365
№ 212
Айыбы не еді ағалардың?
«...Бірнеше ай көз ілдірмей өлімші етті. Орындықтан құлап түсіп те жүрдім...
Күллі денемнің, әcіpece
беті-қолымның тepіcі сыпырылып, қызыл шақа болып
қалды. Есеңгіреген кезде қарауытқан көзіме осы тас қуыстан Сәкен, Ілияс, Бейімбет
ағаларымыздың өздері де, шеккен азаптары елестеп кетеді... Бұл карцерде талайлар
шыңғырып жатады,
талықсып, үндері өшеді”, - деп жазса
Бектұров Ж. Айыбы не еді ағалардың? /Қазақ әдебиеті.- 1998.-30 маусым
№ 213
Аманат
“Мені төрт түрлі баппен айыптады. Бәрінің де жазасы ату.
Кодексті оқып
болған соң: мені төрт рет атасыңдар ма, әлде бір-ақ рет атасыңдар ма? - деуім
мұң екен көпіртіп боқтай бастады. Тоқал орындықта тапжылмай 15 күн
отырып
қалжырадым. 54 сағат боқтады. Тергеушілер 6 сағаттан кейін ауысып отырады. 17
күн отырғандардың киімдерін сойып алады. Адам ісіп кетеді екен. Егер мойныңа
алмасаң тірі де болмайсың, өлі де болмайсың. Өлейін десең қолыңнан келмейді.
Мойныңа алсаң лагерге барасың, жазаң өтелген соң үйіңе барасың, мойныңа алмасаң
ит қорлықпен өлесің, - дейді. Орыстарды лагерьге тез аттандырып жібереді. Басқа
ұлттың аамдарын иіріп абақтыда көп ұстайды. Лагерге кетуге ынтықпыз”
Балаубаев С. Аманат // Жұлдыз.-2002.-№ 3.-110-124 б.
Орта ғасырлық жазалау тәсілдерін қолдану нәтижесінде “қылмыскерлер” саны
қолдан көбейтілген. Сот процестері “дәлелдердің ханшасы” (царица доказательств)
теориясының нәтижесінде жемісті болды. Әcіpece, 1937-1938 жылдары “конвейер”
жүйесімен тергеу іcі ІІXK-ты органдарының басты тіperі болды.
Жак Росси
“Справочник по ГУЛАГУ” деген еңбегінде “Конвейер дегеніміз бірнеше сағат, тәулік,
апта бойы үздіксіз, демалыссыз жүргізілетін тергеу”, - деп анықтама берген еді.
Адамдарды азаптау арқылы құзырлы органдардың өздеріне «қажетті» жауапты
алуға Сталиннің өзі рұқсат берген болатын.
Достарыңызбен бөлісу: