52
№ 19
О киргизских судах
9-22 октября 1918 г.
Постановили: Утвердить и ввести в действие немедленно в областях, в коих уже
функционируют киргизские суды, в областях, в коих не организованы суды, ввести в
действие не позже 1-го января 1919 года.
Председатель Алаш-Орды
А. Букейханов
Члены:
М. Тынышпаев, X. Габбасов
Опубл.: Алаш-Орда: Сборник документов / Сост. Н. Мартыненко. – А-А.: Малое
издательство «Айкап», 1992. – 192 стр. (108-113)
№ 20
Жасасын, Алаш автономиясы!
Көркейсін, Алаш!
Құрметті окушылар!
Көрмегелі көп айдын жузi болды. Алты жылдан бері алты алашты аралаган
«Қазақ» токтап, арамыздағы катынас үзiлгенiне жарты жылдан асты. Сонан бері
зор өзгерістер болды, халкымыздын басынан қайғылы күндер өттi. Ендi бiраз булт
серпілгендей болып, жұрт есін жиып, ойдагы-кырдагылардын бастары косылып,
әркім дағдылы кызметiне кiрiсе бастады.
Жандарм үкiметтiн штрафынан, абакты- айдауынан аман өткен «Казакты» жауыз
большевиктер
қанды қолымен тоқтатып едi, қудайга шүкір, бүгiн жарық дүниеге
қайта шыгып, ардақты Алашын тағы аралап отыр. Сағынып көрген жұртына «Қазақ»
жетi айдан берi көкірегінде байланған шерiн тарқатып, көрген-білгенін айтқысы
келедi. «Қазақ» жабылған кезде большевиктер Россияны жаңа кернеп келе жатыр
еді. Большевиктер күшеюiнiң себебі, үш жылдай соғыста арыған-қажыған надан
мұжықтың баласына уағыз сөйледі: Сендер соғыспандар, босқа қан төкпендер,
біз ығынсыз-шығынсыз бiтiм жасаймыз,
алыс-беріс болмайды,
жер-суды, мал
мүлiктi өздерiне бөлiп беремiз, бай мен кедейді теңгеремiз, қой үстiне бозторғай
жұмыртқалатамыз дедi. Надан солдат бұған нанып, бәрi большевик болды. Әскерді
сонынан ертiп алған соң большевик мемлекет тiзгiнiн қолына алды, уақытша үкiметтi
жоғалтты. Большевиктер еместiң бәрiн жау көрді. Шын Ұлтшыл орыс зиялылары
кашып-пысып, жұрт жұмысынан шыгып калды. Іс басына өңкей жалаңаяқтар отырды.
Жалғыз уақытша үкіметті ғана жоғалтумен қоймай, большевиктер мемлекет
құрылтайын да қуды. Кейбiр мүшелерiн атып өлтiрдi. Өздерiн «халык комиссары» деп
атаушы большевик бастықтары Германиямен бiтiм жасады. Бiрақ уағдалы ығынсыз-
шығымсыз бiтiм болмады. Орыстың берекесi кететiн бiтiм жасады. Германия атынын
тұягы тиген жердi өзi алып, одақтарын олжаға ортақ қылатын болды, соғыс шығынын
Россияға аударды. Мұнымен де қоймады.
Кеше бiтiм жасап едiм демей, орыстын
күнде бiр қаласын алатын болды.
Бiтiмiн қайда деп немiстiң бетiне карайтын орыстан еркек шықпады. Орыс
солдаты болса, большевик болдым деп, майданды тастап, бірін-бірі қырудын сонында
жүрдi. Мүнан кейiн жеке бiтiм жасадын, Одақтын шартын бұздын деп орыстан
одақтас мемлекеттер безiп шықты. Социализм ұжмағын орнатам деп Россияны
жоғалттың, неміске құл қылып бердiн деп орыс халқы қанжылады. Сүйтіп Россия
жолдастан бір айырылып, берекеден екi айырылды.
53
Большевиктер бай мен жарлыны теңгеретін болган сон, жер-суды, мал мүлiктi
бөлiп беретін болған сон, оңай олжаға қызыққан ұры, қары, ойдан қашқан, қырдан
қашқан құлар қосылды, енбексiз мал табылатын болган сон жұмысшылар большевик
болды. Завод фабрикалар жабылды, сауда, кәсiп тоқталды. Отарбалар дұрыс жүрмедi,
бiр жерден бір жерге азык-тулік бармады. Кымбатшылық, ашаршылық күннен күнге
күшейдi. Бiреудi-біреу тал түсте талау, өлтiру, зорлау, абақтыга жабу деген нәрселер
баланын ойынындай болып кеттi. Ертен тiрi болуына бүгiн ешкiмнiң көзi жетпедi.
Малын-жанын қорғайын дегендер Совет үкiметiне қарсылық қылған болып танылды.
Мынауын елге бүлiншiлiк дегендер контреволюционер аталды.
Большевиктер қаладағы iрi байларды талап тояттағаннан кейiн жалпы жұртқа
аранын ашты. Үш жылқыдан артыққа мал басы 100 сомнан алым салмақ болды.
Жерге де сондай алым салды. Халыктын шаруасын күйзелткенімен тұрмай, дiни
намысына тиетiн закондар шығарды: неке жоғалсын, менікі-сенiкi болмасын,
мектептерде дін сабагы окылмасын деді.
Орыс халкын осынша ойран кылган орыстын жауыз ниетті жаманы һәм көкiрегi
соқыр наданы едi. Бiздiн де лай судан балык аулайтын арам ойларымыз соларға
барып қосыла кеттi. Большевик законын социализм жолын қазақ-қыргыз ортасына
орнатпак болды, жер-суын ортаға салмак болды. Орыс большевиктерiне еліктеп,
соларга сүйенiп, Алаш азаматтарын жогғлтпақ болды. Большевиктердiн мықты бiр
жауы автономия алмак жұрттар едi. Большевик- тер Украина даласын қанға бояды.
Түркістан автономиясын жоғалтып, халқына ойран салып, Қоқан шаһарын жермен
жексен қылды. Үкімет адамдарынын бiразы жабылды, бірсыпырасы қашып кұтылды.
Башқурт автономиясын таратып, азаматтарын абақтыға жапты. Қырымды қанга
бояды. Азаматтарын қойдай бауыздалы, Қырым муфтиі Жәмежиһан хазіретті әуелі
абақтыға жауып, сонынан кескілеп суга агызып жiбердi. Автономия боламын деген
журттардың әркайсысының көрген кунi осындай болды. Автономия боламын деген
журттардын, баскаларга қарағанда, аманырағы бiздiн Алаш. Бiрақ бiз де құрбансыз
болмадық. Алаш азаматтары большевиктiн оғына да ұшты, абақтысына да жабылды,
қашып та жүрдi.
Осынша басын өлiмге, бейнетке байлағандағысы Алаш баласын
большевиктің бүлiншiлiгiнен аман алып қалу еді.
Былтырғы октябрьдің 25-інен басталып, халыктын денесіне удай жайылған
большевизм пәлесі әбден сабасынан асып, жұрттың бәрін жирендiрiп, ашындырып,
өзiне қарсы жауын көбейтті. Ақырында өткен май-июнь айларында халык көтерiлiп,
чехословактар, қазактар аттанып, большевиктерді жоғалта бастады. Бул күнде
большевиктер Петербург, Мәскеу, Түркістан уалаяты секiлдi жерлерде ғана қалып,
кеп iрi шаһардан, облыс-губерниялардан жоғалды.
Большевик жалғыз өзі ғана жоғалып отырган жоқ, букіл Россияны жоғалтуға
таяп кеттi. Бул күнде бұрынгы тұтас, айбатты, күштi Россия жоқ.
Қазiр әлсіреген,
қансыраган, берекесi кетiп, бiрлiгi қашкан, шалажансар, алтыбақан алауыз Россия
қалып отыр. Мұны мұндай күйге ұшыратып отырган большевиктер, большевикті
шығарған орыстын надандығы, қаранғылығы.
Большевик жоғалган соң өр жерде әр түрлi үкiметтер жарыққа шыға бастады.
Мысалы, Сібір үкіметі, Самар укіметі, Башқұрт үкіметі, Алаш үкіметі һәм басқалар.
Бұл үкiметтердiн шығуы һәм түскен жолдары түрліше.
Башқұрт, Алаш секiлдiлер өзiнiң белгiлi мақсаты
автономияларын жарыққа
шығару жолында талпынады.
Самар укіметі дегенiмiз Россия құрылтайының мүшелерiнен құралған комитет.
Бұл комитет бүкiл Россияны большевиктен тегіс құткарып, жұрттың қолын
құрылтайға жеткізбек, билiктiн бәрiн құрылтайға бермек. Сібір үкiметiнiн жолы,
бiздiн түсiнуiмiзше күңгірт. Егер Сібір үкіметі Башқұрт, Алаш сиякты автономиясын
54
жарыққа шығару жолында укiмет болдым дейтiн болса, өзiнiн жiгiнен шықпаска
керек еді. Анау да менікі, мынау да менікі деп ешкімге құлағын жымитпаска керек
едi. Сiбiрдi қазiр ортак үкіметім деп отырған ел жоқ, бiрак уысыма сыйғанының
бәрі менікі деп Сiбiр отыр. Сібірге бiздiң Алаш, Башқұрттын айтып отырғаны: Сен
де мендей, мен де сендей. Бiзге Сiбiрден кері Самар комитеті туысқан дай, Үйткенi
Самар үкіметі өңкей халық өкiлдерiнен құралган комитет. Сондықтан бiздiн Алаш
Самар
комитетімен жолдасу жән, бірақ Сібірменен де аткекiлiн кесiп кетпеймiз.
Сiбiрде большевик жоғалысымен Алаш Орда iске кiрiстi. Алаш Орданың
көркеюi, Алаш автономиясынын тез жарыкка шығуы алдымен екі нәрсеге байлаулы:
Милиция һәм қазына. Сонын ушiн Алаш Орданың алдымен қолга алган кызметi
милиция һәм ұлт қазынасы болды. Бұл екi жұмыс әр жерде әр түрлі орындалып
жатыр. Милиция һәм акша жиналып бiткен елдер де бар, жинауға жана кiрiсiп
жаткан елдер де бар. Бiздiң жұрт катарына косылып қалатын күнiмiз осы. Бiздiн
жұрттықтан құралақан қала тын күнiмiз де осы. Алаш билiгi Алашта болса дейтiндер
мұндай заманның екі айналып келмейтiнiне анык көздерi жететіні рас болса, малды-
жанды автономия жолына салу керек.
Мадияр
«Қазақ» газеті /Бар редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»
Бас редакциясы, 1998.-560 б. (436-437 бб.).
Достарыңызбен бөлісу: