Құнанбаева Д.Ə


Тапсырыстың үнемді мөлшерін анықтау



бет42/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69
шб кытап ()

Тапсырыстың үнемді мөлшерін анықтау


Қорларды басқару жүйесінің мақсаты қажетті мөлшерде, белгіленген уақыт мерзімінде өнімді өндірудің үздіксіздігін қам- тамасыз ету, соның негізінде қорларды ұстау шығындарын ми-


нималдау арқылы шығарылған өнімді толық сату. ТМҚ тиімді басқару келесілерге мүмкіншілік береді:

  • материалдар тапшылықтан болатын өндірістік жоғалту- ларды азайту;

  • бұл айналым қаражаттарының айналысын жеделдету;

  • операциялардың құнын көбейтетін жəне ақша қаражаттарын

«қатыратын» ТМҚ артықтарын минимумға келтіру;

  • тауарлардың ескіру жəне бұзылу тəуекелдерін төмендету;

  • ТМҚ сақтау шығындарын төмендету.

АВС əдісіне сəйкес шикізат пен материалдық қорлар олар- дың жалпы салмағына қатысты жеке түрлерінің маңыздылық деңгейі бойынша үш категорияға бөлінеді.

  1. А санатына тұрақты жəне мұқият (мүмкін, күнде-күнде) есепті жəне бақылауды қажет ететін өте бағалы ресурс түрлері- нің шектеулі саны кіреді. Бұл ресурстар үшін тапсырыстың оңтайлы көлемін есептеу міндетті.

  2. В санаты кəсіпорын үшін маңызы төмен жəне айлық тү- гендеу кезінде бағаланатын жəне тексерілетін ТМҚ-ның үш тү- рінен құралады. А санаттағы сияқты бұл санаттағы ТМҚ үшін тапсырыстың оңтайлы көлемін анықтау əдістемесі лайық.

  3. С санатына əдетте көп көлемде сатып алынатын ТМҚ- ның қалған аз құнды түрлерінің кең ассортименті кіреді.

АВС əдісі бойынша жіктеу ТМҚ-ның (А жəне В санат- тары) ең маңызды түрлерін бақылауға, осылайша уақыт, ре- сурстарды үнемдеуге жəне басқару тиімділігін арттыруға мүм- кіндік береді.
А санатына түскен ТМҚ үшін өндіріс жоспарына негізделе отырып тапсырыстың ең үнемді көлемін (Q*) анықтау маңызды. Ең үнемді тапсырыс көлемі басқарудың əртүрлі жүйесінде тап- сырыс көлемін анықтау бағдары ретінде болатындай, қорлардың максималды қалаулы көлемі, яғни оңтайлы деңгейі болады. Мысалы, тапсырыстың оңтайлы көлемі сақталатын қорлар көле- мі немесе жасалған тапсырыс саны əсер ететін шығындармен анықталады.
Егер бірліктер саны көп болса, онда жыл бойы аз тапсырыс беру керек, яғни жасалатын тапсырыс құны азаяды. Бірақ егер аз тапсырыс жасалса, үлкен орташа тапсырыс болу керек, ал ол өз кезегінде МӨҚ сақтау құнының өсуіне əкеледі. Мəселе – көп
санды тапсырыстарды орындау құнымен салыстырғанда көп қорларды сақтау құнын төмендетуде. Оңтайлы тапсырыс көлемі

  • тапсырыстардың барлық көлемінің құны мен оларды сақтау құны минималды болатын тапсырыс саны. Бұл оңтайлы тапсы- рыс көлемі үнемді мөлшер ретіне белгілі.

Есептеуде пайдаланылатын көрсеткіштердің белгілеулері:

    • О – бір тапсырысты орындау құны (тапсырысты орналасты- ру, тауарды алу, тасымалдау жəне тексеру шығындары);

    • С – біршама уақыт аралығындағы қор бірлігін ұстауға ке- тетін шығындар (сақтау, тасымалдау, сақтандыру);

    • S – берілген ТМҚ түрінің сол кезеңдегі шығындар көлемі. О, С жəне S тұрақты шамалар деп ұйғарайық. Сонымен қа-

тар уақыт аралығында қорлар шығындары тұрақты деп алатын болсақ, онда

Қорлардың орташа көлемі = Q / 2 бірлік,


мұндағы Q – тапсырыс берілген запастар көлемі (бірлікпен өл- шенеді), қарастырылатын уақыт аралығында өзгермейді деп ұйғарылады.


Берілген əдіс тапсырысты орындау жəне сақтау жиынтық шығындарын минималдау шартымен негізделген.
Тапсырыстардың оңтайлы көлемі келесі формуламен анық- талады:


Q*=
Резервтік қорлар көлеміне келесі факторлар əсер етеді.

  1. Сұраныста белгісіздік жəне болжанбаған шығындар сату болжамы болашақ сұраныстың қызмет ету циклінде тек мүмкін бағалауын көрсетеді, кейде жақсы болжам нақты сұраныстан жиі ауытқиды. Нақты сұраныс күтілетін сұраныстан асып кеткен жағдайда қорлардың болуы мүмкін жетіспеушілігінен қорғану үшін ағымдағы қорларға сақтандыру қорларды қосады. Сұра- ныстың белгісіздік жағдайында қорлардың орташа мөлшері тап- сырыс мөлшерінің жартысы мен сақтандыру қорлардың қосын- ды сомасына тең. Белгісіздік жағдайы жиі болжанбаған шығын- дарға ұшыратады.

  2. Тапсырысты орындау мерзімінің белгісіздігі – тапсырыс- ты орындау мерзіміне сенбеушілік материалды ресурстарды қысқарту, оларды уақытылы жеткізу мəселелерінің пайда бо- луымен, қайтадан болжанбаған жағдайлармен байланысты бо- луы мүмкін.

  3. Қорларды ұстау шығындары қойма ғимараттарын жұмыс қалпында ұстаумен, қойма жұмысшыларының еңбекақысымен, инвентарларды сатып алу шығындарымен, жүктерді ішкі зауыт- тық тасымалдау, жарық пен жылу беру, тазалау, күзету жəне т.б. байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет