Объект бойынша калькуляциялау əдістерінің сипаттамасы
Жоғарыда айтып кеткендей, объектілері бойынша шығын- дарды есепке алу əдістері келесілерді қамтиды: тапсырыс, үде- ріс, қайта бөлісу, функциялар бойынша шығындар есебін. Шы- ғындар есебінің салыстырмалы сипаттамалары 9.1-кестеде көр- сетілген.
Тапсырыс бойынша калькуляциялау əдісі қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын өнім түрлерін (турбиналар, кемелер, ұшақтар) шығару үшін жеке өндірісте, сондай-ақ химиялық өнеркəсіптің кəсіпорындарында, жиһаз өндірісінде, аз сериялы өндірісте тапсырыс орындағанда қолданылады. Бұл əдіс ғылы- ми-зерттеу, конструкторлық жөндеу жұмыстарын жүзеге асыра- тын, аудиторлық, кеңес беру жəне тағы басқа қызметті көрсете- тін өндірістік емес ұйымдарда қолданылуы мүмкін. Мұнда тапсырыс ретінде жобалар, келісім-шарт, жағдай, бағдардама болуы мүмкін.
Осы əдістің мəні: барлық тікелей шығындар алдын ала өнім- нің нақты түрінің белгілі санына берілген жеке өндірістік тапсы- рыстар бойынша калькуляция баптарында көрсетіледі. Қалған шығындар жеке тапсырыстардың өзіндік құнында алдын ала белгіленген шығындарды бөлу базасына тиісті есептеледі. Бұл əдісте шығындарды есепке алу объектісі жəне калькуляциялау объектісі дайындалғаннан кейін нақты өзіндік құны анықтала- тын жеке өндірістік тапсырыс болып табылады.
137
9.1-кесте
Шығындарды есепке алу əдістерінің салыстырмалы сипаттамалары
Салыстыру аймағы
|
Тапсырыс бо- йынша əдіс
|
Үдеріс бойын- ша
|
Қайта бөлісу əдісі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |