Өндірістік кəсіпорын үшін өнімнің сыни өндіріс/сатылым көлемін есептеу
|
Көрсеткіштер
|
Есептеу тəсілі
|
Сома,
мың теңге
|
1
|
Сату көлемі, дана
|
|
100000
|
2
|
Сату бағасы (P), мың теңге
|
|
0,8
|
3
|
Сатудан түскен түсімдер (TR),
мың теңге
|
TR = P * Q
|
80000
|
4
|
Айнымалы шығындар (VC), мың теңге
|
|
50000
|
5
|
Өнім бірлігіне кеткен айнымалы
шығындар (АVC), мың теңге
|
АVC = VC / Q
|
0,5
|
6
|
Маржиналдық табыс (MR), мың теңге
|
MR = TR – VC
|
30000
|
7
|
Тұрақты шығындар (FC), мың теңге
|
|
10500
|
8
|
Пайда, мың теңге
|
MR –FC
|
19500
|
9
|
Натуралдық өлшемдегі шығынсыздық
нүктесі, дана
|
BEPа = FC / КMR
|
35000
|
10
|
Ақша өлшемдегі шығынсыздық
нүктесі, мың теңге
|
BEPа = BEPзат * P
|
28000
|
11.2-кесте
Сауда кəсіпорын үшін өнімнің сыни өндіріс/сатылым көлемін есептеу
|
Көрсеткіштер
|
Есептеу тəсілі
|
Сома,
мың теңге
|
1
|
Сатудан түскен түсімдер (TR), мың теңге
|
|
6530
|
2
|
Айнымалы шығындар (VC), мың теңге
|
|
3918
|
3
|
Маржиналдық табыс (MR), мың теңге
|
MR = TR – VC
|
2612
|
4
|
Тұрақты шығындар (FC), мың теңге
|
|
2204
|
5
|
Пайда, мың теңге
|
MR – FC
|
408
|
6
|
Маржиналдық табыс коэффициенті
|
КMR = MR / TR
|
0,4
|
7
|
Шығынсыздық нүктесі BEPа, мың теңге
|
BEPа = FC / KMR
|
5510
|
Өндірістің шығынсыздық нүктесін (немесе табыстылық ше- гін) есептеумен бірге кəсіпорынның «қаржылық тұрақтылық қо- ры» анықталады. Бұл көрсеткіш түсім жəне табыстылық шегі арасындағы айырмашылық болып табылады.
Мысалы, жоғарыда көрсетілген бірінші мысалда, өндірістік кəсіпорын үшін «қаржылық тұрақтылық қоры» 80 000 мың теңге
28 000 мың теңге = 62 000 мың теңгені құрайды. Бұл көрсет- кішті сатудан түскен түсімге пайызбен де көрсетуге болады. Біз- дің мысалда ол 77,5 %-ке (62000/80000) тең.
Қаржылық тұрақтылық қоры көрсеткіші экономистер мен менеджерлерге кəсіпорынның қаржылық жағдайына қаупі кел- тірмей қаншалықты деңгейде сатудан түскен түсімді төмендету- ге болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Есептеулер бойынша кəсіпорын 77,5 %-ке дейін түсімдердің төмендеуін ешқандай ауыртпалықсыз көтере алады.
Кəсіпорын үшін жағымды жағдай – «қаржылық тұрақтылық қоры» теріс болмауы, яғни өнім өзіндік құннан төмен бағамен сатылмауы қажет. Көрсеткіштің теріс мəнінде (түсім табысты- лық шегінен төмен болған жағдайда), кəсіпорынның қаржылық жағдайы төмендейді жəне өтімді қаражат тапшылығы пайда болады.
Операциялық тұтқаның мəні
Операциялық тұтқа (өндірістік тұтқа, өндірістік леверидж) – бұл өнімді (жұмыс, қызмет көрсету) сату көлемінің өзгеруіне байланысты кəсіпорынның пайдасын басқару механизмі. Осы көрсеткіш кəсіпорынның жалпы шығындар құрылымда тұрақты шығындардың үлесін сипаттайды.
Операциялық тұтқа əсері кез келген сатудан түскен түсім өзгерісі əрқашанда пайданың қатты өзгерісін тудыруынан көрі- неді.
Мысал. Кəсіпорында бірінші жылы айнымалы шығындар 26 600 мың теңгені жəне тұрақты шығындар 7 500 мың теңгені (толық шығын сомасы – 34 100 мың теңге) құрайтын жағдайда сатудан түскен түсім 35 000 мың теңге болды. Пайда 900 мың теңгеге тең.
Келесі жылы сатудан түскен түсім 38 150 мың тенгеге (+9,0 %) дейін өседі деп болжамдайық. Мұнда айнымалы шы- ғындар да сол 9,0 %-ке өседі, яғни 26600 + 9,0 % * 26600 =
= 28 994 мың теңге құрайды. Тұрақты шығындар өзгеріссіз қа- лады (7 500 мың теңге). Жалпы шығындар 36494 (28994+7500) мың теңге, пайда 1 656 мың теңгеге тең болады, яғни алдыңғы жыл- мен салыстырғанда 84 %-ке жоғары.
Сонымен, алдыңғы жылмен салыстырғанда сатудан түскен түсім 9 %-ке көтерілсе, пайда 84 %-ке дейін өсті.
Тəжірибеде операциялық тұтқаның əсер ету күшін анықтау үшін маржиналдық табыстың пайдаға қатынасы қолданылады. Маржиналдық табыс сатудан түскен түсім мен айнымалы шы- ғын арасындағы айырмашылық болып табылады. Маржиналдық табыс тек қана тұрақты шығындарды ғана жабуға емес, сонымен қатар пайданы қалыптастыруға да жеткілікті болғаны дұрыс.
Операциялық тұтқаның əсер ету күші = маржиналдық табыс / пайда = (сатудан түскен түсім – айнымалы шығындар) / пайда,
немесе
Операциялық рычагтың əсер ету күші = ((сату бағасы – өнім бірлігіне кеткен айнымалы шығындар) * өнім бірлігінің саны) / ((сату бағасы – өнім бірлігіне кеткен айнымалы шығындар) * өнім бірлігінің саны – жалпы тұрақты шығындар).
Көрсетілген мысалда:
Операциялық тұтқаның əсер ету күші =
(35000 – 26600) / 900 = 9,33.
Бұл сатылымды 1 %-ке арттыру/қысқарту күтілген пайда сомасын 1 %-ке қарағанда 9,33 есе, яғни 9,33 %-ке өсуге/кемуге алып келетінін білдіреді. Сатудан түскен түсім мүмкін 3 %-ке дейін өседі деп айтсақ, пайда 3 % * 9,33 = 28,0 %-ке дейін өседі, сатудан түскен түсім 10 %-ке дейін төмендейтін болса, пайда 10 % * 9,33 = 93,3 %-ке дейін төмендейді. Жоғарыда келтірген мысалда 9 %-ке түсімнің көтерілуі пайданы 9,0 % * 9,33 = 84 %-ке өсірді.
Операциялық тұтқаның əсер етуі туралы тəжірибелік қоры- тынды: жоғары операциялық тұтқалар жалпы шығындар құры- лымында тұрақты шығындардың үлесі жоғары кəсіпорындарда болады. Операциялық тұтқаның төмен деңгейі тұрақты шы- ғындар үлесі төмен ұйымдарға тəн, яғни ұйымдағы жалпы шы- ғындардың құрамында айнымалы шығындардың жоғары үлес салмағы болады. Ереже бойынша, жоғары автоматтандырылған өндірісте объективті түрде амортизациялық аударымдардан тұрақты шығындардың жоғары сомалары пайда болады. Қол өн- дірісі төмен тұрақты шығындармен сипатталады.
Операциялық тұтқа деңгейі кəсіпкерлік тəуекел деңгейін анықтайды: операциялық тұтқа жоғары болған сайын, кəсіпкер- лік тəуекел де жоғары болады. Кəсіпкерлік тəуекел жоғары бол- ған сайын пайда түрінде жоғары кəсіпкерлік сыйақыны алу мүм- кіндігі де жоғарылайды. Сондықтан кəсіпорынның жалпы шы- ғындарындағы тұрақты шығындардың үлесі жоғары болған сайын пайданың сатудан түскен түсімге деген тəуелділігі де арта түседі.
Жоғары операциялық тұтқа деңгейі бар кəсіпорындарда пайда сатылым көлемінің өзгеруіне сезімтал келеді, нəтижесінде түсімнің шамалы азаюы кəсіпорынның жалпы пайданың жəне сатылымнан болған пайданың елеулі азаюына алып келуі мүм- кін.
Өндірістік тұтқа менеджерлерге шығындарды жəне пайданы басқару бойынша кəсіпорынның оңтайлы стратегиясын таңдауға көмектесетін көрсеткіш болып табылады. Өндірістік тұтқаның мөлшері баға мен сату көлемі, айнымалы жəне тұрақты шы- ғындардың, осы аталып кеткен факторлар комбинациясы əсері- мен өзгеруі мүмкін.
Нақты жағдайда өндірістік тұтқа механизмін қолдану үдері- сінде оның бірқатар ерекшеліктері бар екенін көрсетіп кеткен дұрыс. Олар:
өндірістік тұтқаның оң əсері кəсіпорын өзінің қызметінде шығынсыздық нүктесінен өткеннен кейін ғана байқалады;
сатылым көлемі одан əрі өскен сайын, яғни шығынсыздық нүктесінен алыстаған сайын, өндірістік тұтқаның əсері төмендей бастайды. ВЕР-тің жанында өндірістік тұтқаның мөлшері макси- малды болады, өйткені бұл нүктеде жалпы шығындар сомасын- да тұрақты шығындардың үлесі елеулі. Өндіріс көлемі өскен сайын тұрақты шығындардың үлесі азаяды, сондықтан тұтқаның əсер ету күші де төмендейді;
өндірістік тұтқа механизмінде кері бағытта да бар: саты- лым көлемі кез келген сомаға төмендейтін болса, одан да көп сомаға кəсіпорынның пайдасы төмендейтін болады;
кəсіпорынның пайдасы мен өндірістік тұтқа арасында кері байланыс бар. Кəсіпорынның пайдасы жоғары болған сайын өн- дірістік тұтқаның əсері төмен болады жəне керісінше. Бұл өнді- рістік тұтқа өндірістік қызметті жүзеге асыру барысында пайда
деңгейі мен тəуекел деңгейі арасындағы өзара қатынасты теңес- тіруші құрал болып табылады деп қорытынды жасауға болады;
өндірістік тұтқа əсері тек қана қысқа мерзім уақыт аралы- ғында көрініс табады, өйткені кəсіпорынның тұрақты шығында- ры қысқа мерзім аралығында өзгеріссіз қалады. Сатылым көлемі өсу процесінде қалай тұрақты шығындар сомасының көтерілуі орын алады, солай кəсіпорынға жаңа шығынсыздық нүктесін өт- керу немесе өзінің өндірістік қызметін соған бейімдеу қажет. Басқа сөзбен айтатын болсақ, тұрақты шығындар өзгерген сайын, яғни жаңа қызмет шарттарында өндірістік тұтқа əсері жаңаша көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |