Нарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы



бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі394 Kb.
#125281
  1   2   3   4


Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................................ 3




  1. Нарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы.

1.1 Дебиторлық берешектің мазмұны....................................................................6

1.2 «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» акционерлік қоғамының техника – экономикалық сипаттамасы.....................................................................................12

1.3 Ұйымның есеп саясаты.....................................................................................18

2. Дебиторлық берешек есебі.

2.1 Дебиторлық берешек есебінің ұйымдастырылуы...........................................27

2.2 Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі......

2.3 Басқа да дебиторлық берешектің есебі.............................................................51


  1. Дебиторлық берешек аудиті.

3.1 Дебиторлық берешек аудитінің бағдарламасы, мақсаты...............................47

3.2 Дебиторлық берешек аудиті.............................................................................

3.3 Қоғамның дебиторлық берешегін талдау........................................................64
Қорытынды................................................................................................................72
Қолданылған әдебиет тізімі.....................................................................................77
Қосымша...................................................................................................................79

Кіріспе

Инвесторлар мен тапсырыс берушілердің сонымен қатар құрылысшылардың қызметтерінің қарқынды дамуына байланысты Қазақстан Республикасының құрылыс жағдайында құрылыс ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп ақпараттарының дәйекті болуы мен оның тәуелсіз бақылануына сұраныс мердігерлер үшін де, тапсырыс берушілер үшін де өсіп келеді.

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына дейін құрылыс кешенінде құрылысқа қатысушылардың арақатынасында СНиП, ГОСТ,СН, ТУ, т. с.с. экономикалық сауатты құқықтық-техникалық базасына негізделген, инвестицияны қолдануды, нақты өзіндік құн мен нормативті пайданың құрылуын және құрылыс шикізаттарын бақылау, олардың жүйелік есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, жақсы қалыптасқан салалық жүйе орын алған.

Қазіргі мың құбырып өзгеріске ұшырап отырған нарықтың шарттарына сәйкес дебиторлық берешек есебі мен аудиті маңызды роль атқарады. Құрылыс жұмыстарын өндіру мен жоспарлаудың арнайы шарттарына байланысты (өндіріс бөлімшелерінің әртүрлі салаға бөлінуі, және жұмысшылардың қауыптілігі артық орындарда жұмыс істеуі, т.б) барлық ресурстардың ұтымды жүргізілетін есебі мен оның негізінде ұйымдастырылған ресурстардың қолдануына қатаң бақылау жүргізу ең тиімді құрал ғана емес, ресурстарды рационалды қолдану мен экономика режимін қажетті шарттармен қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі және айналым құралдарын қолдану арқылы өзінің жабдықтаушылық, өндірістік және тұрмыстық қызметін ұйымдастырады. Олар өзге де кәсіпорындармен келісімшартқа отыру арқылы іскерлік қатынасқа түседі. Шаруашылық қызмет барысында құрылыс компаниялары сатып алынған тауар (тұрғын үй объектілері, тағы басқадай құрылыс өнімдері) бойынша мердігерлер мен тапсырыс берушілер жасаған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері бойынша, тағы басқа заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысу жүргізіп отырады. Ұйымның берілген айналым құралдарынан қосымша алынған қаржы бойынша есеп айырылысу керектігі де туады. Сондықтан шаруашылық және қаржылық қызметінде дебиторлық берешекті өз уақытымен жабу және оның ұқыпты жүргізілген есебі маңызды орын алады. Сонымен қатар дебиторлық берешек өндірістік шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуында да маңызды роль атқарады, өйткені есеп айырылысудың негізгі бөлігі қолма- қол ақшасыз жүргізіледі және қызметтер мен тауарлар есеп айырылысудан бұрын алынады, көрсетіледі. Дебиторлық берешектің туындауы, сәйкесінше олардың есеп және қаржылық есеп беруде пайда болуы біріншіден есеп жүргізілуінің қолданыстағы ережелері мен табысты мойындауда қолданылатын принциптеріне және екіншіден жоспарда күтілетін және алынған табыстың толық есебін жүргізумен және оған байланысты қаражаттың түсуі мен қаржылық құралдың қозғалысына жүргізілген бақылауға байланысты, үшіншіден қатаң бақылау жасаудың міндеттілігі салық органдарының салықтар мен салық салынатын табыс сомаларының деңгейіне тұрақты бақылау жүргізуінен туады.

Қаржылық есеп жүйесінде дебиторлық берешек есебі бойынша шоттар табысты реттеудегі тиімді құралдар болып саналады. Дебиторлық берешек пайда мен шығындар есебі мен ақша қозғалысы бойынша есепті байланыстырып отыратын тетік болып саналады. Дебиторлық берешектің мөлшерінің өсуі мойындалған табыстың барлығы ақшалай көрсеткіште емес екенін айтады. Қаржылық талдау аясындағы мамандар ақшалай табыстар мен ақшасыз табыстар арасындағы сәйкессіздік деңгейі өскен сайын сол табыстың сапасы төмен блады деп есептейді. Яғни дебиторлық берешек өзгерісі ұйым қызметінің қортындысын бағалауда негізгі ұғым болып табылады. Ең маңыздысы, табыстың әр түрінің пайда сапасына және ақша қаражаттың пайда болу көздері мен қозғалысына әсер етуін анықтау керек. Тек сонда ғана келешектегі ақша ағымдарының көлемін, мерзімін және анықталу дәрежесін болжауға негіз туады. Дебиторлық берешек есебінің мақсаты жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысуды дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Бұл мақсаттан дебиторлық берешекті анықтау, оның өз уақтысымен және дұрыс рәсімделуін тексеру, дебиторлық берешектің қабылданған мерзімде табылуын қамтамасыз ету сияқты негізгі мәселелер пайда болады. Дебиторлық берешек аудитінің мақсаты - дебиторлық берешек сальдосының реалды екені жайлы тұжырым көрсету мен есеп айырысу және төлем дициплиналарын ұстау мүмкіндігін бақылау міндетінің көбеюі және аудиттелінетін субъектінің қаржылық жағдайының жақсаруы болып табылады. Дебиторлық берешек аудитінің міндетіне сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу операцияларына түгендеу жүргізу және дебиторлық берешектің синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыс жүргізілуін тексеру, күмәнді талаптар бойынша резервтердің қолданылуы мен қалыптасуының заңдылықтарға сәйкестілігін тексеру кіреді. Дипломдық жұмыста бухгалтерлік есептің қазіргі талаптарға сай ұйымдастырылуы мен дебиторлық берешек аудитінің жоспарға сай және тиімді болуына әрекет ететін әдістер де қарастырылған.

Дипломдық жұмыс АҚ «Қазқұрылыссервис» мәліметтері негізінде орындалған. Берілген дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты дебиторлық берешек есебі мен аудитінің және бухгалтерлік есеп және аудит жүйесінде құрылыс компаниялары мысалында анықтау және атқаратын ролін зерттеу.

Дипломдық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады:


  • дебиторлық берешектің негізін ашу;

  • АҚ «Қазқұрылыссервистің» өндірістік және экономикалық қызметінің мазмұнын қарастыру;

  • Қоғамның дебиторлық берешек есебі мен аудитінің негізгі сұрақтарын қарастыру;

  • дебиторлық берешектерді талдау;

  • дебиторлық берешек бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға кеңестер беру.

Берілген мәселелерді шешуде бухгалтерлік есеп пен аудиттің бағалау, екі жақты жазу, сараптау, бақылау, салыстыру сияқты көптеген әдістері қолданылады.

1.Нарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы.

1.1 Дебиторлық берешектің мазмұны.

Дебиторлық берешек дегеніміз – белгілі бір ұйым алдындағы басқа бір ұйымның, жеке азаматтың, тағы басқа дебиторлардың ақшалай түрдегі берешегі. Дебиторлық берешек әр түрлі операциялардың жүруі барысында көбіне несиеге тауарлар алғанда, қызмет көрсеткенде пайда болады. Дебиторлық берешек – ол сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздық міндеттемелері болып табылады. Олаға:

Алынуға тиісті қарыздар – сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің алынған тауар үшін, көрсетілген қызметтер үшін, жасалған жұмыстары үшін есеп айырысуы туралы ақпараттары.

Алынған вексельдер – белгілі бір соманы көрсетілген мерзімде, жөнелтілген тауарлар үшін төлеуді көрсететін жазбаша қарыз міндеттемелері.

Күмәнді қарыздар – көрсетілген мерзімде қайтарылмаған, сәйкес кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық берешектер;

Еншілес (тәуелді) серіктестіктерінің дебиторлық берешегі - Еншілес (тәуелді) серіктестіктерінің , бірлесіп бақыланатын тұлғалардың дебиторлық берешегінің есеп айырылысуы жайлы ақпарат;

Өзге де дебиторлық берешек – алынған тауарлы материалдық құндылықтар бойынша бюджетпен төленуге тиісті қосымша құн слығы, дебиторлық берешек бойынша пайыздарды есептеу және жабу, жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың есеп беруі бойынша дебиторлық берешек жағдайы, материалдық зияндар, қарыздар тағы басқа операциялар бойынша, жал міндеттемелері үшін берешектер жатады.

Негізгі капитал, қорлар, несие сияқты дебиторлық берешек ұйым үшін құралдарды үнемі қолданудың бабы болып саналады, және ол клиенттерді ынталандыруды кеңейтіп, нақты жақсы бәсеке тудыруға мүмкіндік береді. Төменірек біз пайдаланушыларға несие(дебиторлық берешек) беруді жабдықтаушылардың несиелерімен сәйкестендірусіз қарастырамыз.

Клиенттерді несиелендіру соммасы клиенттің қарыз міндеттемелерінен және төленбеген шоттарынан туады. Сонымен қатар оған клиенттерден алатын бағалы қағаздардан және кей талдаушылардың қосуы бойынша әлі мерзімі жетпеген дебиторлық берешектер де саналады. Дебиторлық берешек бойынша есеп айырылысу көбінесе келесі элементтерден тұрады:

Тұтынушылардың қарыз міндеттемелері + алынуға тиісті бағалы қағаздар + фактураланбаған шоттар + мерзімі өтпеген назарға алынған вексельдер = клиенттің қаржылық міндеттемелері және оларға байланысты шоттар. Баланстың өтімділігі жоғары бөлімінде көрсетілген вексельдер мен чектердің сомаларын енгізуге болады. Бұл жағдайларға сүйене отырып, дебиторлық берешек боынша тура ақпараттарды алатын боламыз.

Сонымен тұтынушыларды несиелеуді тек несиелендіру жасағаннан кейін ғана емес, фактураландырмаған үшін пайыздарды есептеу арқылы жабдықтауды жүргізеді.

Несие берілген мерзім ұзақтығы несие мерзімінің бір ғана бөлігіне созылады. Бірақ ол мынандай ішкі факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін:

- фактуралауды басқару

- төлеуге бағытталған бағалы қағаздарды жинау және тіркеуді басқару

- сұраныстың өсуін басқару.

Дебиторлық берешек субъектіге басқа заңды және жеке тұлғалардан түсуге тиісті қарыз сомасы. Оның пайда болуы субъектінің шаруашылық қызметіндегі объективті процесс болып табылады. Экономикалық мазмұны бойынша, дебиторлық берешек құралдары қаржылық активіндегі бір элементі болып табылады.Бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссия 1996 жылғы 8 қарашада «Қаржылық есептілікті дайындау мен таныстырудың концептуалды негізі туралы » №2 қаулысына сәйкес , дебиторлық берешек сияқты активтер субъектімен меншік құқығын қоса заңды құқық арқылы байланысқан. Ұйым активтеріне мүлік, мүліктік және мүліктік емес жеке құндылығы бар құқықтары жатады. ҚР Призидентінің Қаулысының №14 – ші 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732«Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар активтерді бағалау бабы активтер мойындалатын және қаржылық есептілікте бекітілген ақша сомасын анықтау әдісін көрсетеді. «Бухгалтерлік баланс және қарожылық есептердегі негізгі ашылымдар» №2 БЕС- да көрсетілген дебиторлық берешек ағымдағы, яғни бір жылда өтелетін және ұзақ мерзімдік болып бөлінеді.

«Табыстар» №5 БЕС - на сәйкес дебиторлық берешек тауар өткізу мен қызмет көрсету салдарынан пайда болады, және ол алынуға тиісті шоттар мен вексельдер арқылы анықталады. Дебиторлық берешек сонымен қатар есептілік кезеңіндегі жал төлемдерінен, пайыздар мен басқа да сомалардан тұрады.

Дебиторлық берешек заңды және қолданыстағы есеп түрлеріне және формаларына сәйкес болғанда ғана ағымдағы және нормаға сай деп есептеледі. Егер қарыз өз уақтысымен жабылмаса, нормаға сай емес болып есептеледі. Қарыздың талап ету мерзімі өтіп кеткенде талап ету құқығының ережесімен және заң бойынша қойылған талап ету бойынша анықталады. Дебиторлық берешек сатып алушылардың тауар мен қызмет көрсету үшін берешегі ұйымның негізгі қызмет барысында пайда болған, және басқа да қызметтерінің салдарынан пайда болған болып екіге бөлінеді.

Пайданы алу дебиторлық берешектің негізгі көзі болып табылады, өйткені өткізу бойынша төлемдер көбіне банктегі шоттарда есептеледі. Өнімді өткізу қортындысында пайда болған дебиторлық берешек басқа ұйым активтеріне көрсетілген талаптар болып есептеледі.

Дебиторлық берешекпен байланысты негізгі бухгалтерлік мәселе дебиторлық берешекті мойындау мен бағалау болып табылады. Дебиторлық берешекті қайтара білу дебиторлық берешек бойынша өлшеуге және есептілікке әсер ететін негізгі сұрақ болып табылады. Берешекті төлеу мүмкіндігі қарыз көрсетілді ме (мойындалған), және оның сомасы қандай (бағалау сұрағы) екеніне әсер етеді. Тауарды кредитке сату оның ашық шот бойынша есеп айырысу формаларынг қолдану арқылы, немесе несие туралы формальдық келісімшарт негізінде, мысалы, қаржылық міндеттеме- вексель арқылы іске асырылады. Қарыз міндеттемесі ережеге сүйене 60 күнге монтаж жасау жабдығын өткізу кезінде және айтарлықтай үлкен сомада операция жасалған уақытта беріледі.

Қарыз міндеттері ашық шот бойынша есеп айырысу сонымен қатар шеттен алып пайдалану мен несиеге қарыз алғанда да қолдануы мүмкін.

Қажет жағдайда ұйым ақша қаражаттарды мерзімі бітпей тұрып алуына болады. Ең алдымен оны сатуға мүмкіндік туады. Ұйым зз еркімен дебиторлармен отырған келісімшарттың жойылуы тәуекелдігін өзіне алуы мүмкін, ол кезде сатушыға айналып келу ерекшелігі бар деген келісу жасалады. Егер тәуекелділік сатыпалушыға ауысатын болса, дебиторлық берешек «айналымсыз» сатылады.

Дебиторлық берешекті «айналымсыз» өткізу – факторинг деп аталады, ал егер «айналыммен» өткізсе- беру немесе арзан өткізу деп аталады. Қатаң талапқа жеңілдік беру келісім шартындағы операция бойынша бір заңды тұлға (цедент) келісім шарт бойынша екінші заңды тұлғаның (цессионар) қанда й да бір міндеттемесін (туарлы материалдық құндылықтарды жеткізіп бергені үшін төлем, т. с. с) орындаған кезінде өзінің заңды құқықтық талабын (цессия) толық және ішінара көлемде азайтып немесе төмендетіп береді. Міндеттемелердің негізінде кредиторға жататын құқықтық талап бұрындары берілген тұлғалардан басқа тұлғаларға өтуі мүмкін. Бұл жерде кредиторқұқығының басқа тұлғаға өтуі регрессивтік талап болып есептелмейді, және кредитор бірінші заңды тұлғаның келісімін талап етпейді. Егер олар заң актілері мен келісім-шартқа сай келмесе, құқық талабые азайту міндеттемелеріне жауап беретін кредиторларды ауыстыру болып табылады. Кей жағдайда кредитопрдың келісімінсіз міндеттемелердің талабын азайтуға болмайды, өйткені жаңадан пайда болған кредитор бірінші кредиторға келеңсіз жағдай тудыруы мүмкін:

- тауар нарығында ол кредитор бәсекелес болуы мүмкін;

- кредитор мен қарыз беруші арасында кезінде шаруашылық даудың болуы мумкін;

- кредитор мен қарыз беруші бір- бірімен байланысты тараптар немесе бір-бірінен бөлетін тұлғалар (аффилирлік) болуы мүмкін, т.б.

Бұл жағдайда кредитор басқа бір кредиторға өзінің заңды талабын берер алдында бірінші кредитормен келісіп алады.

Құқықтық талаптарды әдетте азайтылған сомасына береді. Яғни дебиторлық қарыздан аз сомаға, сондықтан ол цедентке зиянның ал цессионарда табыстың пайда болуына әкеледі. Егер де талап құқығы дебиторлық қарыздан артық сомаға жасалатын болса, онда ол сәйкесінше цедентке табысты, ал, цессионарда зиянды алынатынын көрсетеді.

Тауарлы қорлардан дебиторлық берешек қолма-қол есеп айырысуға бір адым жақындығымен ерекшеленеді. Бірақ көбінесе тәжірибеде соңғы адым жасалмайды. Тәжірибеде дебиторлық берешек құрылғанына 90 күн өткеннен кейін сатушы күмәндана бастайды, және қандай да бір жағдай жасауға тырысады. Ең көп тараған әдіске факторингтік компанияның дебиторлық берешегін сату жатады.

Факторинг басқаша айтқанда қаржылық агент болып табылады, және ол үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп беру үшін қызмет етеді. Ондай қаржылық агент банктерде басқа да несиелік коммерциялық ұйымдар бола алады, бірақ олар аталған қызметті жүзеге асыр үшін лицензия болуы керек. Бірақ кез- келген кәсіпорын немесе ұйым факторинг қызметімен шұғылданбастан бұрын екі жақтың да несие қабылеттілігін тексереді және көрсеткен қызмет үшін өз құқығын берген кәсіпорын автоматты түрде төлеу керек. Бұл арада өзінің дебиторлық берешегін талап ету құқығын Берген кәсіпорын мен факторинг компаниясы келісім шартқа отырады. Ондай келісім шарт ашық та жасырын (конфедициалды) болуы мүмкін. Осы келісім шартта клиентке құқығын өзіне қайтарып беру мәселесі де айтылады, яғни регресс құқы да қарастырылады. Факторингалық қызметтің құны көрсетілетін түріне қаржылық жағдайына және таға басқа факторларына тәуелді болып келеді.

Міндеттемелердегі жауапа беруші тұлғалар ауысқан кезде азаматтық кодексінің 339 бабында кредитор құқығының басқа тұлғаға ауысуы қарастырылған. Кредитор құқығының басқа тұлғаға ауысуы үшін құқықтық актілер мен келісімшартта көрсетілген жағдайда қарыз алушының келісімі қажет емес. Дебиторлық берешекті регресске құқықсыз сату барысында сатап алушының ақша – қаражатты (инкассация) жинау тәуекелділігіне барып, қарыз алу бойынша кез- келген залалға дайын болады.

Алуға шоттарды беру дебиторлық берешекті тікелей формасы бойынша да (меншік құқығын беру) мазмұны бойынша да (бақылау құқығын беру) сату дегенді білдіреді.

Регресс құқығымен қамтамасыз етілген дебиторлық берешекті сатқанда:

- сатушы сатып алушыға дебитор өз қарызын өтемеген жағдайда өзі өтеуге кепіл береді

- әрбір жақ берілген операцияларды жасағаннан кейін басқаратын өз активтері мен міндеттерін мойындайды, және жабылған, сатылған активтері мен міндеттемелерін мойындамайды;

- таза түсімдер анықталады – ол сатудан кейін түскңен ақшалай қүұралдар мен басқа да активтер;

- соңында сатудан болған зияндар анықталады.


1.2 «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» акционерлік қоғамының техникалық - экономикалық сипаттамасы.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруін талдау маңызы өте зор . Шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдағанда айналым капитал айналымның,мүлік құнының үлесіне меншік және қарыз капиталдың қатынасына, сонымен қатар дебиторлық және кредиторлық қарыздың қатынасына көңіл бөлу керек . Қаржылық жағдайы қалыпты болған кезде кәсіпорында меншік капиталының үлесі динамикалық түрде өсу керек , және меншікті капитал қарыз капиталдан жоғары болу керек , ал дебиторлық және кредиторлық қарыз бір-бірімен теңесуі керек . Талданатын кәсіпорын АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» 1995-ші жылы құрылыс компаниясының құрылыстық әрлеушілік, қайта қалпына келтірушілік негізінде құрылған. Негізінен объектінің іргелі құрылысын салуға негізделген, бас офисі, тұрғылықты орны: Достық даңғылы 5 үйде орналасқан. Компания сонымен қатар құрылыс материалдарын жасап шығару және жүзеге саыру, жаңа технологияларды сатып алу, жасап шығару, жоба құрастыру және өндіріске енгізумен айналысады. 2005 жылдың ішінде ұйымның негізгі көрсеткіштерінде келесі өзгерістер болды : жалпы табыс 228191,42 теңге , кезең шығындар соның ішінде161145,46 теңге, негізгі емес қызметтен түскен табыс 27566,50 теңге, корпоративтік табыс салығы 28383,73 теңге, таза табысы 2005 жылға 66228,72 теңгемен жапты. Яғни ұйым өз нарығын төлем қабылеттілімен қамтамасыз ете алады деуге болады. АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» өзінің қызметінің алдында келесідей мақсаттар қояды:



  • Халықтың сұранысын қамтамасыз ету;

  • Табыс табу және оны қатысушылар арасында пайдалану;

  • Жаңа жұмыс орындарын ашу және ұйым жұмысшыларының әлеуметтік жағдайларын...шешу; Әкімшілік-басқару офисі ғимаратында келесідей кабинеттер орналасқан: басқарушы кабинеті, бас технолог кабинеті, бас бухгалтер және екінші деңгейлі бухгалтерлер кабинеті, кадрлар бөлімі, материалдармен қамтамасыз етуші бөлімше, сату бөлімшесі, сонымен қатар басқа да бөлімшелер кабинеттері орналасқан.Ал өндірістік ғимаратында цехтар бар:

  • Қайнату цехі (варочный цех)

  • Бояу цехі (красительный цех)

  • Лагерлік цехі

  • Сұраптау цехі (разделочный цех)

  • Химия терапия

Әр цехте әр түрлі процесстер жүреді, яғни бірінші цехта қайнату, екінші цехте жасап шығару (жартылай фабрикат), үшінші цехте бояудың пісіп жетілуі және фильтрден өтіп тазартылады. Келесі кезең арнайы цехте жасалып шығарылған ыдыстық материалдарға құю және этикеттерді жабыстыру процесімен аяқталады. Қоғам өнімдерінің өзіндік құндарына кіретін келесідей материалдардан құралады: материалдар – эмульсия, су, май,шикізат;көмекші материалдар этикет, кизельгурт, фильтрлі картон, клей, каустикалық пластмасса, бөтелкелердің сынуы, қақпақ, хлорлы әк, тұз қышқылы т.б әрлеуге, сыпрлауға қажетті материалдар бар; басқа да материалдар – жылу энергиясы, электр энергиясы; Субьектінің қаржы – шаруашылық қызметін талдау. Субъектінің қаржы – шаруашылық қызметі оның өндіру – сату қызметін жан – жақты түгел көрсетеді. Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруін талдау маңызы өте зор .

Шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдағанда айналым капитал айналымның,мүлік құнының үлесіне меншік және қарыз капиталдың қатынасына, сонымен қатар дебиторлық және кредиторлық қарыздың қатынасына көңіл бөлу керек . Қаржылық жағдайы қалыпты болған кезде кәсіпорында меншік капиталының үлесі динамикалық түрде өсу керек , және меншікті капитал қарыз капиталдан жоғары болу керек , ал дебиторлық және кредиторлық қарыз бір-бірімен теңесуі керек . Талданатын Қоғам 1995-ші жылы құрылыс материалдарын өндіруші заводы негізінде құрылған. Ұйымның қазіргі уақытта қалай қызмет атқаратынын көру, талдау үшін, алдымен оның техникалық, экономикалық көрсеткіштеріне назар аудару керек. Ол үшін ұйым балансына сәйкес кесте құрып, талдау барысында пайда болатын негізгі көрсеткіштерді бағалау,ауытқуларын талдау, сонымен қатар ауытқуларға шара қолдану қажет. Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мақсаты ұйымдағы төлем қабылеттілік пен өтімділік денгейін анықтау мақсатында қажет болып табылады. Ұйымның төлем қабылеттілігі оның қысқа мерзімді несиелерін жабу үлгерімін көрсетеді. Оның жетіскке жету маңызы екі көрсеткішті салыстыруда. 1- кестеде екі жылдық көрсеткіштер салыстыру мақсатымен көрсетілген.



Есепті кезеңде өнімді өткізуден түскен табыс 57873,03 теңгеге өскен немесе 15 пайызды құрайды. Өнімнің өзіндік құны да 28108,95 теңгеге өскен немесе 15 пайызды құрайды. 2005 жылдың аяғына қарай жалпы табыс 228191,42 теңге болды. Сонымен қатар кезең шығындарында да 15 пайызға немесе 12949,71 теңгеге өскенін көреміз, және 2005 жылдың аяғына 99281,13 теңгені құрады. Кәдімгі қызметтен түскен табыс , ол негізгі және негізгі емес қызметтерден құралған табыста 15 пайызға өскен және жыл аяғына 94612,46 теңгені құраған. Сондай-ақ таза табыс жыл аяғына 94612,46 теңгеге тең болды. Ұйымының 2005 жылғы таза табысы толығымен өткен кезең шығындарын жабуға кетті. Сондықтан есепті жылы табыс салығы төленбеген. Ұйым жұмысында теріс жағдай болып отырған ол негізгі құралдардың қорқайтарымдылығының -35,30 пайызға төмендегені, сондай-ақ сәйкесінше қорсиымдылығы 28,20 пайызға жоғарылаған. Бұл негізгі құралдардың тиімсіз пайдаланғанын көрсетеді. Есепті жылы активтердің айналымдылығы 0,3-ке төмендеген және жыл соңында 0,53-рет айналған. Бұл көрсеткіш те ұйымның қаржылық жағдайына теріс әсер етеді. Сату табыстылығы есепті жылы өзгерген жоқ. Активтердің табыстылығы 20,83 пайызға төмендеген.Жалпы кәсіпорын бойынша таза табыстың жоғарылауына қарамастан, негізгі көрсеткіштердің төмендеуі байқалады: негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі, активтердің айналымдылығы, сонымен қатар барлық активтерінің табыстылығы көрсетілген. Баланстың актив құрамындағы ең көп үлес салмағын ұзақ мерзімді активтер алып жатыр: 2005 жылдың басы мен аяғына сәйкесінше 53,68 пайыз және 60,04 пайыз. Ұйымның ұзақ мерзімді активтер ішінде:материалды емес активтер, негізгі құралдар мен аяқталмаған құрылыс көрсетілген.Ұзақ мерзімді активтердің құрылымындағы ең көп үлес салмағын негізгі құралдар алады. Олардың көрсеткіштеріне назар аударар болсақ, 60,15 пайыз жыл басына және жыл соңына 65,62 пайызкөрсетілген. Егер негізгі құралдардың жіктелуін қарастыратын болсақ, онда ең көп үлес салмағын машиналар мен құрылғылар алады жыл басына 51,27 пайыз, жыл аяғына 57,96 пайыз құрайды. Ұйымның барлық мүлік құнында ағымдағы активтер 46,31 пайыз бен 39,95 пайыз, жыл басы мен жыл аяғы сәйкесінше. Ағымдағы активтер құрылымында ең көп үлес салмағы дебиторлық қарыз алып жатыр,бұл кәсіпорынды теріс сипаттайды. Жыл басына қарағанда дебиторлық қарыздың деңгейі 88374 теңгеге немесе 5,3 пайызға жоғарыласа да, Жыл соңына қарай дебиторлық қарыздың үлес салмағы өте жоғары 339900 теңге немесе 33,28 пайыз. Кәсіпорынның басшыларына төлем есебінің тәртібін қатайту керек және дебиторлық қарыздарды қайтару шараларын қабылдау керек. Тауарлы материалды қорлардың төмен үлес салмағы мен олардың жыл соңына төмендеуі: кәсіпорын өзінің сату нарығы бар екенін көрсетеді және ұйымның өнімдері сұранысқа ие.Ұйымның барлық мүлкі есепті кезеңде 369362 теңгеге немесе 56,66 пайызға өсті, бұл ұйымды оң сипаттайды. Бұл жоғарылауға әсер еткен актив баптары келесідей: негізгі құралдар құнының жоғарылауы 258056 теңгеге немесе 77,0 пайызға, негізінен машиналар мен құрылғыларды сатып алған үшін, ол 257749 теңгеге 2005 жылы; дебиторлық қарыздың 88374 теңгеге абсолютті өлшемде өсуі.Материалды емес активтер мүлік құнында үлес салмағы аз: жыл басына 0,084 пайыз және жыл аяғына 0,0754 пайыз. Бірақ абсолюттік өлшемде 200 теңгеге өскенін көруге болады, ал пайыздық өлшемде материалдық емес активтер 2005 жылға 0,0120 пайызға төмендеп отыр. Егер баланстағы өзгерістерді пайыздық қатынаста алатын болсақ, онда мүлік құнының өсуі ұзақ мерзімді активтердің 71,2761 пайызға және ағымдағы активтердің 21 пайызға өсуімен анықтауға болады. Жоғарыда айтылғандай мүліктің өсуіне әсер еткен негізгі факторлар ол машиналар мен құрылғылардың 69,7822 пайызға өсуі және дебиторлық қарыздың 23,9261 пайызға өскенінен. Егер машиналар мен құрылғылар құнының өсуі оң әсерімен сипатталса , дебиторлық қарыздың өсуі ұйымның жұмысында теріс әсерімен сипатталады.Баланстың міндеттеме мен меншікті капиталы бөлімінде ең көп үлес салмағын ұзақ мерзімді міндеттемелер алып отыр: есепті жыл аяғына 91,1076 пайыз, бірақ есепті жылы бұл көрсеткіштің аздаған төмендеуі байқалады -11,4451 пайызға, абсолюттік өлшемде бұл көрсеткіш 261903 теңгеге өскен. Бұл көрсеткіш ұйымның жоғары деңгейде қарыз қаражаттарына тәуелді және ұйымның өзіндік қорлары жеткіліксіз. Өткен жылдардың жабылмаған зияны есепті жылы азайды, ол таза табыс арқылы төмендеді, таза табыс есепті жылы 94612,46 теңгені құраған. Жыл аяғына жабылмаған зиян 35441 теңгені құраған. Есепті кезеңде жарғылық капитал 164 теңгеге өскен және жыл аяғына 0,0617 пайыз құраған, бұл мүлік құнының ішіндегі үлес салмағы өте аз мөлшерде екенін көруге болады. Ағымдағы міндеттемелер құрылымында үлес салмағы басым : қысқа мерзімді несиелер болып табылады, яғни 7,9773 пайыз немесе жыл аяғына 81471 теңге. Сонымен қатар бұл көсеткіштердің пайыздық өлшемдегі төмендеуі байқалады (-1,2795 пайыз) және абсолюттік өлшемде 21182 теңгеге өсіп отыр, бұл әрине қарыз қаражаттарына тәуелділігін көрсетеді.Жалпы ұйым бойынша жоғарғы деңгейде қарыз қаражаттары басым және өзіндік қорлардың жалпы мүлік құнында пайыздық мөлшері төмендігімен сипатталады. Бұл жағдай төлем қабілеттілігі мен өтімділігіне теріс әсерін тигізеді, сонымен қатар кәсіпорын несие бойынша пайыз төлеуге ақша жұмсауы керек. Бірақ кәсіпорынның өнімдері сұранысқа ие болғандықтан және белгілі өнім белгісін иеленгендіктен және өнімді өткізетін нарықты иеленуінің арқасында таза табыс өсіп отыр, бұл болашақта өнім өндіру мен тауарларды сату көлемін, табыс өсімін көбейтуге болады, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтыландыруға мүмкіндік туады. Қоғам активтерін талдау барысында оның өтімділігін есептеп шығаруға болады. Шаруашылық активтері ұйым туралы көп мағұлмат береді. Олардың ең маңыздысы – рентабельділік. Яғни, шаруашылық активтерін талдау мысалы 2- ші кестеде көрсетілген.Ол кесте бойынша, есепті жылы мүлік құнының орташа шамасы 260665,5 теңгеге өскен және 2005 жыл аяғында 836610 теңге құраған. Сондай-ақ таза табыс 12340,76 теңгеге өскен, және жыл соңында 94612,46 теңге құрады. Мобильді қаражатының орташа құны да 81263,5 теңгеге өскен. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер арқылы біз келесідей талдау жасауымызға болады: активтердің рентабельділігі 0,14-тен 0,11-ге төмендеген, яғни –0,02-ге. Ағымдағы активтердің рентабельділігі –0,03-ке төмендеген және 2005 жыл аяғына табыстылық 0,26 құраған. Мобильді активтердің коэффициенті 0,06-ға төмендеген, есепті кезең соңында 0,39 .


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет