Өнімнің экономикалық өмірлік циклінде шығындарды анықтау маңызды жəне күрделі мəселе болып табылады, оны шешу өнімнің экономикалық бəсекеге қабілетті болуына мүм- кіндік береді. Бұл мəселенің күрделілігі шығындардың қалыпта- суына əсер ететін факторлардың көп болғанымен байланысты.
Солардың ішіндегі негізгілері өнімнің күрделілігі, сапаға қойыл- ған талаптар, өнімді өндіру сипаты, тасымалдау, эксплуатация- лау жəне жою (утилизация) шарттары болып табылады.
Шығындардың жалпы сомасына əсер ететін факторлардың өте көптігі өмірлік циклдің əртүрлі кезеңдерінде шығындарды есептеу тəсілдерінің, сондай-ақ шығындардың жеке элементте- рін анықтау əдістерінің көптігіне əкеледі.
Шығындардың жеке элементтерін есептеу əдістерінің бар- лық жиынтығын төрт топқа біріктіруге болады.
Эвристикалық əдістер. Олар маман-эксперттердің пікірін қолдануға негізделген жəне құрамына келесілер кіреді: эксперт- тік бағалау əдісі (салмақтық сипаттамаларды белгілеу, тізбекті салыстыру, екіден жұптап өлшеу), модельдеу əдісі, қалаулар əді- сі, басымдықтарды белгілеу əдісі, балдық əдіс.
Математика-статистикалық əдістер. Олардың негізін өнімнің жəне оның құрамдас бөліктерінің нақты статистикалық мəліметтеріне негізделген шығындар мен техникалық (сапалық жəне сандық) көрсеткіштерінің арасында бір жəне көпфакторлы байланыстыларын модельдеу. Ең кең таралған корреляциялық модельдеу, үлестік көрсеткіштер, түзетуші коэффициенттер, эле- менттік-коэффициенттер, бөлшектік өндірістік шығындарды баға- лау, қысқартылған калькуляциялау əдістері болып табылады.
Жүйелік əдістер. Олардың мəні типтік немесе ұқсас өнім- дер үшін бекітілген нормативті-есептік көрсеткіштерге жобала- натын көрсеткіштерді интеграциялық жақындату негізінде шы- ғындар мен техника-экономикалық көрсеткіштерінің байланы- сын модельдеу. Шын мəнінде, бұл бір-бірімен тығыз байланыс- та болмайтын факторлардың əсерін ескеретін көп факторлы мо- дельдер. Бұл топқа иммитациялық модельдеу, мөлшерлік коэф- фициенттер жəне т.б. əдістері жатады.
Техникалық нормалау, есептік-талдау жəне калькуляция- лау əдістері. Олар шикізат пен материалдар, сатып алынатын құ- рамдас бөлшектер, жартылай фабрикаттар жəне тағы да басқа өнімнің материалдық элементтерінің құрамдас бөлігі, еңбек сы- йымдылығының нормалары мен нормативтері, энергия сыйым- дылығы жəне тағы да басқа шығындары бойынша бөлшектік (операциялар бойынша) нормалар мен нормативтерді есептеуге негізделген.
Шығындарды нормалау өнімнің жəне құрамдас бөліктерінің мөлшерлік, салмақтық жəне сапалық сипаттамаларына сəйкес жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда өнімді өндіру технология- сы, сонымен қатар, тасымалдау, эксплуатация мен қызмет көр- сету, утилизация шарттары ескеріледі.
Ресурстар шығынын мүмкіндігінше дəлірек есептеуге қол- данылатын нормалар мен нормативтер əртүрлі болады. Олардың ішіне кіретіндер:
əртүрлі өндірістік жұмыстардың шығындары бойынша типтік нормалар мен нормативтер;
бөлшектер мен операциялардың жəне типтік технология- лық үдерістердің іріктелген нормалары мен нормативтері;
өнімнің салмақты, сапалық жəне мөлшерлік параметрлері мен уақыт шығындары арасындағы өзара математикалық бай- ланыстар;
регламентті-есептік жəне жоспарланған басқару жұмыста- ры мен рəсімдердің жекелеген өтпелілері, амалдары мен қоз- ғалысы;
қызмет көрсету жəне тұтыну нормалары мен нормативтері;
басқарылу нормалары;
технологиялық үдерістердің қалыпты жүру шарттарын сақтау жəне қамтамасыз ету бойынша кешенді нормалар мен нормативтер жəне т.б.
Шығындарды есептеу əдістерін қолдану шеңбері олар арқы- лы қол жеткізілетін дəлдік деңгейімен шектеледі: егер ҒЗТКЖ кезеңінде 1- жəне 2-топ əдістері қолданылатын болса, ал өнді- рістік кезеңде есептің дəлдік деңгейіне жоғары қатаң шарттар болуына байланысты 3- жəне 4-топ əдістері қолданылады.
Қалыптасқан ереже бойынша, өнімді өндіру жəне сату көле- мі көп болған сайын жұмыс уақытының шығыны өте мұқият нормалануы тиіс, сондай-ақ нормативтер (өтпелілер, операция- лар, бөлшектер, технологиялық үдеріс жəне т.б. бойынша) диф- ференцияланған болу керек.
Жұмыс уақытының нақты шығындары нормативтік шығын- дарға қарағанда аз ғана өсуі еңбекақы қорының едəуір өсуіне, өнімнің өзіндік құнының жоғарылауына жəне рентабельділігінің төмендеуіне алып келеді. Жаппай, ірі сериялы жəне сериялы өн- дірісте өнімді өндіру кезінде еңбекті техникалық нормалау əдіс- тері қолданылады.
Еңбекті техникалық нормалау əдісін қолдану кемшілігі ең- бек сыйымдылық пен уақыт нормасын есептеу ұзақтығы болып табылады. Сондықтан бірлік жəне аз сериялы өндірісте бір рет- тік тапсырыстарды орындау кезінде еңбекті техникалық норма- лау жиі тиімсіз болады: жұмыстарды нормалау жəне олардың орындалған нақты шарттарын ескеріп түзетулер жасау кезінде тапсырысты орындау уақыты аяқталып кетуі мүмкін. Əдетінше, бірлік жəне аз сериялы өндірісте уақыттың тəжірибелік-статис- тикалық нормалау əдісі қолданылады. Нормалауды жеделдету жəне оның еңбек сыйымдылығын азайту үшін жеке бөлшектер, түйіндер жəне өнімге іріктелген уақыт нормасы қолданылады. Мұндай нормалардың дəлдігі техникалық негізделген нормалар- ға қарағанда төмен, бірақ олар көп нақты факторлар мен шарт- тарды ескеру тиіс.
Тəжірибелік-статистикалық уақыт нормалардың дəлдігі жа- саушының біліктілігі мен тəжірибесіне байланысты. Ол нақты өндірістің техникасын, технологиясын жəне ұйымдастыруын жақсы білу керек.
Есептелген уақыт нормаларының сапалық көрсеткіші олар- ды тəжірибеде ұстану болып табылады. Өте қатаң уақыт норма- сын бекіту еңбек интенсивтілігінің жоғарылауына қарағанда, өнімді өндіру барысында технологияның бұзылуына жəне ақау- ларға, кадрлар ағымына жəне басқа келеңсіз жағдайларға əкеле- ді. Басқа жағынан, қатаң шектелмеген нормалар еңбек тəртібінің төмендеу, жұмыс уақытын жəне өнімді өндіру шығындарын тө- мендету резервтерін тиімді пайдаланбау себептері болып табы- лады. Кез келген жағдайда бекітілген жұмыс уақыт нормаларын ұстану əрдайым бақылауда болуы тиіс жəне жиі талдауға алыну керек.
Еңбекті сапалы нормалауға қажеттілігі өседі, егер эконо- микалық элементтер бойынша шығындар сметасында еңбекақы шығындарының үлес салмағы едəуір көп болса, əсіресе 50 % жоғары болса. Мұндай жағдай жөндеу жұмыстарында, қызмет көрсетуде, сервис саласында жəне т.б. орын алады.
Шығындар есебі өнім партиясына (келісілген жеткізу саны) іріктелген əдіспен жүргізілетін өнімді сату кезеңінде 2- жəне 3-топ əдістері қолданылады.
Өнімді эксплуатациялау (тұтыну) кезінде шығындарды есептеуі сенімділік, жөндеуге жарамдылық, сақталуы сияқты көрсеткіштердің жоғары белгісіздігіне байланысты қиын соға- ды. Əдетінше, іріктелген түрде 4-топтағы əдістер арқылы есеп- телетін тікелей эксплуатациялық шығындарды есептеу қиын. Уақыт бірлігінде энергияны тұтыну нормасы бойынша норма- тивті-анықтамалық материалдары, өнімнің эксплуатациялық си- паттамаларын қалпына келтіру жəне сақтау бойынша жұмыстар- ды орындау жəне қызмет көрсету шығындарының іріктелген нормасы, жөндеуге кететін шығындардың нормативтері кең қол- данылады.
Утилизация бойынша шығындарды анықтау мəселесі аз зерттелген. Утилизация кезеңінде дəл нормалау əдістері қолда- нылмайды, шығындарды іріктелген əдіс арқылы есептеумен шектеледі.
Өнімнің экономикалық өмірлік циклінің барлық кезеңдерін- де шығындарды есептеу жəне нормалау шығындарды басқару, оларды тұрақтандыру жəне төмендету үшін қажет. Есептеу жəне нормалау болмаған жағдайда шығындар құбылмалы сипатта болады, басқаруға келмейді жəне өсу тенденциясына ие болады, ал бұл өз кезегімен өнімнің бəсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Нормативтік база шығындарды болжау жəне жоспарлау, өн- дірістік үдерістерді ұйымдастыру жəне реттеу, еңбекақы жəне ынталандыру, шығындарды есепке алу жəне талдау барысында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |