Нацистер басып алған кеңес одағы аумағынан Еврейлерді көшіру



жүктеу 142.03 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі142.03 Kb.
УДК

Г.Т. Қасымова


Нацистер басып алған кеңес одағы аумағынан

Еврейлерді көшіру

(ШҚО Семей қаласы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының құжаттары бойынша)

«Шығыс Қазақстан облысы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» ММ

071405, Қазақстан Республикасы, Семей қ., Абай к-сі, 84

тел.: (8-722-2) 52-22-63; факс: 52-22-63, e-mail: zdnivko-semey@rambler.ru


ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы мұрағат қорлары арасында нацистер басып алған Украина аумағынан көшірілген еврейлер туралы да құжаттар бар.

Р-807 мұрағат қорында – 1941-1945 жж. көшірілген және арнайы қоныс аударушылардың Семей бөлімі шаруашылық құрылғысы 41 сақталу бірлігін құрайтын мына құжаттардан жинақталған: нацистер басып алған Украина (Полтава, Харьков, Киев, Осташково, Белгород) аумағынан көшірілген еврейлердің (20 мыңнан астам) тізімдері; Семей облысы аудандары аумағында және Семей қаласында орналасулары, шаруашылық құрылғылары туралы Семей облыстық атқару комитеті мен обкомитетінің шешімдері мен өкімдері; 1941-1945 жж. көшірілген және арнайы қоныс аударушылардың Семей шаруашылық құрылғысы бастығының көшірілгендердің орналасуы бойынша жұмыс жағдайлары туралы бөлім бастығы Борисовтың қолы қойылған баяндамалары, хабарламалары және мәліметтері.

Енді, құжаттарға назар салайық: «1941-1944 жж. көшірілген тұрғындардың шаруашылық құрылғысы бойынша Семей еңбекші депутаттары облкеңесі атқарушы комитеті көшіру бөлімінің жұмысы туралы анықтамадан».
БӨЛІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
1941-1945 жж. Ұлы отан соғысы жаумен уақыттша басып алынған біраз батыс облыстары мен басқа да себеп салдарынан тұрғындардың көптеп орын ауыстыруына әкеп соқтырды.

Жер аударған адамдар легі ҚазКСР-на және тікелей біздің облысқа бағытталды.


КӨШІРІЛГЕН ТҰРҒЫНДАР.


  1. Облысқа келген көшірілген тұрғындар саны және

олардың ұлы отан соғысы жылдары кезеңіндегі қозғалысы

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _


Ұлы Отан соғысы басталған кезеңнен бастап, яғни 1941 жылдың 26 шілдесінен 1943 жылдың шілде аралығында облысқа – 31079 адам келді, олардың еңбекке жарағандары – 12024 адам. 1943 жылдың шілдесінен кейін облысқа көшірілген тұрғындар легі тоқтатылды.

Біздің облысымызға көшірілген тұрғындарды қабылдау және орналастыру екі кезеңді бастан кешірді, атап айтқанда:

а) бірінші кезең 1941 жылдың 26 шілдесінен – көшіру пунктерін ұйымдастыру уақыты, 1942 жылдың 15 наурызына дейін - көшіру пунктерін тарату уақыты.

б) екінші кезең – 1942 жылдың тамыз айынан 1943 жылдың наурызға дейін ҚКСР ХКК және БКП(б) К ОК шешімімен облысымыздың ауылдық жерлеріне көшірілген тұрғындарды қосымша орналастыру.

Бірінші көшіру кезеңі бойынша біздің облысқа қаблдынған және орналастырылған адамдар саны жедел есеп бойынша 27016 адам, олардың:

ер адамдар – 5116 адам;

әйел адамдар – 9665 адам;

балалар – 12235 адам;

1942 ж. тамыз – 1943 ж. қосымша орналастыру кезеңі бойынша 12024 адам қабылданды және орналастырылды.

Қабылданған көшірілген тұрғындарды облыс аудандары бойынша орналастыру келесі кестеде сипатталған:


2. ОРНАЛАСТЫРУ.
Келген көшірілген тұрғындардың Семей қаласы мен аудандарда орналасуы – келесі мөлшерде:


№№

р/с


Аудандардың атауы

Адамдар саны

Ескерту













1.

Семей қаласы

15799




2.

Аягөз

2940




3.

Ақсуат

255




4.

Белағаш

2068




5.

Жаңа-Семей

436




6.

Жарма

1117




7.

Көкпекті

826




8.

Мақаншы

1633




9.

Ново-Шульба

1774




10.

Үржар

2272




11.

Шар

1648




12.

Шұбартау

352







БАРЛЫҒЫ:

31079



Келген тұрғындар жергілікті жерлерінде тұрғын үй алаңдарымен қамтылды. Көшірілген тұрғындарды қабылдау және орналастыру барысында, жекелеген Семей қаласы бойынша, олардың едәуір құрамы өздерімен бірге кәсіпорындарын, мекемелерін, оқу мекемелері мен балалар үйлерін майдан шебінен бірге көшірді.

Барлық қабылданған және орналасқан: өнеркәсіп кәсіпорындары - 9

оқу мекемелері - 9

балалар үйі - 15

мекемелер - 2.


Осыған орай Ұлы отан соғысы басынан, 1941 жылдың маусымынан 1944 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде біздің облысымызға 31079 адам орналасты. Олардың ішінде Семей қаласына орналасқаны – 15759 адам.

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ.


Көшірілген тұрғындарды қала бойынша жұмысқа орналастыру Семей қаласындағы кәсіпорындар мен мекемелердегі бос лауазымды орындарды айқындау арқылы және сол жұмыстарға бірінші кезекте көшіру пунктері мен көшіру бөлімдерінің жолдамаларымен келген азаматтар алынды.

Бірінші көшіру кезеңінде жұмысқа орналасқандар саны 1942 жылдың 15 наурызындағы мәлімет бойынша 11170 адам, олардың:

колхоздарда 2082 адам

совхоздарда 328 -/-

МТС-тарда 25 -/-

өнеркәсіп кәсіпорындарында 3235 -/-

темір жол көліктерінде 268 -/-

өнеркәсіп артельдерінде 493 -/-

басқа да ұйымдарда 4739 -/-.
Көшіп келген тұрғындарды орналастыру барысында оларды ауылдық жерлерге бөлуде қарсылықтар туды, оның негізгі себебі келуші тұрғындар құрамының көбі қалада тұрып, жұмыс істегендер, енді ауылдық жерлерге баруы үрей, сенімсіздік туғызды. Оларға көзқарастарын өзгерту үшін аз жұмыс жасалған жоқ.

Қосымша орналастыру кезеңі ішінде көшіп келген жұмысқа жарамды тұрғындардың барлығы жұмыспен толық қамтылды, өйткені дәл осы кезеңде жұмыс күшіне деген сұраныстың болуы еңбекке жарамды және жұмыс істейтін ниеттері барлар үшін болмауы мүмкін емес еді.


ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС.
Семей қаласындағы барлық көшірілген тұрғындар Қалалық тұрғын үй басқармасының айқындаған жекелеген пәтерлеріне және алдын-ала айқындалған коммуналды және жеке меншік пәтерлерге ығыстырып тұрғызу ретімен тұрғын үй алаңдарымен қамтамасыз етілді. Қала бойынша тұрғын үймен қиындықтар болды және бір адамға тұрғын үй алаңы мөлшері қала бойынша 4 шаршы метрге төмендетілді.

Аудандық алуылдық жерлерде көшірілген тұрғындар тұрған жеке пәтерлерге, сондай-ақ ығыстырып тұрғызу ретімен орналастырылды. Ауылдық жерлердегі тұрғын үй мәселесі әлдеқайда жеңіл болды.


МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК.
Аса қажеттілікке зәру болған көшірілген тұрғындарға мемлекеттік қор есебінен біржолғы ақшалай көмек көрсетілді, төменде көрсетілгендей:

1941 жылы біржолғы көмек 1940 отбасына 198638 рубл. сомасы мөлшерінде көрсетілді.

1942 ж. - 1088 отбасына 145450 рубл.

1943 ж. - 280 отбасына 36917 рубл.

1944 ж. - 5 отбасына 800 рубл.

Ақшалай көмекпен қатар көшіп келгендер үшін өнеркәсіптік тауарлар алуға да көмектер көрсетілді. Тек солай толық емес мәліметтерге қарағанда, 1941 ж.- 1942 ж. басында талон бойынша қолма-қол ақшамен есеп айырысу былай көрсетілген: өнеркәсіп тауарларына 101 мың рубль, пимаға 90000 рубль, былғары аяқ киімге 93,3 мың рубль, тігілген өнімдерге 115,5 мың рубль, темір төсектерге – 100 дана. Бұдан басқа үстелдер мен орындықтардың бірталай мөлшері сатылған. Көшірудің бірінші кезеңінде көшірілген тұрғындарға кәсіпорындардың тигізген көмегі көп болды. Олар көмекті тұрмыстарын жақсартуға, сондай-ақ ақшалай түрде көрсетті. Айтар болсақ, ет комбинаты 16959 рубль ақша бөлсе, Облыстық өнеркәсіп одағы – 8730 рубль бөлді.

Ауылдық жерлерде мәселе бұдан қиынырақ болды. Өнеркәсіп тауарлары көшірілген тұрғындарға сәті түскенде ғана берілді, аудандық тұтынушылар одағы Облыстық тұтынушылар одағының ешбір талаптарын орындамады, келіп түскен нарық қорының 25 % көшірілген тұрғындарға бөлінген болатын, сөйте тұра көшірілген тұрғындар киім-кешексіз, аяқ киімсіз қалды, соның салдарынан, әсіресе колхоздарда жұмысқа жарамдылары жұмысқа шықпағаны туралы дәлелдер болды және осыны шешу үшін арнайы қорлар бөлу қаралды.

ҚОРЫТЫНДЫ.


Көшірілген тұрғындарды қабылдау және орналастыруда кеткен бірталай жекелеген жағдайларға, тарататын пунктер мен жатаханаларда олардың көптеп жиналып қалуы, отбасыларын баяу жұмысқа орналастыру, материалдық көмектің толық жетіспеуі және т.б. қарамастан – облыс қойған тапсырманы, әскери уақыт жағдайында орындап шықты. Адамдардың барлығы орналастырылды және тұрғын үймен, жұмыспен қамтылды.

Ең бастысы облыс адамдардың жаппай легінде - оларды сақтап қала білді, көшірілген тұрғындардың эпидемиялық ауруларға ұшырауына, адамдардың жаппай орын ауыстыру барысында серік болатын, жол бермеді.


Семей облыстық еңбекші депутаттары

кеңесі көшіру бөлімінің

Бастығы Борисов»

Семей көшіру пункті көшірілген тұрғындарды – еврейлерді орналастыру және шаруашылық құрылғысы бойынша орасан зор жұмыстар жүргізді, енді соған толығырақ тоқталайық.

«Көшіру пунктіне темір жол станциясы жанынан екі орын берілді: Семей т.ж. ст. клубы және Түркісібтегі № 1 мектеп, оның үстіне біріншісі бөлуші ретінде пайдаланылса, ал екіншісі жатахана болды. Темір жол клубындағы көшіру пункті (бөлуші) бөлмесінде тек орындықтар мен үстелдер болды, ал мектептегі орын (жатахана) 11 бөлмесі бар екі қабатты, көлемі 1891 кв.метр, біржолғы 469 адамды сыйдыруға есептелген. 260 темір төсек төске –орын жабығымен бар. Жатаханада 10 төсегі бар балалар бөлмесі және аналарға 10 төсекті бөлме жабдықталды. Көшіру пункті көшірілген азаматтарды транспортық сауда тағамы асханасынан күніне екі рет ыстық тамақпен – таңертеңгі ас, түскі аспен қамтамасыз етіп отырды. Бұдан басқа көшіру пункті жанынан көшірілген азаматтар үшін буфет жұмыс істеді, онда жолда әлсізденген балалар үшін қосымша тамақ берілді.

Көшіру пунктерінің жұмыстарында біріншідегідей, екінші рет ұйымдастырғанда да өзіндік үлкен кемшіліктер болды, аса негізгілері отынмен қамтамасыз етуде, жабдықтың және төсек-орындардың жетіспеуі, көшіру пуктерінің шектен тыс тығыз тиелгендігі, санитарлық рұқсат беру орындарының нашар жұмыстары, Облыстық сауданың нан сататын дүкеншіктерінің Семей т.ж.станциясынан қашық орналасуы, көшірілген тұрғындарды ыстық тамақпен, пысқан нанмен жабдықтау кідірістері, түскі тамақтың төмен сапасы болып табылды. Осы жетіспеушіліктерді бірнеше рет Облыстық Кеңестің атқарушы комитетіне және Облыстық партия комитеті Бюросына айтып, тек солардың араласуымен осы мәселелер шешілді.

Облыстың аудандық ауылдық жерлеріне баратын азаматтары санитарлық тексерулерден өтіп, бірінші жүретін поездармен орналасатын жерлеріне аттанды. Көлікпен жеткізу кезінде т.ж.станцияларында адамдардың үлкен топталуы байқалды.

Осындай жағдайлар 1942 ж. желтоқсаны – 1943 ж. қаңтар аралығында Совхозтрестің, «Красный скотовод», «Үлгілі малшы», «Коминтерн», «Шегелек» совхоздарының және Жарма мен Көкпекті аудандық Кеңестері жетекшілерінің салғырттығы мен шорқақтығынан Жаңғыз Төбе т.ж.станциясында қаңтар айында көшірілген 46 отбасының 111 адамы, алғашында 2 және одан да аса айлар бойы көліктің жоқтығынан, кейін осы көшірілген топтардың арасында бөртпе сүзекке байланысты карантинге орай межелі жерлеріне жете алмады.


Көшірілген тұрғындардың

шаруашылық құрылғысы бойынша

Облыстық Кеңестің Атқару комитеті

бөлім бастығы /Некрасов/


Көшірме дұрыс: Секр. эвакоотдела Қолы»
Одан әрі құжаттардан оқитынымыз...

«1941 жылдың күзінен 1944 жыл кезеңі аралығында Семей облысы еңбекші депутаттары Кеңесі Атқарушы комитетінің және КП(б) К Облыстық комитеті Бюросының бірқатар қаулылары мен шешімдері шығарылды. 1941 жылдың 22 желтоқсанында «Майдан шебінен көшірілген аса мұқтаждық етушілерге біржолғы материалдық көмек көрсету туралы» қаулы қабылданды.


Облысы еңбекші депутаттары Кеңесі Атқарушы комитетінің және КП(б) К Облыстық комитеті Бюросы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 20.XII.1941 ж. ҚКСР ХҚК және КП(б) К ОК қаулысымен бекітілген майдан шебінен көшірілген аса мұқтаждық етуші жұмысшылар, қызметкерлер мен әскери отбастарына біржолғы материалдық көмек көрсету үшін бөлінген 164 мың рубль көшірілген тұрғындары бар облыс аудандарына келесі сомада үлестіріліп берілсін:

Үржар — 9.000 руб. Белағаш — 5.000 руб.

Аягөз — 15.000 руб. Ново-Шульба — 10.000 руб.

Жарма — 10.000 руб. Мақаншы — 6.000 руб.

Шар — 11.000 руб. Семей — 93.500 руб.»


«Семей Қалалық еңбекші депутаттар Кеңесі Атқарушы Комитетінің

ШЕШІМІ
Семей қ. № 2/5 24 қаңтар 1941 ж.


«Семей қалалық кеңесі жанындағы көшіру бойынша

Басқарма уәкілі ж. Некрасовтың көшірілген тұрғындарды

орналастыру, оларға жұмыс беру бойынша жұмысы туралы»

ТЫҢДАЛДЫ: Облыс бойынша көшірілген тұрғындардың

жұмысқа орналасуы және тұрмыс қажетін өтеу туралы

Аягөз, Шар және Үржар аудандарында негізгі ауыл шаруашылық жұмыстары аяқталғаннан соң көшірілгендерді жұмысқа орналастыру жағдайы төмендеді. Көптеген колхоздардың және өнеркәсіп орындарының жетекшілері оларға уақытша жұмыс күші ретінде қарап, жұмыс тауып беруге шын көңілдерімен қарамады, жұмысқа тартпады. Сол себептен Аягөз ауданында 359 адам, Шарда 176, Үржарда 103 адам жұмысқа орналасқан жоқ».

Енді 1942 ж. Жарма ауданындағы көшірілгендердің жағдайы туралы шаруашылық құрылғы бөлімі инспекторы С.Т. Кевештің хабарламасына назар салайық:

«Жаңғыз Төбе бекетіне келген бірінші күннен бастап, мен Совхозснаб базасындағы көшірілгендердің жағдайымен таныстым.

Мұнда 58 адамнан тұратын 23 отбасы орналасқан. Олардың 18 адамнан тұратын отбасы мүшелері және жекелеген отбасылары Ақжал ауруханасында болған. Олар 3 бөлмеде тұрады. Алғашқы екеуінде 17 адам орналасқан, онда төсектер бар және 3-ші бөлмеге қарағанда таза, үшіншідегілер жерде қоқыстың ортасында ласта жатыр. Ауасы қапырық, қабырғаларын ыс басқан, бөлмелер ылғалды. Олар бекеттің буфетінде тамақтанған, тамақты күніне екі рет алып отырған. Қаражат жоқтығы салдарынан кейбіреуі түскі ас үшін төлей алмаған. Нан кідіріспен жеткізілген. Кетерімнің соңғы екі аптасында нан әкелінген жоқ.

Ақжалға көшірілгендер 4 пәтерлерде орналасқан. Тойымсыздықтан ұзақ қажығандар нан паегін (800 гр.) алуға қызығып, бәрі шахтада жұмыс істеуге құлшыныс танытты. Дегенмен онда жұмыс істеу бәрінің қолынан келмеді. Тағы қайта ауырғандар басталды. Кен басқармасының директоры жолд. ЯКОВЕНКОмен келісіліп, екінші медициналық тексеру жүргізілді және оларды үстіңгі қабаттағы жұмыстарға ауыстырды. Пәтерлеріне төсектер мен сәкілер жіберілді. Радио, свет жүргізілді. Су мен орындықтар үшін кеспектерге тапсырыс берілді. Аздаған отын жазылып берілді. Аяқ киімдерін жөндеу үшін 10 ордер алынды. Жұмысшылардың балалары бала бақшаға алынатын болды.

Мен 28 ақпанда Көкпекті ауданына жол жүрдім. Мұнда көшірілгендердің жалпы жағдайы ауыр. Көкпекті ауылына көшірілген Совхоз аралық механизация мектебі, «Вулкан» колхозы, «Шегелек» совхозы, Сталин атындағы колхоз, Үлкен Бөкен мектебі тексерілді.

Совхоз аралық механизация мектебінде Жаңғыз Төбеден жіберілген 15-тен 23 жас аралығындағы 13 жасөспірім бар. Алғашында олар «Шегелек» совхозының шаруашылық бөлімінде тұрған, кейін механизация мектебіне ауыстырып, сонда қалдырды. Балалар оқымайды, ол үшін олардың қажетті білімдері де, киімдері де жоқ. Мектеп оларға тамақ бөледі. Олар ұсақ ұрлықпен және мектептің төсек-орнын сатумен айналысады. Бұны жергілікті биліктегілер мен Аудандық Кеңестің төрағасы біледі, сөйте тұра ешқандай шара қолданбайды.

Көкпекті ауданына көбінесе – ленинградтықтар, яғни ерекше назарды және қамқорлықты қажет ететін адамдар көшірілген. Бірақ «Шегелекте» ондай қамқорлық жоқ. Өнеркәсіп тауарларымен, азық-түлікпен қамтылмайды, олардың тұрғын үйлері жағдайы туралы да ешбір қамқорлық жоқ. Нан берілмейді. Өздерінің шаруашылығы жоқ. Өздерінің тіршілік етулері үшін көшіру кезінде алып қалған заттарын сатады (кімде барлары). Ең қиыны, кімде нәрселері жоқтарға. Адамдар қайыршылықтың алдында тұр. Оларға инспектор келгені туралы мәлім болғанда, таңғалған көтеріңкі дауыспен: «Шынымен біз туралыда біреу ойлайды ма!» депті.

Мұғалімдердің де жағдайы ауырдан кем емес. Ешқандай жабдықтаусыз. Бірінші қажеттілікке соңғы заттары кетеді. Ақпан айы бойы нан мүлдем берілмеген.

Көкпекті ауданының көшіп келгендер жағдайын түпкілікті түрде өзгерту қажет. Көкпекті ауданы бойынша шаруашылық құрылғы инспекторы жолд.КУНТРОВСКАЯҒА жіберген осы фактілері үшін, көшірілгендердің ауыр жағдайына қарамағаны және бірнеше рет сұраныс, талап, ескертулерге қарамастан статистикалық мәліметтерді жібермегені үшін – жұмыстан босатылсын.

Көшірілгендердің шаруашылық

құрылғы бойынша Облыстық Кеңес

Қолы бөлімінің инспекторы.»

«Жарма ауданы Жаңғыз Төбе бекетіндегі көшірілгендердің орналасуы
Ақжал кеніші:


  1. Цинклер - 5 адам.

  2. Гельбер - 5 адам.

  3. Томашева - 2 адам.

  4. Шапиро - 6 адам.

  5. Койфман - 5 адам.

  6. Лоева - 2 адам.

  7. Вургафт - 3 адам.

  8. Беркович - 4 адам.

  9. Васильева - 2 адам.

  10. Еременко - 2 адам.

  11. Морговская - 2 адам.

  12. Шварцман - 3 адам.

41 адам.

Ақжал ауруханасында (кеніште қалатындар)




  1. Кондратьева - 1 адам.

  2. Орман - 2 адам.

  3. Рыбальская - 5 адам.

  4. Пинис - 3 адам.

  5. Плоткина - 2 адам.

  6. Абугова - 5 адам.

18 адам.
Георгиевкаға жіберілгендер — 15 адам.
Көкпекті ауданы «Красная поляна» колхозында өз бетімен орналасқандар — 5 адам.

Шаруашылық құрылғы бойынша

Облыстық Кеңес бөлімінің инспекторы Қолы.»

Көшірілген еврейлерге ақшалай көмек те көрсетілді.

1941 жылдан бастап 1945 жылдар аралығындағы толық кезеңде Мемлекет есебінен барлығы 394,8 рубль ақшалай көмек көрсетілді.

Сонымен қатар ақшалай көмек көшірілген тұрғындар жұмыс істейтін тікелей кәсіпорындар мен ұйымдарға да берілді. Ол көмек 25689 руб. соманы құрады.

Өте қажет еткен көшірілгендерге көпшілік қолды тұтыныс тауарлары талондар бойынша сатылды:

а) өнеркәсіп тауарлары 100 мың рубльге.

б) жылы аяқ киім 90 мың рубльге.

в) былғары аяқ киім 93,3 мың рубльге.

г) жүннен тоқылған өнімдер 115,5 мың рубльге.

Бұдан басқа қажет еткен көшірілген тұрғындар үлкен мөлшерде жиһаздар алды: үстелдер, орындықтар, төсектер және т.б.

Облысқа 1942 жылдың қарашасынан -1943 жылдың қаңтар аралығында Ленинградтан көшірілген тұрғындарға ерекше материалдық көмек көрсетілді – 374 отбасы мен 658 адам біржолғы арнайы паек алса, олардың 193 отбасы, әлсіреудің алдында тұрған отбасылар ретінде, екінші рет дәл осындай паек алды.

Батыс облыстарынан көшіп келген жұмысшылар, зиялы қауым өкілдері жергілікті тұрғындармен өз тәжірибелерімен, білімдерімен шын көңілмен бөлісіп, мәдени қарым-қатынасты бекітті.

Облыс тұрғындары нацистер басып алған Кеңес Одағы аумағынан көшірілгендерді жылы қарсы алды. Жергілікті тұрғындар материалдық қиыншылықтарға қарамастан оларды моральды және материалдық жағынан қолдады.

Апат жылдарында 6 миллионға жуық еврейлер қаза болды.



Соғыс кеңестік еврейлердің өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік еврейлердің бір бөлігі нацистердің билігінде қалып, толығымен қырғынға ұшырады. Басқа бөлігі Қызыл Армияда соғысты. Еврейлердің басым бөлігі опат болудан еліміздің басып алудан аман қалған аудандарына көшірілу салдарынан жан сақтады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет