На личностное развитие ребенка методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата03.01.2022
өлшемі323.32 Kb.
#450213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
АТА-АНА ТӘРБИЕСІ СТИЛІНІҢ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ

Кіріспе  

 

Тұлға дамуындағы маңызды детерминанттың бірі – отбасы тәрбиесі болып 

табылатыны  баршаға  мәлім.  Ата-ананың  балаға  деген  қарым-қатынасы  оның 

жеке-тұлғалық  және  мінез-құлықтарының  қалыптасуына  біршама  әсер  етеді. 

Баланың  тұлғасы оның өмірі өтетін барлық  қоғамдық  қарым-қатынастарының 

әсерінен қалыптасады. Алайда, ата-ананың адамгершілік мәдениетінің деңгейі, 

олардың  өмірлік  жоспарлары  мен  мақсаттары,  әлеуметтік  байланыстары, 

отбасылық  салт-дәстүрлер,  осының  барлығы  жас  тұлғаның  дамуына 

айтарлықтай  әсер  етеді.  Отбасында  бала  қоғамдағы  қалыпты  өмірге  қажетті 

өзіндік нақты ұстанымдар, қоғам мақұлдайтын өз-өзін ұстай білу қабілеттерін 

қалыптастырады.  Дәл  осы  отбасында  баланың  жеке-даралығы  мен  оның  ішкі 

әлемі  жоғары  деңгейде  байқалады.  Ата-ананың  балаға  деген  махаббаты  оның 

өмірінің  рухани  және  интеллектуалдық,  эмоционалды  аймағын  байытуға 

көмектеседі.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  Ақордадағы 

«Көктем шуағы» Қазақстан әйелдер қоғамымен кездесу барысында былай деді: 

«

Адамдарға сен дұрыс тәрбиелеген бала керек, біз өз балаларымыздың тәрбиесі 



үшін  жауаптымыз,  біздің  өмір  сүретін  барлық  жақсы  құндылықтарымызды: 

біздің  достыққа  деген  ықыласымыз  бен  мейірімділігімізді  алуына  жағдай 

жасауымыз керек» [1].  

Елбасымыздың  ойынша  «Үлгілі  отбасы»  атағын  тағайындауға  болады, 

сондай-ақ,  ана  рөлінің  маңыздылығын  айқындай  отыра,  ол:  «Мен  ана  күнін 

тағайындауды  ұсынамын»  –  деді.  Елбасымыз  әйел  адам  тек  отбасының 

ұйытқысы  ғана  емес,  еліміздің  тыныштығын  сақтаушы  екендігіне  де  назар 

аударды:  «Елімізде  батыс  дәстүрін  ұстанатындығына  қарамастан,  біздің 

қоғамымызда  әйел  адам  тек  –  үй  шаруасындағы  адам  ғана  емес.  Олар 

мемлекетті  басқаруға  қатысады,  бизнеспен  айналысады,  адамдардың  өмірін 

сақтайды, ғылыми жаңалықтар ашады, білім береді және елімізді дүниежүзілік 

аренада танытады» [1].  

Ата-ананың  рөлін  отбасылық  тәрбиемен  ғана  бағалау  қиын.  Ерекше  рөл 

барлық  кезеңдерде  –  анаға  берілді.  Ана  –  бұл  өміріміздегі  ең  маңызды 

орындардың бірін алатын адам. Ешкім бұл өмірде анамен байланыссыз дүниеге 

келмейді.  Сондықтан  да  ана  феномені  әрқашан  болған,  бар  және  әрі  қарай 

өзекті  бола  береді.  Ана  махаббаты  өз  табиғатынан  шартсыз  болады  және  сол 

себепті ана мен баланың өзара қарым-қатынасы өте маңызды.  

Бала дамуына маңызды әсер ететін үш топты атап өту қажет: ата-ананың 

объективті  әсері,  бала  тұлғасының  дамуы,  сондай-ақ  отбасындағы  қарым-

қатынастардың түрлері.  

Ұсынылып отырған зерттеудің өзекті болуы баланы тәрбиелеудегі педагог 

пен  ата-аналар  жиі  кездесетін  қиындықтардың  болуымен  тығыз  байланысты. 

Ұсынылып  отырған  тақырып  бойынша  жүргізілген  көптеген  зерттеулер  мен 

авторлардың тәжірибесі мынаны байқатады, тәрбиелеудегі қателіктер көбінесе, 

ата-аналармен педагогтердің баланың жеке дара қасиеттерін ескермей өздеріне 

қажетті нәтижені басты құндылық ретінде қарауы. Соңғы уақытта оқыту және 



тәрбиелеу  процестерінде  тұлғаны  басты  құндылық  деп  қарау  принципі  жиі 

айтылып жүргенімен, оны тәжірибеде қолдануда біраз қиындықтар бар.  

Осы  заманғы  психологияда  ата-ана  –  бала  арасындағы  қарым-қатынас 

келесі санаттарда қарастырылады: ата-ананың ұстанымы (Х.А. Арғынбаев, Л.А. 

Байсерке,  А.А.  Бейсенбаева,  А.С.  Спиваковская),  ата-аналық  қарым-қатынас 

(

А.Г.  Қазмағамбетов,  Б.И.  Мұқанова,  Ш.А.  Бейсембаева,  А.Я.  Варга),  өзара 



әрекеттесу  сипаты  (А.Д.  Давлетова,  О.А.  Карабанова,  Е.И.  Захарова),  тәрбие 

стилі ( Ж. Алпысбаева, Э.Г. Эйдемиллер).  

Отбасылық  тәрбие  берудің  осы  немесе  басқа  стильдерінің  негізінде  ата-

ананың  балаға  қарым-қатынасы  жатыр.  Ата-ананың  балаға  қарым-қатынасы  – 

бұл  балаға  деген  біртұтас  сезімдердің  жүйесі,  баламен  қарым-қатынас 

барысында  байқалатын,  өзін-өзі  ұстай  білу  дағдысы,  баланың  жеке  дара 

психологиялық ерекшеліктерін түсіну және соны ескере отырып әрекет жасау. 

Тәрбиелеудің  әсері,  ата-ананың  қарым-қатынасы  олардың  өз-өздерін  ұстай 

білуінен,  тәрбиелену  стилінен,  баланың  әртүрлі  аспектідегі  психологиялық 

өмірімен  және  өз-өзін  ұстай  білуінен  байқалады.  Ата-ананың  қарым-

қатынасының  өзі  көп  жақты  болып  келеді.  Бұл  детерминанттың  негізінде 

құралатын, күрделі білім беру.  

Арнайы  әдебиет  көздері  көрсеткендей,  зерттеушілердің,  педагогикалық 

қоғамның,  ата-ананың  отбасы  мәселесіне  деген  қызығушылығы  азаймай  тұр. 

Тәжірибелік жұмыстарда психологтар осы сияқты мәселелермен жиі кездеседі, 

сонымен қатар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарының бұзылуы 

сияқты мәселелерде жиі ұшырасады.  

Берілген жұмыстың мақсаты – ата-ананың тәрбиелеу стилін зерттеу және 

осының  негізінде  ата-ананың  тәрбиесінің  бала  дамуына  әсері  тақырыбына 

әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет