157
басқарудың инновациялық стиліне, жетекшілік функцияларын
іске асыруына стандарт емес тәсілге тән. «Басқалар үшін» мә-
селе қою басқару іс-әрекетінің
негізі болып табылғандықтан,
жетекшінің аса маңызды міндеті – тек проблема шешу ғана
емес, оны тұжырымдай білу.
Бұл құбылыстардың барлығын
максимизацияланған мі-
нез-құлық ұғымымен белгілейді. Олар басқару функцияларына
шешім қабылдаудың қосымша жағдайларын қосуға алып келеді.
Басқару шешімдерін қабылдау процесінің
операциялық құрылымы
Басқару іс-әрекетінде оның нақты түріне, мазмұнына және
иерархиялық
деңгейіне қарамастан, іс-әрекеттік құралдардың
тұрақты жинағы – шешімдерді дайындауға, қабылдау мен іске
асыруға арналған операциялар қатысады. Осы операциялардың
негізгілерін қарастырайық.
Белгісіздік жағдайларын
тану операциялары. Олар жетекші-
ге қажет проблеманы көре білу
шеберлігі сияқты сапа мәнін
құрайды. Олардың дифференциациясы – оның кәсіби біліктілігі-
нің аса маңызды бөлігі.
Селекция, таңдау операциялары жетекшінің тікелей қаты-
суын талап ететін және талап етпейтін жағдайларды бөлу үшін
негіз болып табылады.
Ұйымдастырушылық операциялар жетекшінің шешім қабыл-
дау процесін ұйымдастырудың қандай да бір жалпы формала-
рын таңдауында тұр.
Шешімдердің «
субъективтілік базисін» қалыптастыру
жөніндегіоперациялар шешімдерге
тартуға және ұйымдастыру-
дың белгілі бір бөлімшелерін қосып беруге тиімді адамдар
құрамы мен санын анықтауға арналған.
Таңдау жағдайларын
объективтендіруоперациялары жетек-
шінің мәселені оған қатысушылар дұрыс түсінетіндей етіп тұ-
жырымдауға, қоя білуге тиіс өзіне тән басымдығы болып та-
былады. Шешімдердің іске асуы
тұжырымдалатын мәселенің
оны шешуге тартылатын топ ерекшелігіне сәйкес бейімделуі
кезінде ғана қамтамасыз етілуі мүмкін.
158
Мотивтену операциялары ерікті-мәжбүрлік таңдаудың пси-
хологиялық құбылысымен байланыста болады. Ерікті таңдау
тиімділігі мәжбүрлікке қарағанда едәуір жоғары.
Басқару ше-
шімдерін қабылдау процестері ерікті және мәжбүрлік таңдаудың
компоненттерін синтездейтін
құрама таңдау ретінде көрінеді.
Коллегиялық типтегі басқару шешімдерін шығарудың қиынды-
ғы мен қарама-қайшылығы осында және олардың көптеген
психологиялық ерекшеліктері осыған байланысты. Мұндай тип-
тегі шешімдердің тиімділігі, егер шешім шығару мақсаты айты-
лып қана қоймай, қабылданатын болса, ал мәжбүрлік реңін жо-
ғалтып, еріктіге тасымалданатын болса, едәуір жоғары болады.
Жетекші нормативтік мақсатты
жалпыға айналдыра және ше-
шім шығаруды (мақсаттық орталандыру принципі бойынша)
мәжбүрлеу емес, сенім бойынша басқара білуге тиіс. Мұндай
жолмен «топтың әлеуетін жібіту» тиімділігіне жетуге болады,
бұл оның іс-әрекет табыстылығын арттырудың негізі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: