Нарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару



бет4/8
Дата04.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#175957
1   2   3   4   5   6   7   8

Еңбек ақының нысандары







Кесімді


Мерзімдік



Жай мерзімдік



Тікелей кесімді

Кесімді сыйлық

Кесімді дамушы

Көтерін-кі

Еңбек ақының жүйелері





1.2-сурет Еңбек ақының мерзімдік және кесімді нысандары


Еңбек ақының мерзімдік және кесімді нысандары тәжірибеде әр түрлі жүйелер түрінде қолданылады.

Мерзімдік ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі – пайдаланылған уақыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкердің тарифтік мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді. Мерзімдік еңбек ақы жүйесінде еңбек өнімділігі аз болғанда, уақыт бойынша ақы қолдану жағдайында кәсіпорын шығындардың өсуіне тәуекелді.

Еңбек ақы мына формула бойынша есептелінеді:

ЕА = ТС + ПУ, (3)

мұндағы : ЕА – еңбек ақы;

ТС – біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктеген тарифтік мөлшерлемесе;

ПУ – нақты пайдаланылған уақыт.

Қазіргі кезде еңбек ақының мерзімдік-сыйлық және жай мерзімдік жүйелері кең тараған.


  • Еңбек ақы төлеудің жай мерзімдік жүйесінде жұмысшының еңбек ақысы оған белгіленген тарифтік ставка және жұмыс атқарған уақыты бойынша кесімді ақы (оклад) арқылы келесі формуламен есептеледі:

ЕА = m*T, (4)

мұндағы: m – жұмысшының сағаттық (күндік) тарифтік ставкасы, тг.

T – жұмыс уақыты, сағат (күн)

Бұл жүйеде жұмыс уақыты бойынша ақы есептеуде – сағаттық, күндік және айлық тарифтік ставкалар белгіленеді, яғни еңбек ақы есептеуде – сағаттық, күндік ставкалары жұмыс істеген сағат немесе күн санына көбейту арқылы анықталады. Егер жұмыскер айдың бүкіл жұмыс күндерінде жұмыс атқарса, оның айлық жалақысы толықтай есептеледі, ал толық болмаған кезде болған жұмыс сағаттарына ғана есептеледі.



  • Мерзімдік-сыйлық жүйесі кезінде белгіленген көрсеткіштерді асыра орындағаны үшін сыйлықтың мөлшері тарифтік ставкаға пайыз түрінде тағайындалады. Сыйлық берудің шарты ретінде өнім ақаусыз дайындалуы керек, материалдардың, аспаптардың үнемділігі болуы қажет.

ЕА = m*T (1+(p+k*n)/100), (5)

Соңғы уақытта, мөлшерленген тапсырмасы бар мерзімдік еңбек ақы төлеу немесе кесімді мерзімді еңбек ақы төлеу кең қолданыла бастады. Жұмысшыға немесе бригадаға өнім сапасының талаптарын сақтаумен қатар, белгілі уақыт кезінде мерзімдік еңбек ақысымен төленетін жұмысты орындауға тиісті, жұмыстың көлемі мен құрамы тағайындалады. Мысалы, егер де жұмысшы немесе бригада 7 сағат мөлшерленген тапсырмаға сәйкес келетін жұмыс көлемін 6 сағат ішінде орындап шықса, онда ақы оған 7 сағат төленеді.

Мөлшерленген тапсырмасы бар мерзімдік еңбек ақы төлеу өндіріске қызмет көрсетумен байланысты (әсіресе жабдықтарды реттеу және жөндеу жұмыстарында жиі қолданылады).

Еңбек ақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нысанын таңдау бірнеше факторларға тәуелді:



  • қолданылатын жабдықтың сипатына;

  • технологиялық процестің ерекшелігіне;

  • еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға;

  • материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануға;

өнім сапасына қойылатын талаптарға байланысты.

Ғылыми – техникалық прогресс және мұнымен байланысты өндірісті автоматтандыру кесімді еңбек ақының мерзімдік еңбек ақыға ауысуындағы бет алыстардың пайда болуына мүмкіншілік туғызады. Мұндай еңбек ақы төлеудің нысанын пайдаланған кезде, кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін төмендетпейтін барлық мүмкіншілік шаралар қолданылуы керек. Мұндай шаралардың қатарына, еңбек ақы төлеудің мерзімдік нысаны кезіндегі еңбекті мөлшерлеудің жоғарғы деңгейін қолдайтын және сақтайтын шаралар жатады.

Еңбек ақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбек ақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбек ақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.

Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру 3 өзара байланысты және өзара тәуелді әлементтермен анықталады:



  • еңбек ақы есептеудің тарифсіз жүйесі;

  • еңбекті мөлшерлеу;

  • еңбек ақы есептеудің тарифтік жүйесі;

Еңбек ақы төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбек ақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік мөлшерлеме немесе тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлесті еңбекке қатысу деңгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффициент арқылы анықтаймыз. Мұндай жүйені ұжымның әрбір мүшесінің жалпы жауапкершілігі және мүддесі кезіндегі қызметкердің еңбек нәтижесін бағалауға мүмкіншілік бар кезде қолданған орынды.

Бұл жүйеде біліктілік деңгейі еңбек нәтижесін бағалау және еңбек ақыны бөлу – арнайы коэффициенттер арқылы жүргізіледі. Мұндай жүйеде директордан жұмысшыға дейін жұмыскердің еңбек ақысы бөлімше еңбек ақы қор үлесін көрсетеді. Еңбек ақы жұмыскердің біліктілік деңгейіне, еңбекке қатысу коэффициентіне және істеген жұмыс көлеміне байланысты. Тарифсіз жүйенің негізі – жұмыскерлердің өнім шығаруға қатысушылығын көрсететін біліктілік деңгейі болып табылады. Біліктілік деңгейі былай анықталады:



Бд = Eан/Еамин, (6)

мұндағы: Бд – біліктілік деңгейі;

Еан – нақты еңбек ақы;

Еамин – кәсіпорындағы еңбек ақының минималды деңгейі.

Біліктілік деңгейі жүйесі тарифтік жүйеге қарағанда жұмыскердің біліктілігінің өсуіне көп мүмкіндік жасайды. Біліктілік деңгейін анықтаудың тағы бір түрі – бөлімшелердің еңбек барысында жинаған баллдары арқылы есептеу, яғни

Б = Бд*С*КТУ, (7)

мұндағы: Б - әр цехтың жинаған баллдары;

С – жұмыс істелінген сағаттар;

КТУ – еңбекке қатысу коэффициенті.

Содан соң әрбір цехтың жинаған баллдар сомасын есептелініп, 1 балл бағасы анықталады:

Цб = ФОТ/б, (8)

мұндағы: Цб – 1 балл бағасы;

ФОТ – еңбек ақы қоры;

б – жиналған балл сомасы.



Еапф = Цб*Б, (9)

Еапф – жұмыскердің нақты еңбек ақысы.сыйақылау жүйесі.

Еңбекті мөлшерлеу – бұл жұмыскерлердің барлық категориялары үшін еңбек шығындары көлемін орнату. Еңбекті мөлшерлеу жүйесі еңбек ақыны мемлекеттік реттеуге мүмкіндік туғызады, сонымен қатар еңбек нәтижесін бағалауда қолданылады, яғни еңбек ақы төлеу негізі болып табылады.

Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді, олардың еңбек ақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді. Сондықтан да еңбек ақының тарифтік жүйесі бойынша жұмыскерлер ақылары, олардың біліктілік деңгейлеріне, еңбек өнімділігіне байланысты белгіленіп реттеледі.



Тарифтік жүйеге:

  • сағатына немесе күніне еңбек ақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;

  • еңбек ақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың әр түрлі разряд арасындағы қарым-қатынастарын көрсететін тарифтік тор;

  • тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядын анықтауға болатын тарифтік-біліктілік анықтамалар кіреді;

Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану. Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік-біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Тарифтік мөлшерлеме (жалақы) – бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін (сағат, күн,ай), біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек мөлшерлемесін (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің еңбек ақысының белгіленген мөлшері. Тарифтік ставка – тарифтік жүйе құралатын басты элементтердің бірі болып саналады. Ол жұмыскердің еңбек ақы көлемін уақыт бірлігімен есепке алған соң сағаттық, күндік, айлық деп бөлінеді. Еңбек ақыны ұйымдастыруда сағаттық тарифтік ставка маңызды рол атқарады, себебі өнеркәсіптің барлық салаларында сағаттық тарифтік ставка негізінде еңбек ақы есептелінеді. Сондықтан, барлық салаларда күндік тарифтік ставка белгіленген кезде алдымен сағаттық тарифтік ставка есептелінеді. Сағаттық ақы төлеу жұмыскерлердің сағаттық тарифтік ставкасы және есепті мерзімде істеген жұмыс уақыты арқылы орындалады. Күндік тарифтік ставка жұмыскерлердің күндік және атқарылған жұмыс күні негізінде есептелінеді. Ал айлық ақы төлеу кезінде нақты айлық ставкалар, осы айға жасалған жұмыс графигіне сәйкес жұмыс күні көлемі және жұмысшының осы айда нақты істелген жұмыс күні көлемі негізінде есептеледі. Тарифтік жүйенің тағы бір элементтері болып аудандық коэффициенттер және еңбек стажы үшін үстемелер болып табылады. Олар компенсация және ынталандыру қызметін атқарады. Аудандық коэффициенттер әртүрлі табиғаты нашар аудандардағы жұмыс күшінің ұдайы өндірісін теңгеру қызметін атқарады. Еңбек өтіліне үстемелер мемлекет экономикасы үшін де өте маңызды. Себебі, бұл үстемелер еңбек ресурстарымен аз жабдықталған аудандарындағы жұмысшылар еңбек ақысына артықшылық қызметін атқарады. Аудандық коэффициенттер мөлшері 1,1-ден 2,0-ге дейін орнатылады.

Тарифтік тор – бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффициентердің арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффициенттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемдеген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.

Жұмысты тарифтеу – бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.

Тарифтік разряд – қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр жұмыста қолданылады, біліктілік разряд – қызметкердің кәсіптілігін дайындаудағы деңгейін қамтып көрсететін шама.

Еңбекті тарифтеу және тарифтелу разрядының қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген. Ол келесі суретте бейнеленген.



Тарифтік жүйе



Еңбекті мөлшерлеу

Еңбек ақы нысаны


Тарифтік мөлшерлеме (лауазымды еңбек ақы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет