Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет56/164
Дата21.12.2022
өлшемі1.92 Mb.
#467683
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   164
Ахтаева

ризация» және «пікірлердің жас ерекшелік экстремалдігі» сияқ-
ты жалпы құбылыстар бар. Бірінші жағдайда дәл топтық шешім-
дерде топ «консерваторлар» мен «радикалдарға» бөлінеді, олар-
ды аяқтау сатыларында радикалдар үлкен ықпалға ие болады. 
Екінші жағдайда топтың ықпалымен пікірлер мен жеке бала-
малы санаттық шамасы арта түседі. Тәуекелдік (экстремистік) 
пікірлер арқылы топ мүшелері әлдеқайда жоғары топтық мәр-
тебе алуға көшбасшы рөліне ұмтылады. Осындай ұсыныстарды 
айтуға арналған объективті мүмкіндіктер шешім қабылдау мәсе-
лелерінің нақ өзінде ғана өте зор. 
Керісті әдейі ушықтыру құбылысы. Оның мәні кернелуді 
әдейі ушықтыру сәттерінде оның қорытынды сатыларында ше-
шім қабылдауда жетекші рөлді «мәселеден тысң, яғни мазмұн-
дық емес, тұлғааралық, көңіл-күйлік факторлар орнайтын жағ-
дай туындайтынында. Осы жағдайды қорғаныс-өтемдік меха-
низм ретінде қолданатын кейбір топ мүшелерінің біліксіздігі 
осымен бүркемеленеді. Оны жетекшілер де жиі қолданады. Бұл 
құбылыс шешім процесіне белсенді ықпал етеді, оның меха-
низмдерінің бірі бола түседі. 
Коллегиялық басқаруды таңдау мәселелерінде, басқа жағ-
дайларға қарағанда, «көпшілік пен азшылықтың норматив- 
тік мінез-құлқын» зерттеу тұрғысында сипатталған жалпы құ-
былыстар кешені көрініс береді (С. Московиси және басқала-
ры). Шешім қабылдау процестері стрессогендікпен ерекше-
ленеді, сондықтан оларда көпшілік пен азшылықтың мінез-
құлықтық стилінде айырмашылық күшейе түседі. Олардың 
таңдау қорытындысына ықпалы оған топ мүшелерінің жауаптық 
әсерлерінің күшімен, жылдамдығымен және сипатымен ерек-
шеленеді. 


166 
Идиосинкразикалық несие құбылысын Е. Холандер сипат- 
таған. Бұл – топтың девианттік мінез-құлықты (жалпытоптық 
нормалардан ауытқитын) өзіндік шешуі. Топ мүшесінің пікірі 
нормалардан өзінің мәртебесіне және топтық мақсаттарға 
жетудегі бұрынғы үлесіне пропорционал ауытқуы мүмкін. Бұл 
құбылыс топтық дамумен байланыстағы инновациялар жағ-
дайында күшейе түседі. Бұл құбылыс жетекші іс-әрекетінде 
және таңдау жағдайларында, олардың механизмдері бола оты-
рып, аса күшті байқалады. 
Қарастырылған құбылыстардың барлығы бір-бірімен өзара 
байланысқан – өздерінің байқалуы мен бағытталуы шамасын, 
сондай-ақ басқаларға тәуелділігінің мәнін өзгерте алады. Олар 
шешім шығару механизмдері болып табылады. 
Басқару шешімдерінің жеке айырмашылықтары 
 
Басқару шешімдерін қабылдау процестері өздерінің күрделі-
лігіне қарай үлкен жеке вариативтілікпен сипатталады. 
Жекелену құбылысы тұлғаның жеке психологиялық сапа- 
ларының бүкіл жиынтығымен шартталады. Тұлғалық сапалар 
басқару шешімдерін қабылдау процестеріне ықпал ететін 
субъективтік факторлардың өте маңызды санатын құрайды. 
Олардың болуы шешім қабылдау теориясының аса маңызды 
іргелі құбылысын шарттандырады: шешімдердің нақты (дес-
криптивтік) бейнесінің нормативтікпен (идеалдық-нақтылық-
пен) дәл келмеуі шешімді ең көп шамада «деформациялай- 
ды», субъективтік факторларға психологиялық өзіндік сипат 
береді. 
Субъектілік факторлар жиынтығын негізгі үш категория бө-
леді: тұрақты, жалпы және жеке. Адамның психикалық ұйым-
дасуының ең типтік ерекшеліктері тұрақты болып есептеледі, 
шешімдер процесінде байқалатын және анықталатын, оларға 
кіретіндер: таңдаудағы тиімділіктен ауытқулар, ақпаратты өңдеу 
процесінің өзіндегі келісім мен қарама-қайшылықтарға ұмтылу, 
психика қызметінің бірарналы принципі, т.б. 
Жалпы сипаттамаларға барлық адамдарға тән ерекшеліктер 
жатады. Бірінші кезекте – олардың жеке мүмкіндіктерін шектеу


167 
Жеке сипаттамалар – бұл жалпы ерекшеліктердің ұсы- 
нылу шамасы мен формасындағы айырмашылық. Субъектінің 
тұлғалық сапалары жеке сипаттамалардың айрықша тобын 
құрайды: 
1. Жеке сапалардың шешімдердің процесіне ықпалының 
маңызды заңдылығы болып табылатыны – оның шешімдердегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет