пен əдiлетсiздiкке етi үйренуi – ең зиянды, ең
қатерлi дағды [2, 3].
Троп түрлерінің байланыстырушы құрал
ретінде жұмсалуы көркем шығармаға тəн, моно-
логтық мəтіндерде ол жиі кездеседі. Троп түр-
лерінің қолданылуы шығарманың тұтас стилис-
тикалық композициясы мен стиліне, жанрына
да байланысты болады.
Синтаксистік қатарлар құрмалас сөйлем
компоненттерінің қатар болып келуі арқылы да
беріледі. Синтаксистік қатар бірде градациялы
жұмсалып, мазмұнның əсерлілігін, динамикалы
сипатын күшейтеді. Енді бірде антитезаға құ-
рылып, кейіпкердің қарама-қарсы мінез-құлық-
тарын жасау үшін немесе контрасты өмір бей-
несін дəл беру үшін пайдаланылады. Мысалы,
Тiршiлiкке қажеттi соқыр сезiмдер қанша-
лықты құдiреттi болғанымен, жоғары са-
палы парасат əлемiнде билеушi күш бола ал-
майды, ең бастысы, болуға тиiстi емес. Бiрақ
адам баласы əлi де өз “Менiн” өзi қызықтап,
сол соқыр сезiм патшалығынан шыға алмай
жүрген сияқты. Егер бүкiл “Мендер” қосылып
парасатты “Бiзге” айналса, адамгершiлiк қа-
ғидаларын iске асыру, əрине, əлеқайда жеңiл-
дер едi [2, 15].
Монологтағы жеке сөйлемдердің құрылым-
дық жағынан қайталанып келіп, параллель
қатар түзуі мəтінтүзілімінің байланыстырушы-
лық қызметін арттыра түседі. Қайталаулар күр-
делі синтаксистік тұтастық деңгейінде де кез-
деседі. Мысалы, Жалғыздық та осындай кос-
мостық қара тесiк секiлдi. Бойыңдағы сəулең-
дi, күш-қуатыңды, жiгерiңдi, үмiтiңдi, сенiмiң-
дi қайтып шықпастай етiп сорып алады.
Жалғыздыққа кеткен қайратыңның жүзден
бiрiне қыруар ерлiк жасауға болар едi. Жал-
ғыздықтан құр сүлдерi қалып қажыған қанша
адам ерлiк жасамақ түгiлi қарақан басын əрең
алып жүр. Жалғыздықтың өзiме тым жақын
келiп қалғанын денеммен, сыздаған жүрегiммен
сезiп тұрмын [2, 12].
Қорыта келе, монологтағы сөйлеушінің бас-
ты мақсаты – тыңдаушыға хабарды мүмкінді-
гінше анық жеткізу болып табылады. Сондық-
тан əрбір тыңдаушының келіп түскен хабарды
қабылдау, түсіну, қорыту сапасы түрліше бол-
ғандықтан, сөйлеуші түрлі лингвистикалық құ-
ралдарды, тəсілдерді қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |