«РАХАТ» АҚ өнімінің 1 теңгесіне шаққан шығындарын талдау
|
Көрсеткіштер
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Ауытқу
(+,-)
|
Өсу қарқыны,
%
|
1
|
Сатудан түскен түсім
Q(P), мың теңге
|
36178314
|
34037922
|
-2140392
|
94,08
|
2
|
Сатылымның толық
өзіндік құны S, мың тенге
|
33275995
|
30237520
|
-3038475
|
90,87
|
3
|
Өнімді сатудан түскен пайда (1 ж. – 2 ж.),
мың теңге
|
2902319
|
3800402
|
+898083
|
131,94
|
4
|
Сатылған өнімнің 1 теңгесіне кеткен
шығындар (2 ж. / 1 ж.),
теңге
|
0,92
|
0,89
|
-0,03
|
-
|
Ескерту: дерек көздері кəспорынның жылдық есептерінен алынған [17]
10.4-кесте бойынша 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жы- лы кəсіпорынның сатудан түскен түсімі 2 140 392 мың теңгеге немесе 5, 92 (100,0-94,08) %-ке төмендеді, өнімнің толық өзіндік
құны 3 038 475 мың теңгеге немесе 9,13(100,0-90,87) %-ке тө- мендеді. Сонымен бірге, пайда 898 083 мың теңгеге немесе 31,94 %-ке өсті жəне сатылған өнімнің 1 теңгесіне кеткен шы- ғындар 3 тиынға төмендеді, бұл кəсіпорынның қаржылық жағдайы жақсарғанын сипаттайды. Осы қарастырылып отырған кезеңде өнімнің өзіндік құнының төмендеу қарқынына (9,13 %) қарағанда өнімді сатудан түскен түсімнің төмендеу қарқыны (5,92 %) азырақ болғанымен байланысты.
Өнімнің 1 теңгесіне шаққан шығындарға факторлық талдау жасаймыз:
Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар өзгерісі- не өзіндік құнның əсері:
ΔШығS = S2015 / Q(P)2015 – S2014 / Q(P)2015 = 30237520/34037922 –
– 33275995 / 34037922 = 0,89 – 0,98 = – 0,09 теңге
Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққан шығындар өзгерісі- не түсімнің əсері:
ΔШығQ(P) = S2014 / Q(P)2015 – S2014 / Q(P)2014 = 33275995 / 34037922 –
– 33275995 / 36178314 = 0,98 – 0,92 = +0,06 теңге
Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққан шығындар өзгерісі- не түсім мен өзіндік құнның жалпы əсері:
ΔШығQ(P) = – 0,09 теңге + 0,06 теңге = – 0,03 теңге
Сонымен, «РАХАТ» АҚ 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындардың 3 тиын (0,03 теңге) көлеміндегі үнемдеу келесіден болды: өнімнің өзін- дік құнының төмендеуінен 0,09 теңге үнем, ал өнімді сатудан түскен түсімнің төмендеуінен 0,06 теңге артық шығын болды.
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар:
Шығындарды басқару функциялары арасында талдаудың атқаратын рөлі жəне алатын орны.
Шығындарды талдау үшін қандай негізгі ақпарат көзі қолданылады?
Шығындарды талдау объектілерін келтіріңіз.
Өнімді өндіруге кеткен шығындардың жалпы сомасын талдау тəртібін көрсетіңіз. Экономикалық элементтері бойынша шығындарды талдау нені анықтауға мүмкіндік береді?
Калькуляциялық баптар бойынша өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзін- дік құнын талдау қалай жүргізіледі?
Өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) 1 теңгесіне шаққан шығын- дарды талдау маңыздылығын көрсетіңіз.
Өнімнің 1 теңгесіне шаққан шығындар деңгейіне əсер ететін фактор- ларды атаңыз.
Өнімнің 1 теңгесіне шаққан шығындарды факторлық талдау үшін қан- дай əдіс қолданылады? Осы талдауды жүргізу тəртібін келтіріңіз.
тарау ШЫҒЫНСЫЗДЫҚТЫ ТАЛДАУ
Шығынсыздықты талдау мəні. «Шығын – өндіріс көлемі – пайда» өзара байланысты талдау шарттары
Заманауи экономикада өндірістік кəсіпорынның мақсаты пайда табу болып табылатыны сөзсіз. Дəл пайда арқылы кəсіп- орын тұрақты қызмет жасайды жəне ары қарай даму үшін өзіне қажетті деңгейде жағдайды қамтамасыз етуі мүмкін. Кəсіпорын- ның тұрақты пайдасы салынған капиталға дивиденд түрінде кө- рініс табады, жаңа инвесторларды тартуға ықпалын тигізеді, де- мек, кəсіпорынның меншікті капиталының өсуіне алып келеді. Сондықтан кəсіпорынның тиімді қызметі бойынша мəселелерге қызығушылық анық болатыны түсінікті.
Компания менеджеріне басқару қызметі бойынша əртүрлі шешімдерді қабылдауға тура келеді, мысалы, тауарлардың сату бағасын белгілеу, сату көлемін жоспарлау, жаңа бөлшек сауда нүктелерін ашу, шығындардың кейбір түрлерін көбейту немесе керісінше үнемдеуге қатысты шешімдерді қабылдау. Қабылда- натын басқару шешімдердің салдарын түсіну жəне бағалау үшін операциялық талдау немесе шығынсыздықты талдау қажет.
Жоғарыда көрсетілгендей, экономикада шығынсыздықты талдау маңызды мəселе болып табылады. Шығынсыздықты тал- дау барысында, жаңа өндірісті ұйымдастыру үшін, қанша қаржы керектігі бағаланады жəне жаңа өнімді өндіру үшін іске салына- тын капитал туралы жан-жақты талдаулар жасалады.
Жаңа өнімді өндіруге кеткен барлық шығындардың сомасы жəне оған қосылған бастапқы кезде осы өндірісті іске қосу үшін салынған капитал мөлшері мен өнімді нарыққа шығарып, сат- қанда алынған барлық табыстардың сомасы тең болатын уақыт аралығы ізделеді. Сонымен қанша уақыт мөлшерінде өндіріс шығынсыз нүктеге жететіні, яғни шығын жəне кіріс тең болатын уақыт анықталады.
Шығынсыздықты талдау негiзгi өнiмдердi шығару мен өткi- зудiң өзiндiк құн құрылымын талдау бойынша жүйелiк жұмыс- тарды жəне барлық шығындарының айнымалылар (өндipic кө- лемi мен сату көлемiнiң өзгеруiне орай өзгередi) мен тұрақтыға (өндipic көлемi өзгеруiне байланысты өзгермейтiн) бөлiнуiн қамтиды.
Шығынсыздықты талдаудың негiзгi мақcаты – шығынсыз- дық нүктeciн анықтау, яғни пайданың нөлдiк мəнiнe сəйкес ке- летiн тауар көлемiн сату. Шығынсыздықты талдаудың маңызды- лығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба процесiнде шығынсыздық нүктeci мен кəсiпорынның пайданы алып келетiн iскерлiгi ceнiмiнiң кейiнгi бағасы мен салысты- руына негізделген.
Шығынсыздықты талдау ВЕР-талдау (англ. Breаk – Even – Point аnаlysis, Breаk – Even – Point шығынсыздық нүктесін білді- реді) немесе СVР-талдау (англ. Cost – Volume – Profit аnаlysis) ретінде кеңінен таралған, яғни «шығын – өндіріс көлемі – пай- да» өзара қарым-қатынасты талдауды білдіреді.
CVP-талдау қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады жəне өндіріс көлемі, түсімдер, шығындар жəне пайда арасын- дағы қысқа мерзімді байланысты белгілеуге негізделген. Бұл жерде өнім шығарылымы кəсіпорында бар өндірістік қуаты дең- гейімен шектелетін уақыт аралығы қысқа мерзімді деп (əдетте 1 жыл) саналады.
CVP-талдаудың ерекшелігі – басқару шешімдерін қабылдау үшін болатын шынайы ақиқатты маңызды дəрежеде жеңілдете- тін шектеулер мен жорамалдар қатарын сақтау барысында жүр- гізілетіні.
Шығынсыздықты талдау барысындағы негізгі жорамалдар мен шектеулер келесілер:
шығындарды тұрақты жəне айнымалыға бөліп толық жік- теу. Мұндай жіктелім болмаса, шығынсыздық нүктесі мен мар- жиналды табысты есептеу мүмкін емес;
қарастырылып отырған релеванттық диапазонда өнімді өндіру жəне сату көлемінің теңдігі, сонымен қатар дайын өнім қорларының болмауы. Мұнда релеванттық диапазон дегеніміз – өндіріс көлемінің өзгеруіне қатысты айнымалы шығындар өзге- ретін, ал тұрақты шығындар өзгермейтін уақыт аралығы;
релеванттық мерзімде өнімді сату бағасының өзгермеуі;
релевантық мерзімде өндіріс үдерісінде тұтынылатын ре- сурстар бағасының өзгермеуі;
релеванттық диапазонда өндірілетін өнім ассортиментінің өзгермеуі. Бұл шектеу өнімдердің бірнеше түрлерін өндіруде маңызды болып табылады;
бір ғана шығынсыздық нүктесін есептеу жəне талдау. Бұл шарт өнімнің бір ғана түрі өндіріледі деп қарастырады. Əртүрлі тауарды шығаратын өндірісте өндіріс көлемінің бірнеше сыни нүктелері есептеледі;
өнімді сатудан түскен түсім өнімді өндіру мен сату көле- міне қатысты сызықты байланыста болады;
қарастырылатын релеванттық мерзімде еңбек өнімділігі өзгеріссіз қалады;
ақшаның мерзім бойынша өзгеретін құны ескерілмейді.
Мұндай шарттарды елемеу елеулі қате есеп пен басқаруда дұрыс емес қорытындыларға алып келеді. Бұл шындығында айнымалы жəне тұрақты шығындар қызмет көлемінің өзгеруіне шартсыз тəуелді немесе тəуелсіз болмайтынын білдіреді; сатыл- маған тауар қорларының болмауы бизнесте ішінара жағдай бо- лып табылады; жұмыс тəжірибесі əсерінен еңбек өнімділігі үлестік айнымалы шығындарды өзгеріссіз қалдырмайды.
Алайда бұл шектеулер шынайы ақиқаттта шығынсыздықты талдаудың қиын болуы мүмкін екендігін растайды, бірақ оның жасалуы баға құру, ассортименттік саясат, өндіру жəне сату рентабельдігін арттыру мəселелерін шешу жолдарын іздестіруге бағытталған.
BEP-талдау немесе СVР-талдау шығынсыздық нүктесін, маржиналды табысты, операциялық тұтқаны анықтаумен бай- ланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |