«Ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісін жобалау»


Дайын өнім есебі мен цех құрылғысын таңдау



бет5/7
Дата30.06.2016
өлшемі1.88 Mb.
#167728
1   2   3   4   5   6   7

4.12.Дайын өнім есебі мен цех құрылғысын таңдау


    1. Автоматтық таразылар саны

nв=Qрасч• 1000\24• 60•a•в,


мұнда а – таразы ожауының сыйымдылығы (100, 50, 20)кг;

в – минутына құлау саны (егер а=50, то в=180; а=100, то в=120).




    1. дозатор араластырғышының саны

n= Qрасч Cn\100•g,


мұнда, Cn – дозаторға тиеу,

g – дозатор-араластырғышының сағаттық өнімдіоігі, т\с.




    1. Барлық бункерден біруақытта ұнды дозирлеу

n= Qрасч\m•g •24,
мұнда m – бункер саны.


    1. Бункер сыйымдылығының есептік мағынасы м3

Vp=Cn Q• T\Y• 24• 100• Ku,


мұнда, Vp – бункер сыйымдылығының есептік мағынасы, м3;

Cn – ұнтақтау бөліміндегі ұн мөлшері, %;

T – бункерге түскен уақыты, 30-50 час;

Y –көлемдік массасы, т\м3;

Ku – бункер көлемін пайдалану коэффициенті:

h\в=3 Ku=0,85

h\в=1,5 Ku=0,7

h\в=1,0 Ku=0,6




    1. Бір бункер сыйымдылығы, Vб, м3

Vб= h • а• в,


мұнда, h, а, в – бункер көлемі, м.


    1. Бункер саны

n=Vр\Vб


    1. Бункердің фактілік сыйымдылығы, м3

Vф=n•Vб•γ•Ки


мұнда, n – бункер саны

Vб - бір бункер сыйымдылығы

γ - астық табилығы т\м3

Ки - бункер сыйымдылығын падалану коэффициенті


8. аппарат салмағаның есептері
n=Q•Cп•Uх• 1000\100•100•g•ρ•τ
мұнда, Cп – азықтың шығуы, %;

Uх – сақталуға салынған өнім мөлшері %;

g –шығару таразысы аппараттың өнімділігі;

ρ – құлама массасы, кг.


9. Зашивочный аппарат сыйымдылығы, n ұн немесе жарма немесе завод өнімділік санына тәуелді:
n=1000•Q•Cn\100•g•p•τ
мұнда, g –тігін машина өнімділігі (500 мешков\час);

p – қап массасы, кг.




  1. Барлық есептерді кестеге енгізу қажет




Атауы

марка

мөлшері

Өнімділігі










Паспортты

фактілі


















5 Бөлім. Жарма зауытын жобалау
5.1. Дәнді аршуға дайындау сызбасын таңдау
Әр түрлі жарма дақылдарының дәндері морфологиялық, анатомиялық белгілермен, физика-химиялық қасиеттермен ерекшеленеді, бұл оны аршуға дайындаудың өндірістік үрдісін құруға және негіздеуге әсер етеді.

Жарма өндірісіндегі технологиялық үрдіс сызбасын әр дақылға және өңдеу түріне қатысты өңдейді. Жарма зқауытының реконструкциясында бастапқы мәліметтер негізінде өңделетін дән ерекшеліктерін ескереді және түрлік сызбаға енгізілуі қажет өзгерістерді белгілейді. Ондай өзгерістерге элеваторда немесе қиын бөлінетін ластаушы қоспалардың жоғары құрамында пневматикалық сұрыптау үстелі немесе тас бөлу машиналары арқылы өткелдердің санын ұлғайтуы мүмкін.

Қоспалардың негізгі массаларын бөлу үшін жарма зауыттарында екі-үш тізбекті айыруды қолданады. Сұлы, арпа, бидай үшін қуыршақ іріктеулер, қарақұмық, бидай іріктеу машиналары қолданылады. Бұршақ, жүгері мен күріш үшін триерлер орнатылмайды. Минералды қоспаларды бөлу үшін әр түрлі тас бөлу машиналары мен пневмоүстелдер қолданылады. Жарма зауыттарында дән тазалаудың бөлшектеу әдісін енгізеді, бұл кезде оны бөліктерге бөледі. Бұл кезде әр бөлік үшін аспираторларда ауа ағынының тәртібін, триер ұяшықтарының өлшемін т.б. өте дәл алу қажет, бұл әр түрлі қоспаларды өте мұқият бөлуге мүмкіндік береді. Қиын бөлінетін қоспаларды бөлуге арнайы әдістер арналған. Сонымен бірге, қоспаларды ұсақ дәнмен алады. Бұл жағдайда дәннің қандай да бір бөлігі жойылады, бірақ қалған ірі дәнде қоспалар аз болып, одан стандартқа сай жарма алуға болады. Дәнді қоспалардан тазалау үрдісінде оны 2, 3 одан да көп бөліктерге бөледі, артынан шикізаттың әр бөлігін дән ірілігі мен лас қоспалар құрамы есбімен тазалайды. Осылай, қарақұмықты айыруда, оны тесігі дөңгелек формалы, бірінші түрдегі електерді қолданып 2-3 бөліктерге бөледі, одан кейін әр бөліктен қиын бөлінетін қоспаларды бөледі және тесігі үшбұрыш формалы, үшінші түрдегі електі қолданады. Қарақұмықты бөліктерге алдын-ала бөлу тесігі үшбұрыш пішінді елек нөмірін өте дәл таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша, арпадан жарма өндірісінде дайындық кезеңінде ұсақ дәнді бөлуге және ары қарай бақылауға арналған жүйелерді жобалау қажет. Тарыны қайта өңдеуге дайындағанда да осы әдіс қолданылады. Сұлыны гидротермиялық өңдеу жүргізгеннен кейін, дән тазалау бөлімінде соңғы өткелде ірі және ұсақ бөлікке бөледі. Бұршақты қайта өңдеу бөлімінде сепкіштерді қолданып, ірі және ұсақ бөлікке бөледі. Қарақұмықты аршу операциясының алдында алты бөлікке бөледі.

Дән тазалау бөліміндегі тазалаудың бүкіл үрдісінің технологиялық тиімділігін тазалауға дейінгі және одан кейінгі дән сапасын салыстыру негізінде анықтайды.

Бір сызба бойынша жарма дақылдарының келесі дән топтарын өңдеуге болады:

- қарақұмық-тары;

- сұлы-күріш;

- арпа – бидай – бұршақ – жүгері.

Дән тазалау машиналарының санын кестеге (қосымша) сәйкес қабылдау қажет. Дәнді бөліктерге айыру үшін және оны қоспалардан тазалауда машиналардың басқа түрлері де қолданылуы мүмкін. Көрсетілген айырғыштар жүйесінің немесе өткелдердің саны алдын-ала кезеңде элеваторларда тазалауды қоспайды. Дән тазалау машиналарының тізбекті өткелдер санын таңдауда жобалаудың нақтылы шарттарына сәйкес өзгерістер кіруі мүмкін. Осылай, айырғыштар жүйесінің саны, алдын-ала кезеңде элеваторда дән тазалау болмағандықтан, ұлғаюы мүмкін.

Дән тазалау бөлімінің сызбаларын жобалауда олардың ерекшеліктері ескерілсе, бір дақылды өңдеуден зауыттың басқа дақылға ауысуында, қоспалардан дәнді тазалау ерекше қиындықтар ауырмайды. Дән тазалау бөліміндегі жабдықтың негізгі жинағы бірнеше дақылдар дәнін тазалау үшін қолданылуы мүмкін. Дәннің технологиялық қасиеттерін жақсарту, құрылым-механикалық қасиеттерін өзгерту үшін дән тазалау бөлімінде аршуға дейінгі гидротермиялық өңдеуді қарастырады. Ол үшін тіпті дәннің бір дақылына арналған жағдайда да, жабдықты орнатады. Кептіргіштер үстіндегі бункерлердің сыйымдылығы буландырғыштардың екі-үш есе сыйымдылығына тең болу керек. Физикалық қасиеттері, пішіні, анатомиялық құрылысы бойынша жарма дәндерінің үлкен әр түрлілігін ескере отырып, өңдеуге жарма шикізатын дайындаудың бірыңғай қағидалар қолданылады. Гидротермиялық өңдеуге барлық дақылдар ұшырамайды. Булаумен, кептірумен және салқындатумен технологиялық сызба бойынша қарақұмық, сұлы, бұршақ өңделеді. Бидай мен жүгері бір реттік ылғалдаумен және сулаумен ГТО, суық әдіс технологиясы бойынша өңделеді. Бидай және қарабидайға қарағанда, жарма шикізатында қоспалар саны көп. Осылайша, жарма шикізатын өңдеуде әмбебап технологияны өңдеу мүмкін емес. Бірақ кез-келген дақыл үшін технологиялық сызбаларды өңдеуде тән болатын, бірнеше жалпы ережелерді білуге болады:




  • Қайта өңдеуге дайындалған жарма шикізаты сыйымдылығы зауыттың тәуліктен кем емес жұмысын қамтитын, тазаланбаған дәнге арналған сыйымдылықтарда жедел сақталады;

  • Жарма шикізатының бетімен берік байланыспаған қоспалар үшін технология 2-3 реттен кем емес айыруды қарастыруы керек;

  • Технология ұсақ дәннің бөлінуін қарастыруы керек;

  • Жарма дәнін бөлшектеп тазалау өте тиімді болу керек;

  • Триерлер мен концентраторларды қолданумен қысқа және ұзын қоспалардан дәнді тазалауды қарастыру қажет;

  • Соққы әсерлі машиналар алдында, дәндер мен қалдықтарды тексеруде металмагнитті қоспаларды бөлу, жеңіл және минералды қоспалардан дәнді айыру, бақылау мен салмақтық есептеу үшін түсетін дән мен соңғы өнімдерді өлшеу міндетті операциялар болып табылады;

  • Пайдалы дәнді алу және оны технологиялық үрдіске қайтару мақсатымен, технология жемді дән өнімдері мен қалдықтардың тексерілуін қарастыруы тиіс.


5.2. Жедел бункерлердің сыйымдылығын есптеу
Өндірістік операцияларға қажетті бункерлердің сыйымдылығын зауыт өндірушілігі, бункерде дән болуының ұзақтығы және бункер көлемін толтыру коэффициенті есебімен анықтайды.


    1. Бункерлер сыйымдылығы, V (м3)

V=Q• τ\24•γ•Ku


мұнда, Q – зауыт өндірушілііг, т\тәу;

τ – бункерде астықтың болу ұзақтығы, сағ;

γ – өнімнің көлемдік массасы, т\м3;

Ku – бункерді пайдалану коэффициенті.
Коэффициент Ku бункердің бүкіл көлемін өніммен толтыру дәрежесіне, бункердің биіктігі мен қимасына, өнімнің жаратылысты құлама бұрышына байланысты. Бұл коэффициент бөлшектегі толтырылатын бункердің жоғарғы бөлігіндегі көлем шығындарын және шығару шұқыршағының құламасынан төменгі бөлігіндегі шығындарды есептейді.

Максималды еніне бункер биіктігінің Н\В=3 қатынасында Ku =0.85; Н\В=1 болғанда Ku =0,6 деп қабылдайды.

Бір құрама сызба бойынша әр түрлі дақылдар дәнінен жарма өндірісінде, бункерлердің сыйымдылығы табиғаты азырақ дақылға, ал бункерлер түбінің еңіс бұрыштары жаратылысты құрама бұрышы көбірек дақылға есептелуі тиіс. Бункерлер өлшемдерін белгілеп, олардың санын анықтауға болады. Тазартылмаған дәнге арналған бункерлер көбінесе 2-3 қабат (h=9,6-14,4 м) биіктігімен, қимасы 3 м өлшеммен жақтарға не квадратты болып алынады.
5.3. Жарма зауытындағы дайындау бөлімінің технологиялық жабдықтары
Дайындау цехтарына арналған жабдықтардың қажет санын жабдықтың төлқұжатты өндірушілігі бойынша және зауыт пен оның аршу бөлімінің берілген өндірушілігін сұлыны, қарақұмықты, күрішті, тарыны, арпаны өңдеуде 20%-ға және бидайды, бұршақты, жүгеріні өңдеуде 15%-ға асатын есептік өндірушілік Qр (т\тәу) бойынша есептейді.

1. өнімділік есебі Qр (т\сут)
Qр = К•Qзад =(1,15…1,2) •Qзад
Мұнда Qзад – завод өнімділігінің берілуі, т\сут;

К – қосымша коэффициенті.




    1. Қажет машина саны

n=Qр\qм ,


мұнда, qм –машинаның паспортты өнімділігі, т\сут. кесте.8. (қосымшаны қараңыз.)


    1. таразылық бункер формуласын пайдалана отырып автоматтық таразыларды таңдап алады Ев (кг)

Ев= Qр•1000\24•60•n,


мұнда, n – өлшеуге минутына жіберілген саны (2 өлшемнен көп емес).
Күріш, сұлы, қарақұмық, қауыздар үшін ожаудың төлқұжатты сыйымдылығын 25%-ға азайту керек, өйткені ожауға өнімдердің көрсетілген массасы сыймайды. 20,50 және 100 кг жүккөтергішті автоматты таразыларда сәйкесті 15,40,80кг салмақты гирлер орнатады.

Дәнді сұрыптауға және дән қалдықтарын бақылауға арналған електейтін машиналар санын әр машинаның електейтін беткі ауданы есебімен анықтайды.




    1. Машинаның себулік үсті F (м2)

F=1000•Qзад\q,


мұнда, q – 1 м2 бетіне себулік

Содан кейін сепкіш беттің ортақ шамасын технологиялық процестің негізгі операцияларына бөледі. Елеуіш машиналардың ауданы 10.(2) қосымшада келтірілген.




    1. Барлық есептерді кестеге енгізу қажет






Атауы

маркасы

мөлшері

өндірісі













паспорттық

фактілі





















5.4. Жарма дақылдарының дәнін аршу сызбасын таңдау және негіздеу
Технологиялық операциялардың ерекшелігі мен даму дәрежесі жарма дақылдарының қасиеттеріне, дайын өнім түріне, қолданылатын жабдық сипатына байланысты болады.

Технологиялық сызбаларды жобалаудың жалпы қағидалары келесідей:



  1. Бастапқы кезеңде басты технологиялық операцияларды дұрыс таңдау үшін, оның бөліктік құрамын, жарма дақылына сәйкес дән қасиеттерін жалдау қажет.

  2. Егер дән өлшемдері мәнді ішектерде варьирленсе, онда дәнді алдын-ала сұрыптау операцияларын қарастыру қажет.

Бұл операцияның болуы аршуға арналған жабдық түріне байланысты. Осылай, жұмсақ резеңке бетті аршығыштарда дәнді аршу кезінде ірілігі бойынша сұрыпталмаған дәнді аршуға болады. Ал бұл мақсатта қатты жұмыс саңылауымен және абразивті жұмыс беттерімен аршығыштарды қолдану жарма дақылындағы ядроның мәнді ұсақталуына әкеледі.

Дәнді дақылдардың әртүрлілігі және өңделетін жарманың кең ассортименті аршу бөліміндегі техенолгоиялық операциялардың күрделілігі мен көлемін анықтайды. Аршу бөліміндегі технологиялық үрдістің сызбасын таңдауға келесі негізгі факторлар әсер етеді:

- кәсіпорын өндірушілігі;

- өңделетін дәнді дақыл және оның физика-химиялық ерекшеліктері;

- өнім шығымына және сапасына қойылатын талаптар.

Бірінші әдіс негізінде, аршу өнімдерін бөлуде жарма дақылының дәні мен ядросы таза түрде бөлінеді. Бұл бөлінген дәннің қайта аршылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Технологиялық сызбалардың 2 модификациясын ажыратады: аршу жүйесінің бастапқы жүйесіне аршылмаған дәндерді қайтарумен және арнайы төгу жүйесіне аршылмаған дәндерді қайтарумен. Аршу нәтижесінде таза түрде ядро түзілетін дақылдар үшін аршу үрдісі ядроны аралық бөлумен технологиялық сызбалар бойынша құрылған. Тарыны аршуда да осылай таза түрде ядро түзіледі, оны дәндерден бөлу қағидалы мүмкін болады. Бірақ қазіргі уақытқа дейін физикалық белгілері бойынша мәнсіз айырмашылықтарынан, тарының ядросы мен дәнін бөлудің сенімді әдісі технологияды жоқ. Сондықтан тарыны конвейерлі әдіспен аршиды. Алынатын сыртқы қабықшасы ядромен тығыз байланысқан жарма дақылдарының дәнін де осылайша аршиды.

Конвейерлі әдіс негізінде конкреттік тізбекті аршуды берілген әсерге жеткенше қайталайды. Ұсақталмаған жармалар технологиясында конвейерлі әдісті қолдану азырақ тиімді, бұл ядроның жоғары ұсақталуымен және өнімдердің үлкен айналымымен байланысты..

Ядроны аралық бөлумен әдістің артықшылықтар қатары бар:

- ұсақталуды төмендеу (2-3,5%ға) есебінен, бүтін ядроның шығуы ұлғаяды;

- өнімдер айналымы 2-2,1 есеге азаяды/өнімдер айналымы айналым коэффициентімен бағаланады, ол дәннің бастапқы мөлшеріне үрдісте түскен өнімдердің нақтылы мөлшерінің қатынасына тең/;

- қайта өңдеуге энергияның үлестік шығыны төмендейді.

Операциялардың реттілігі жармаға арналған аршу бөлімінде, негізгі өнім болып толықтай жарма болып табылады:


Аршу алдында сорттау

Аршу



ұсақталу←Аршу өнімдерінің сортталуы

Тегістеу


Жылтырату

Сапа бақылауы




Операциялардың реттілігі жармаға арналған аршу бөлімінде, негізгі өнім болып ұсақталған жарма болып табылады:

Аршу алдында сорттау

Аршу


Аршылған өнімдерді сорттау

Тегістеу


Тегістелген өнімдерді сорттау

Тегістеу


Жылтырату

Сапа бақылауы



Ірілігі бойынша дәнді сұрыптау аршу үрдісін жақсартады. Ол үшін електейтін машиналарды орнатады. Қарақұмықты аршу алдында алты бөлікке бөледі; күріш, сұлы мен бұршақ-екіге. Аршу әдісін таңдау өңделетін дәннің анатомиялық құрылысына және құрылым-механикалық қасиеттеріне байланысты. Қажетті машинаны дұрыс таңдау ядроны минималды ұсақтауда аршудың жоғары коэффициентін алуға мүмкіндік береді. Қарақұмық пен тарыны білік декті станоктарда рашиды, арпа, бидай, бұршақ-аршу тегістеу машиналарда, күріш сұлы – екі білікті аршығыштарда, арпа сұлы жүгері –абразивті цилиндрмен түс қағазды машиналарда, сұлы аршу астарында. Тегістелген жарма алуда арпа, бидай, жүгері білікті станоктарад ұсақталады.

Таяқшаларға, арап жармасына арналған ұсақ жүгері жармасын өңдеуде білікті станоктарда көбінесе ұсақтауды пайдаланады. Жүгеріні ірі ұсақтауға детерминаторлар қоланады.

Жобалауда екі, кейде, одан да көп жарма дақылдарын өңдеуге болатын технолгоиялық үрдіс сызбасы ең тиімді екенін ескеру қажет.


5.5. Жарма зауытындағы аршу бөліміндегі құрылғыларды таңдау мен есептеу


  1. Қабықтау машинасын есептеу.

Тарыны және қарақұмықты өңдегенде аршитын таспаның ортақ ұзындығы, L (см).

L= (Qзад – 100)\ q


Мұнда, q – ұзындығы 1 см білікті таспаға тиеудің техникалық нормасы. 11(2)қосымша.

Күрішті өңдегенде аршитын таспаның ұзындығы , L (см)


L= Qзад \ q
Сұлыны өңдегенде аршитын диірмен тастарының ортақ санын анықтайды.

n=Qзад \ q

Тары, бидай, бұршақ өңдеген кезде машиналарды бір машинаға түсетін жүктеме бойынша таңдап алады:

n=Qзад \ q




  1. Тегістейтін және жылтырататын машиналарды есептеу.

Тегістеу және жылтыру машиналарының санын бір машинаға тиеу арқылы анықтайды (қосымшаны қараңыз). Алынған тегістейтін машиналар саны барлық жүйеге ортақ екенін ескеру қажет. Бірнеше тегістеу жүйе анықталған жағдайда машиналар барлық жүйеге бөлінеді.
n=Qзад \ q

мұнда, q – ұзындығы 1 см білікті таспаға тиеудің техникалық нормасы. 11(2)қосымша




  1. Елейтін бетті есептеу

F=1000•Qзад\q,


Мұнда, q –1 м2 елейтін бетке тиелген, кг\ (сут•м2).


  1. Жарма бөлу машиналарын есептеу.

Сұлыны аршылатын және аршылмайтын астыққа бөлгенде дискті триерлер және падди-машиналар қолданады; күрішке – падди-машина. Дискті триерлер бір машинаға тиегенде таңдалады.
n=Qзад \ q
Падди-машиналарының түрлері көп болғандықтан, тиелгеннен бір каналға жүктеледі. Зауыт өндірушілігін және каналға тиеуді білу арқылы каналдар санын табады:

nк=Qзад \ qк


мұнда, qк – каналға тиеу, т\тәу

Сосын, падди-машиналарды анықталған канал санымен m қабылдайды, машиналар санын есептейді:


n=Kk\m ,
мұнда, К – падди-машина каналдарының жалпы саны;

m – бір падди-машина канал саны.


Астық тазарту машиналары, аспирациялық колонкалар, аспираторлар және басқа да машиналарды өндірушілікке тәуелді түрде таңдайды және түскен шикізат мөлшеріне тәуелді болады. Магнитті сепараторлар белгілі формула арқылы есептеледі.


  1. Аршу бөлімі есептерін берілген кестеге енгізу қажет.






А

марка

к

өндірістік



















Паспортты

Фактылық



























6 БӨЛІМ. Ұн тарту және жарма зауыттарының жабдықтарын жинақтау
6.1. Жабдықты жинақтаудың қағидалары
Өндірістік ғимарат қабаттарында жабдықты орналастыру, жобаланатын технологияға сәйкес оны жинақтау кешенді жүзеге асады. Яғни, бір уақытта немесе технологиялық, көлікті, аспирациялық, электротехникалық жабдықтардың, сонымен бірге бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарының өзара байланысында жинақтау қажет. Жабдықты технологиялық сызба есебімен орналастыру керек, бұл көлікті механизмдердің минималды санымен өндірістің үздіксіздігін және ағымдығын қамтиды. Техникалық талаптар қызмет көрсету, пайдалану, жабдықты жөндеу жайлылығын, үрдістің кешенді механикалануы мен автоматтандырылуы үшін жағдайлар жасауды ескереді.

Технологиялық үрдісті басқару, жабдық жұмысын бақылау, жабдықты жөндеу жұмыс орындарының жақсы жаратылысты және жасанды жарықтандырылуын талап етеді. Басқа тең шарттарда, жаратылысты жарықтандыру көздеріне жақын кіші габаритті өлшемдерге ие жабдықты орналастыру керек. Жүйелік қызметті талап етпейтін жабдықты жаратылысты жарықтандыру көзінен үлкен қашықтықта немесе жабдықтау екінші қатарына орнатуға болады. Мысалы, соратын сүзгілерді, үлкен биіктікке ие батарейкалық және жалғыз циклондарды терезеге таман орналастыру өндірістік ғимарат тереңдігінде орналасқан жабдықпен бөлменің жаратылысты жарықтануын төмендететін болады. Сондай-ақ, терезе ауданында орналасқан норий құбырлары, өнім жолдары, аспирациялық ауа жолдары, өздік ағысты көлік бөлшектері жаратылысты жарықтануды төмендетеді.

Үлкен жабдықтарды жаратылысты жарықтану шығындары минималды болатындай етіп орналастырады. Мысалы, сүзгілерді қабырға жазықтығына бейімдеп, терезелерге қысқа жағымен орнатуға болады. Жобаның үнемділігі мен тиімділігі сондай, аспирациялық ауа жолдары мен көлік құрылғыларының ұзақтығына да байланысты болады. Ауа жолдарының ұзақтығын азайту үшін аспирациялық жабдықты технологиялыққа жақындатады.

Ұн тарту және жарма зауыттарында еңбектің сау және жайлы жағдайларын жасау тікелей шу мен вибрация деңгейін төмендетуге байланыты. Сонымен бірге, вибрация бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарының жұмысына теріс әсер етеді. Ондай жабдықтарды (автоматты таразылар, шығын өлшегіштер, түс өлшегіштер т.б.) вибрацияның жоғары деңгейін тудыратын жабдықтар (сілкитін механизммен соратын сүзгілер, жоғары қысымды желдеткіштер, ауа үрлеу машиналары т.б.) жанына орналастыруға болмайды. Жоғары қысымды желдеткіштер мен ауа үрлеу машиналары жақсы дыбыс виброшектеу мен жеке бөлмелерде, бірінші қабатта орнатады. Осындай жабдықты орнату аэродинамикалық шуды басушылар мен виброшектеу жастықтарын орнатуды талап етеді.

Жеке бөлмелерде қоршаған кеңістікке артық қысым бөле алатын жабдықтарды (жуу машиналары, дымқыл аршу машиналары, дән аулағыштар, жуу қалдықтарын сығатын престер, т.б.) орналастыру ұсынылады. Ондай бөлмелердегі қабырғалар мен еден гидрошектеуге ие болуы керек.

Машиналар мен механизмдер қызметіне тиімді жағдайлар жасау, еден деңгейінің үстінен жабдықты орнату биіктігін өзгертуге мүмкіндік беретін, арнайы құрылымдарды (жақтаулар, станина) пайдалануды талап етеді және ондай жабдықтарға ылғалдаушы аппараттар, шлюзді қоректендіргіштер, магнитті аппараттар т.б. жатады. Визуальді бақылауды талап ететін реттеу мен автоматты басқару құралдары, жабдықтар, аспаптардың тақталары мен шпалдары еден деңгейінен 1,4-1,6 м биіктікте болуы керек. Егер қызмет физикалық күш шығындарымен байланысты болса, онда қызметтегі телім еден деңгейінен 0,8-1,2 м биіктікте болуы керек. Егер еден деңгейінен жетекті білік өсіне дейінгі биіктік 1,8 м-ден асса, норий бастарының қызметіне арнайы алаңдар құрылысы міндетті болып табылады. Жабдықты орнатуда жоғары қабатты жабуға, жүйелі қызметке мұқтаж механизмдер мен машиналарды бекітуді болдырмау керек.

Өндірістік алаңды үнемдеу үшін, әсіресе, қайта жобалау жобасын орындауда, жабдықты екі ярустан орнатуға рұқсат. Осылай металомагнитті қоспаларды бөлуге арналған аппараттарды, аспирациялық бағандарды, триерлерді орнатуға болады. Стационарлы жабдықтың барлық түрлері арасындағы минималды рұқсатты өткелдер мен ажыраулар өнеркәсіптік санитария мен қауіпсіздік техникасы бойынша бекітілген нормаларға сәйкес регламенттеледі.

Рис.1. Білікті станоктардың топпен орналасуы


Ұн тарту және жарма зауыттарының барлық қабаттарындағы жабдықтарды 1 м-ден ке емес жол топтары арасында, аралас бөлмелерге немесе баспалдақты торларға тікелей шығумен байланысты, бос көлденең және бойлық өткелдер қалдыра отырып орналастырады. Жеке машиналар арасындағы өткелдер 0,7 м-ден кем емес болуы керек. Өз қызметіне барлық жақтан қатынасты талап етпейтін машиналарды топтап орнатуға рұқсат беріледі.

Білікті станоктар екі қарама-қарсы жақтардан ұдайы қызметті талап етеді, сондықтан оларды топпен орналастыруға болады. Топтап орналастыруда станоктар тобының жалпы ұзындығы 12 м-ден артық болмауы керек. (1 сурет.)

Төрт жақтан қызметті талап етпейтін центрифугаларды, бураттарды шығару және тегістеу машиналарын 0,25-0,3 м аралықпен топта екі машинадан орнатуға болады. Бұл кезде машиналар топтары арасындағы өткелдер шамасы 0,8 м-ден кем емес болу керек. Шеңберлі түсетін немесе тура сызықты қайтымды-түсетін қозғалысқа ие машиналар (тас бөлу, машиналары, шкафты айырғыштар, сепкіштер, падди-машиналар, т.б.) үшін, машиналар арасындағы өткел шамасын эксцентриситетке немесе екі эксцентриситетке ұлғайтады.

Аралас бөлмелереге және баспалдақты торға шығумен, сепкіштер қабатындағы өткелдер 1,15 м-ден кем, қысқа жақта-дестелі сепкіштер үшін 1 м-ден кем және шкафты сепкіштер үшін 1,25 м-ден кем болмауы қажет.

Қысқа жақтарында шкафты сепкіштер арасындағы қашықтықты ұлғайту електерді алмастыру үшін ұлғайған өткелге ие болу қажеттілігімен түсіндіріледі (2 сурет)

А= 0,8+2а,

Мұндағы а - эксцентриситет, м.
Барлық жағдайда өткел үлкендігі 1,2 м-ден кем болмауы керек.

Қозғалыссыз жабдықтар,мысалы нориялар,және турасызықты қайтымды түсу қозғалысына ие машиналар расындағы өткен шамасы кем емес болуы керек.

А2 = 0,8+а
Ортақ жетекпен екі сұрыптау үстелдерін орнатуда араларындағы қашықтық 0,6м болу керек.

Жылжымалы електерімен магшиналар қызметінде електерді алмастыру мүмкіндіктерін ескеру керек,ол үшін ұлғайтылған өткелдерді қарастырады 50,100,одан көп т/сағ. Өндірушілікті ака-електі айырғыштар үшін електерді алу жағынан өткел шамасы 1,4 мм-ден кем емес болу керек, ауа електі айырғыштардың 5-20 т/сағ өндірушілігінде өткелдер 1,2-1,0м құрады. Аз өндірушілікті мен жармасұрыптауларда өткелдер шамасы 0,8м-ден кем емес болу керек. Шкафты айырғыштарды орнатуда өткелдер өлшемін сепкіштерге секілді алу керек.

Норийлер, пневмокөлік пен өздікағысты көліктің өнім жолдары және қозғалысты бөлшектері жоқ, тұрақты қызметті талап етпейтін жабдықтар бункерелер немесе ғимарат қабырғаларынан 0,15 м қашықтықта орнатылуы мүмкін. Басқа үш жақтан 0,8-1,0 м ден кем емес өткелдерде, циклон-шаңбөлгіштерді, циклон-жүктеулерді, желдеткіштерді қабырғаларадан 0,25м алшақтықта орнатуға болады.

Сурет 2. Тұқымды орналастыру (а, б) және падди – машиналарды (в)


Дән мен өнімдердің көлденең жылжуына бұрандалы, тізбекті конвейерлер мен аэронауалар қолданады. Бұл жабдықтар қабырға жанында орналасуында бойлық өткел шамасы 0,7м-ден кем емес болу керек, ал параллель орналасқан жабдық арасындағы өткел 0,8м-ден кем емес болу керек.

Пневмоаспираторлар, дәндер өлшегіштерімен конвейерлер, норийлер,т.б. қызметі алаңдардан және галерейлерден жүзеге асады. Алаңдар құрылысына келесі талаптар қойылады:

-алаңнан жабу құрылымына дейінгі қашықтықты 2,0м-ден кем емес деп алады;

-алаң еден деңгейінен 0,2м биіктіктен терең борт құрылысымен және 1,2м-ден кем емес биіктікпен қоршауға ие болу керек;

-алаңды 10м-ден артық ұзындықта екі баспалдақты марштармен және 10м-ден кем емес ұзындықта бір баспалдақты маршпен жабдықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет