4.6. Дайындау бөлімінің жабдықтарын таңдау және есептеу.
Жабдықтарды таңдау және есептеу кезінде мына жағдайларды қолданады:
- максимальды өнімділіктегі жабдықтарды таңдайды;
- технологиялық жабдықтар оптимальды жүктемеде болуы тиіс;
- жаңа заманға сай және экономикалық тиімді жабдықтарды таңдайды;
- жабдықтардың өнімділігін паспортты мәліметтеріне қарай таңдайды;
- таңдау және есептеу қабылданған схемалар бойынша жүргізіледі.
Машиналар мен аппараттар санына байланысты дайындау бөлімінің өнімділігін берілген өнімділіктен 10-20% аспай алады. Бұл ұн тарту бөлімінің жұмысын үзіліссіз қамтамасыз ету үшін, технологиялық схемалардың икемділігі үшін керек.
-
Дайындау бөлімінің есепті өнімділігі, т\тәул.
Qрасч= К* Q
Q – ұн-құрама немесе жарма зауытының берілген өнімділігі;
К – қор коэффициенті: К=1,1-1,2 – ұн-құрама зауыты үшін,
К=1,15 – жарма зауыты үшін,
К=1,2 – жарма зауыты үшін (тары, қарақұмық, сұлы, арпа жармалары).
-
Дәнді тазалауға және гидротермиялық өңдеуге керекті жабдықтардың саны:
Сп – машинаға келіп түсетін өнімнің мөлшері, %;
g – меншікті жүктеме, т\м2;
Вм – машинаның жұмыс оганының размері (қабылдау ситоның ені, себудің ауданы), м, м2.
Сп=100% болғанда
n=Qрасч\24• g• Bм
немесе
n=Qрасч\g,
мұнда g – 1 машинаның өнімділігі.
Ұн және жарма өндірісінің схемасына сәйкес жабдықтарды әрбір технологиялық процесс үшін есептейді.
-
Автоматты таразылар саны:
nв=Qрасч• 1000\24• 60•a•в,
мұнда а – таразылардың ожауының сыйымдылығы (100, 50, 20)кг;
в – минутына өлшеу саны (егер а=50, онда в=180; а=100, онда в=120).
-
Араластырғыш дозаторлар саны:
n= Qрасч• Cn\100•g,
мұнда Cn – дозаторға жүктеме,
g – чараластырғыш дозаторлардың сағаттық өнімділігі, т\сағ.
-
Барлық бункерлерден дәндерді біруақытта дозирлеу кезіндегі араластырғыштар саны:
n= Qрасч\m•g •24,
мұнда m – бункерлер саны.
-
Бункерлердің сыйымдылығының есепті мәні, м3
Vp=Cn• Q• T\Y• 24• 100• Ku,
Мұнда Vp – бункерлердің сыйымдылығының есепті мәні, м3;
Cn – дайындау бөлімінідегі дәннің мөлшері, %;
T – дәндердің бункерлерде болу уақыты, 30-50 сағ;
Y – дәннің натурасы немесе көлемдік массасы, т\м3;
Ku – бункерлердің көлемін қолдану коэффициенті
h\в=3 Ku=0,85
h\в=1,5 Ku=0,7
h\в=1,0 Ku=0,6
-
Ылғалдауға арналаған бункерлердің сыйымдылығын есептеу, м3
Vp=Cn• Q•T\Y• 24• 100• Ku,
-
Бір бункердің сыйымдылығы, Vб, м3
Vб= h • а• в,
Мұнда h, а, в – бункерлердің размерлері, м.
6-қабатты ғимараттарда бункерлер 3-қабатты қамтиды, 5-қабатты ғимараттарда – 2 қабатты қамтиды, қабаттың биіктігі 4,8 м; сетка колонналар кезінде 6×6; 6×9; тазаланбаған дәндер үшін бункерлердің өлшемі 3,3м; ылғалдауға арналған бункерлер 1,5×1,5м.
-
Бункерлер саны
n=Vр\Vб
-
Бункерлердің фактикалық сыйымдылығы, м3
Vф=n•Vб•γ•Ки ,
Мұнда, n – бункелер саны
Vб - бір бункердің сыйымдылығы
γ - діннің натурасы т\м3
Ки - бункерлердің сыйымдылығын қолдану коэффициенті
-
Магнитті сепараторлардың саны:
n=Lмп\Lм , где
Lмп - норма бойынша магнитті алаңның ұзындығы, м;
Lм - бір магнитті сепаратордағы магнитті алаңның ұзындығы, м.
Lм= Qрасч •Cn• lмп\100•G,
мұнда
G - өнімділікті өлшеу бірлігі.
G - дән және ұн өнімділігін өлшеу бірлігі– 100 т\тәул.
G - жарма және қалдықтарды өлшеу бірлігі– 10 т\тәул.
-
Жууға арналған судан дән компоненттерін ұстау үшін арналған жабдықтарды таңдау және есептеу
n= Qрасч •Cn•f•1000\100•qr•24 ,
мұнда
f – жуғыш машинада немесе ылғалды қауыздауға арналған машинада 1кг дәнге кеткен судың шығыны (f=1,5-2,0 кг\кг жуғыш машинада; f=0,3-0,6 кг\кг ылғалды қауыздауға арналған машинада)
qr - дәндердің компоненттерін ұстауға арналған аппараттың өнімділігі, кг\сағ.
-
Дәнді жууға кететін судың жалпы мөлшері, Fм (кг\тәул)
Fм= Qрасч •Cn•f•1000\100
-
Дәнді ылғалдауға еткен судың мөлшері, Fув (кг\тәул)
Fув= Qрасч•1000•(ωк – ωн\100 - ωк) , где
ωк – берілген этаптағы дәннің ылғалдылығы, %;
ωн – түскен дәннің ылғалдылығы, %.
15. дайындау бөлімінің барлық мәліметтерін мына кестеге енгізу керек:
Атауы
|
Маркасы
|
Саны
|
Өнімділігі
|
|
|
|
Паспортты
|
Фактикалық
|
|
|
|
|
|
4.7. Дәнді тарту сызбасының негізі және оны таңдау.
Ұнтақтау бөліміндегі технологиялық үрдіс үздіксіз ұнтақтауда және ұнтақтау өнімдерін кезекті сұрыптауда жүзеге асады. Технологияның әр түрлі тапсырмасына байланысты, технологиялық үрдістің жеке кезеңдерінде ұнтақтау операцияларының физикалық мәні күрт әр түрлі. Дәнді бастапқы және аралық ұнтақтау, дәннің кебекті қалдықтарын өңдеу, эндосперм бөлшектерін ұнтақтау жүйелері бар. Жүйелердің әрқайсысына қабықшалар мен эндоспермінің әр түрлі қатынасы мен өнім түседі. Сондықтан, дәннің крахмалды эндоспермасы мен жоғары күлді қабықшаларын максималды дәрежеде болу – ұн технологиясының негізгі мәселесін шеше отырып, әр жүйеде ұнтақтау дәрежесінің бірлігімен берілген, өнімге әсер етудің қатал белгіленген тәртібін таңдайды. Технологиялық сызбада бұл електерді жеке таңдауда, сұрыптаудың әр түрлі сызбаларында, кезеідерде ұнтақтау жолының әр түрлі ұзындығында, ұнтақтайтын біліктердің әр түрлі параметрлерінде беріледі.
Өндірістік операциялардың сипаты бойынша ұн өндірісінің технологиялық үрдісінің негізгі кезеңдер қатарына бөледі:
-
Ұсақтау (жарма түзуші);
-
Байыту;
-
Тегістеу;
-
Ұнтақтау.
Дәнді ұнтақтау үшін кесетін және бұдырлы біліктерімен білікті станоктарды, центробежді ұсақтаушылар – энтолейторлады, деташерлер – қопсытқыштарды, шыбыртқылы және щеткалы машиналарды қолданады. Ұсақтау өнімдерін көп жақтаулы сепкіштерде, центрифугаларда және електеу машиналарында сораптайды.
Тартудың белгіленген түріне және зауыт өндірушілігіне сәйкес жобаланатын сызба негізіне сәйкесті әдебиетте берілген сызбалардың бірін алады. Бұл сызбаға тапсырма есебімен түзету енгізеді. Технологиялық үрдіс сызбасын жобалауда көп сұрыпты және бір сұрыпты тартындылар сызбаларының құрылым көрсеткіштерін пайдаланады.
Ұн сапасының көрсеткіштері
|
Жүйелер саны
|
Ұсақтаушы және жылтыратушы жүйе біліктеріне дранды біліктердің ұзындығына қатынасы
|
Еленген дранды жүйенің елеуіш беттің ұсақтаушы және жылтыратушы жүйе біліктеріне қатынасы
|
Ұнды бақылау үшін елеуіш бет, %
|
Дранды
|
Ажарлауыш және ұн тарту
|
Бидай жемісі
|
|
|
|
|
|
Екісортты және
үшсортты 75 және 78%-дық бірсортты 72%-дық
|
…6
|
4…16
|
1,1…1,3
|
1,0…1,2
|
10…14
|
75 және 78 %дық қысқартылған схема бойынша бидайдың екәсортты сапасы
|
...5
|
10
|
1,0…1,15
|
0,8…1,0
|
10…12
|
85%-дық ұн сапасы
|
…5
|
…5
|
0,8…1,0
|
0,7…0,85
|
12…15
|
Макарон өндірісі үшін ұнды жоғары шынылықтағы жұмсақ және қатты ұн сапасы
|
…6
|
…14
|
0,7…1,0
|
0,6…1,0
|
10
|
Қара бидай ұнының сапасы
|
|
|
|
|
|
Бірсортты еленген 63%-дық
|
...7
|
…7
|
0,7…0,9
|
0,7…1,0
|
10…12
|
Екісортты 80%-дық
|
…5
|
…5
|
0,3…0,7
|
0,3…0,7
|
14…16
|
Ерекше тартылған 7%-дық
|
…5
|
…2
|
0,2…0,4
|
0,2…0,3
|
10…15
|
Қарабидайдың ерекше тартылған сапасы
|
…4
|
-
|
-
|
-
|
16,5…25,0
|
Түсіндірме хаттамада бидайды тарту процесінің бөлек этаптарын, техника мен ғылымның жетістіктерін, сондай-ақ қабылданған сызбаның мінездемесін көрсету керек.
Ұнды тарту сызбасында машиналардың бейнесін шартты белгілермен көрсетеді (білікті станоктар, елеуіштерді, елеуіш машиналарды және т.б.), сондай-ақ олар қызмет көрсететін барлық жүйелерді, уақытаралық және соңғы өнімнің бағытын, әр жүйе үшін машиналардың санын, елеуіштің технологиялық схемаларының нөмірін.
4.8. Ұн тарту бөлімінің жабдықтарын таңдау және есептеу
Ұн тарту бөлімінің жабдықтарын таңдау және есептеуді өңделетін бидайдың мәдениетіне, ұн тарту сапасының түріне және кәсіпорынның өнімділігіне байланысты орындайды
Жалпы меншікті жүктемені қолдана отырып білікті сызықты есептеу кезінде ұнтақтау операциясын жүзеге асыру үшін білікті сызықтың жалпы ұзындығын Lо (см) анықтайды.
Lо=Qм•1000\gв , мұнда
gв -білікті сызыққа түсетін меншікті жүктеме, кг\(см•тәул);
Qм – ұн құрама зауытының өнімділігі.
Дәл осылай ажарлау және ұн тарту процесінің ұзындығын анықтайды.
n=Lo\Lв.ст. , мұнда
Lв.ст - білікті станоктың мелющей сызықтың ұзындығы, см.
So=Q•1000\qn , мұнда
So –елеуіш бетінің жалпы есептік мәні, м2;
qn – елеуіш бетіне түсетін меншікті жүктеме кг\(м•тәул).
Sк=fк•Sо\100 , мұнда
fк – бақылау үшін елеуіш бетінің саны, %.
-
Ажарлау және ұн тарту процесстері үшін елеуіш бетінің есептік мәні, м2
Sдр= So- Sк\чс+1;
Sшл.и раз.=чс(So- Sк)\ чс+1 , мұнда
чс – процесстер бойынша елеуіш бетінің қабылданған қатынасы.
Дранный және ұн тарту процесстері арасындағы берілген ауданның қатынасы келесі қатынасты береді:
чс др: чс раз= 1:1 ден 1:1,2ге дейін. Мысалы: чс др: чс раз= 1:1,2, чс раз=1,2•чс др табады.
-
Елеуіш беттің фактикалық қатынасы
чс= Sшл.и раз\ Sдр
-
Дранный процесс бетінің жалпы ауданы, м2
Sдр=S1+ S2+ S3+….+ Sn , мұнда
S1, S2, S3…. Sn – 1,2,3 елеуіш бетінің ауданы және т.б. жүйелер.
-
Ажарлау және ұн тарту жүйелерінің суммарлы елеуіш беті, м2
Sш+р=S1+ S2+ S3+….+ Sn , мұнда
S1, S2, S3…. Sn – 1,2,3 ажарлау және ұн тарту жүйелерінің және басқа жүйелердің елеуіш бетінің ауданы.
n=Si\Sn , мұнда
Si – әр жүйенің елеуіш бетінің есептік мәні, м2;
Sn – жабдық маркасы мен сәйкес келетін елеуіш схеманың елеуіш беті, м2.
-
Дайын өнімді бақылау үшін елеуіш бетін есептеу, м2
Sik= Sk•Ci\Co , мұнда
Ci – белгілі ұн сапсының және сорттың ұн шығымы, %;
Cо – ұнның суммарлы шығымы, %
немесе Sik=К•Sо\100
мұнда, К – бақылау жүйесі үшін елеуіш бетінің саны, %.
-
Елеуіш суырғылы манинаны есептеу
n=Q•1000\go•Bm ,
мұнда, go – қабылдағыш елеуіш машинаға түсетін меншікті жүктеме, кг\(м•тәул);
Bm – елеуіш суырғылы манинасының қабылдау елеуішінің ені, см.
Bm= Q•1000•Ск\ go•100 , мұнда
Ск – елеуіш суырғылы манинансына келіп түсетін жарма мөлшері, %.
-
Барлық елеуіш суырғылы маниналарының жалпы ұзындығы, м
Во= Q•100\ go , мұнда
go – жалпы меншікті жүктеме, кг\(м•тәул):
go – нан пісіру сапасы үшін, 350-450 кг\(м•тәул)
go – макарон сапасы үшін, 100-120 кг\(м•тәул).
-
Шыбыртқылау, бастыру және щеткалы машиналарды есептеу
n=Q•1000•Сп\24•gм , мұнда
Сп – машинаға келіп түсетін өнім мөлшері, %
gм – машинаның өнімділігі, т\сағ.
-
Ұн тарту бөлімінің барлық есептеулерін таблицаға енгізі керек.
Атауы
|
Маркасы
|
Саны
|
Өнімділігі
|
|
|
|
Паспортты
|
Фактикалық
|
|
|
|
|
|
4.9. Қалдықтарды бақылау сызбасын таңдау және бекіту
Олардан жылдық астықты бөлуді бақылауға арналған астықты ұнтақтауға дайындау процесінде 1, 2, 3 категориялы қалдықтар алады. Қалдықтарды бақылау сызбасын мына кестеге сүйене отырып, жобалайды:
Технологиялық процестегі операциялар
|
Машиналар
|
Астықты жуғанға дейінгі қалдықтарды бақылау
|
Бурат, ауасы жабық циклді аспиратор немесе
аспирационды бағана
|
Жуғаннан кейінгі астықты тазалауда қалған алынған қалдықтарды бақылау
|
Бурат, ауасы жабық циклді аспиратор немесе
аспирационды бағана
|
Қалдықтарды ұнтақтау
|
Ұнтақтағыш немесе білікті станок
|
Тас бөлу машиналарының қалдығын бақылау
|
Дірілпневматикалық тас бөлу машинасы
|
Триерлер қалдығын бақылау
|
Бақылау триерлері
|
Жуу машиналарының ағынды суларын бақылау
|
Дәнтұтқы, қалдықтарға арналған кептіргіш, бак-тұндырғыш
|
Қалдықтарды таразылау
|
Автоматты таразылар
|
Аршып-жылтырату машиналарының қалдықтары
|
Көлденең кесіндіде
|
Сонымен бірге, алынатын қалдықтардың сипаты мен қалдықтарды бақылау туралы негізгі ережелерді де көрсетеді. 3-санаттың қалдықтары (қара шаң, айырғыштың қабылдау електерінің түскендер) бақылау мен өлшеуге жатпайды. Бақылау сызбасын дәнді тазалау мен тартуға дайындаудың жалпы сызбасында көрсетеді. Ластайтын өсімдіктердің тұқымдары таралуын болдырмау үшін, қалдықтар цехтарында немесе шектелген бөлмелерде ұн тарту зауытының бөлімінде ұсақтағыштарда немесе білікті станоктарда 1, 2 санаттардағы қалдықтардың ұсақталуын қарастырады. Дайындау бөлімінен цехқа қалдықтарды пневмотасымалдаумен жібереді. Жалпы цехта зауыттың басқа өндірістік цех қалдықтарымен бірге бункерлерде 1, 2 санатты қалдықтарды сақтайды. Цехта қалдықтарды сақтауға арналған бункердің сыйымдылығын 3-5 тәуліктік қорды сақтау шартынан анықтайды.
Бұл қалдықтардың бақылау жолдарын есептегенде 1-2 санатты қалдықтар мөлшерін 3% деп алу ұсынылады. Қалдықтардың бақылау жолдарын есептегенде 3-санатты қалдықтар мөлшері 1%. Қалдықтардың әрбір санаты үшін ұн тарту зауытының 10-12 сағат жұмысына есептелген жинақтау бункері қажет.
4.10. Қалдықтарды бақылау үшін құрылғыны есептеу және таңдау
1. Қажет құрылғы саны
n=Q• Сп\24•gм•100, мұндағы
Сп – машинаға түсетін азық саны, %
gм – машинаның күндік және сағаттық өнімділігі, т\күн; т\чсағ.
2. Автоматтық таразылар саны
n= Q•1000•Сп\100•24•E•nвз, мұндағы
Сп – өлшеуге түскен азық мөлшері, %;
E – ожау сыйымдылығы (100, 50, 20) кг;
nвз – ожау сыйымдылығы
3. бункер сыйымдылығының есебі
Vp=Cn• Q• T\Y• 24• 100• Ku,
мұнда, Vp – бункер сыйымдылығының есептік мағынасы, м3;
Cn –дайындау бөліміндегі астық мөлшері, %;
T – бункерде астық түскен уақыты время, 30-50 сағ;
Y – 1ші 2 ші категориялы қалдықтар– 0,35 т\м3, 3 категориялы– 0,4 т\м3
Ku – бункер көлемін пайдалану коэффициенті,:
h\в=3 Ku=0,85
h\в=1,5 Ku=0,7
h\в=1,0 Ku=0,6
4.Ұнтақ көлеміне байланысты есептер кестеге енгізілуі керек
№
|
Атауы
|
марка
|
мөлшері
|
Өнімділігі
|
|
|
|
|
Паспорттық
|
фактілі
|
|
|
|
|
|
|
4.11. Дайын өнімнің бөлімі, дайын өнімнің сипаты
Ұн тарту және жармалық зауыттардың шығару бөлімінде келесі операциялар қарастырылған: жеке құрамдардан ұн сұрыптарын қалыптастыру; ыдысқа ұнды (жарманы) шығару; дайын қапталған өнімді сақтау мен жіберу; ұсақ ыдыстарға ұн мен жарманы бөліп салу және қаптау.
Ұнның ыдыссыз және ыдыста сақтау көлемдерінің қатынасын жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес белгілейді. Ұн мен жарманы шығаруға, бөліп салуға арналған бөлмені дайын өнімді ыдыста сақтаудың қоймасы мен негізгі өндірістік бөлмелерінен шектеу қажет.
Кішігірім өндірушілікті ұн тарту зауыттарында ыдыссыз тасымалдауларға қажетті жағдайлар болмағанда, дайын өнімді босату мен сақтау жобаланбайды. Көлік механизмдерінің санын қысқарту үшін шығару бөлімі мен ұн тарту зауытының ұнтақтау бөлімі немесе жарма зауытының аршу бөлімі жағынан орналастыру керек.
Өндірілетін өнімді ұнтақтау немесе аршу бөліміндегі автоматты таразыларда өлшейді, одан әрі сұрыпты ұнды немесе жарманы, манка жармасы мен кебектерді шығару бөліміне жібереді. Шығару бөлімінде өнімдерді металмагнитті қоспалар құрамына тексеріп, салмақпен шығару аппараттарының үстіндегі бункерлерге аэронауалармен жібереді. Кебектерді бункерлерге конвейерлермен жібереді. Мөлшерлегіштермен жабдықталған бункерлерден ұнды немесе жарманы жартылай автоматты салмақпен шығару аппараттарына береді. Толтырылған қап конвейерге түсіріліп, тігу машинасына беріледі, одан өтіп десте қалыптайтын машинаға дайын өнім қоймасына түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |