178
3.8 Басқару іс-әрекетіндегі көңіл-күйдің
эмоциялық-еріктік реттелуі
Басқару іс-әрекетінің психикалық ұйымдастырылуы тек ког-
нитивтік, реттеулік және коммуникативтік процестермен ғана
шектелмейді, өзіне эмоциялық, еріктік және мотивациялық про-
цестерді де қоса алады.
Эмоциялық және еріктік процестердің өзара байланысы, олар-
дың іс-әрекет барысында адамның өз күйіне бақылау жасауына ық-
палы күйдің эмоциялық-еріктік реттелуі ұғымында көрініс тапқан.
Эмоциялар (
лат. emovere – қоздыру, толғану) – құбылыстар
мен жағдайларды тікелей бастан кешуден, олардың объективтік
қасиеттерінің және субъектінің қажеттіліктерінің қатынасымен
үйлесімде туындайтын психикалық бейнелеу формасы. Сезім-
дермен
салыстырғанда, эмоциялар болмысқа бағалаулық, субъек-
тивтілік қатынастың әлдеқайда қарапайым формасы болып та-
былады. Олар саналы және санадан тыс формаларда қанат жая-
ды. Сезімдер жоғары тұрақтылықпен, күрделілігімен ерекшеле-
неді. Эмоциялар мен сезімдер арасындағы ұқсастық олардың
адамның өзіне және қоршаған болмысқа тұлғалық қатынасының
екі формасы ретінде болуында.
Сезімдер мен эмоциялар екі негізгі:
белгі беру және
реттеу-
лік функцияларын атқарады, негізгі
оң және сол топтарын атап
көрсетеді.
Біріншілерін –
стеникалық (адамның психикалық мүмкіндік-
терін күшейтетін), ал екіншілерін –
астеникалық (күй мен іс-
әрекетке кері ықпал ететін) ретінде белгілейді. Сондай-ақ дәл
осы бір затқа оң және теріс қатынастардың сабақтастығымен си-
патталатын
амбиваленттік (қосарланған) сезімдер мен эмоция-
лардың ауқымды саласы бар.
Эмоциялық процестер белгілі бір кезеңдерден тұрады, олар-
дың біріншілері – эмоциялық кернеудің артуы, сонан соң ше-
шілуі, кернеудің түсу кезеңі келеді. Сезімдер үшін кезеңдік па-
раметр
тән емес, өйткені олар қатынастардың тұрақты форма-
лары болып табылады. Интеллектуалдық, моральдық, эстетика-
лық және праксикалық (гр. – іс, сабақ) сезімдер атап көрсеті-
леді.
179
Эмоциялар олардың интенсивтену дәрежесі бойынша жік-
теледі. Ең аз байқалғанда олар қандай да бір психикалық про-
цестің
боямасы ретінде эмоциялық фон формасында болады.
Дербес процеске бөліне отырып, олар эмоциялық күйзелу фор-
масын, ал шекті айқындалған кезде –
аффект формасын алады.
Күйзелістіккүй мен
көңілді күй де эмоциялық қатынастардың
негізгі формалары болып есептеледі.
Ерік психикалық процесс ретінде адамның өз мінез-құлқы мен
іс-әрекетін саналы реттеу сапасы ретінде анықталады. Ол мақсатқа
жету кезіндегі қиындықтарды жеңуді қамтамасыз етеді. Оны
сипаттау кезінде
еріктік акт, еріктік күш және
тұлғаның еріктік
қасиеттері сияқты ұғымдар басты мәнге ие болады.
Еріктік акт құрылымы негізгі үш кезеңнен тұрады: 1) адам-
ның мақсатқа жету талабы; 2) мақсатты таңдауға байланысты
«мотивтер күресі»; 3) қабылданған шешімді жүзеге асыру және
осындай туындаған қиындықтарды жеңу.
Бұл актінің барлық кезеңдері импульсивтік
талаптар мен қа-
жеттіліктерді жеңуге байланысты еріктік күшті талап етеді. Еріктік
күш
еліту, тыйым салу, жұмыс қабілеттілігін қолдау, бақылау,
сыртқы бөгеттерге қарсыласу формасын қабылдай алады.
Әлдеқайда мәнді еріктік процестер – дербестік, мақсатқа ұм-
тылу, шешімділік, тұрақтылық,
сабырлылық, өзін-өзі игеру.
Олардың туынды қасиеттері – тәртіптілік, батылдық, қажыр-
лылық. Эмоциялық және еріктік процестердің тығыз өзара бай-
ланысы, олардың нақты мінез-құлықта бөлінбейтіндігіне және
адамның психикалық күй формасында
басынан өткізуіне алып
келеді. Бұл – бүкіл психика, оның мазмұны, бірақ белгілі бір
аралықта оның қызмет етуі. Психикалық күйді психологияның
арнайы саласы –
функционалдық күйлер психологиясы қарас-
тырады.
Күйдің негізгі типтерінің барлығы олардың заңдылықта-
рымен бірге жетекшінің іс-әрекетінде сақталады, бірақ әлде-
қайда айқын формада жиі байқалады. Олар қарқындылық дәре-
жесі бойынша жіктеледі: мазмұны бойынша
(торығу, шаттану,
Достарыңызбен бөлісу: