколлегиялық деңгей. Басқаруды ұйымдастыру жүйе-
лерінің көпшілігі әлдеқайда жалпы басқару құрылымдарына қо-
сылады. Ұйым жетекшісі онда иерархиялық жоғары тұлға бо-
лып табылады, ал басқарудың әлдеқайда жоғары жалпы құры-
лымына бір мезгілде оның қатардағы мүшесі ретінде кіреді.
Мұндағы шешімдердің өзіндік ерекшелігі төмендегідей туын-
дайды:
1) жалпы (жоғары тұрған) құрылымда қызмет ете отырып,
жетекші өзі басқаратын топ қызығуларын, мүдделерін ескеруге
тиіс. Жетекшінің онымен тікелей байланысы жоқ, керісінше,
оның тобының мүдделерімен жиі сай келмейтін басқа ұйымның
ықпалын (кейде қысымын) сезінеді;
2) бұл шешімдердің негізгі ерекшеліктері олардың маргинал-
дық сипатымен байланысқан. Жетекші өз тобының мүдделерін
айтуға, сондай-ақ әлдеқайда жалпы ұйымның нормалары мен
ережелеріне де бағынуға тиіс. Шешімнің «референттік топта-
рының қос еселену» құбылысы туындайды. Бұл позициялар
көбінесе антогонистік қатынастарда болады. Бұл шешімдер бас-
155
қару шешімдерінің бұрынырақ қарастырылған формаларынан
сапалы түрде ерекшеленеді. Оларды «маргиналдық шешімдер»
ұғымымен белгілейді.
Метаколлегиялық шешімдердің тағы бір маңызды ерекшелігі
– шешім қабылдау процедурасының өздері қатысатын ұйымдық
құрылым шегінен «шығып кетуі». Сараптық шешімдер ұғымы-
мен белгіленетін шешімдер формасы олардың тағы бір түрі
болып табылады. Консультанттар мен кеңесшілер мазмұндық
түрде де, формальды түрде де шешім шығаруға қатысты ұйым-
дық құрылымға мүше бола алмайды. Демек, шешімдерді ұйым-
дастырудың мұндай процедурасы кезінде топ шегінен шығып
кету орын алады.
Шешімдер формалары арасындағы айырмашылықтардың
көптігі басқару шешімдерінің сапалы түрдегі деңгейлері ретінде
қарастырылады.
Жетекші іс-әрекетінде элиминативтік мінез-құлық деп ата-
латын мінездің таңдау процестерімен байланыстағы формасы
үлкен орын алады. Оның мәні таңдауды жүзеге асырудағы
қажеттіліктің өзінен бас тартудан, шешім қабылдау процесін
жүзеге асырудан, оны іс-әрекеттің басқа тәсілдерімен ауыстыра
отырып кетіп қалудан көрінеді. Мұндай мінез-құлық табиғи жағ-
дайларда іс-әрекет серпіні мен нәтижелеріне және оның субъек-
тивтік параметрлеріне (мысалы, қауырттық) күшті ықпал етеді.
Элиминативтік мінез-құлық құралдары негізгі үш топқа
бөлінеді: баламалы, баламасыз және жағдайға тәуелділік.
Басқару іс-әрекетінде элиминативтік мінез-құлық байқалу
дәрежесі максималды болады. Бұл оның төмендегідей психо-
логиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне байла-
нысты:
– шешімдер бөлігінің топтық сипаты (шешімдерді басқа тұл-
ғаларға «ауыстыра жүктеу»);
– іс-әрекет процесіне бақылаудың әлсіздігі;
– жауапкершіліктің жоғары дәрежесі, ол шешімді айналып
өтуге ұмтылуды ынталандырушы болып табылады;
– жетекші мәртебесінің маргиналдығы;
– іс-әрекет тиімділігін бағалаудың айқын емес көрсеткіш-
тері;
156
– іс-әрекеттің үлкен күрделілігі және көптеген шешімдердің
объективті қиындығы оларды айналып өту тілегі;
– алгоритмдену шамасының әлсіздігі;
– нормативтік нұсқаулар тарапынан әртекті регламенттелуі;
– іс-әрекет айқынсыздығының үлкен дәрежесі;
– іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілдерінің жоғары поливариа-
тивтілігі.
Таңдау жағдайларымен басқару іс-әрекетіне тән мінез-құ-
лықтың элиминативтікке қарама-қарсы тағы бір формасы бай-
ланыста болады. Ол іс-әрекеттегі шешімдер санының азаюына
емес, көбеюіне соқтырады. Бұл бірнеше себептер бойынша жү-
реді:
1. Шешім қабылдауды іске асырудағы психологиялық квази-
Достарыңызбен бөлісу: |