Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет57/164
Дата21.12.2022
өлшемі1.92 Mb.
#467683
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   164
Ахтаева

нәтижелі параметрлерде азырақ, ал олардың процессуалдық 
сипаттамаларында көбірек байқалатынында. Когнитивтік про-
цестер даму деңгейі мен шешім сапасы арасында тура оң тәуел-
ділік бар, бірақ ол жалпы сипатта болады және басқа фактор-
лардың ықпалымен көбінесе екінші қатарға ығысады. Тіпті зер-
де (интеллект) деңгейі де шешім сапасымен күрделі әрі орташа 
байланыста болып, оның 15%-ы ғана өзімен анықтайды. 
Жеке қасиеттер шешім шығару тәсілін таңдауға едәуір үл-
кен ықпал етеді. Бұл таңдау (көбінесе саналанбаған түрде) жеке-
ліктің күшті жақтарына негізделеді, оның әлсіз жақтарын ше-
шімге қоспайды, сондықтан да ол өзіндік өтемдік рөл атқарады. 
2. Өте маңызды заңдылық жеке сапалардың барлығының 
шешім қабылдау процесінде бір-бірімен тығыз өзара байланыста 
және іс-әрекетте болатынынан көрінеді. Шешім қабылдау тәсіл-
дері мен нәтижелері жекелеген сапалардың қарапайым жиын-
тығына емес, олардың сабақтасуына, кешендік тұтастығына 
тәуелді болады. Өздерімен шешім қабылдау процестерін шарт-
тандыратын жеке сапалардың симптомдық кешендер бірінші 
кезекте мазмұн айырмашылығына – шешім стиліне (олардың нә-
тижелеріне емес) ықпал етеді. 
Шешім қабылдау нағыз мәнімен тығыз байланыстағы интер-
налдық-экстерналдық сияқты сапаның өзі де тек тәсілдер мен 
стратегияларда ғана, яғни шешім шығару процесінің мазмұнын-
да байқалады. Эксперименттер көрсеткендей, интерналдар бала-
маның көбін жасайды, ал олардың мазмұны әлдеқайда нақты-
рақ; шешім дайындауға олар көбірек уақыт жұмсайды; өздерінің 
дәлелдеріне, сырттан келетін ақпаратқа қарағанда, көбірек сене-
ді; детерменистік мәселелерді олар мүмкіндіктерге қарағанда 
жақсы шешеді; шешімнің орындалу барысына ағымдық байқау 
процесі оларда әлдеқайда айқынырақ болады. Экстерналдар қа-
рама-қайшы ерекшеліктермен сипатталады. 


168 
Болжаулар мен баламаларды тұжырымдау кезеңінің (А) және 
оларды талдау, түзету мен бақылау кезеңінің (К) арақатынасына 
тәуелді бес типті атап көрсету шешімдер шығарудың стилдік 
айырмашылықтарының ең белгілі жіктемесі болып табылады. 
Инерттік шешімдердің формуласы А<<К, яғни екінші кезең 
біріншісінен үстем болады. Олар варианттарды аса сақтықпен 
іздеуді сипаттайды, оларды бақылау да өте баяу және сенімсіз 
жүргізіледі. Әрбір адам күдікпен қарастырылады. Баламалы 
генерациялау процестері ерекше де, креативті де емес. 
Сақтықты шешімдер (А<К) – бірінші типтік жұмсартылған 
варианты; ол шешім шығарудың екі кезеңінің теңдесуі есебінен 
ұтымды болады. 
Теңдестірілген шешімдер (А=К) шешім қабылдаудың негізгі 
кезеңдердің үйлесімімен сипатталады. Бұл кезең әлдеқайда 
сенімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. 
Тәуекелдік шешімдер (А>К) болжаулар мен баламалар 
кезеңінің оларды бақылау мен түзету кезеңінен үстемдігімен 
сипатталады. Зерттеулер бұл шешімдердің теңдестірілгендерге 
қарағанда әлдеқайда өнімді, бірақ сенімділігі төмен екендігін 
көрсетеді. 
Импульсивтік шешімдер (А>>К) баламалар мен болжаулар 
кезеңінің оларды бақылау мен түзету кезеңіне аса үстемдігімен 
сипатталады. Олар өте тәуекелді және тиімділігі төмен, көңіл-
күйлік факторлар ықпалымен қабылданады және қайтарымы 
ауыр зардаптарға жиі соқтырады. 
Басқару іс-әрекетіне қатысты жалпылығы төмен және әлде-
қайда өзіндік ерекше жіктеме шешімдердің негізі сегіз тұлғалық 
типтен тұрады [14, 15]: 
1. Мотивті-пассивтік тип. Жетекшінің әлсіз кәсіби білік-
тілігі, іс-әрекеттің ұзақ мерзімді бағдарламасының бостығы не-
месе болмауы, басқарудың жалпы стиліндегі бейқамдық эле-
менттері – осы ерекшеліктердің сабақтасуы бұл типті сипат-
тайды. Қарапайым жағдайлардағы атқарушылардың тиімді іс-
әрекеті оның әлсіздігін өтей алады, бірақ жағдай күрделенген 
кезде ол өзінің кері жақтарын байқайды. 
2. «Қауырт іс-әрекетті бейнелеу» типі. Жетекшілік проце-
сінде туындайтын нақты проблемаларға қатысы аз жоғары бел-


169 
сенділік; нақты емес немесе баламасы төмен сипаттың көрінуі
қарамағындағыларға тым артық бақылау ағымы; кәсіби емес же-
ке сипаттағы бақылау. Бұл тип топ мүддесі емес, жоғары тұрған 
инстанция талаптарына бағдарланған жетекшіге тән. 
3. «Жалпы жетекшілік» типі. Жетекшінің іске бағдарлануы, 
бірақ ол шешімдердің нақты орындалуын ұйымдастыру шебер-
лігімен бекітілмеген, тапсырманы тұжырымдаумен, қол астын-
дағыларға қысым көрсетумен шектелген. 
4. Фрустрациялық тип. Шешімдердің бастапқы кезеңдерін-
де – жоғары зерделік белсенділік, проблема мәнін жан-жақты 
түсінуге талпыну. Біліктіліктің жеткіліксіздігі алынбайтындай 
қиындықтар туғызады, соның нәтижесінде жетекші кикілжіңнің 
тік («жетекші – бағынышты») бойынша дамуын ынталандыра-
тын фрустрация күйіне өтуі мүмкін. Мұндай тип басқару іс-әре-
кетіне қарама-қайшы. 
5. «Соңына дейін табыссыз қауырт іздеу» типі ерік-жігері 
жоғары икемсіз типтегі, бірақ зерделік әлеуеті төмен және өзін-өзі 
бағалауы тым артық жетекшіге тән. Шешімнің алғашқы вариан-
ты жалғыз дұрыс шешім деп есептеледі, тек төтенше жағдайлар 
ғана мұндай шешім барысын өзгертуге мәжбүрлей алады. 
6. «Бейресми дұрыс, бірақ тиімсіз шешім» типі. Бұл тип се-
німді, бірақ жоғары басқару нәтижелеріне жету тұрғысында тиім-
ділігі төмен болады. 
7. Ұйымдастырушылық қабілеттің жеткілікті дамуымен 
сабақтасқан эвристикалық тип. Жоғары зерделік сапалар да-
мымаған ұйымдастырушылық қабілеттермен сабақтасады. 
8. Эвристикалық-ұйымдастырушылық тип. Бұл практикада 
сирек кездесетін идеал. Жоғары зерделік пен жетілген ұйымдас-
тырушылық қабілеттердің сабақтасуы. 
Бұл екі жіктеме жеке айырмашылықтардың нақты бар екенін 
және өздерінің бірнеше негіз бойынша, яғни жалпылама да, нақ-
тылай да анықтама алатындығын көрсетеді. Жалпы көрсеткіш-
ті таңдау проблемасы теорияда төмендегідей шешіледі. 
Жалпы көрсеткіш басқару шешімдерінің іргелі ерекшелікте-
ріне негізделуге тиіс, олар механизммен, құрылыммен байла-
ныста болады. Басқару шешімдерін қабылдау процестер құры-
лымының негізгі ерекшелігі – олардың құрылымдық-деңгейлік 


170 
ұйымдасуы. Оған өз кезегінде басқару шешімдерінің барлық не-
гізгі түрлері мен деңгейлерінде өзінде біріктіретін бес негізгі 
деңгей кіреді. Бұл ерекшелік басқару шешімдерін жүзеге асыру-
дың стильдік айырмашылықтарымен байланысқан. Басқару ше-
шімдерін қабылдау процестерінің стильдік айырмашылықтары 
индивидтің әр деңгейіне тиесілі шешімдер қабылдау қабілетінің 
әртүрлі байқалуымен шартталады. Сондықтан басқару шешімде-
рінің стильдерін атап көрсетудің жалпы көрсеткіші – оларды 
ұйымдастырудағы бес деңгейдің шоғырлануы немесе сабақта-
суы. Зерттеулер басқару шешімдерін қабылдау процесін жүзеге 
асырудың, оларды ұйымдастырудың негізгі деңгейлерімен қа-
тынаста болатын бес негізгі стильдерін анықтады. 
Автократиялық деңгей шешімдері басқару шешімдерін қа-
былдаудың диктаторлық стилінің қалыптасуына және бүкіл 
басқару іс-әрекетінің жүзеге асуына соқтырады. 
Автономдық деңгей шешімдері іске асырушы (реализатор) 
стилінде тіркеледі. Мұндай жетекшілер барлығын өзіне алады. 
Жалпы алғанда, мұндай бағдар оңтайлы емес.
Шағын-коллегиалдық шешімдер жетекшінің оларды қабыл-
даудағы функционалдық рөлінің (коллегиялық шешім процесін 
үйлестіру, ұйымдастыру және басқару) өзгеруімен сипатталады. 
Бұл – ұйымдастырушының стилі
Бұл стиль басқару шешімдерін қабылдау процестерін ұйым-
дастырудың ингретативтік-коллегиялық деңгейімен қатынаста 
болатын үйлестіруші стиліне тасымалдануы мүмкін (Басқару 
шешімдерін қабылдау процестерінде коллегиялық бастау басым 
бола бастайды). 
Маргинал-жетекші стилі – жоғарыдан болатын бұйрықтар-
ға бағынуға деген бағдар үстемдік алады. Бұл стиль шешімдерді 
жүзеге асырудың метаколлегиалдық деңгейіне тасымалдау ағы-
мын сипаттайды. 
Бұл стильдердің барлығы дәстүрлі түрде атап көрсетілетін, 
жетекшіліктің жалпы стильдерімен, яғни авторитарлықпен, демо-
кратиялықпен, жауапсыздықпен, сондай-ақ өтпелі формалармен 
және комбинациялармен ұқсас келеді. Бұл ұқсастықтар заңды, бі-
рақ толық болмайды, өйткені басқарудың жалпы функция- 
лары шешім шығару функцияларына қарағанда ауқымдырақ келеді. 


171 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет