Н. Саденова басқару шешімдерін әзірлеу


Басқарушылық шешімдерді келістіру процедурасы



бет4/9
Дата17.06.2016
өлшемі0.75 Mb.
#141908
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Басқарушылық шешімдерді келістіру процедурасы. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу барысын келістіру кезеңі сыртқы және ішкі болуы мүмкін.

Сыртқы келістіру мемлекеттік немесе жергілікті бақылауды жүзеге асыратын ұйымдармен, сонымен қатар тапсырушылармен немесе клиенттермен өткізіледі.

Ішкі келістіру бақылау қызметтеріне ие ұйым мамандарының күшімен өткізіледі. Ұйым үшін ішкі келістіру процедурасы визирлеу деп аталады.

Жоғары тұрған органдармен, тапсырушылармен немесе клиенттермен басқарушылық шешімдерді келістіру процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет:

1) басқарушылық шешімдерді келістіруге қажетті жеке немесе заңды тұлғалар туралы құжаттаманы ресімдеу;

2) құжатта келістірудің уақыттық кезеңдерін, сонымен қатар жолдама құжаттардың атауы мен мазмұнын анықтау мен жазу;

3) келістірудің жалпы актін құжатпен ресімдеу.

Басқарушылық шешімдерді қабылдау процедурасы. Басқарушылық шешімдерді қабылдау (таңдау) кезеңі ұсынылған нұсқалар ішінен іске асыру үшін бір басқарушылық шешімді таңдауды білдіреді. Берілген процедураға жауапкершілік толығымен басқарушыға беріледі.

Бұл процедура үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет:

1) басқарушылық шешімдер нұсқаларында шешімнің өзіне және бұрын іске асырылған шешімге қайшылықтардың жоқтыған құжатпен дәлелдеу;

2) басқарушылық шешімдерді таңдау үшін критерийлер жиынтығын, сонымен қатар атауларын, олардың параметрлерінің сандық немесе сапалық мәндерін құжатпен ресімдеу;

3) басқарушылық шешімдер параметрлерінің критерийлер параметрлерінен ауытқуын құжатпен тіркеу;

4) күнді, жауапты тұлғаларды, бар ескертулерді көрсетумен басқарушылық шешімдерді қабылдау процедурасын құжатпен ресімдеу.



Басқарушылық шешімдерді бекіту процедурасы. Жоғары тұрған органдармен, тапсырушылармен немесе клиенттермен басқарушылық шешімдерді бекіту процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет:

1) басқарушылық шешімдерді бекітуге қажетті жеке немесе заңды тұлғалар туралы құжаттаманы ресімдеу;

2) құжатта бекітудің уақыттық кезеңдерін, сонымен қатар жолдама құжаттардың атауы мен мазмұнын анықтау мен жазу;

3) бекітудің жалпы актін құжатпен ресімдеу.



Басқарушылық шешімдерді орындауды ұйымдастыру процедурасы. Басқарушылық шешімдерді орындауды ұйымдастыру процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет:

1) нақты тапсырманы, орындаушылар құрамы мен олардың бағыну жүйесін, тапсырманы орындау уақытын, орындалу барысын бақылаудың аралық кезеңдерін, бөлінген ресурстарды көрсетумен басқарушылық шешімдерді іске асыру туралы құжаттаманы ресімдеу;

2) орындаушыларды басқарушылық шешімдерді орындау мазмұнымен және тіртібімен таныстыру мен түсіндіру;

3) басқарушылық шешімдер орындаушыларына жұмысты орындау кезінде олардың құқықтарын, жауапкершіліктері мен құзыреттілігін түсіндіру;

4) жұмысты сәтті орындау үшін есепке алынбаған егжей-тегжейлерді басқарушылық шешімдер әзірлеушілерімен талқылау;

5) ұсынылатын жұмыстың маңыздылық дәрежесіне орындаушылардың ерекше назарын аудару;

6) орындаушыларға қажетті ұйымдық техниканы, бөлмені беру және қажетті іскерлік ақпаратың көздерін көрсету;

7) басқарушылық шешімдерді тиімді іске асыру бойынша орындаушылардың жұмысын белсендендіру;

8) басқарушылық шешімдерді орындаушылармен орындау барысын жиі бақылауын жүзеге асыру;

9) іске асырылған басқарушылық шешімдердің тәжірибелік бағалауын жүзеге асыру;

10) басқырушылық шешімді әзірлеу мен іске асыру бойынша құжаттаманы мұрағатқа тапсыру.

Ұйымдық-әкімшілік қызмет шеңберінде басқару аппараты мен басқарушылар (шешім субъектілері) басқарушылық шешімдерді іске асыратын қызметкерлермен әлеуметтік-психологиялық және насихаттық жұмыспен белсенді айналысуы керек.

Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру бойынша мамандарының көбі басқарушылық шешімдерді әзірлеуге орындаушыларды, олар басқарушылық шешімдер тұжырымдамасымен және одан шығатын міндеттермен алдын ала танысу үшін тартуға кеңес береді. Басқарушылық шешімдерді іске асыруға қатысатын болашақ орындаушылар оған нақтылық элементтерін енгізеді, себебі басқарушылық шешімдер пәнін, оның резервтері мен қиындықтарын жақсы біледі.

Басқарушылық шешімдерді әзірлеуге алғыр ақылдары басқарушылық шешімдерді әзірлеу кезінде өзіндік тәсілдерді табуға көмектесетін жаңашылдарды және өндіріс озаттарын тарту мәні бар.


Бақылау сұрақтары
1. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру қандай процедуралардан тұрады?

2. Сыртқы және ішкі келістіру дегеніміз не?

3. Басқарушылық шешімді қабылдау процедурасын сипаттап беріңіз.

4. Басқарушылық шешімді бекіту процедурасы кезіндегі әрекеттер қандай?

5. Басқарушылық шешімді орындауды ұйымдастыру процедурасының мәнін ашыңыз.
7 Басқару шешімдерін орындауды ұйымдастыру процедурасының ерекшеліктері
7.1 Басқару шешімдерін дайындау формалары

Басқарушылық шешімдерді дайындау жағдайларына байланысты келесі формаларды қолдануға болады:



Акт – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың кең өрісті шешімі. Акт халықаралық болуы мүмкін.

Акцепт – офертте ұсынылған жағдайлар негізінде келісім жасау туралы ұсынысты қабылдау туралы шешім. Акцепт – бұл контракттың екінші жағы. Оферта және акцепт контрактты құрайды.

Бюллетень – қоғамдық мәні бар оқиғалар бойынша бағыныштыларды қысқаша хабарлау туралы басшының шешімі.

Декларация – басшының маңызды бағдарламалық мәлімдемесі.

Келісім – қызметтің коммерциялық және коммерциялық емес сфераларындағы өзара құқықтары мен міндеттемелерін көрсетумен бірлескен жұмыстарды өткізу туралы шешім.

Заң – жалпыға міндетті және бұлжымайтын сипатқа ие жоғары мемлекеттік биліктің шешімі.

Мәлімдеме – жоғары дәрежесі бар басшының ресми хабарлауы.

Өзгерту – қандай да бір қызметтегі түпкілікті өзгерістер туралы шешім.

Нұсқаулық – қандай да бір әрекеттерді орындау тәртібі мен әдісін бекітетін шешім.

Кодекс – заңдар жинағы.

Контракт – әдетте коммерциялық сипатқа ие, өзара құқықтар мен міндеттемелерді көрсетумен бірлескен жұмыстарды өткізу туралы шешім. Контракт шарттың бір түрі болып табылды.

Тұжырымдама – қандай да бір құжатта көрсетілген басшының көзқарастар жүйесі.

Қандай да бір процестің немесе құбылыстың үлгісі – бұл сыртқы ықпалдарға нақты процестің немесе құбылыстың реакциясын анық көрсететін, белгілі элементтер мен байланыстардың жиынтығынан тұратын шешім. Мысалы, зауыттың үлгісі өзіне қосады: анықтамалық мәліметтер (мысалы, потенциалды жабдықтаушылар және олардың өнімі туралы толық мәліметтер); ұйымның имитациялық үлгісі; экономикалық есептеу мен болжаудың әдістемелері; басқа ұйымдардың ұқсас жағдайларындағы шешімдер мен нақты алынған нәтижелер туралы ақпарат; заңнамалық актілердің жиынтығы және т.б.



Норма – қандай да бір облысындағы мемлекетпен, саламен немесе компаниямен заңдастырылған әрекеттер тәртібі, мысалы, құқық нормасы, тәртіп нормасы.

Норматив – норманың ұйымдастырушылық, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік көрсеткіші, онымен сәйкес қызмет жүзеге асырылады.

Шолу – қандай да процестер немесе құбылыстар туралы қысқа хабарлау.

Оферта - әдетте коммерциялық сипатқа ие, көрсетілген шарттар негізінде нақты немесе кез келген тұлғаға келісім жасауға ұсыну туралы шешім. Оферта контракттың екі жағының бірі болып табылады.

Тізім – қандай да бір тәртіп бойынша жіктелген хабарлама.

Жоспар – қызметтің мақсаттарын және нақты міндеттерін, оларды іске асыру құралдарын, әдістері мен уақытын көрсететін шешім.

Ереже – қандай да бір қызметті реттейтін заңдар, қағидалар мен нұсқаулықтар жиынтығын көрсететін шешім.

Тәртіп – жөнге салынған қызмет үшін объектілердің лайықты орналастыру туралы құжат.

Қаулы – қандай да ұйым үшін биліктің жоғары органының ұжымдық немесе жеке шешімі. Әдетте өкім мәртебесі бұйрық мәртебесінен жоғары.

Қағида – ұйымның дәстүрлерін есепке алатын және қызметкерлердің белгілі топтарының орындау үшін ұсынылатын қызметі мен тәртібінің бекітілген нормаларының жиынтығын көрсететін.

Прейскурант – тауарлар мен қызметтерге тарифтерден, бағалардан тұратын анықтамалық.

Баспасөз хабарламасы – бұқаралық ақпараттар құралдарында жедел жариялау үшін арнайы бюллетень. Үкімет мекемелерімен, халықаралық ұйымдармен және пресс-бюромен құрастырылады.

Бұйрық (жазбаша немесе ауызша) – ұйымда немесе оның ірі бөлімшесінде билікке ие басшының шешімі. Бұйрық орындау үшін оның бағыныштыларына міндетті және басшы құзыреттілігіне кіретін сұрақтар бойынша дайындалуы мүмкін. Бұйрық – бұл мұрағатта сақталатын номативтік құжат.

Хаттама – қандай да оқиғаларды көрсету туралы шешім.

Өкім – әкімшілік қызметтерге ие емес басшының шешімі. Өкім әдетте қауіпсіздік техникасы мен еңбекті ұйымдастыру, технологиясы сұрақтарына қатысты болады. Ол басшының тікелей бағыныштыларымен орындау үшін міндетті.

Шарт – қандай да қызметтің жалпы жағымды инфрақұрылымын қалыптастыратын шешім.

Жарлық – парламентпен бекітілген мемлекет басшының шешімі. Жарлық заңның күшіне ие.

Нұсқау – әдістемелік, технологиялық сипатқа ие шешім, өсиет немесе түсіндіру формасында жүзеге асырылады.

Жарғы – қандай да ұйымдардың қызметін реттейтін ережелер жиынтығы.
7.2 Басқару шешімдерін жүзеге асыру формалары

Басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру жағдайларына байланысты келесі формаларды қолдануға болады:



Көшірме – қандай да құжаттың аяқталған фрагменті.

Іскерлік әңгіме – компания үшін өзекті, алдын ала ескертілген тақырып бойынша пікірлермен алмасу үшін басшымен арнайы ұйымдастырылған бағыныштылармен немесе бағыныштылар тобымен кездесуі.

Іскерлік ойын (тренинг) – нақты процестердің имитациялық үлгілері негізінде басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру бойынша қызметкерлердің арнайы ұйымдастырылған қарқынды қызметі. Іскерлік ойын процесінде басқарушылық шешімдерді әзірлеу әдістерін, технологияларын, біртиптік жағдайларын көп рет қайталау есебінен басқарушылық шешімдерді әзірлеу дағдылары бекітіледі.

Іскерлік сөз – бағыныштылар арасында да, жоғары тұрған басшылар арасында да басшы беделімен бекітілген бағыныштыға ауызша түрде берілетін басшының берік шешімі.

Мәжіліс – негізінен ұйымдастырушылық сұрақтарды шешу үшін тар кәсіптік мәслихат (мысалы, кәсіби комитеттің мәжілісі және т.б.).

Ақпараттық хат – мүдделі тұлғаларға жіберілетін келісімге, шартқа, офертаға және т.б. анықтаушы мәліметтер жиынтығы.

Жеке бастың үлгісі – басқарушылық шешімдерді орындау техникасында беделді адамдарға еліктеу әсерін бағыныштыларда дамыту үшін алдын ала дайындалған сценарий бойынша бағыныштылар ортасында басшының әрекеті.

Әдістеме – қандай да қызметті кәсіби орындау үшін әдістер жиынтығы.

Өсиет – басқарушылық шешімдерді сәтті орындау үшін тәжірибені беру, үйрету мақсатымен басшымен жүргізілетін іскерлік әңгіме.

Оқыту – қандай да қызметті орындау үшін жаңа білімді немесе ақпаратты беру мақсатымен басшымен жүргізілетін іскерлік әңгіме.

Есеп – басқарушылық шешімдерді орындау бойынша жеке немесе ұжымдық жасалынған жұмыс нәтижелері туралы маманның шешімі. Есеп жазбаша немесе ауызша болуы мүмкін.

Хат – мүдделі тұлғаларға немесе ұйымдарға жіберілетін қандай да хабарламаның мәтіні.

Ұйғарым - бекітілген мерзімде шешімді міндетті түрде орындау туралы қандай да лауазымдық тұлғаға бағытталған ресми хабарлама қағаз.

Мәжбүрлеу – қорқытулар немесе жоғары марапаттау жолымен БШ орындауға жұмысшыны мәжбүр ету мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме.

Түсіндіру – басқарушылық шешімдердің мәні мен мазмұнын түсінікті ету, түсіндіру мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме.

Ұсыныс хат – потенциалды немесе нақты жұмыс беруші, жабдықтаушы немесе тұтынушы алдында қандай да адам, компания немесе қызмет үшін кепіл болуы туралы беделді маманның шешімі.

Кеңес – басқарушылық шешімдерді орындау жолында өз көзқарастарымен бөлісу мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме. Кеңес бағыныштылармен орындалуы үшін міндетті емес.

Мәслихат – маңызды басқарушылық шешімдерді орындау үшін жинақталған тәжірибемен және ақпаратпен алмасуды, ұжымдық сананы қолдану, бағыныштыларға дейін нақты міндеттерді жедел жеткізу мақсатымен басшымен өткізілетін ұжымдық іскерлік әңгіме.

Хабарлама – басқарушылық шешімдерді орындау үшін қажетті қосымша ақпаратты беру мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме.

Сендіру – басқарушылық шешімдерді орындау үшін оның мазмұны бойынша қажетті берік көзқарастарды немесе түсініктерді бағыныштыда қалыптастыру мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме. Мысалы, жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттігіне сендіру, басқарушылық шешімдерді әзірлеу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану қажеттігіне сендіру.

Шарт – келісімнің, шарттың жақтарымен талап етілетін талаптар көрсетілген жеке құжат немесе құжаттағы мәтін.
7.3 Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру формаларын бірге пайдалану механизмі

Басқарушылық шешімдерді сәтті орындау үшін шешімді дайындау әрбір формасы үшін оған сәйкес жүзеге асыру формасын табу қажет.

Жүзеге асыру формасы – бұл дайындалған шешімді орындау механизмі. Өзімен өзі бұйрық немесе заң оны орындау механизмін жасамайды. Әдетте басшылар тек дайындау формаларымен шектеледі. Мысалы, басшы қандай да бір жұмысты орындау туралы бұйрық шығарғаннан кейін орындаушыларды хабардар ету, нұсқаулар өткізу және т.б. керек. Әйтпесе жұмыс уақытында және сапалы түрде орындалмайтын болады.

Басқарушылық шешімдерді дайындаудың әрбір формасы ең лайықты жүзеге асыру формалар қатарына ие.

Акцепт, келісім, контракт, оферта, шарт және жарғы үшін – бұл іскерлік сөз, ақпараттық хат, есеп, хат, ұйғарым, мәслихат, сендіру және шарт.

Нұсқаулық, кодекс, ереже, хаттама, қағида мен нұсқау үшін – бұл іскерлік әңгіме, іскерлік сөз, өсиет, оқыту, мәжбүрлеу, түсіндіру, кеңес және хабарлама.

Заң, қаулы, бұйрық, өкім және жарлық үшін – бұл көшірме, мәжіліс, жеке бастың үлгісі, әдістеме, өсиет, ұйғарым, мәжбүрлеу, түсіндіру, сендіру және шарт.

Акт, декларация, тұжырымдама, үлгі, жоспар және баспасөз хабарламасы үшін – бұл іскерлік әңгіме, іскерлік ойын, мәжіліс, оқыту, әдістеме, есеп және түсіндіру.

Дайындау формалары мен жүзеге асыру формаларының таралған типтік үйлесуі 7.1-суретте көрсетілген.
Дайындау формасы Жүзеге асыру формасы

Заң

Қаулы


Бұйрық

Өкім


Жарлық

А




Көшірме

Іскерлік әңгіме

Іскерлік сөз

Іскерлік ойын (тренинг)

Мәжіліс

Нұсқаулық

Кодекс


Ереже

Хаттама


Қағида

Нұсқау


Ә




Ақпараттық хат

Жеке бастың үлгісі

Әдістеме

Өсиет

Оқыту

Есеп

Акцепт

Келісім


Контракт

Оферта


Шарт

Жарғы


Б




Хат

Ұйғарым

Мәжбүрлеу

Түсіндіру

Ұсыныс хат

Акт

Декларация

Тұжырымдама

Үлгі


Жоспар

Баспасөз хабарламасы



В




Кеңес

Мәслихат

Хабарлама

Сендіру

Шарт

7.1-сурет – БШ дайындау мен жүзеге асыру формаларының үйлесуі


Бақылау сұрақтары
1. Басқарушылық шешімдерді дайындаудың негізгі формалары атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.

2. Басқарушылық шешімдерді жүзеге асырудың негізгі формалары қандай?

3. Басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру формаларын бірлесіп қолданудың механизмі қандай?

4. Жүзеге асыру формасы дегеніміз не?

5. Басқарушылық шешімдерді сәтті орындау үшін не қажет?
8 Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру кезіндегі адам факторының ролі, әлеуметтік-психологиялық және этикалық негіздері
8.1 Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға әсер ететін адамның негізгі жеке тұлғалық мінездері

Әлеуметтік жүйенің негізгі элементі шешімнің субъектісі, объектісі және тұтынушысы ретінде адам болып табылады. Әрбір адам оны басқа адамдармен жақындастыратын немесе олардан алшақтататын жеке тұлғалық мінездер (сипаттар) жиынтығына ие. Әртүрлі ұйымдарда бір адам өз жеке тұлғалық сипаттарын түрліше көрсетуі мүмкін.

Басқарушылық шешімдер бойынша әдебиетте үш синоним қолданылады: «адам факторы», «жеке тұлғалық сипаттар» және «жеке тұлғалық мінездер». Адам факторының рөлі басқару шешімдерін дайындау процесіне, басқару шешімдерін бағалау мен оны орындау нәтижелерін бағалау процесіне ықпал етуінде көрінеді. Жеке тұлғалық мінездерге: иланушылық, ерік, денсаулық, тәжірибе, ойлау ерекшеліктері, жауапкершілік, кәсіпқойлық, реакция, тәуекелдік, темперамент, сезімдік деңгейі, назар түрі жатады. Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру тарапынан адам ойының ерекшеліктері: тереңдік, кеңдік, жылдамдық және икемділік қызығушылық тудырады.

Тереңдік – адам ойының аналитикалық мінезін, талданып жатқан жағдайдың ішінде себеп-салдар байланыстарын іздеуді сипаттайды. Адам бұл кезде қоршаған элементтерден абстракциялануы мүмкін. Мұндай адамдарға басқару шешімдерді дайындаудың аналитикалық әдісі тиімді болады.

Кеңдік – ойдың синтездік мінезін сипаттайды, мұнда адам талданып жатқан жағдайдың рөлін қызметтің жалпы сценарийінде бағалай алады. Ойдың кеңдігі сценарийлер әдісін және «шешімдер ағашы» әдісін тиімді қолдануға көмектеседі.

Жылдамдық – берілген компанияда қабылданған орта деңгейне қатысты тапсырманы орындау уақытымен анықталады. Қызметкер басқалардан гөрі жағдайды тезірек түсіне немесе тиімді шешімді тезірек әзірлей алады. Ойдың жылдамдығы көптеген нұсқаларды қарастыруға көмектеседі, бұл басқару шешімдерді дайындау мен жүзеге асырудың эвристикалық әдістерінде қажет.

Икемділік – басқару шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асырудың жаңа әдістеріне негізделген және уақытында өтумен сипатталады. Икемділік және келісімге дайындық басқару шешімдерді дайындау мен жүзеге асырудың матрицалық әдістері кезінде қажет.

Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға қиялға берілу (романтизм) мен практицизм, оптимизм мен пессимизм сияқты басшының сипаттары үлкен әсер етеді. Басшының қиялға берілуі (романтизмі) басқару шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру сұрақтарындағы өз мүмкіндіктерін, сонымен қатар ол үшін қажетті ресурстарды алу мүмкіндігін жоғары интуитивті бағалаумен байланысты. Қиялға берілу (романтизм) өз қызметінің бастапқы кезеңінде барлық басшыларға тән. Қиялға берілу (романтизм) – бұл компанияның даму көздерінің бірі. Бірақ ол басшының да, персоналдың да түңілуіне жиі алып келеді. Әдетте компанияға персоналды жаңартумен байланысты жаңа қиялға берілудің (романтизмнің) мөлшері қосылады, сондықтан басшы өзі үшін мұндай қиялға берілудің (романтизмнің) мөлшерін анықтау және қиялшыл-бағыныштының қызметін бақылауды жүзеге асыруы керек.

Басшының немесе маманның практицизмі жұмыстың үлкен тәжірибесімен және басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру кезінде еліктеме тәсілдерді қолданумен байланысты. Мысалы, жабдықтаушылардың уәдесіне тұрмауын ескере отырып, мұндай практик өз компания үшін қажетті ресурстарды жеткізуге қосымша келісімдер жасайды, өнімді сатып алуға компания мүмкіндіктеріне қарағанда көбірек ұсыныстар жібереді. Осылайша компания біреудің тапсырысын орындай алмай, қиын жағдайда болуы мүмкін. Сондықтан басшы ұқсас шешімдердің мөлшерін және мұндай практик-қызметкерлердің болуын анықтау керек.

Басшының оптимизмі персоналдың, соның ішінде өзінің, компанияның және онымен қызмет ететін клиенттердің мүмкіндіктерін жоғары есепті бағалауына негізделеді. Кез келген экономикалық, қаржылық, ұйымдық есептеулер мен бағалауда мүмкін бастапқы мәліметтер мен мүмкін нәтижелердің мөлшері әрқашан бар. Қызметкерге берілген мөлшерде жақсы нұсқаны таңдау мен бұл шешім үшін жауап беру құқығы беріледі. Оптимизм басқарушылық қызметте жоғары кәсіпқойлықпен және компанияның технологиялық мүмкіндіктерімен қуаттануы керек. Оптимист-басшылар компания үшін пайдалы. Олар басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру тәуекелдігін жағымды жаққа да, жағымсыз жаққа да арттырады. Мұнда жеңістердің, жеңілістердің және тұрақтылықтың арақатынасын қалай белгілеуді шешу қажет. Компанияның басшысы сонымен қатар оптимизм шамасын немесе мұндай басшылардың басқалар ішіндегі арақатынасын анықтау керек.

Басшының пессимизмі персоналдың, соның ішінде өзінің, компанияның және онымен қызмет ететін клиенттердің мүмкіндіктерін төмен есепті бағалауына негізделеді. Басшы төмендетілген нұсқа міндетті түрде іске асырылады және компанияға үлкен емес, бірақ тұрақты табыс алып келеді деп есептейді. Мұндай тәсіл дәстүрлі аз өзгеретін өндірістерде тиімді болуы мүмкін. Компания басшысы үшін басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру кезінде тәсілдердің теңгерімділігін және ойланған шешімдерді қамтамасыз етуге пессимистер де қажет.

Әрбір басшы бағынышталардың назарын өзінде сезінеді. Оның жеке тұлғалық сипаттары бағыныштылармен және әріптестермен қарым-қатынас процесіне, сонымен қатар басқару шешімдерін орындауға маңызды әсер етеді. Жеке тұлғалық сипаттар арасында өзгермейтін, әлсіз өзгеретін және едәуір өзгеретін сипаттар бар. Өзгермейтін жеке тұлғалық сипаттарға: темперамент, денсаулық, реакция, әлсіз өзгеретіндерге – иланушылық, сезімдік деңгейі, кәсіпқойлық, тәжірибе, назар түрі, тәуекелдік, ойлау ерекшеліктері, едәуір өзгеретіндерге – ерік, жауапкершілік, байланысқа бейімділік жатады.

Басқарушылық тәжірибеде адамдармен жұмыс жасауды жеңілдететін, басқару шешімдерін сәтті дайындау мен жүзеге асырудың мүмкіндіктерін арттыратын адам қасиеттерінің жиынтығы бар. Мұндай жиынтықтың бірі келесі қасиеттерден тұрады: өте жақсы денсаулық, жақсы үй иесі, кәсіпқор, қарым-қатынас үшін ашық, білімқұмар, басқалардың қателері мен пікірлеріне сабырлы, ұжым күшіне сенімді, табанды, мол тәжірибеге ие, жақсы әдеттерге ие, сенімділік тудыру, өз біліктілігін үнемі жоғарлату.

Сәтсіз басшыға тән сипаттар: асығыстық, артық жұмсақтық, жеткіліксіз тәжірибе, сөзшендік, ұқыпсыз сыртқы түрі. Оның қызметі ойда болмаған жағымсыз жағдайлардың көптігімен болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет