Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет20/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
dis

Проблемалық лекция сабағының үлігісі
Дәріс тақырыбы: О. Бөкей повестеріндегі аңыздық-мифтік желінің 
көркемдік қызметі
Сабақтың мақсаты:
І Оралхан Бөкей шығармашылығымен таныстырып, «Атау кере», 
«Мұзтау», «Қар қызы» повестері туралы мағлұмат беру; 
II Жазушы повесінің негізгі идеясы мен көркемдік ерекшелігін талдай 
отырып, қаламгердің өзіндік шеберлігін таныту;
ІІ. Орaлхaн Бөкей повестерін оқи отырып, ондaғы мифтердің көрініс 
тaбaтын тұстaрын сaрaлaу; 
ІІІ. Aтaлғaн үш шығaрмaның бір-бірімен бaйлaнысын тaлдaй отырып, 
мифтік желілердің философиялық қызметін миф пен аңыздың қызметтері мен 
ерекшеліктерін aнықтaу. 
Проблемалық дәрістің міндеті – дәріс тақырыбы проблемалық жағдаят 
ретінде ұсынылып, студенттер мен оқытушы ынтымақтастық және 
эвристикалық диалог әдістерін қолданады, біріге отырып, зерттеу әрекетін 


113 
оймен модельдейді. Бұл дәрісті өткізуге оқытушының терең дайындықпен келуі 
тиіс екені белгілі. 
Дәрісті ұйымдастырудың формалары: топтық, ұжымдық, индивидуалды 
форма
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, портрет, слайд, О.Бөкей том 
жинақтары. Тірек – сызбалар.
Топқа болу. Топтағы студенттердің санына сайкес, шағын үш топқа бөлу. 
ЖИГСО стратегиясы бойынша тапсырма орындалады. Сабақ соңында «Сұрақ 
қою, қайтадан сұрақ қою» әдісі қолданылады. ЖИГСО әдісі деген не? Аз-кем 
мәлімет беру 
Сабақ барысы: 
І Қызығушылық ояту
- Оралхан Бөкей шығармашылығы туралы не білесіздер?
- Мектепте немесе төменгі курстарда оның қандай шығармаларын 
оқыдыңыздар? 
- Жазушы шығармалары сіздерге ұнай ма, ұнаса, неге ұнайды?
II Қарастырылатын сұрақтар: 
Проблемалық сұрақтар арқылы шығарманың көтерген мәселесін айқындау: 
«Қар қызы» повесі бойынша: 
- Автор неліктен шығармасында Нұржан, Бақытжан, Аманжан сияқты 
кейіпкерлерін әкесіз өскен балалар ретінде бейнелейді?
- Шығармада Қонқай шал неліктен өзінің қылықтары, қылмыстары үшін 
жазаланбайтынына сенімді? 
- Упрай бөлімше басқарушысы қыстың ортасында, қақаған аязда жас 
механизаторларды неліктен ит өлген жерге – Айыртауға шөп әкелуге жіберді? 
- Бөлімше басқарушысы неліктен мал азығын табудың басқа амалын 
таппады?
«Атау-кере» повесі бойынша:
- «Атау кере» сөзінің мағынасы? 
- Шығармада қазақ тарихында болған қандай зұлмат суреттеледі? 
- «Атау кере» хикаятының ең негізгі көтерген тақырыбы, авторлық идея? 
«Сайтан көпір» повесі бойынша:
- Повестегі кейіпкерлер жүйесі? 
- Cайтан көпір хикаясы суреттелген оқиға қай жерде болған? 
- Бас кейіпкер Аспанға деген ауыл халқының көзқарасы? 
III «Проблеманы айқындау» кезеңі 
IV Ой қорыту 
«Проблема шешімін қолдану» кезеңі аталған лекция бойынша меңгерген 
білімдерін қолдану және сын тұрғысынан ойлауға арналған, коммуникация 
және рефлексияға арналған тапсырмалар арқылы бекітіп, студенттерді 
шығармашылық тұрғыдан жұмыстандыруға бағытттауға болады. 
Конференция-дәрістің міндеті – студенттерге алдын ала тақырып беріледі, 
пайдаланылатын әдебиеттер мен қосымша ғылыми ақпараттар алуға болатын 


114 
ресурстар көзі ұсынылады. Дәріс кішігірім конференция түрінде, студенттердің 
баяндама оқуымен өткізіледі.
Арнайы курстың теориялық тақырыптарын дәрістерден бөлек семинар, 
СӨЖ, СОӨЖ сабақтар түрінде меңгертудің де маңызы жоғары. Жоғары 
мектепте интерактивті оқыту әдістерін пайдалана отырып, студенттермен 
жүргізілетін аудиториялық дәріс, семинар, практикалық сабақтар, сондай-ақ 
студенттердің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы, студенттің өзіндік 
жұмыстарында интерактивті әдістерді қолдану күрделі оқу материалын 
нәтижелі 
меңгерумен 
қатар, 
студенттердің 
таңдаған 
мамандығына 
сүйіспеншілігін және жауапкершілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұны 
семинар 
сабақтарындағы 
топтық 
шығармашылық 
тапсырмалардың 
орындалуынан көреміз. 
Семинар сабақтарында белгілі бір жеке ғалымның басшылығымен 
студенттердің теориялық курс пен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін 
меңгеруін сипаттайды. Семинар сабақтары жоғары мектеп алдындағы 
міндеттердің өзгеріп отыруына орай үнемі жетілдіріліп отыратыны анық. 
Қазіргі кездері семинар сабақтары, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлық, 
педагогикалық және техникалық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың формасы 
болып табылады. Ол студенттерде ойлай білу мәдениетін дамытудың құралы 
болып саналады. Әрине, семинар сабақтарының жоғары оқу орындарында 
алатын орны мен ерекше функциялары, яғни студенттің әрдайым және үздіксіз 
ойланып-толғану күйінде болуына, ізденуге, зейінін шоғырландыруға негіз 
болатыны бұрыннан белгілі. 
Арнайы курс бағдарламасын жүзеге асыру барысында семинарлардың 
дәрістің тақырыбымен тікелей байланысты түрін де, қосымша тақырып ретінде 
өткізілетін түрін де, практикалық семинар түрін де қолдану көзделді. Дәстүрлі 
семинар сабақтарын өткізуде оқытушы – дидактикалық процестің актив 
субъектісі болатын да, студент – оқулықтан, басқа білім көздерінен 
ақпараттарды жинақтап, біріктіріп, нәтижесін баяндап беретін ғана пассив 
субъект болып келді. Қазіргі кезеңде семинар өткізудің түрлері молайып, 
ақпараттық-коммуникациялық технологияның көмегіне жүгіне отырып, 
қызықты етіп өткізу мүмкіндіктерінің өрісі кеңейді. Жаңа педагогикалық 
технология жүйесінде семинарлардың жаттықтырушы, инновациялық, 
студенттің белсенділігін қажет ететін түрлері туралы айтылды.
Мәселен студенттердің өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу үрдісі екі 
жақты болғандықтан СОӨЖ оқытушының басшылығымен, сонымен қатар 
студенттерді дербестігін, олардың қызығып, өз ықыласымен жасайтын 
әрекетінен тұрады.
СӨЖ-ын және СОӨЖ ұйымдастырудың мақсаты: 
Оқытушы мен студенттің өзара бірлескен жұмысы (СОӨЖ) студентттердің 
пәнді жүйелі меңгеруіне, білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға, дәріс және 
семинар сабақтарында алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен 
тұжырымдар жасауға және оларды практикада қолдануға үйретеді. 
Студенттердің объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуін қамтамасыз 


115 
ететін зерттеу тәсілдері мен іс-әрекеттердің жүйесі ретінде тақырыптың ішкі 
мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектердегі, 
оқулықтардағы тұжырымдар мен пікірлерді жүйелеуді, көзқарастардағы 
қайшылықтар мен айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді. 
Студенттің өзіндік жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім 
қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби 
міндеттерді шығармашылық тұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды 
мақсат етеді. Силлабуста ұсынылып отырған СӨЖ түрлері осы мақсаттарды 
ескере отырып құрылды. Студенттердің өзіндік жұмыстары зерттеу, ізденіс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет