11.1-сурет. Шығынсыздық графигі
Шығынсыздық нүктесін графикалық есептеу келесі саты- лардан тұрады:
тұрақты шығындар сызығы кəсіпорынның осындай шы- ғындары деңгейінде көлденең сызықты білдіреді;
өнімді сатудан түскен түсім сызығы кəсіпорынның өнім бірлігі бағасы мен сатылым көлемі туралы мəліметтер негізінде сызылады;
жалпы шығындар сызығы өнім бірлігіне кеткен айны- малы шығындар, оның саны мен тұрақты шығындар туралы мə- ліметтер негізінде жүргізіледі. Мұнда, ең алдымен, айнымалы шығындар сызығын сызып, кейіннен оны тұрақты шығындар деңгейіне көтеруге болады;
түсім мен жалпы шығындар сызықтары қиылысқан нүк- теге өнімді сату көлемі мен түсімнің сыни (табалдырық) мөл- шерлері сəйкес келеді. Сыни сатылым көлемінің оң жағында пайда аймағы, ал сол жағында шығын аймағы орналасқан.
11.1-суретте көріп отырғанымыздай, өндіріс көлемінің өсуі- мен бірге пайда аймағы кеңейеді жəне өндірістік қуаттар макси- малды жүктелген кезінде өндіріс ең тиімді болады.
Шығынсыздық нүктесін анықтаудың математикалық тəсілі. Шығынсыз (сыни) өндіріс немесе сату көлемі келесі теңдеумен есептеледі:
P * Q = FC + АVC * Q ,
мұндағы P (price) – өнім бірлігінің бағасы;
Q – өндірілген (сатылған) өнімдердің бірлік саны;
FC (fixedcost) – жалпы тұрақты шығындар;
АVC (аverаge vаriаble cost) – өнім бірлігіне кеткен айныма- лы шығындар.
Шығынсыз өндіріс көлемін бірнеше тəсілдермен есептеуге болады:
Заттай өлшем бірліктерімен алғанда өнімнің сыни өнді- ріс/сату көлемі:
а) бір ғана өнім түрін өндірген кезде:
BEPзат = FC / (P – АVC) = FC * Q / (TP – VC) ,
мұндағы TR (totаlrevnue) – түсім (табыс);
VC (vаriаblecost) – жалпы айнымалы шығындар; б) бірнеше өнім түрін өндірген кезде:
BEPзат = FC / ((P1 – АVC1) * d1 + (P2 – АVC2) * d2 +…+(Pn – АVCn) * dn,
мұндағы di – барлық өнім түрін сатудан түскен түсімдегі
i-тауарын сатудан түскен түсімнің үлесі, i = 1,2,…..n.
Ақша өлшем бірліктерімен алғанда сыни өндіріс/сату кө- лемі:
а) бір ғана өнім түрін өндірген кезде:
BEPа = BEPзат * P;
б) бірнеше өнім түрін өндірген кезде:
BEPа = BEPзат * d1 * P1 + BEPзат * d2 * P2 +…+ BEPзат * dn * Pn,
мұндағы Pi – i-тауарының бағасы, i = 1,2,…..n.
Өнімнің сыни өндіру / сату көлемі маржиналдық табысты (MR –mаrginаlrevenue) арқылы есептеуге болады. Ол айнымалы шығындарды қаржыландырудан қалған жəне кейіннен тұрақты шығындарды жауып пайда алу үшін қолданылатын түсім бөлігін сипаттайды.
Маржиналдық табыс айнымалы шығындар мен түсім ара- сындағы айырмашылық ретінде анықталады:
MR = TR – VC.
Өнім бірлігіне келетін маржиналдық табысты бағамен өнім бірлігінің айнымалы шығындары арасындағы айырмашылық ре- тінде есептеуге болады:
АMR = MR / Q = P – АVC.
Маржиналдық табыс коэффициенті КMR – бұл кəсіпорын тү- сіміндегі маржиналдық табыстың үлесі. Ол түсімнің əрбір қо- сымша теңгесі қанша тиын пайда алып келетінін көрсетеді.
КMR = MR / TR = АMR / P.
Сонда ақшамен өлшенген шығынсыздық нүктесін анықтау үшін келесі формуланы қолдануға болады:
BEPа = FC / КMR.
Осы кезде есептік қорытынды бойынша пайда нөлге тең болатындай сыни түсім сомасы табылады.
Формула бойынша есептеулерді автоматтандыру үшін элек- трондық кесте бағдарламасын қолдану өте ыңғайлы. Бұл мақсат- тар үшін Excel сай келеді.
Шығынсыздық нүктесін есептеу формуласы барлық кəсіп- орындар үшін бірдей болатындығына қарамастан, əртүрлі сала- лар бойынша оны есептеудің өзіндік ерекшеліктері болады. Оларды нақты мысалдарда қарастырсақ.
Біртекті өнім өндіруге бағытталған өндірістік кəсіпорындар- да шығынсыздық нүктесін заттай өлшеммен де жəне ақшалай өлшеммен де есептеуге мүмкіндігі болады. Мысалы, 11.1-кесте- ге сəйкес ВЕР-ті есептеу үшін кəсіпорынның сату көлемі, өнімді сату бағасы, айнымалы жəне тұрақты шығындар туралы мəлі- меттерін қолданамыз.
11.1-кестеден көріп отырғанымыздай, осы өндірістік кəсіп- орын 35000 дана немесе 28000 теңге сатылым көлемінен бастап пайда алуы мүмкін.
Сонымен бірге сауда кəсіпорындары əртүрлі бағасы бола- тын кең ассортиментті өніммен сипатталады, сол себепті əр та- уар түрі үшін сыни көлемді есептеу физикалық тұрғысынан мүмкін емес. Сауда кəсіпорындары үшін жалпы ВЕР-ті есептеу орынды болып табылады. Ол үшін, мысалы, кəсіпорынның тек қана сатудан түскен түсімін жəне жалпы шығындардың айны- малы жəне тұрақтыға шартты түрде бөлінуін қолданамыз (11.2-кесте).
Егер сауда кəсіпорны 5 510 мың теңге сомасынан жоғары тауар сататын болса, онда ол пайда көреді, керісінше түсім бұл көрсеткіштен төмен болса, сауда нүктесі шығынға ұшырайды. Осындай жағдайда түсімнің əрбір қосымша теңгесі 40 тиын пайда алып келеді.
11.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |