218
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
Патшаның тəй-тəй басып жаңа жүре
баста-
ған Мұрагері күніне бір сағат
сағат осы сарайда əкесінің жанына келіп
ойнайтын. Бұл соның Түбегі.
- Өзіне байланысты болмағыны қалай?!
- Кəдімгідей. Бір кезде Патша да бала бол-
ған. Қаншама жыл менің үстімде отырды. Бірде
бір өтірік айтқанын естігем жоқ!
Өтірікті ай-
татын адамның өзі емес, оны айтқызатын
отырған орыны!
Арқалы Орындық – Креслоға, Кресло –
Таққа қарады... Тақ не дерін білмей қып-қызыл
болып кетті [9, 387].
Осы шағын ғибратты əңгімеде автор Ар-
қалы Орындық, Кресло, Тақ, Баланың Түбегі
төртеуін кейіпкер етіп алып,
оларды өзара
диалогқа түсіреді. (Жазушының жинаққа енген
əңгімелердегі кейіпкерлеріне есім беруінің өзі
өте ерекше. Бұл əңгімелерден күнделікті тілі-
мізде кездесетін антропонимдерді кездестір-
мейсіз. Бұл туралы «Қадыр Мырза Əлидің
«Ғибратнəме» шығармасындағы кейіпкер есім-
дердің ерекшеліктері» атты мақаламызда тоқ-
талғанбыз [10].) Кейіпкерлерге өз қожайында-
рының
мінез-құлқын айтқыза отырып, автор
бүгінгі қоғамымыздағы мансап қуып, адами
болмыстан айрылып, екіжүзділік, өтірік айту
сынды жағымсыз қылықты бойларына сіңіріп
бара жатқан адамдар бейнесін көрсетеді. Мəтін
соңын
автор пендешіліктен ада, пəк баланың
түбегінің лебізімен былайша түйіндейді:
«Өті-
рікті айтатын адамның өзі емес, оны айтқы-
затын отырған орыны!» Бұл əңгімеге автор
бекерден бекер ересек адамдар мен жас сəби-
лердің қолданатын бұйымдарын алып отырған
жоқ. Бұлай алуының мəні, барлық адам дүниеге
келгенде пендешіліктен ада, пəк күйінде келеді,
ал адами болмысын сақтап қалу əркімнің өзінің
қолында деген ұғымға саяды. Бұндай ой автор-
дың өлеңдерінде де кездеседі:
«Адам боп туу анадан
Айуан боп кету өзіңнен».
Адамды өз шығармаларының басты тұлғасы
еткен Қадыр Мырза Əли, бұл ғибратты нақыл
сөздерімен, барлық
адамзатты адами болмыс-
ты сақтап қалуға үндейді. Келесі беріліп
отырған екі мəтіннің астарынан да автордың
бізді адамшылық пен ізгілікке шақыратынын
байқаймыз. Қоғамға, бейбіт заманға қауіп-қатер
туғызатындар – адамшылықтан жұрдай жандар,
яғни адамға ұқсас еместерден, адам болудан
қалған жандардан болатынын еске салады.
Мəтінге назар аударсақ:
Достарыңызбен бөлісу: