Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет129/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   193
жортқан бұлттай, толған айдай, қайыңдай, 
малдай, құстай, батырдай т.б. 
Жортқан бұлттай жігіттіктен ауыстым, 
Ескен желдей тірлігімді тауыстым (ҚБ 6520). 
Қара жұпар басыма ақты жолаттым, 
Толған айдай жүзді қайда жоғалттым? (ҚБ 
6530). 
Оқтай түзу, қайыңдай тік едім мен, 
Садақтай боп иілдім һəм жеңілдім (ҚБ 6530). 
Ішпек-жемек болса, малдай жалмадым, 
Тілек-нəпсі үшін шаңды қармадым (ҚБ 6535). 
Аңға түскен құстай ессіз атылдым, 
Ұшқан құстай ұшырдым мен атымды (ҚБ 
6535). 
Кеуде кердім жауды жеңген батырдай
Қалдым қатып қара тастай-тасырдай (ҚБ 
6535). 
Адам есіміне қатысты теңеулер де жұмсал-
ған: Исадай, Нұшырбандай, Қайсарша, Шад-
дадуше, Ескендірше т.б. 
Не Исадай ұшып көкке шығайын, 
Нұшырбандай əділ заңды құрайын! (ҚБ 6550). 
Хұсрау, иə Қайсарша өмір бастайын, 
Шаддадуше бейіш бағын баптайын (ҚБ 6545). 
Ескендірше бар жаһанды алайын, 
Нухтың жасын беріп ұзақ қалайын (ҚБ 6545).
Сондай-ақ жанарымдай, судай, теңіздейін, 
жебедей, лебіндей, жасындай, тасындай, түс-
тей теңеулері қолданылған:
Егер, тапсам, опалы ер, ағайын, 
Көшер ғұмыр көшті желдей аңырап, 
Өкініштің мұң-шеріндей жамырап... (ҚБ 6550). 
Көтеріп ап, жанарымдай бағайын! (ҚБ 6565). 
Біліксіз тіл, жүрек неге жарасын, 
Жанды судай біліктен күш табасың (ҚБ 6600). 
Ақыл берген теңіздейін телегей, 
Биіктерге самғасын деп жебедей (ҚБ 6645). 
Естінің сөзі – хауыздың лебіндей есер, 
Есердің сөзі – сүйреңдеп өз басын кесер (ҚБ 
592). 
Əр сауалың асыл болсын жасындай, 
Ауыр тисін диірменнің тасындай (ҚБ 592). 
Бұл дүние қып-қысқа көрген түстей
Қадірін білген дұрыс көрге түспей (ҚБ 595)[5]. 
Өмірдің өткінші екені, желдей есіп өтетіні 
мына жолдарда теңеу арқылы берілген: inanta 
tiriglikkä jel teg kecär не верь жизни, она про-
ходит как ветер (QBN103
10
) [4, 254]. 
Аспанды күлімдеген қызға теңейді: qalïq qïz 
külär teg jiristi tisin небо, как смеющаяся девица, 
обнажило свои зубы (QBN416
11
) [4, 263]. 
З. Даулетиярова 


153
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
Ж. Баласағұн тіліндегі троп түрлерінің бірі 
– метафора (балау). Жүсіп дастанында түркі
танымындағы дəстүрлі ұқсатулар (ассоциация-
лар) мол орын алған. Метафоралық қолданыс 
сөз қолданушының айырым танымының сол 
тілдегі мінезін жан-жақты бейнелейді. Жүсіп 
поэзиясынан метафоралық қолданыстардың өзін-
дік өрнегін байқаймыз. Метафоралық қолда-
ныстарды номинативтік, бейнелі, когнитивтік 
деп жіктеуге болады. Номинативтік метафора-
ларға ава/апа жатады. АВА (апа) сөзі баба мағы-
насында жұмсалған: aba jazti ersa bajat qinati 
(ҚБГ 100
21
). 
Сын есім негізді номинативтік метафоралар 
да көрініс тапқан. Қара сын есімінің даму өрі-
сінде «халық» номинативтік метафоралы мағы-
на жасалған: qaraqa bilig berti bilgä acuq дана-
гөй халыққа ашық ақыл берді (ҚБГ 41
18
) [4, 7].
Етістікке негізделген номинативтік метафо-
ралар да кездеседі. Мысалы, кесу етістігінің 
даму өрісінде метафоралар жасалған. Алғашын-
да кесу етістігі «өткір құралмен шорт қию, тілу, 
кесіп алу, тастау» мағынасына ие еді. Аталған 
сөздің даму барысында «сөз кесу» (сөзін бөлді) 
абстрактілі номинативтік метафора жасалған. 
Ол Жүсіп Баласағұн шығармасының мына жо-
лында қолданылған: sözin kesti qoptï adaqïn örü / 
esänlästi ebkä jüz urtï körü сөзін кесті, аяғымен 
тұрды, қоштасып үйге қарай жөнелді (ҚБГ 
137
26
) [4, 8]; sözin kesti actï aγï qaznaqï / ülädi 
üküs neŋ cïγajlar һaqi сөзін кесті, қазынаны 
ашты / жəне көп заттарды кедейлер үшін бөліп 
берді (ҚБН 86
10
) [4, 17]. Сондай-ақ könül jïrtï/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет