Нарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару



бет1/8
Дата04.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#175957
  1   2   3   4   5   6   7   8
Нарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару

Мазмұны
1.Нарық жағдайында еңбек ақыны төлеудің теориялық негіздері



    1. Еңбек ақының мәні, мазмұны және қағидалары

    2. Еңбек ақының нысандары мен жүйелері

    3. ҚР-да еңбек ақыны мемлекеттік реттеу жүйесі

2.ЖШС “ПолимерМеталл-Т” кәсіпорындағы еңбекті мөлшерлеу мен еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйесі .



    1. “ ПолимерМеталл-Т ” ЖШС– ның сипаттамасы мен экономикалық қызметін бағалау .

    2. “ ПолимерМеталл-Т ” ЖШС– ң еңбек ақы төлеу жүйесін мөлшерлеу және талдау .

3.Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді жүйелеу мен жетілдіру жолдары .

    1. Шет ел тәжірибелерінде еңбек ақыны ұйымдастыру .

    2. Еңбек ақыны тарифсіз жүйелеу , жобалау , ұсыныстар енгізу .

    3. ЖШС “ ПолимерМеталл-Т ”-да еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар .

Қорытынды .


Қолданылған әдебиеттер тізімі .

1. Нарық жағдайында еңбек ақыны төлеудің теориялық негіздері
1.1 Еңбек ақының мәні, мазмұны және қағидалары
ҚР-ның еңбек туралы кодексі бойынша еңбек ақы – бұл жұмыскерлердің фактілі атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды нысанда берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады. Қазіргі кезде еңбек ақы жұмыскер табысының көп бөлігін құрайды. Ал нарықтық экономиканың дамуы кезіндегі еңбек ақы – оның еңбегін пайдаланудың нәтижесі болып табылады, және жұмыскер жұмсаған еңбегінің құнымен анықталып, пайдаланылған жұмыс күшінің сұранысынан туындайды. Неғұрлым жұмыс күшіне сұраныс көп болса, оның ұсынысы кеміп, еңбек ақы мөлшері артады және керісінше. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың біртіндеп қалыптасып, баяу дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігі аумағында еңбек ақы жұмыс күшінің құны болып табылады, ал ол жұмыскердің тіршілігі үшін қажетті жағдай жасайды. Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді.

Әлеуметтік-әкономикалық категория бойынша еңбек ақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.

Қызметкер үшін еңбек ақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбек ақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбек ақының ынталандырушы рөлі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.

Жұмыс беруші үшін еңбек ақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.

Еңбек ақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нысаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.

Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастырудың тетігі (механизмі) жұмыс күшінің еңбек ақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбек ақының негізгі қызметті орындауына байланысты. Еңбек ақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.

Еңбек ақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ол ақшаға нені сатып ала алатындығы да себепші болады. Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбек ақы мен атаулы еңбек ақының арақатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорын қызметкерге еңбек ақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.

Еңбек ақыны қарастырған кезде мынадай міндеттер алға қойылады:



  • жалақы қорын анықтау;

  • әлеуметтік төлемдерді анықтау;

  • орташа жалақыны анықтау;

  • жалақы динамикасын талдау.

Еңбек ақы құрылымы 3 бөліктен тұрады:

  1. Жалпы жалақы;

  2. Әлеуметтік сақтандыруға жасалатын нақты аударымдар;

  3. Әлеуметтік сақтандыруға жасалатын шартты аударымдар.

Жалақы – бұл, еңбек үшін ақшалай сыйақы, еңбекпен жасалған өнім құнының оны сатудан алынған табыстың бір бөлігі. Жалақының номиналды және нақты түрлерін ажырата білу керек. Номиналды жалақы бір айда, бір аптада, бір күнде, бір сағатта алынған ақша соммасы. Нақты жалақы – бұл номиналды еңбек ақыға сатып алуға болатын тауар немесе қызмет көлемі. Нақты жалақы – бұл номиналды еңбек ақының “сатып алу қабілеттілігі”. Яғни, нақты жалақы номиналды жалақыға және сатып алынатын тауар және қызметтер бағасына байланысты болады. Жалақы есептеуде есептелгені, салық және басқа міндетті ұсталғаннан қалғаны, ақшалай немесе басқалай жолмен төленетіні көрсетіледі. Еңбек ақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбек ақы төлеудегі ең басты нысандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбек ақы төлеудің заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек ақы төлеудің мұндай нысанын ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.

Еңбек ақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.



Негізгі еңбек ақыға мынадай төлемдер жатады:

  • мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбек ақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;

  • еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

  • қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;

  • сыйақылар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.;

Қосымша еңбек ақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:

  • демалыс уақыттарына ақы төлеу;

  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін ақы төлеу;

  • кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

  • жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу;

Жалақыны есептеуде кейбір ерекше жағдайларда әрбір жұмыскердің жеке еңбек үлесін бүкіл еңбек бригадасының, цех жұмыскерлерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті (ЕҚК) деген шама қоданылады. Егер жеке жұмыскердің үлесі көп болса, ЕҚК жоғары болады, еңбек ақысы да көп болады. Еңбек ақы есептеуде жұмыс орнының қолайсыздығы да жұмыс жағдайына кері әсерін тигізетін кездері болады. Бұл ретте ол үшін қосымша шығындар жұмсауға тура келеді. Жалақы есептеудің түрінде – түн мезгілдерде де жұмыс атқару кіреді, ол сағат 22-ден 6-ға дейінгі мезгіл болады. Жалақы есептеудің тағы бір түрі – жұмыс уақытынан тыс мезгілдерінде жұмыс істеу. Бұл жұмыс жасау екі жақты келісім негізінде іске асырылады. Мұндай жұмыс жасаудың алғашқы екі сағатында тарифтік 1,5 ставка есебімен, ал келесі жұмыс сағаттарына екі еселенген тариф бойынша ақы есептеледі. Демалыс және мереке күндерінде жұмыс атқарғандарға өтемақы төленіп, ол үшін демалыс күндері екі жақты келісім бойынша басқа мезгілдерде беріледі.

Нарықтық қатынасқа көшу үрдісінде көпқырлы экономиканың қалыптасуының нәтижесінде экономикалық орта мен еңбек ақының мәні өзгереді.

Нарық кезіндегі экономикалық заңдар негізінде еңбек ақы жұмысшының ұлттық табыстағы үлесінен, еңбек күшін толықтыру шығындарына айналады. Бұл жағдай бір жағынан мемлекеттің кепілдігі, екінші жағынан өндіріс табысының нәтижесі. Еңбек ақының нарықтық үлгісі арнаулы тауар “жұмыс күшінің” еңбек ақысын анықтауға байланысты. “Жұмыс күшінің” еңбек ақысы белгіленген еңбек ақыдан жұмысшының күрделілігіне, жұмыс күшінің біліктілігіне, жұмыс күшіне сұранысқа және өндірістің қызметінің қорытындысына байланысты қалыптасады.

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуі еңбек ақыны жұмыс күшінің бағасы теориясының негізінде қалыптасуын талап етеді. Еңбек ақы әр адамның ұтымының және әр елдің әлеуметтік экономикалық өміріндегі негізгі фактор болып саналады. Еңбекке жұмылдыру жүйесінде еңбек ақы алдыңғы орын алады. Еңбек ақы еңбекшілердің пайдасының 30%-дан 70%-ға дейін құрағандықтан ол әлеуметтік жағдайының, әл-ауқаттың артуының негізгі бөлігі болып табылады.

Жеке қажеттіліктерді қанағаттандырудың негізгі нысандары болып нақты жалақы алу және нақты табыс бөлінісіне қатысу. Жалақы мен әртүрлі материалдық төлемдер жоғары өнімді еңбекке ынталандырудың қозғаушысы болып табылады. Оның тиімділігі бірнеше жағдайларға байланысты:

1. Еңбек ақы көлеміне, яғни, жұмыскерлерге ең төменгі өмір сүру шегін ғана емес, сонымен бірге барынша ұдай өндіруді қамтамасыз ету.

2. Теңгенің сатып алу қабілетіне байланысты. Бұл инфляция жоғары болған сайын, жалақы да өсуі қажет.

3. Еңбек саны мен сапасын дұрыс тағайындауға байланысты.

4. Жұмыс күшімен, сұраныс пен ұсынысқа байланысты.

5. Өндірісті ұйымдастыру ерекшелігіне қарай жалақының нысандары мен жүйелерінің сәйкес болуына байланысты.

Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақыға нарықтың немесе басқа нарықтан тыс жағдайлар әсер етеді де, соның нәтижесінде белгіленген еңбек мөлшері қалыптасады.

Еңбек ақы төлеу мөлшеріне және еңбек рыногының жағдайына ықпал жасайтын нарықтық факторлар 1.1-суретте көрсетілген.

Рыноктық

факторлар



Рыноктан тыс

факторлар



Еңбек рыногында-ғы қалыптас-қан сұраныс пен ұсыныс жағдайы

Ресурстардың кәсіп-орынға тигізетін

пайдасы


Еңбекке сұраныс-тың бағалық икемділігі

Еңбек ақыны мемлекет-тік реттеу шартта-ры


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет