Н. Саденова басқару шешімдерін әзірлеу



жүктеу 1.44 Mb.
бет8/9
Дата17.06.2016
өлшемі1.44 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

14 Электрондық поштаның, электрондық қол таңба мен мөрінің біртіндеп енгізуімен байланысты шешімдер – бұл:

A) эвристикалық шешімдер;

B) жазбаша шешімдер;

C) ауызша шешімдер;

D) алгоритмидік шешімдер;

E) виртуалды шешімдер.



15 Қандай басқарушылық шешімдер басшылардан компанияның корпоративтік нұсқауларын, ережелерін, мораль мен құндылықтарын сақтауды талап етеді?

A) корпоративтік шешімдер;

B) алқалы шешімдер;

C) жекелей шешімдер;

D) топтық шешімдер;

E) эвристикалық шешімдер.


16 Интуицияға, жалпылауға, түсініктерге, тәжірибеге, асоциацияларға негізделген ақпаратты өңдеудің әдісі:

A) эвристикалық шешімдер;

B) жазбаша шешімдер;

C) ауызша шешімдер;

D) алгоритмидік шешімдер;

E) виртуалды шешімдер.


17 Ықпал бағыттары бойынша басқарушылық шешімдер жіктелінеді:

A) ішкі, сыртқы;

B) шектеумен, шектеусіз;

C) ұзақмерзімді, тактикалық, қысқамерзімді;

D) стратегиялық, тактикалық, оперативті;

E) стратегиялық, тактикалық.


18 Қолданылатын ресурстар бойынша басқарушылық шешімдер жіктелінеді:

A) шектеумен, шектеусіз;

B) ішкі, сыртқы;

C) ұзақмерзімді, тактикалық, қысқамерзімді;

D) стратегиялық, тактикалық, оперативті;

E) стратегиялық, тактикалық.


19 Бағдарланған шешім:

A) математикалық теңдеуді шешу кезінде қолданылатын ұқсас әрекеттер немесе қадамдардың белгілі реттілігін іске асыру нәтижесі;

B) белгілі түрде жаңа, іштей құрылымды емес немесе белгісіз факторлармен байланысты жағдайларда қажет;

C) электрондық поштаның, электрондық қол таңба мен мөрінің біртіндеп енгізуімен байланысты шешімдер;

D) басшылардан компанияның корпоративтік нұсқауларын, ережелерін, мораль мен құндылықтарын сақтауды талап етеді;

E) интуицияға, жалпылауға, түсініктерге, тәжірибеге, асоциацияларға негізделген ақпаратты өңдеудің әдісі.


20 Бағдарланбаған шешім:

A) белгілі түрде жаңа, іштей құрылымды емес немесе белгісіз факторлармен байланысты жағдайларда қажет;

B) математикалық теңдеуді шешу кезінде қолданылатын ұқсас әрекеттер немесе қадамдардың белгілі реттілігін іске асыру нәтижесі;

C) электрондық поштаның, электрондық қол таңба мен мөрінің біртіндеп енгізуімен байланысты шешімдер;

D) басшылардан компанияның корпоративтік нұсқауларын, ережелерін, мораль мен құндылықтарын сақтауды талап етеді;

E) интуицияға, жалпылауға, түсініктерге, тәжірибеге, асоциацияларға негізделген ақпаратты өңдеудің әдісі.


21 Шешімді әзірлеу – бұл:

A) мақсатқа жету үшін әрекеттердің белгілі нұсқасының баламасын таңдау;

B) проблеманы анықтаудан оны тәжірибелік шешуге дейінгі әрекеттердің реттілігі;

C) ұйым ұмтылатын тіленген шекті нәтиже;

D) қандай да объект немесе процесс туралы толық емес, айқын емес ақпарат;

E) жоспарланған нәтижені алу мүмкіндігі.


22 Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесінде негізгі қатысушылар бұл:

A) шешімді әзірлеуші, шешімді орындаушы;

B) шешімді тапсырушы, шешімді жасаушы, шешімді орындаушы;

C) шешімді тапсырушы, шешімді жасаушы, шешімді орындаушы, шешімді пайдаланушы;

D) шешімді жасаушы, шешімді пайдаланушы;

E) шешімді әзірлеуші, шешімді тапсырушы, шешімді пайдаланушы.


23 Ұйымның мақсаттарына жету үшін нақты стратегияларды әзірлеуге алып келетін басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесі – бұл:

A) адам ресурстарын басқару;

B) басқарушылық қызметті басқару;

C) басқарушылық кеңес беру;

D) стратегиялық жоспарлау;

E) өндірістік қызметті басқару.


24 Адам ресурстарын басқару:

A) басқарушылық шешімдер ынталандыруды, белсендендіруді және жұмылдыруды көрсетеді;

B) басқарушылық шешімдерді ұйымның пайдаланудағы жүйесін, оны қайта құрусыз, жетілдіруге бағытталған;

C) ұйымның мақсаттарына жету үшін нақты стратегияларды әзірлеуге алып келетін басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесі;

D) басқарушылық шешімдерге компания қызметі үшін қолайлы жағдайды қалыптастыруға бағыт береді;

E) ұйымды реформалау мен қайта құрылымдауға бағытталған басқарушылық қызметтерде көрінеді.


25 Ұйымды басқару жүйесін қалыптастыру:

A) ұйымды реформалау мен қайта құрылымдауға бағытталған басқарушылық қызметтерде көрінеді;

B) басқарушылық шешімдерді ұйымның пайдаланудағы жүйесін, оны қайта құрусыз, жетілдіруге бағытталған;

C) ұйымның мақсаттарына жету үшін нақты стратегияларды әзірлеуге алып келетін басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесі;

D) басқарушылық шешімдерге компания қызметі үшін қолайлы жағдайды қалыптастыруға бағыт береді;

E) басқарушылық шешімдер ынталандыруды, белсендендіруді және жұмылдыруды көрсетеді.


26 Шешімді әзірлеу мен қабылдау міндеттерінің бейресмилік ерекшелігі:

A) нақты басқарушылық шешімдерде қажетті толықтықпен және дәлдікпен мазмұндала алмайтын элементтердің болуын білдіреді;

B) процесс қабылданған шешімді іске асырумен аяқталатынын білдіреді;

C) ақпараттық жоспарда басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іске асыру міндеттері әдетте алуан түрлі белгісіздік жағдайларында шешілетінін білдіреді;

D) басқарушылық міндеттердің көбі тәуекелдік және онымен байланысты шешімді қабылдайтын тұлғаның жауапкершілігі жағдайында шешілетінін білдіреді;

E) басқарудың нақты міндеттері тәуелсіз болып табылмайтынын білдіреді.


27 Шешімді әзірлеу мен қабылдау міндеттерінің белгісіздік ерекшелігі:

A) ақпараттық жоспарда басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іске асыру міндеттері әдетте алуан түрлі белгісіздік жағдайларында шешілетінін білдіреді;

B) процесс қабылданған шешімді іске асырумен аяқталатынын білдіреді;

C) нақты басқарушылық шешімдерде қажетті толықтықпен және дәлдікпен мазмұндала алмайтын элементтердің болуын білдіреді;

D) басқарушылық міндеттердің көбі тәуекелдік және онымен байланысты шешімді қабылдайтын тұлғаның жауапкершілігі жағдайында шешілетінін білдіреді;

E) басқарудың нақты міндеттері тәуелсіз болып табылмайтынын білдіреді.


28 Ұйым мақсаты – бұл:

A) мақсатқа жету үшін әрекеттердің белгілі нұсқасының баламасын таңдау;

B) проблеманы анықтаудан оны тәжірибелік шешуге дейінгі әрекеттердің реттілігі;

C) ұйым ұмтылатын тіленген шекті нәтиже;

D) қандай да объект немесе процесс туралы толық емес, айқын емес ақпарат;

E) жоспарланған нәтижені алу мүмкіндігі.


29 Басқарушылық шешімдерді әзірлеу технологиясы – бұл:

A) ұйымның жалпы және басты мақсаттарына жету үшін басқарушының персоналға басқарушылық ықпалын жүзеге асыру дағдысы, шеберлігі және өнері;

B) проблеманы анықтаудан оны тәжірибелік шешуге дейінгі әрекеттердің реттілігі;

C) ұйым ұмтылатын тіленген шекті нәтиже;

D) мақсатқа жету үшін әрекеттердің белгілі нұсқасының баламасын таңдау;

E) қандай да объект немесе процесс туралы толық емес, айқын емес ақпарат.


30 Мақсаттардың жағдайлардан басымдығына негізделген технология – бұл:

A) процессорлық технология;

B) ақпараттық технология;

C) экономикалық технология;

D) басқарушылық технология;

E) мақсаттық технология.


31 Мақсаттық технологияларға жатады:

A) процессорлық технология, регламенттік технология;

B) процессорлық технология, ынталылық-мақсаттық технология;

C) процессорлық технология, бағдарламалық-мақсаттық технология;

D) процессорлық технология, ақпараттық технология, регламенттік технология;

E) ынталылық-мақсаттық технология, бағдарламалық-мақсаттық технология, регламенттік технология.


32 Ұйым немесе оның бөлімінің қызметкерлерінің штаты 10 адамнан көп емес болғанда, қандай технология қолданылады:

A) мақсаттық;

B) ынталылық-мақсаттық;

C) регламенттік;

D) бағдарламалық-мақсаттық;

E) процессорлық.


33 Қай технология әдетте мақстақа жетуге кепілдік береді:

A) мақсаттық;

B) ынталылық-мақсаттық;

C) регламенттік;

D) бағдарламалық-мақсаттық;

E) процессорлық.


34 Тапсырманы орындау кәсіпқойлығы басшының, тапсырма берушінің және орындаушының біліктілігімен анықталса, онда ол қай технология?

A) мақсаттық;

B) ынталылық-мақсаттық;

C) регламенттік;

D) бағдарламалық-мақсаттық;

E) процессорлық.


35 Мақсатқа жетуге тек қойылған мақсатты іске асыру процесінің барысын қатаң сыртқы немесе ішкі бақылауы кезінде ғана кепілдік беретін технология:

A) мақсаттық;

B) ынталылық-мақсаттық;

C) регламенттік;

D) бағдарламалық-мақсаттық;

E) процессорлық.


36 Тапсырманы орындау уақыты оны беру уақытынан 1 жылдан аспауы керек болса, онда ол қай технология?

A) мақсаттық;

B) ынталылық-мақсаттық;

C) регламенттік;

D) бағдарламалық-мақсаттық;

E) процессорлық.


37 Мақстақа жетуге кепілдік бермейтін технология:

A) мақсаттық;

B) ынталылық-мақсаттық;

C) регламенттік;

D) бағдарламалық-мақсаттық;

E) процессорлық.


38 Ынталылық-мақсаттық технология үшін ұйымдық қатынастардың келесі сызбасы тиімді:

A) сызықтық;

B) матрицалық;

C) жобалық;

D) функционалдық;

E) өнімдік.


39 Бағдарламалық-мақсаттық технология негізделеді:

A) қазіргі білімге, экономикалық-математикалық әдістерге және ақпараттық технологияларға;

B) статистикалық әдістерге, белгісіздік жағдайында шешімдерді әзірлеу теориясына;

C) экономикалық-математикалық модельдеуге, ықтималдылық теориясына;

D) эвристикалық әдістерге, индукция мен дедукцияға;

E) жүйелік әдістерге және ақпараттық технологияларға.


40 Регламенттік технология негізделеді:

A) статистикалық әдістерге, белгісіздік жағдайында шешімдерді әзірлеу теориясына;

B) қазіргі білімге, экономикалық-математикалық әдістерге және ақпараттық технологияларға;

C) экономикалық-математикалық модельдеуге, ықтималдылық теориясына;

D) эвристикалық әдістерге, индукция мен дедукцияға;

E) жүйелік әдістерге және ақпараттық технологияларға.


41 Мақсаттық технологияларды іске асырудың аспаптық құралдары – бұл:

A) процессорлық технология;

B) регламенттік технология;

C) ынталылық-мақсаттық технология;

D) бағдарламалық-мақсаттық технология;

E) ақпараттық технология.


42 Соңғы нәтижелердің жоспарлау мен болжаудан басымдығына негізделген технология – бұл:

A) нәтижелер бойынша басқару;

B) қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару;

C) тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару;

D) ерекше жағдайларда басқару;

E) жасанды зерде негізінде басқару.


43 Тұлғааралық қатынастардың басқа құралдар мен әдістерден басымдығына негізделген технология – бұл:

A) нәтижелер бойынша басқару;

B) қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару;

C) тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару;

D) ерекше жағдайларда басқару;

E) жасанды зерде негізінде басқару.


44 Қатаң басқару мен бақылаудың басқа құралдар мен әдістерден басымдығына негізделген технология – бұл:

A) нәтижелер бойынша басқару;

B) қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару;

C) тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару;

D) ерекше жағдайларда басқару;

E) жасанды зерде негізінде басқару.


45 Орындаушы кәсіпқойлығының немесе пайдаланылған және жақсы орындалатын өндірістік технологияның басқа құралдар мен әдістерден басымдығына негізделген технология – бұл:

A) қызметкерлердің жұмысын белсендіру негізінде басқару;

B) қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару;

C) тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару;

D) ерекше жағдайларда басқару;

E) жасанды зерде негізінде басқару.


46 Заманауи ақпараттық компьютерлік технологияларды қоланумен мәліметтер базасы немесе білімдер базасы түрінде іске асырылатын заманауи экономикалық-математикалық әдістердің, статистиканың және тәжірибенің басымдығына негізделген технология – бұл:

A) қызметкерлердің жұмысын белсендіру негізінде басқару;

B) қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару;

C) тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару;

D) ерекше жағдайларда басқару;

E) жасанды зерде негізінде басқару.


47 Қызметкерлер үшін ынталылық пен мадақтаудың басқа құралдар мен әдістерден басымдығына негізделген технология – бұл:

A) қызметкерлердің жұмысын белсендіру негізінде басқару;

B) қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару;

C) тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару;

D) ерекше жағдайларда басқару;

E) жасанды зерде негізінде басқару.


48 Нәтижелер бойынша басқару технологиясы басқарудың қандай қызметіне негізделеді?

A) үйлестіру;

B) ұйымдастыру;

C) жоспарлау;

D) мотивация;

E) бақылау.


49 Қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару технологиясы қайда тиімді іске асырылады:

A) қызметі жергілікті инфрақұрылымға едәуір әсер ететін үлкен емес аймақтардың (қалалардың, кенттердің және т.б.) ірі және орта ұйымдарында;

B) басшының беделі мен кәсіпқойлығы күдіксіз үлкен емес ұйымдарда, әсіресе келісім негізінде жұмыс істейтін кеңесші-менеджерлері бар кәсіпорындарда немесе оқу орындарында, жаңа ғылыми сыйымды ұйымдарда;

C) қатаң регламенттелген технология бойынша жұмыс істейтін үлкен емес ұйымдарда немесе басқарудың сенімді (функционалдық) құрылымымен ұйымдарда;

D) шығарылатын өнімнің жиі өзгеретін номенклатурасы кезінде, сонымен қатар типтік күрделі процедураларының үлкен көлемі бар кез келген ұйымдарда;

E) қол өндірісі кезінде, еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнімнің сапасы негізінен қызметкердің көңіл-күйімен, психологиямен және денсаулық жағдайымен, сонымен қатар ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатымен анықталатын ұйымдарда.


50 Жұмылдыру тәсілдеріне жатады:

A) ұрандар, үндеулер, басшының немесе әріптестің жеке үлгісі, орындалған тапсырманың маңыздылығын ұғыну;

B) жауапты тапсырмаларды беру, сенім, алғыстар, үкіметтің марапаттары, қызметтегі жоғарлау;

C) ақшалай және тауарлық түрдегі, қызметтер, білімдер мен ақпарат түріндегі төлемдер;

D) корпоративтік кодекстер, корпоративтік рух, ақшалай төлемдер;

E) символдар, ұрандар, алғыстар, төлемдер.


51 Жасанды зерде негізінде басқару технологиясы қайда тиімді іске асырылады:

A) шығарылатын өнімнің жиі өзгеретін номенклатурасы кезінде, сонымен қатар типтік күрделі процедураларының үлкен көлемі бар кез келген ұйымдарда;

B) басшының беделі мен кәсіпқойлығы күдіксіз үлкен емес ұйымдарда, әсіресе келісім негізінде жұмыс істейтін кеңесші-менеджерлері бар кәсіпорындарда немесе оқу орындарында, жаңа ғылыми сыйымды ұйымдарда;

C) қатаң регламенттелген технология бойынша жұмыс істейтін үлкен емес ұйымдарда немесе басқарудың сенімді (функционалдық) құрылымымен ұйымдарда;

D) қызметі жергілікті инфрақұрылымға едәуір әсер ететін үлкен емес аймақтардың (қалалардың, кенттердің және т.б.) ірі және орта ұйымдарында;

E) қол өндірісі кезінде, еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнімнің сапасы негізінен қызметкердің көңіл-күйімен, психологиямен және денсаулық жағдайымен, сонымен қатар ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатымен анықталатын ұйымдарда.


52 Ерекше жағдайларда басқару технологиясы басқарудың келесі құрылымын ескереді:

A) сызықтық-патронаждық;

B) жобалық;

C) матрицалық;

D) функционалдық;

E) өнімдік.


53 Тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару технологиясы басқарудың келесі құрылымын ескереді:

A) сызықтық;

B) жобалық;

C) матрицалық;

D) функционалдық;

E) сызықтық-патронаждық.


54 Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру қандай процедуралардан тұрады:

A) келістіру, қабылдау, орындау, жүзеге асыру;

B) әзірлеу, келістіру, қабылдау, бекіту, орындауды ұйымдастыру;

C) ұйымдастыру, жоспарлау, келістіру, бақылау;

D) жоспарлау, әзірлеу, келістіру, орындау;

E) әзірлеу, орындау, бақылау, жоспарлау.


55 Келістіру процедурасы болуы мүмкін:

A) ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді;

B) бағдарланған және бағдарланбаған;

C) ішкі және сыртқы;

D) жекелей және ұжымдық;

E) жай және күрделі.


56 Мемлекеттік немесе жергілікті бақылауды жүзеге асыратын ұйымдармен, сонымен қатар тапсырушылармен немесе клиенттермен өткізілетін келістіру – бұл:

A) ішкі келістіру;

B) ұжымдық келістіру;

C) алқалы келістіру;

D) сыртқы келістіру;

E) күрделі келістіру.


57 Бақылау қызметтеріне ие ұйым мамандарының күшімен өткізілетін келістіру – бұл:

A) ішкі келістіру;

B) ұжымдық келістіру;

C) алқалы келістіру;

D) сыртқы келістіру;

E) күрделі келістіру.


58 Ұсынылған нұсқалар ішінен іске асыру үшін бір басқарушылық шешімді таңдау – бұл:

A) әзірлеу;

B) келістіру;

C) орындау;

D) бекіту;

E) қабылдау.


59 Қызметтің коммерциялық және коммерциялық емес сфераларындағы өзара құқықтары мен міндеттемелерін көрсетумен бірлескен жұмыстарды өткізу туралы шешім – бұл:

A) келісім;

B) жоспар;

C) ереже;

D) бұйрық;

E) жарғы.


60 Ұйымда немесе оның ірі бөлімшесінде билікке ие басшының шешімі – бұл:

A) келісім;

B) жоспар;

C) ереже;

D) бұйрық;

E) жарғы.


61 Қандай да бір қызметті реттейтін заңдар, қағидалар мен нұсқаулықтар жиынтығын көрсететін шешім – бұл:

A) келісім;

B) жоспар;

C) ереже;

D) бұйрық;

E) жарғы.


62 Компания үшін өзекті, алдын ала ескертілген тақырып бойынша пікірлермен алмасу үшін басшымен арнайы ұйымдастырылған бағыныштылармен немесе бағыныштылар тобымен кездесуі – бұл:

A) кеңес;

B) іскерлік әңгіме;

C) іскерлік сөз;

D) іскерлік ойын;

E) оқыту.


63 Нақты процестердің имитациялық үлгілері негізінде басқарушылық шешімді дайындау мен жүзеге асыру бойынша қызметкерлердің арнайы ұйымдастырылған қарқынды қызметі – бұл:

A) кеңес;

B) іскерлік әңгіме;

C) іскерлік сөз;

D) іскерлік ойын;

E) оқыту.


64 Қандай да қызметті орындау үшін жаңа білімді немесе ақпаратты беру мақсатымен басшымен жүргізілетін іскерлік әңгіме – бұл:

A) кеңес;

B) іскерлік әңгіме;

C) іскерлік сөз;

D) іскерлік ойын;

E) оқыту.


65 Адам ойының ерекшеліктеріне жатады:

A) тереңдік, кеңдік, жылдамдық, икемділік;

B) тереңдік, жылдамдық, икемділік, өзгермелілік;

C) өзгермелілік, кеңдік, жылдамдық;

D) тереңдік, икемділік, өзгермелілік;

E) икемділік, жылдамдық, өзгермелілік.


66 Кәсіпқойлыққа, тәжірибеге, ізгілікті жеке тұлғалық қасиеттер негізінде бағыныштыларға, әріптестерге немесе қоршаған адамдарға қызметтің түрлі салаларындағы ұйымның немесе тұлғаның танылған әсері – бұл:

A) ықпал;

B) мансап;

C) абырой;

D) қасиет;

E) тәжірибе.


67 Басшы мен оның шешімдерін орындаушылары арасындағы ақпаратта және байланыстарда кедергілерді жасанды жасау есебінен құрылатын абырой:

A) қашықтық абыройы;

B) мейірімділік абыройы;

C) орнын толтыру абыройы;

D) өсиетшілдік абыройы;

E) әріпшілдік абыройы.


68 Бағыныштыларға қайырымдылықты, жанашырлық пен мейірімділікті асырып көрсету есебінен жүзеге асырылатын абырой:

A) қашықтық абыройы;

B) мейірімділік абыройы;

C) орнын толтыру абыройы;

D) өсиетшілдік абыройы;

E) әріпшілдік абыройы.


69 Тапсырманы орындау үшін күшті түрткі болатын себептерді (өтемдерді) қолдану арқылы жүзеге асырылатын абырой:

A) қашықтық абыройы;

B) мейірімділік абыройы;

C) орнын толтыру абыройы;

D) өсиетшілдік абыройы;

E) әріпшілдік абыройы.


70 Басшының басқарушылық шешімдер пәніне әдейі жан-жақты қарау есебінен болатын абырой:

A) қашықтық абыройы;

B) мейірімділік абыройы;

C) орнын толтыру абыройы;

D) өсиетшілдік абыройы;

E) әріпшілдік абыройы.


71 Басшымен тапсырманы орындаудың барлық элементтерін толық алдын ала әзірлеу мен оларды бағыныштыларға беру есебінен құрылатын абырой:

A) тәкаппарлық абыройы;

B) басу абыройы;

C) орнын толтыру абыройы;

D) өсиетшілдік абыройы;

E) әріпшілдік абыройы.


72 Бағыныштылар алдында басшы абыройын жасанды өсіріп айту жолымен қалыптастырылатын абырой:

A) тәкаппарлық абыройы;

B) басу абыройы;

C) орнын толтыру абыройы;

D) өсиетшілдік абыройы;

E) әріпшілдік абыройы.


73 Билік артықшылығының компанияның негізгі персоналының, клиенттердің немесе контрагенттердің басқа қажеттіліктері мен мұдделерінің артықшылығынан басым болған жағдайда пайда болатын абырой:

A) тәкаппарлық абыройы;

B) басу абыройы;

C) орнын толтыру абыройы;

D) өсиетшілдік абыройы;

E) әріпшілдік абыройы.


74 Темпераменттің қандай типтері бар:

A) флегматик, сангвиник, экстроверт, интроверт;

B) интроверт, холерик, флегматик, экстроверт;

C) меланхолик, холерик, экстроверт, интроверт;

D) холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик;

E) сангвиник, меланхолик, экстроверт, интроверт.


75 Адам ойының аналитикалық мінезін, талданып жатқан жағдайдың ішінде себеп-салдар байланыстарын іздеуді сипаттайтын ерекшелік:

A) тереңдік;

B) кеңдік;

C) жылдамдық;

D) икемділік;

E) романтизм.


76 Басқарушылық шешімді әзірлеу мен жүзеге асырудың жаңа әдістеріне негізделген және уақытында өтумен сипатталатын адам ойының ерекшелігі:

A) икемділік;

B) кеңдік;

C) жылдамдық;

D) тереңдік;

E) романтизм.


77 Сыртқы орта – бұл:

A) компанияның қызметіне, соның ішінде басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру кезінде белгісіздік пен тәукелдер деңгейіне тура немесе жанама әсер ететін нақты бар құбылыстар мен процестердің жиынтығы;

B) кәсіпқойлыққа, тәжірибеге, ізгілікті жеке тұлғалық қасиеттер негізінде бағыныштыларға, әріптестерге немесе қоршаған адамдарға қызметтің түрлі салаларындағы ұйымның немесе тұлғаның танылған әсері;

C) ұйым ұмтылатын тіленген шекті нәтиже;

D) мақсатқа жету үшін әрекеттердің белгілі нұсқасының баламасын таңдау;

E) қандай да объект немесе процесс туралы толық емес, айқын емес ақпарат.


78 Компанияның сыртқы ортасының қандай қоршаулары бар:

A) ішкі және сыртқы;

B) алыс және жақын;

C) тура және жанама;

D) негізгі және қосымша;

E) жай және күрделі.


79 Сыртқы ортаның факторларына жатады:

A) бәсекелес, экономикалық, халықаралық, саяси, құқықтық, ақпараттық, экологиялық;

B) халықаралық, экологиялық, ақпараттық, саяси, нарықтық, әлеуметтік, экономикалық;

C) бәсекелес, халықаралық, саяси, нарықтық, әлеуметтік, технологиялық, экономикалық;

D) экономикалық, экологиялық, нарықтық, саяси, халықаралық, құқықтық, ақпараттық;

E) бәсекелес, ақпараттық, технологиялық, саяси, нарықтық.


80 Қатынастары заңнама бойынша екіжақты келісімдермен, шарттармен немесе міндеттемелермен регламенттелетін элементтер компанияның қандай қоршауына жатады?

A) алыс;


B) тура;

C) жанама;

D) жақын;

E) ішкі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет