Нарықтық экономикаға


Экономикалық саясат елдің саяси бағытын қолдан нығайтатын маңызды құрал болады



бет4/5
Дата19.10.2022
өлшемі21.77 Kb.
#462991
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Документ (1)

3. Экономикалық саясат елдің саяси бағытын қолдан нығайтатын маңызды құрал болады.

Бұрынгы Кеңес әдебиеттерінде экономикалық саясаттың субъектісі ретінде тек қана мемлекет алынған. Бұл, әрине, шектеулі идеологиялық көзқарас. Экономикалық саясат субъектілері бірнешеу. Оларға мемлекеттің өзі (оның құрамындағы аймақтық және жергілікті институционалдық құрылымдарын қосқанда) және мемлекеттік емес қоғамдық одақтар мен бірлестіктер жатады. Осы саяси-экономикалық субъектілерді іс-әрекеттік сипаттары әртүрлі. Мемлекеттің саяси және экономикалық билігі бар. Қоғамдық одақтар мен бірлестіктер тек өздерінің мүмкіншілігіне ғана сүйене алады, олардың заң қабылдау билігі жок.

Мемлекет экономикалық саясат субъектісі ретінде. Мемлекеттің билігі елдегі әртүрлі өндірушілер мен тұрғындар топтарының мүдделерін келістіріп, олардың еңбек пен іскерлік әрекеттерінің белсенділігін белгіленген біржақты мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы қажет. Экономикалық мемлекеттік реттелуі кейде иерархиялық жүйе ретінде құрылады. Ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде Заң шығарушы жәнс оны атқарушы билік тармақтары ажыратылып, олардың қызмет атқару шектері айқындалған. Парламентке экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланады және қабылданып бекітіледі немесе қайта қайтарылады. Қабылданған эконономикалық саясатгың өмірге енгізіліп, оның іске асырылуьн атқарушы билік тармағы — үкімет жауап береді. Үкімет өз кезегінде саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру құқықтарын мемлекеттің әр түрлі мекемелеріне (институттарьна) бөліп береді.

Қызметтерді бөлісу принципі мемлекеттің ұйымдьқ-саяси типіне байланысты. Соңғысы федерациялық немесе тандырылған мемлекет болуы мүмкін. Федеративті құрылымда экономикалық саясаттын үш субъектілік деңгейлері анықталады: федералдық, аймақтық және жергілікті.


Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992 жыл) Назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдін шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап керсетті:

— I кезең 1992-1995 жылдарды макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру;

— II кезең (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту, сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары, капитал, жұмыс күші, бағалы кағаздар мен интеллектуальды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін қажет;

— III кезең (2006-2012 жылдар) экономиканың ашық типін жедел қарқынмен дамыту, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жету және Қазақстанның өлемдік индустриалды елдер қатарына кіруі мен әлемдік саудада позициясының нығайуымен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет