Ключевые слова: функциональная грамматика, семантическая категория, функционально-семантическое
поле, категориальная ситуация.
S. M. Ymankulova
Conceptual framework of functional grammar
This article is devoted to one of the new areas of language - the functional grammar, its basic concepts: semantic
category, functional semantic field, the categorical situation.
The relationship and differences between the traditional system and functional grammar are analyzed from the point
of view of the author.
Basic concepts and categories of functional grammar are determined through a process of perception and awareness
of life as a result of rational knowledge.
Trinity of languages "Genesis - the concept - language" considered on the basis of linguistic categories of system concepts.
The article refers to the direction of studying language means "from content to form and from form to content" as the
main subject of functional grammar.
The attention is paid to the fact that the full disclosure of the nature of language has great value as a system of
combining linguistic units, categories and other phenomena which are based on a certain semantic categories of grammar.
Key words: functional grammar, semantic category, functional semantic field, categorial situation.
_________________________________
Функционалды грамматиканың концептуалды негізі
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1(147). 2014
14
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
Қазіргі таңда тілдің толық табиғатын ашу
үшін түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргі-
зіліп, лингвистиканың жаңа қырлары жан-жақ-
ты зерттеу нысанына айналуда. Тіл білімі тео-
риясында лингвистикалық талдаудың құры-
лымдық-жүйелік аспектілері коммуникатив-
ті-функционалды аспектілермен бірлікте қарас-
тырылуда. Соның ішінде функционалды-семан-
тикалық категорияларды жан-жақты сипаттауға
бағытталған, функционалды принципке негіз-
делген тілдік жүйе – функционалды грамма-
тикаға деген қызығушылық артып келеді.
Аталған грамматикалық теорияны сипаттайтын
ұғым функционалды-семантикалық өріс болып
табылады. Бұл – белгілі бір семантикалық кате-
горияларға негізделген тілдік бірліктерді, кате-
горияларды жəне басқа да құбылыстарды бірік-
тіретін жүйе.
Дəстүрлі грамматикада тілдің құрылымдық
жүйесі негізге алынды. Тілдік бірліктердің жасалу
жолдары жеке-жеке алынып, белгілі бір сөз
табына қатысы қарастырылды. Ол сөз табының
белгілі категорияға тəн формалары айқындалды.
Мысалы, сөздерді жіктеген кезде оған морфо-
логия немесе синтаксис тұрғысынан граммати-
калық сипаттама берілді. Олар іштей жеке түр-
лерге, топтарға бөлінді. Атап айтқанда, морфо-
логия саласында сөздер сөз таптарына бөлінсе,
синтаксисте сөз тіркестері мен сөйлемдерге бө-
лінді. Əрбір деңгей бойынша бірыңғай жүйеге
негізделген белгілі бір объектіге талдау жаса-
лады, яғни, моножүйелік талдау. Сондықтан мұн-
дай құрылымдық принципті негізге алатын грам-
матика жүйелілік, құрылымдық жүйелі грамма-
тика болып саналады.
Функционалды грамматика – грамматика-
ның түрлі тілдік құралдарын семантикалық кате-
гориясы мен семантикалық функциясы негізін-
де қарастыратын кешенді жүйе. Мұндай тəсіл
бойынша түрлі деңгейдегі бірліктердің əрекет-
тесуін зерттейтін лингвистикалық талдау функ-
ционалдық негізде жүзеге асады. Талдау ны-
саны болатын құралдар əр түрлі бірліктермен
(морфология, синтаксис, «құрылымдық лек-
сика» аясында) ықпалдасады. Тілдік құралдар-
ды зерттеу түрлі жүйелік негіздемесі бар нысан-
дарды талдайды, яғни полижүйелі талдау. Сон-
дықтан функционалды грамматика – сан қыр-
лы жəне өзінің доминанты бойынша жүйелі-бі-
ріктіруші грамматика.
Функционалды бағыттағы грамматикалық
зерттеулерде бірінші кезекте «функция – қыз-
мет» ұғымына баса назар аударылады. Тілдік
бірліктердің функциясы тілдің қызметіне сай
белгілі бір міндетті атқаруға қабілетті тілдік
жүйе. Сондай-ақ тілдік қызмет – тілдің нəти-
жеге жетуі, жүзеге асуы.
Ғылыми жəне басқа да арнаулы мəтіндер-
дегі (олардың ішкі жіктеліміне байланысты)
тілдік бірліктердің қызметінің ерекшеліктерін
зерттеу – практикалық мəнге де ие маңызды
теориялық мəселе. Егер тілші-ғалымдар осы
мəселені жеткілікті зерттесе, қазіргі таңда тілді
меңгертуге қатысты басы ашылмай жатқан
көптеген мəселелерді шешуге болар еді. Əсі-
ресе, тілді үйретудегі сабақтастық, құрылым-
дық, функционалдық жүйе жаңа бағытқа жол
ашары сөзсіз.
Функционалды грамматиканың негізгі объек-
тісі «мазмұннан тұлғаға, тұлғадан мазмұнға
қарай» тілдік құралдарды зерттейтін бағыт
болып табылады. Демек, қоршаған ортаны зерт-
теу мен сипаттауға бағытталған тілдік бірліктер
тілдің табиғаты мен заңдылықтарымен тығыз
байланыста, түрлі тілдік деңгейде ортақ құры-
лымдық жүйе ретінде, семантикалық функция-
ларына қарай біріккен грамматика ретінде тү-
сіндіріледі. Сан алуан тілдік бірліктерді тек
грамматика аясына сыйдыра зерттеу мүмкін
емес. Грамматика ғылым ретінде тіл құрылымы
мен бірліктерінің заңдылықтарын зерттейді. Ал
тіл құрылымы «таза грамматикалық қабаттан»
тұрмайды. Ол грамматикалық бірліктерді лек-
сикалық түсініктерімен ортақ қарастырады,
яғни барлық лексикалық құрылымды қамтиды.
Тіл бірліктері құрылымдары (сөздің грамма-
тикалық формасы, синтаксистік құрылымдар,
«құрылымдық лексемалар») ішкі жəне сыртқы
тілдік орта элементтерімен өзара байланыста
жүзеге асады. Осы ортақ байланыстар грамма-
тиканы зерттеу мен сипаттау барысында оның
мəнін аша түспесе, кемітпейді. Себебі тілдік
құрылымның категориялдық негізі ортақ болып
қалады.
«Тіл білімі саласында «функционалдық»
ұғымының мағынасы былай түсіндіріледі:
1) тілдік бірліктерді қолдана отырып, олар-
дың функциясын (қызметін) алынған нəтижеге
қарай зерттеу;
2) түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің өзара
əрекеттесе отырып жұмсалуынан осы форма-
лардан туындайтын мағынаны айқындау, яғни
«мағынадан құралдарға қарай» бағытта зерт-
теу;
3) осы екі бағыттың бірлестігі тілдегі семан-
тикалық категорияларды көрсететін түрлі тілдік
бірліктерді бір тұтастыққа, «өріске» жинақтау»
[1, 62].
С. М. Иманқұлова
15
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014
Функционалды грамматиканың басты ұғым-
дары мен категориялары ақыл-ой танымының
нəтижесінде болмысты қабылдау мен түйсіну
процесі арқылы анықталады. Болмыстың таным
нəтижесінде қалыптасқан санадағы бейнесі
тілдің ішкі заңдылықтарына сай тұлғаланып,
түрлі тіл деңгейлерінен көрініс табады. «Бол-
мыс – ұғым – тіл» үштігі – триада – жүйелі тіл-
дік ұғымдық категориялар негізінде қарасты-
рылады. «Тілдік зерттеулер негізінен екі бағыт-
та жүргізіліп келеді: бірі ─ тілді басқа ғылым
салаларымен (психология, мəдениеттану, əлеу-
меттану, когнитология, логика, философия, ел-
тану, тарих) байланысты зерттеу; екіншісі ─
тілдің құрылымдық жүйесін тереңірек жəне
ұлттық тілдің табиғатын толық ашып көр-
сету мақсатындағы тілдік бірліктердің тұлғасы
мен мазмұндық жағын, олардың арақатынасын
тілдің өз заңдылықтары тұрғысынан қарас-
тыру»[2]
Профессор А.В. Бондарко функционалды
грамматиканың жүйесін тану мен зерттеуде
семантикалық категориялар мен оның тілдегі
көрінісін негізге алады. Бұл грамматиканың
концептуалды негізі: «семантикалық категория,
функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ), кате-
гориялық жағдаят (КЖ)» [3, 11]. ФСӨ пен КЖ
шеңберіндегі түрлі грамматикалық тіл бірлік-
тері мен категориялар, лексика-грамматика-
лық əрі лексикалық тілдік құралдар жүйесі
аты аталған грамматиканың функционалдылық
табиғатын кеңейте түседі.
Функционалдық-семантикалық өріс грам-
матикалық жəне «құрылымдық» лексикалық
бірліктердің, сондай-ақ тілдің түрлі комбина-
циясын (лексика-синтаксистік) ортақ семанти-
калық функцияларға біріктіретін, бірге əрекет-
тесін категория. Бұл жағдайда өрістің құры-
лымы, оның компоненттерінің зерттелуі, олар-
дың қатар орналасуы жəне бір-біріне ықпал
етуі ерекше орын алады.
Əрбір өрістің белгілі бір семантикалық кате-
горияларды түрлі формалармен білдіретін сан
алуан түрі мен нұсқалары болады. ФСӨ екі
жақты қарастырылады: олар мазмұн жоспары
жəне ойды білдіру жоспары. ФСӨ туралы түсі-
нік кеңістікпен байланысты. Шартты кеңістікте
функция мен құрал өрістің орталық аумағын
құрап, бір өрістің екінші бір өріспен қиысу
аймағын айқындайды. А.В. Бондарко ФСӨ-ке
негізделген грамматиканың жүйелілік прин-
ципін талдаудың келесі аспектілерін ұсы-
нады:
а) өрісті ерекше типтегі жүйе ретінде қа-
растыру (компоненттерінің құрылымдық-дең-
гейлік белгілері);
ə) зерттелетін бірліктерді құрылымдық
талдау (моноцентрлік, полицентрлік);
б) ФСӨ мазмұнының жоспарын талдау
(ерекше белгілеріне қарай)
в) ФСӨ-тің өзара ортақ белгілерін (қиы-
суын) зерттеу;
г) семантикалық функцияны жүйелі зерт-
теуді ұйымдастыру[3, 5].
Сонымен, А.В.Бондарко өз еңбектерінде
ФСӨ-ке төмендегідей анықтама береді: Функ-
ционалды-семантикалық өріс – тілдегі грамма-
тикалық көрсеткіштердің лексикалық, лексика-
грамматикалық əрі сөз тудырушы, сөз түрлен-
діруші лексемалардың екіжақты қырынан
(мазмұн-форма) үндесе əрі үйлесе бірігіп келіп
белгілі бір семантикалық ортада көрініс табуы.
Семантикалық
категория
функционал-
дық-семантикалық өріспен тығыз байланысты.
Функционалды-семантикалық өрістің өзі семан-
тикалық категорияларға жатады. «ФСӨ ішкі
мазмұннан жəне соны беретін тілдік құрал-
дардың бірлігінен тұрады. ФСӨ-нің ішкі маз-
мұнын семантикалық категориялар (темпорал-
дылық, аспектуалдылық, персоналдылық т.б.)
құраса, сыртқы тұрпатын лексикалық, грамма-
тикалық құралдар құрайды. ФСӨ-тің ішкі маз-
мұнын оның мазмұн межесі, ал тілдік құралдар
бірлігін оның тұрпат межесі деуге болады».
Функционалды-семантикалық өріс тілдегі грам-
матикалық тұлғалардың лексикалық, лексика-
грамматикалық жəне лексика-семантикалық
құралдармен өзара əрекеттестігі нəтижесінде
ұйымдасатын семантикалық категория болып
табылады. Семантикалық категория сөйлем
мазмұнының көрінісіне, тілдік бірліктердің, сөз
тіркесінің мағынасына байланысты айқында-
лады. Ғылыми ортада: уақыт (темпоралдылық),
кеңістік (локативтілік), сан, сапа, посессивтілік,
шарт, себеп жəне т.б. семантикалық категория-
лар бұрыннан анықталғанымен, тілді жүйелеу-
дегі лингвистикалық талдау кезінде осы кате-
горияларға үнемі айналып келіп отыру, бұл
категориялардың мəнін арттыра түседі.
ФСӨ функционалды грамматиканы құруда
маңызды рөл атқарғанымен, оның қырларын
толық көрсете алмайды. ФСӨ тіл жүйесіндегі
парадигмалық қатынастармен байланысты,
алайда сөйлеуде парадигмалық қатынастар син-
тагматикалық қатынастармен қалай тіркесе-
тінін категориялық жағдаят арқылы анықтауға
Функционалды грамматиканың концептуалды негізі
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1(147). 2014
16
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
болады. А.В. Бондарко ФСӨ-тің дамуы катего-
риялық жағдаятқа байланысты екенін анықтап,
оны жеке теория ретінде қарастырады.
Оның сипаттамасында, категориялық жағ-
даят:
а) белгілі бір семантикалық категорияларға
негізделген жəне сонымен ФСӨ құратын;
ə) айтылым арқылы берілетін жалпы жағ-
даяттың бір аспектісін категорияларының бірі
(аспектуалды, темпоралды, модальді, локатив-
ті) арқылы көрсететін типтік мазмұнды құры-
лым.
Категориялық жағдаят пен ФСӨ зерттелетін
тілдік құбылыстарды екі жақты сипаттайды.
Мұнда оның мазмұндық құрылымы айтылым-
мен бірлікте қарастырылады. Мазмұндық құры-
лым қандай да бір грамматикалық тұлғаға (шақ,
рай жəне т.б.) байланбайды, керісінше айты-
лымның түрлі құралдарымен байланыста бо-
лады. Категориялық жағдаяттың айтылым маз-
мұнында басымдық танытуы айтылымның (сөй-
лемнің) түріне, мазмұндық белгілеріне байла-
нысты. Мысалы, сөйлем (айтылым) тұрмыстық,
посессивтік, квалитативтік, компаративтік т.б.
болуы мүмкін.
Семантикалық категориялардың қиысуы
(өріске қатысты) КЖ–қа сай түйіседі. Мысалы,
аспектальды-таксистік, аспектальды-модальдық
жəне т.б.
«Сөйлеу негізінде тілдік бірліктердің негізгі
ақпараттық мазмұнын беретін бөлігі категория-
лық жағдаятқа жатқызылады. Категориялық
жағдаят бірнеше топқа бөлінеді. Олар «жалпы
жағдаят», «жекелеген жағдаят». Мысалы, «жал-
пы жағдаяттың» құрамында: а) модальдылық
(іс-əрекеттің айқындылығы);
ə) таксистік (бір мезгілде бірінен соң бірі
өтетін екі қимыл);
в) темпоралдылық
г) аспектуалдылық,
д) жақтылық (белгілі бір жақ) категория-
ларының семантикалық элементтерімен өзара
байланыста беріледі.
Ал, «жекелеген жағдаят»:
а) семантикалық категорияны білдіретін фак-
торлар;
ə) нақты сөйлеу сəтіне байланысты сигника-
тифті мағынасының белгілі бір аспектісін көр-
сетеді;
б) құрылымында етістік болады;
в) жағдаятқа қатысты сөз сөйлеуші түрлі
тілдік деңгейлерге сүйенеді» [5, 18].
Бүгінгі таңда функционалды грамматика
таза грамматикалық деңгеймен шектеліп қал-
майды, ол сөйлеу адресатына сүйене отырып,
коммуникативті жағдайға тəн негізгі (узуалды)
синтаксистік формаларды, сонымен қатар ком-
муникативті, құрылымды жəне басқа да белгі-
лерді де анықтайды. Қорыта келгенде, функ-
ционалды грамматиканың негізгі ұғымдарын
зерттеп, оның қызметін жан-жақты зерттеу
қазақ тіл білімінде жаңа бетбұрысқа жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |