Науаи мемлекеттiк педагогика институты



жүктеу 0.78 Mb.
бет4/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6

Буынның дыбыстық құрамы.

Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынандай болып келеді:



  1. бір дыбысты: а-та, ә-же, а-па, і-ні, а-ла, а-са, о-қы, а, ә, е, о, о-тыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі;

  2. екі дыбысты: ба-ла, қа-ла-да, та-за-ла, жа-ға, ой-на, та-ра, қа-ла-да-ғы-сы, ба-ла-сы, ал, ат, ақ, же, де, не;

  3. үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, бөл-шек-тер, тас-тақ, бал-шық, бөл-шек-тер, ұлт, үрт;

  4. төрт дыбысды: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, салт, қарқ-қарқ, күрк-күрк.

Тіліміздегі байырғы сөздердің дыбыстық құрамы осы төрт дыбыстан аспайды. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, тіпті алты дыбысты да бола алады:

  1. бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старт, фланг, трест, спирт, стенді;

  2. алты дыбысты: спектр, спринт.

Құрамындағы буынның санына қарай қазіргі қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздер (түбір морфемалар) мынадай болып келеді:

  1. Бір буынды: ай, ат, бал, бас, қол, көз, ал, кел, бар, ақ, көк, бір, үш, мен, сен, біз, тез, тым, тарс, жылт, да, де, ғой;

  2. Екі буынды: а-на, а-та, ә-ке, ба-ла, тү-йе, жыл-қы, қа-зан, ке-се, қа-ра, қы-зыл, жа-сыл, жа-тыр, о-тыр, ал-ты, е-кі, ке-ше, ер-те, тө-мен, дәп-тер, қа-лам, а-дам;

  3. Үш буынды: мұ-ға-лім, қа-на-ғат, қа-бі-лет, а-бы-рой, , а-рыс-тан, жа-ма-ғат, ин-тер-нат, инс-ти-тут, ин-же-нер, ка-ме-ра, ка-ни-кул, та-би-ғат;

  4. Төрт буынды: ы-ра-қы-мет (рақмет), і-ре-зең-ке (резеңке), рес-пуб-ли-ка, про-це-ду-ра, фо-не-ти-ка;

  5. Бес буынды: у-ни-вер-си-тет, по-лик-ли-ни-ка, пуб-ли-цис-ти-ка.

Қазақтың байырғы сөздегі негізінен бір буынды, қала берді екі буынды болып келеді. Мұның өзі оның поэзия тілі болуымен де байланысты. Өйткені 11 буынды болып келетін қара өлеңде бунақтар 3-4 буыннан аспайды. Әлгі бір, екі буынды сөздерге орамды болу үшін жұрнақ, жалғаулар жалғану керек болады. ал төрт буыннан жоғары сөздер қара өлеңге оралымсыз болып шығады.
Буынның алмасуы.
Сөйлеуде бір дыбыс екінші дыбыспен, бір буын екінші буынмен, бір сөз екінші сөзбен ұштасып жатады. Сондықтан буындар өзара бір – бірімен алмасып, кейде бір буынның жігі ыдырап, екінші буынның дыбыс саны көбейіп отырады.

Фонетиканың басқа оқулығында буындар арасында дауыстының түсіп қалуын (торы ат-торат) буын ығысуы, «дауыссыздың кейінгі буынға сырғуын» (аты-а-ты) буын жылысуы деп атайды.Соңғыны буын жылысуы дегеннен гөрі дыбыс жылысуы деген дұрыс болар. Буынның жылысуы мен кірігуі мәселесін алғаш айтқан Қ. Жұбанов деуге болады. «Буын жылысса, бір буынның дыбысы екінші буынға ауысады да, буынның жалпы саны кемімейді?». Мысалы: айт + а = айта, айт + ар = ай –тар; қайт + а = қай-та, жаз + ар= жа-зар т.б. «Буындар кіріксе, буын-буынның шегі өзгеріп қана қоймайды, саны да кемиді. Мысалы: ата ене, аға еке, жақсы ат деген айтуда атене, ағеке, жақсат болып кетеді» (сонда). Сөйтіп:

1) дауыстыға біткен буынға дауыстыдан басталған буын жалғанса, алғашқы дауысты түсіп қалады. Мұны буын ығысуы дейміз.

2) кей буындарға жалаң ашық буын;

3) кей буындарға екі дыбысты тұйық буын;

4) кей буындарға үш дыбысты тұйық буын жалғанса, алғашқы буынның соңғы дауыссызы кейінгі буынға сырғиды. Мұны буын жылысуы дейміз. Екінші сөзбен айтқанда, белгілі бір буынға дауысты дыбыстан басталған буын (басқаша айтқанда: А, Ав, АВВ буындары) жалғанғанда ғана буын ығысуы мен буын жылысуы пайда болады. Басқа жағдайда буын ешбір түрде алмаса алмайды; сондықтан буын ығысуы мен буын жылысуы кездеспейді; мысалы: бала + ға, бала + ның, ат + тың, ат + қа, ал + дырт, жаз + дырт, ал + дыр, айт + ты, айт + тыр, айт + тырт, жаздырт + ты, жаздырт + қыз.

Басқаша айтқанда, дауыссызға тынған??? буынға дауыссыздан басталған буын жалғанса, буын жігі өзгере алмайды: буын бір қалыпта сақталады.

Тақырып: Екпін және оның түрлері.

Сабақтың жоспары.

1.Екпін туралы мәліметтер.

2.Екпін және оның түрлері.

Сөйлеу процесінде сөздерді айтудағы бөлшектеніп шығатын ауа толқыны, яғни сөздегі буындардың бәрі, бірқалыпты айтылмай, бір буын өзге буындардан ерекше күшпен айтылады. Мысалы: бала деген сөзде екінші буын, балалар дегенде үшінші буын, балаларға дегенде төртінші буын өзге буындардан күшті айтылып тұр.Сөз ішіндегі бір буынның өзге буындардан ерекшеленіп күшті айтылуы е к п і н дейді.

Қазақ тіліндегі, сол сияқты түркі жүйелі тілдердегі екпін дауыс құйылысының қарқынымен (күшпен) айтылуына байланысты дем екпіні қатарына жатады.

Дем екпіні екі түрлі болып келеді: тұрақты екпін, тұрақсыз екпін. Тұрақты екпін қазақ тілінде және өзге түркі халықтарының да тілдерінде кездеседі. Екпіні тұрақты болатын тілдерде екпін сөздің арнаулы буынында болады да, сөздің грамматикалық, лексикалық мағыналарының құбылуымен екпін сөздің өзге буындарына ауысып ілгеріле – кейінді жылжып отырады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынында болып келеді. Көп буынды түбір сөзде негізгі екпін соңғы буынында болады да, қалған буындарда ешқандай екпін болмайды. Мысалы: шана, тарақ, терезе, қабырға, омыртқа. Түбір сөзге қосымша жалғанып, сөздің лексикалық не грамматикалық мағынасы түрленгенде, негізгі екпін туынды сөздің соңғы буынына ауысады да, сөздің негізгі екпініне қосымша көмекші екпін пайда болады. Мұндай туынды, көп буынды сөздерде негізгі екпін қосымшаға ауысып, соңғы буында тұрады да, қосымша екпін түбірдің соңғы буынында болады. Мысалы: базар =базар + шы = базар + шы + лар = базар + шы + ла + ры + мыз = базар + шы + ла + ры + мыз + ға.

Қазақ тіліндегі екпін тұрақты екпін болып, түбір сөзге қосымша жалғануына байланысты екпін сөздің соңғы буынына, қосымшаларға ауысып отыруға тиісті бола тұрса да, қазақ тілінің кейбір қосымшалары өзіне екпін түсірмейді. Ондай қосымшалар жалғанған туынды сөздерде екпін соңғы буында болмай, соңғы буынның алдындағы буында тұрады.

Тіл – тілдегі екпін, негізінде, екі түрлі болады:


  1. Фонациялық ауаның қарқынымен (күшімен) байланысты екпін; мұны лебізді (немесе динамикалық) екпін дейміз.

  2. Дауыс ырғағымен (дауыс тонымен) байланысты екпін; мұны үнді (музыкалы немесе тоникалық) екпін дейміз.

Тілде кей уақыт квантитатив (мөлшер) екпін де болуы мүмкін. Мұның ерекшелігі – бұл екпін түскен дауысты дыбыс басқа дауыстылардан созылыңқы айтылады. Дауысты дыбыстың созылыңқылығы арнаулы бір фонологиялық мәнге ие болмаған тілде басқа екпінмен барабар квантитативті екпін де бола алады.

Қазақ тілі дауыстылары созылыңқылығының фонематикалық мәні жоқ. Сондықтан екпін түскен дауысты аздап болса да квантитативті түрде де айтылады: лебізді (динамикалық) екпін негізгі болады да, квантитатив соған қосымша болады; өйткені лебізді екпінге ие дауысты дыбыс екпін түспеген дауыстыларға қарағанда сәл созылыңқы айтылады. Бұл жөнінде қорытындыны тек эксперименталь аспаптар арқылы үзілді-кесілді айтуға болады.

Тілдердің көпшілігі лебізді екпін тобына жатады. Бұл топқа қазақ және басқа түркі тілдері де жатады. Тілімізде тек лебізді (кей уақыт квантитативті) екпін бар деп қана қойсақ, қателескен болар едік. Кісінің ойын мәнерлеп, әсірелеп жеткізе алатын сөйлемдерде кей уақыт үнді екпінді де пайдалана аламыз. Бірқатар тюрколог ғалымдардың пікірінше үнді екпін мәнерленіп (экспрессивтік) сөздермен байланысуы шарт емес: бұл екпін жай сөйлемде де кездесе беруі мүмкін.

Лебізді екпінге ие тілдер: екпіні тиянақты тілдерде екпін сөздің, көбінесе, арнаулы буынына түседі, екпіні тиянақсыз тілдерде екпіннің арнаулы (белгілі) буынмен байланысуы шарт болмайды.

Сөз бен сөздің шегін бөліп, жігін ажыратудың басты бір жолы – осы дауыс екпіні (акцентуация) болып есептеледі. Лебізді екпін кей тілде (көбіне, екпіні тиянақсыз тілдерде) сөздің морфологиялық мағынасын айқындап тұрады.

Сөйтіп, лебізді екпін: мағына айқындаушы, сөз айқындаушы болып екіге бөлінеді. Мысалы: орыс тілінде замок – замок, мука- мука сөздеріндегі екпін мағынаны айқындап тұр. Қазақ тілі сөзінің қалыпты екпіні өзгергеннен мағына онша көп ойсырай қоймайды. Қазақ тіліндегі екпінді өзгерткеннен сөздің дағдылы айтылуы мәнері де өзгереді, бірақ сөз мағынасы орыс тіліндегідей мүлде өзгере қоймайды. Демек, орыс тіліндегі екпін тиянақсыз болып, қазақ тіліндегі екпін тиянақты болып келуі бұл екі тілдің өздеріне тән ерекшеліктерімен байланысты. Қазақ тіліндегі екпін орыс тіліндегідей сөз мағынасын өзгертпейді, оның есесі жұрнаққа түседі. Басқаша айтқанда, сөздің лексикалық, грамматикалық тұлғасы әр түрлі болып құбылуымен байланысып жатады.

Түркі тілдерінде дауыс екпіні сөздің, көбіне, ең соңғы буынына түсуін ежелден келе жатқан қағина деуге болмайды. Акад. Б. Я. Владимирцов түркі тілдеріндегі екпін о баста сөздің бас буыннына түскен деген ойды дәлелдейді. Көп буынды сөздерде көмекші екпін - әрі лебізді, әрі үнді болып келуі, мәнерлі (эмфазиялы) сөйлемдерде дауыс екпінінің орын алмасуы (соңғы буындағы екпін бас буынға көшуі) Б. Я. Владимирцовтың пікірі бойынша, тіліміздегі екпіннің бір кезеңдерде сөздің алғашқы буынына түскенін көрсетеді.

Академик Ф. Е. Корш көп сөздердің екпінсіз буынындағы дауыстылардың редукциялануын – сөздің екпіні о баста бірінші буынға тускендігінің нәтижесі деп есептейді.

Ф. Е. Корш пен Б. Я. Владимирцовтың бұл айтылған пікілерін теріс дей алмаймыз.

Түркі тілдерінде дауыс екпіні тек лебізбен (экспирациямен) ғана байланысты деген ертедегі тюркологтардың (О. Бетлингк, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский т. б.) пікірлерін осы күнгі кейбір ғалымдар дұрыс емес деп табады. Н. К. Дмитриев өзінің «Түркі тілінің құрылысы» деген еңбегінде қосымшаға түсетін лебізді екпінмен барабар, негізгі түбірдің соңғы буынына түсетін екпін үнді екендігін дәлелдейді.



Сөз екпіні.

Қазақ тіліндегі екпін басқа түркі тілдеріндегі екпін тәрізді сөздің, көбіне, соңғы буынына түсетінін жоғарыда айттық. Екі не үш буынды сөздің, немесе көп буынды сөздің бір буыны негізгі екпінге ие болады да, қалған буындарына ешқандай екпін түспейді. Негізгі екпін, көбіне, соңғы буынға түсіп отырады (мысалы; шағала, кереге орақ, олқы, қара, біздер, жиырма, әрең т. б.), көп буынды (кемінде төрт буынды) сөзде негізгі екпіннен бөлек көмекші екпін пайда болады. негізгі екпін соңғы буынға түседі де, көмекші екпін негізгі түбірдің соңғы буынына түседі. Қазақ тіліндегі көп буынды сөз қосымша арқылы жасалатындықтан, негізгі екпін қосымшада болады да, көмекші екпін негізгі түбірде болады:

О- рақ о- рақ- шы- лар

Ол –қы о –рақ- шы-ла- ры- мыз

Ша- ға-ла о-рақ-шы-ла-ры-мыз-да

Ке-ре-ге о-рақ-шы-ла-ры-мыз-да –ғы

О –рақ-шы о-рақ-шы-ла-ры-мыз-да-ғы-лар
В. В. Радлов жоғарыда аталған кітабында ат, қарындас деген сөздердің буындары қосымша арқылы көбейіп, көмекші екпін ең бас буында, негізгі екпін ең соңғы буында болады деп түсінеді. И. А. Батманов қырғыз тілінде үш буынды сөздің екпіні жалпы ереже бойынша: негізгі екпін соңғы буынға, көмекші екпін бас буынға түседі дей келіп, төрт-бес буынды сөздердің көмекші екпіні негізгі екпіннен бір буын қашық тұрады, алты буынды және одан көп буынды сөздердің көмекші екпіні негізгі екпіннен екі буын қашық тұрады деген пікірді айтады. Мысалы: жолдоштору жолдошторубуз, жолдошторубузда т. б.

Көп буынды интернационалдық сөздерде ғана (онда да қазақ тілі қосымшалары жалғанса ғана) көмекші екпін анық байқалады: түбір тұлғадағы интернационалдық сөздің негізгі екпіні қазақ тілі қосымшалары қосылғанда (әрине, негізгі екпінді бойына тартатын қосымшалар болса), көмекші екпінге айналып кетеді. Мысалы, республика деген сөздің екінші буынындағы негізгі екпін соңғы буынға (ға буынына) көшеді. Сол сияқты, физикалық деген сөздің негізгі екпіні соңғы буында тұрады да, көмекші екпіні бірінші буында тұрады; ал кооперативтерге дегеннің денегізгі екпіні соңғы буында болады да, көмекші екпіні тив буынында болады. Интернационалдық сөздердің акцентуация жағынан бұл тәрізді өзгешелігі сол сөздердің бастапқы фонетикалық қағидаларымен байланысты болса керек.

Көмекші екпін категориясы, біздің ұғуымызша, әлі де даулы мәселе; мұны үзілді-кесілді шешілген мәселе деуге болмайды. Біздің ойымызша, негізгі екпіннің орны қандай тиянақты болса, көмекші екпіннің орны да сондай тиянақты болады деген пікірді де, В. В. Радлов айтқандайын, түркі тілдерінде көмекші екпін әрдайым бас буында болады деген пікірді де, И. А. Батманов т. б. авторлар айтқандайын, төрт, бес буынды сөзде көмекші екпін негізгіден бір буын бұрын тұрады, алты немесе одан да көп буынды сөзде ол екі буын бұрын тұрады деген пікірді де қостауға болмайды.

Қазақ тіліндегі қосымшалардың көпшілігі екпінді өз бойына тартып тұрады. Көптік, септік, тәуелдік жалғаулары екпінді болып келеді де, жіктік жалғау екпінсіз болып келеді. Қазақ тіліндегі кейбір қосымшалар екпінді бойына тарта алмайтындықтан (яғни энклитика ретінде кездесетіндіктен), акцентуация категориясы кей уақыт сөз тұлғасын ажыратуға (морфологиялық дифференция жасауға) керек құрал есебінде қолданылады. Тұлғасы бір, қызметі бөлек кейбір гомонимикалық қосымшаларды акцентуация арқылы ажыратуға болады. Мысалы: а) біздің оқушы – мыз (мұндағы мыз – тәуелдік жалғау), біз оқушымыз (мұндағы мыз – жіктік жалғау); ә) ағашты жарма (мұндағы ма – болымсыз етістіктің жұрнағы), тәтті жарма (ма – зат есімнің жұрнағы); б) сен мынаны көрші (ші- волунатив мағынадағы етістік жұрнағы); ол бізге көрші (ші – агентив мағынадағы зат есім жұрнағы); в) сіздің қалыңыз (ыңыз – екінші жақ тәуелдік жалғау), сіз қалыңыз (ыңыз екінші жақ, бұйрық рай жұрнағы); г) сіз баласыз (сыз – екінші жақ, жіктік жалғау), ол кісі баласыз (сыз – болымсыз есімнің жұрнағы); д) ол үйде (де – жатыс жалғау), үй де (де - шылау); е) атты кісі (ты –сын есім жұрнағы), ол мылтық атты (мұндағы ты – етістіктің өткен шақ қосымшасы); ж) біз осында қалалық (лық – қалау рай жұрнағы) т.б.

Қазақ тіліндегі кейбір басқа қосымшаларға да екпін түспейді: мысалы: сын есім жұрнағы – дай (таудай, жаздай), қалау рай жұрнағы йын (барайын, келейін) т.б.

Қосымшасыз келген шылау сөздерде, көмекші сөздерде екпін болмайды; олар мыналар: ғой (қой), ше, ғана (қана), ма (ме, ба/бе, па/пе), дейін, шейін, сайын, сияқты (тәрізді, сықылды, секілді) т.б. Мысалы: Мен ғой кеңседе болдым, ал сен ше? тек қана, оқыған сайын, ауылдан қалаға дейін.

Шылау сөздерге қосымша жалғанса, негізгі мағыналы сөздегі екпін шылау сөзге ауысып кетеді; мысалы: таныс сияқтысыз, қалаға шейінгі дегенде қосымшалы шылауға екпін түсіп тұр.

Қазақ тіліндегі күшейткіш үстеулер (өте, тым, ең, тіпті, аса, орасан, жүдә т.б.) үнемі екпінге ие болып тұрады. Күшейткіш үстеуі бар түбір сөз екпін жағынан энклитикаға айналып кетеді; мысалы: тым жақсы, өте биік, аса зор, ең әдемі т.б. Сын есімнің күшейткіш буындары да екпінді өзіне тартып, негізгі мағыналы сөзді энклитикаға айналдырып жібереді; мысалы: әп-әдемі, біп- биік, жап- жақсы. Күшейткіш буын дыбыс жағынан деформацияланып, түбір сөзбен біріксе, оның екпіні бас буында тұрады; мұндай сөздердің саны қазақ тілінде екеуі – ақ: көкпеңбек, аппақ.

Терминдер, географиялық атаулар, кісі аттары, негізгі түбір тұлғада тұрып, о бастағы екпінін сақтай алады(мысалы: республика, конференция, физика, Фрунзе, Москва).

Тіркес екпіні

Дауыс екпіні бір сөз бен екінші сөздің жігін ажыратумен қатар, бір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін де ажыратып тұрады. Арнаулы сөз тобының өзара мағына жуықтылығы ол сөз тобының акцентуациялық жуықтылығымен де байланысты болуы мүмкін. Сөйлем ішіндегі сөздердің бәрі бірдей үнемі дербес екпінге ие болуы шарт емес. Сөйлем мүшелерінің грамматикалық қызметіне қарай, олардың акцентуациялық өзгешеліктері де айқындалып тұрады. Сөйтіп, тілімізде, кей уақыт, белгілі сөз тіркесі немесе түгел сөз шумағы бір-ақ екпінге ие болуы мүмкін. Мұндай екпін фразалық (ритмикалық) немесе тіркес екпінді деп аталады.

Қазақ тілінде мына төменгі сөз топтары екпін жағынан айрықша комплекс бола алады.


  1. Қос сөздер (бала – шаға, жөн-жосық, ығай-сығай, сылап – сипап т.б.).

  2. Негізгі мағыналы сөз бен шылау сөздер (үйге дейін, ол үшін, өзі ғана, мың қаралы, оқыған сайын т.б.).

  3. Күрделі сөздер түйдегі (оқып отыр, ән салды, жығыла жаздады, жығылып қалды, орақ орды т.б.).

  4. Анықтауыш пен анықталған сөздер тізбегі (биік үй, асқар тау, қынай бел, алыс жер, күміс қасық, ат қора, қыруар мал, мың сом т.б.).

  5. Пысықтауыш пен баяндауыш болған сөз тізбегі (кеше келді, жақсы оқыды, қалада болды, әрең жүрді т.б.).

  6. Идиом сөздер түйдегі (қабырғаңмен кеңес, сөз байла, таң атты, тақсіретін тартты т.б.).

  7. Жалғаусыз тура толықтауыш пен баяндауыш болған сөз тізбегі (газет оқыды, хат жазды, кино көрді т.б.).

Қазақ тiлiнiң екпiн категориясы.

Сабақтың жоспары.

1.Қазақ тiлiнiң екпiн категориясы жайлы

2. Екпiндiлердiң тγрлерi туралы.

3.Сөз екпiнi туралы.

4.Тiркес екпiнi жайлы.

Сөздердi айтқанда, сөздегi буындардың (дауысты дыбыстардың) бәрiбiрдей бiр қалыпта айтылмай бiреуi басқалардан ерекше қарқынмен, кγшпен айтылады. Осындай сөз iшiнде бiр буынның (дауысты дыбыстың) басқа буындардан ерекшеленiп, кγштi айтылуын екпiн деймiз.Тiлдегi екпiндер негiзiнен екi топқа бөлiнедi:1.Лебiздi, динамикалық екпiн. Фонациялық ауаның қарқынымен байланысты болған құбылысты лебiздi немесе динамикалық екпiн деймiз.2.Υндi не тоникальды екпiн. Дауыс ырғағымен байланыстырылған құбылыспен γндi не тоникальды екпiн дейдi. Қазақ тiлiнiң екпiнi лебiздi екпiн тобына кiредi. Лебiздi екпiнге ие тiлдер екпiннiң келу шартына қарай екi топқа бөлiнедi:

1. Екпiнi тиянақты тiлдер.

2. Екпiнi тиянақсыз тiлдер. Қазақ тiлiнiң екпiнi бiрiншi топқа кiредi. Екпiнi тиянақты тiлдерде екпiн сөздiң γнемi арнаулы буынына тγседi. Ал екпiнi тиянақсыз тiлдерде екпiн сөздiң арнаулы буынына тγспейдi. Сөз бен сөздiң шегiн бөлiп, жiгiн ажыратудың басты бiр өлшемi дауыс екпiнi болып табылады. Дауыс екпiнiн ғылыми тiлде акцентуация дейдi. Лебiздi екпiн кей тiлде, көбiнесе екпiнi тиянақсыз тiлдерде сөздiң морфологиялық мағынасын айқындап тұрады. Осы қасиеттерiне қарай лебiздi екпiн екi тγрлi жағдайды аңғартады. Яғни мағына айқындаушы екпiн және сөз айқындаушы екпiн болып бөлiнедi. Мысалы: орыс тiлiндегi сөздерге екпiндер мағына айқындайды: за’мок - замо’к, мука’ –му’ ка.Қазақ тiлiнде мұндай қасиетжоқ. Қазақ тiлiнiң екпiнi сөз iшiнде соңғы буындарда болады. Сондықтан да қазақ тiлiнiң екпiнi сөз және сөз аралығында болу ерекшелiгiне қарай γлкен – γлкен екi топқа бөлiнедi:

Сөз екпiнi.

Сөз екпiнi болыуның негiзгi себебi екпiн сөз iшiнде болатындықтан және сөз соңында кездесетiндiктен сөз екпiнi деп аталады.Қазақ тiлiндегi екпiн басқа тγркi тiлдерiндегi екпiн тәрiздi сөздiң көбiнесе соңғы буынында болады. Екi немесе γш буынды сөздер не көп буынды сөздердiң бiр буыны негiзгi екпiнге ие болады да, қалған буындарына екпiн тγспейдi. Мысалы: шағала, кереге. Екпiннiң сөз iшiнде келуiне қарай оларды екi топка бөлуге болады. 1.Негiзгi екпiн. 2.Көмекшi екпiн.

Қазақ тiлiндегi негiзгi екпiн қосымшада болады. Яғни қосымшалы сөздер негiзгi екпiнге ие болады. Ал, көмекшi екпiн негiзгi тγбiр сөзде болады. Мысалы:о-рақ, о-рақ-шы-лар. Алғашқы буындағы екпiн көмекшi екпiн болады.Кейiнгi буындағы (лар) екпiн негiзгi екпiн болады. Қазақ тiлiндегi қосымшалардың көпшiлiгi екпiндi өз бойына тартып алады. Көптiк, септiк, тәуелдiк жалғаулары екпiндi болып келедi де, жiктiк жалғаулы екпiнсiз болады. Мысалы:оқушылар, мұғалiмдер дегенде екпiн көптiк жалғауына тγседi. Оқушыға, мұғалiмге дегенде екпiн септiк жалғауына тγседi. Сондай-ақ, менiң студентiм, сенiң студентiң, оның iнiсi дегенде екпiн тәуелдiк жалғауына тγсiп тұр. Ал, мен оқушымын, сен студентсiң, сiз мұғалiмсiз дегенде екпiн жiктiк жалғауына тγспейдi.

Тiркес екпiн.

Дауыс екпiнi бiр сөзбен екiншi сөздiң жiгiн ажыратумен ғана емес, бiр сөз тобы мен екiншi сөз тобының жiгiн ажыратып отырады. Сондай-ақ тiлiмiзде белгiлi бiр сөз тiркесi немесе сөз шумағы екпiнге ие болады. Сөйтiп, оларда акцентуациялық комплекс жасалады. Ал мұндай екпiндi фразалық (ритмикалық) немесе тiркес екпiнi деп жγргiзедi. Қазақ тiлiнде тiркес екпiнi болатын сөз топтары мыналар:

1. Қос сөздер тiркес екпiнге ие бола алады. Мысалы: бала-шаға, ығай-сығай, жөн-жосық.

2.Негiзгi мағыналық сөздер мен шылау сөздер тiркес екпiнiне ие бола алады. Мысалы: γйге дейiн, ол γшiн, өзi ғана, мың қаралы.

3.Кγрделi сөздер тγйдегiркес екпiнге ие болады. Мысалы: оқып отыр, ән салды, жығыла жаздады.

4.Анықтауыш пен анықталған сөздер тiзбегi тiркес екпiнге ие болады.Мысалы: биiк γй, асқар тау.

5.Пысықтауыш пен баяндауыштан болған сөз тiзбегi тiркес екпiнге ие болады. Мысалы: кеше кедi, жақсы оқыды, қалада болды.

6.Идиома сөздер тiзбегi тiркес екпiге ие болады. Мысалы: қабырғаңмен кеңес, сөз байла, тақсiретiн тартты.

7.Жалғаусыз тура толықтауыш пен баяндауыштан болған сөз тiзбегi тiркесекпiнге ие болады. Мысалы: газет оқыды, хат жазды, кино көрдi..

Тақырып. Дыбыстардың үндесуi .

Сабақтың жоспары.

1.Қазақ тiлiндегi дыбыс γндестiгi.

2.Буын γндестiгi туралы.

3.Дыбыс γндестiгi туралы.

4.Прогрессивтiк, регрессивтiк ассимилияция.

Қазiргi қазақ тiлiнде дыбыс γндестiгi фонетикалық құбылыс болып табылады. Сөз iшiндегi не сөздер аралағындағы дыбыстардың дауыс қатысы және жасалу орнына қарай iшiнара жапсарласып жанасуын дыбыстардың γндесуi деймiз . Қазiргi қазақ тiлiнде сөз iшiндегi буындар дауысты және дауыссыз дыбыстардың ыңғайына қарай қиюласады. Дыбыстар γндесуiнiң тγрлi болуына байланысты γндестiк заңы да тγр-тγрге бөлiнедi.

Дыбыстардың γндесуi қазақ тiлiнде өзiнiң негiзгi ерекшелiгiне қарай екi топқа бөлiнедi:







Буын γндестiгi (сингармонизм).

Қазақ тiлiндегi сингармонизм γндестiгi негiзiнен мынадай жағдайларда келедi:

1.Тγбiр сөздiң буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болып γстеледi. Мысалы: бал-балға, жол-жолға, тон-тонды.

2.Тγбiр сөздiң соңғы буыны жiңiшке болса, оған қосылатын қосымша да жiңiшке тγрде жалғанады. Мысалы: жер-жерге, iнi-iнiмiз, кγн-кγндi.








1.Көмекшi септiк жалғауының –мен, -бен, -пен қосымшалары сөздiң соңғы буыны жуан болса да, жiңiшке болса да сол қалпында жалғанады. Мысалы: сиямен жаздым, атпен келдiм, отпен ойнама, ағашты арамен кестi. Сен Υмбетпен кездестiң бе? Соңғы сөйлемде ғана сөздiң жiңiшке болуына байланысты –пен жалғауы қосылып тұр.





2.Меншiктiк ұғым беретiн –нiкi, -дiкi, -тiкi құрамдас қосымшалар да, буын γндестiгiне бағынбай, сөздiң соңғы буыны жуан болса да, жiңiшке болса да осы кγйiнде жалғанады. Мысалы: Арба Асандiкi.



3.-паз, -қор, -қой, -ғой, -кер, -кеш, -хана, -ист, -изм жұрнақтары да сөздiң соңғы буынының қандай болғанына қарамай, сол кγйiнде жалғанады. Мысалы: өнерпаз, бейнетқор, әзiлқой т.б.



4.Х әрпiне бiткен сөздерге қосымшалар әрқашан да жуан тγрде жалғанады. Мысалы: цехтың, тарихқа т.б.



5.-рк, -нк, -ке, -кт дыбыстар тiркесiне бiткен орыс тiлiнен енген сөздерге қосымшалар жiңiшке тγрде жалғанады. Мысалы: парктен танктi т.б.





6.-ль әрiптер тiркесiне бiткен бiр буынды орыс тiлiнен енген сөздерге қосымшалар жiңiшке тγрде жалғанады. Мысалы: рольдi, рульсiз, рульден т.б.


Тапсырмалар: Төмендегі әр сөз мына сызбалық үлгіге қарап қанша сөзбен байланысқа түсу мүмкіндігі барын анықтаңдар.


Жас бала екен

болған


жаңа мектеп деді

Жақсы емхана шығар

Киген киімі қаланікі сияқты

Көрінген жарық


Өсімтал,кіріптар, діндар, балгер, жемқор, әсемпаз, арухана,зиянкес, сәнқой.
1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет