Нагашбаева нуршат талгатқызы



Pdf көрінісі
бет29/38
Дата13.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#460680
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Қазақ әдебиетіндегі интермәтінділік және постмодерндік деконструкция

ошаққа жығылып қалып, үсті-басы лаулап жанып барады екен» - деді. (177-б) 
Шынында да тар сол сәтте қатал салттың құрбаны болған кішкентай 
Кәмшат күйіп-жанып ауырып, әл үстінде жатады. Бүлдіршін шешесінің 
түсіндегідей түкке тұрғысыз текетірес отына «лаулап жанып» өмәрден өтеді. 
Ұлы суреткер сол заманның қатыгез дәстүр-салтын әшкерелеу үшін түс 
символикасын шебер пайдаланады.
Романдағы соңғы түс - Байкөкшенің түсі. Абай айналасындағы 
ақындардың бірі Байкөкшенің түсіндегі түлкі, төбет, бөрі, қабылан арыстан 
секілді символды бейнеде беріледі. Білімсіз топ жан-жақтан таласа да, білімді 
мыңды жығады дегендей, ақырында Абайдың арыстанға айналып, жеңіске 
жетуін автор фантастикалық сарында өты қызықты оқиғаға құрады. Мұхтар 
Әуезов шығармаларындағы түстер үлкен философиялық, психологиялық, 
әлеуметтік-қоғамдық жүк арқалап, ойға құрылып, өзіндік өрнек-болмысымен 
танылған болатын. 
Қазақтың көркем прозасының қалыптасып, өркендеуіне үлкен үлес 
қосқан жазушының бірі - Б.Майлин. Бейімбет Майлин түс көру тәсілін өзіне 
етене таныс фольклорлық шығармалардағыдай қарапайым тұрмыстық ұғым-


69 
түсінік қалыпта қабылдап, қолданғанымен, өзінің қаламгерлік қабілет, табиғи 
түйсігі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесінде оны кейіпкердің ішкі рухани өмірі 
мен сырт көзге жұмбақ әлемін, жасырын сана иірімдерін психологиялық 
дәлдікпен ашу үшін де сәтімен қолдана біледі (100-бет) 
Айталық, «Әже» атты әңгімесі шағын болса да алты бөлімнен тұрады. 
Әңгіме Зылиқа мен Сарымсақ атты ерлі-зайыптылардың баянсыз бақыты, 
аянышты тағдыры туралы толғанысқа құрылған.
Үшінші бөлімде Сарымсақтың түсі баяндалады. Түс - мұнда бір кейіпкер 
басындағы қарама-қайшы көңіл-күйді салыстыра отырып, драмалық 
шиеленісті, психологиялық ахуалды салмақтандыра түсу үшін әдейі 
қолданылып отыр. Кеше ғана бастан кешкен бақытты күні түсінде керісінше 
көрініс береді. Өңіндегі шыттықты өмірі де Зылиқамен бірге сағымдай 
жоғалады. Түстің өзіне орын берсек: «...Сарымсақ пен Зылиқа екеуі үйінің 
қасындағы шыңның басында тұр екен. Сарымсақтың ойына баяғы жігіт күні, 
жігіт кезінде Зылиқаға ұрын барғаны түсті... Еске түседі де, еркін алып 
билеп, Сарымсақ Зылиқаға бұрылған секілденеді... Зылиқаны өзіне тарта берем 
дегенде, әлдекім аржағына кеп, итеріп жібергендей болды. Сарымсақ жардан 
омақаса құлай, басын көтеріп алса, ирелеңдеген біреу Зылиқаны қолынан 
дедектетіп әкетіа барады! Әлдеқайдан Ұлпанның «әкелеген» ойбайы, 
Бақыттың «мамалаған» жылауы естілгендей болады... Сарымсақ күйіп кетіп 
ойбайды салды: 
Зылиқа! Зылиқа! 
Өз даусынан өзі шошып оянды. Бұл түсі екен. Үйдің іші тастай 
қараңғы». Түсте көргені айна-қатесіз өңінде шындыққа айналды. Түс пен өңді 
айыра алмай естен танған Сарымсақ екі ұдай сезімде. Түсім дейін десе жанында 
қосағы жоқ, балаларының анасы жоқ. Түске сенейін десе Зылиқа кететіндей 
себеп жоқ. Ол турасында Зылиқасвы бір ауыз сөз де айтпапты, сыр да 
алдырмапты. Үй ұйықтаса түсіне енбеген ой мен оқиға осылай түс пен әнде бір 
мезгілде белгілі болады деген кімнің «кәллесіне» келіпті. Осылай ойламаған 
жерден жермен-жексен болған жігіт ағасы әлгіндей жан айғайына салмағанда 
кім салады?! Ойламаған жерде екі баламен аңырап, өмірінде шәй деспеген 
жары Зылиқадан тірідей шаңқай түсте айрылу оңай ма?! Сарымсақтың шалық 
тигендей шарасыздықтан шошынуы да сенімді. Автор бар оқиғаны 
психологиялық нанымдылықпен өзінің қолтаңбасына тән астарлы әзілмен 
ажуалай әңгімелейді.
Жазушы түстегі Зылиқаға ұрын барған кезіндегі оқиғаны қайта жүректен 
өткізіп, сезіну секілді көркемдік компоненттермен кестелейді. Сонымен қатар, 
дәл сол сәттегі өңде болып жатқан оқиғаның сана астары арқылы түзіліп, 
Сарымсақтың түсімен желілес (параллельді түрде) жүріп жатуы да ешқандай 
өзге көркемдік тәсілдің еншісіне тие қоймайтын қайталанбас ерекшелігін, тек 
түс табиғатына ғана сия алатын қиял-ғажайыптық еркіндігін көрсете алады. 
Жазушы осындай үрейлі түстен кейінгі кейіпкер көңіліндегі кірбіңді, қас-қағым 
сәтте санада өткен сан алуан күрделі психологиялық жағдайды да дәл жеткізе 


70 
алады. Автор түс арқылы берілген интертекст арқылы кейіпкердің ішкі жан-
дүниесінен сыр шертеді. Түстің мәтін ішінде кездесуіндегі тағы бір қызметі осы 
болып табылады.
Шағын әңгіменің бесінші бөлімінде Зылиқа мен әжесінің арасындағы 
әңгіме-диалогқа адасқан әйелдің аянашыты өмірі, өзек өртер өкініші өзек 
болады. Осы бөлімде тағы бір түс - өзінің міндетін атқарыт тұр. Қорлыққа 
шыдай алмаған Зылиқа сәтін тауып, Кәрібайдан қашып келе жатқан күні шана 
үстінде жатып түс көреді. Ол кейіпкердің өз сөзі арқылы баяндалады. Түс 
мазмұны мынадай: «...Аппақ киім киіп өзеннен үйге қарай келе жатыр екем, 
менің қарам көрінісімен-ақ Бақытты жетелеп Ұлпан алдымнан қарсы жүгірді. 
«Әжелеп» айғайды салғанда жүрегім елжіреп қоя берді. Ұлпанды маңдайынан 
сүйіп, Бақытжанды алдыма алып, енді емізе берем дегенде, еңгезердей бір қара 
кісі арт жағымнан келіп желкеме түйіп келіп жіберді, «лағнат, арам қолыңмен 
жас нәрестені, күнәсіз періштені не бетіңмен ұстап отырсың!» - деді.. Алдым 
терең жар екен деймін, омақаса құладым. Әлдеқайдан Бақыт пен Ұлпанның 
«әжелеп» жылаған даусы шыңылдар құлағымды жарып барады. Жардан 
зымырап бара жатқанда, тұла бойым түршігіп шошып, оянып кеттім. Күн 
ызғырық еді... Сол жерде-ақ осы аурудың жабысқанын сездім» (198-бет). 
Сауатсыздығынан өз бақытын басынан теуіп, бейшара болған әйелдің түсі - 
төрт ай болған тозақтағы өмірінің өзегі, сондағы өз от басына, балаларына 
деген сағынышының сәулесі-тін.
Осы түс әлдекімнің азғырғанына нанып, өз бақытынан, сүйікті 
балаларынан ажыраған азған әйел ажалының ауыр үкімін де жеткізіп отыр. 
Сарымсақ пен балалары кешкенмен, еңгезердей қара кісі брлып енген 
символдық кейіпкер - Ары кешпейді. Кешпек түгілі өз үкімін осы түсте айтып, 
балаларына да жеткізбей, күнәсіз періштелерді харам қолмен құшуға да 
жеткіздірмей жарға жыға салды емес пе? Кейіпкердің өз сөзімен баяндалған түс 
тұспалмен жеткізіліп отыр. Кәрі шеше де өз түсіп жорып жатпайды, ол туралы 
ләм-мим деп те айтпайды. Автор да солай. Бәрі өз-өзінен түсінікті, түс көру 
тәсілі тек мазмұнымен ғана емес, ондағы психологиялық көріністің сол 
қалпында өңге айналуымен де өзінің символдық әрі мифологиялық төл міндетін 
мінсіз атқарып тұр.
Бейімбет Майлиннің «Қыдыр түнгі» керемет атты шығармасы юмор мен 
сатираға құрылған. Қаламгер мұнда түс көру тәсілі арқылы кеңес заманындағы 
арамза молдалардың сәуегейлік әрекеттерінің тамырына балта шауып, олардың 
шын бет-пердесін ашуға тырысқан. Ол үшін автор түс көру тәсілін ең өткір 
сатира құралы ретінде пайдаланады. Комсомолдар келгелі қуғындалып, 
бұрынғы бар бедел-абыройдан айрылған Байқан молда қыдыр түні «ізім 
ағызам» дұғасын оқып отырып қалғып кетеді де, түс көреді. Бірақ, бұл өзгеше 
түс, не түс емес, не өң емес, осы екі арадағы естің кіресілі-шығасылы шағында 
көрінген қиял-ғажайып кереметтер мифологиялық сарында жазылған. 
Адамның күндізгі қиялының жемісі екендігін дәлелдейтін түс көру тәсілі 
бүтіндей диалогқа құрылған. Оның өзі екі бөлімге құрылып, бірінің-бірі 


71 
жалғасы болып, мазмұны жағынан да, сюжеттік композициясы жағынан да 
бірін-бірі толықтырып әңгімені ажарландыра түседі. Түс - шығармада оқиған 
мен кейіпкердің даму сатысын бейнелеу үшін қолданылған. Байқан молданың 
қол жетпес армандары, арамза ойлары, қатпары мен қалтарысы мол қиялы да 
түс арқылы көрінеді. Әсіресе, Байқан молданың Алла-Тағалаға жасаған өтініші 
тіпті күлкілі. Ащы ажуа да, өткір сын да, еріксіз езу тартқызар сайқымазақ 
күлкі де осы түс көру тәсіліне жүктелген. Үзіндіге назар аударалық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет