Зонд көмегімен тамақтандыру
Қажетті заттар:залалсыздандырылған жіңішке зонд (мұрын катетері), вазелин, воронка немесе Жане шприцы, 600-800 мл сұйытылған тағам.
Іс -әрекеттер:
Залалсыздандырылған асқазан зондын алыңыз.
Зондты (мұрын жолы арқылы енгізгенде) вазелинмен майлаймыз.
Зондты төменгі мұрын, мұрын-жұтқыншақ қуысы арқылы енгізу керек
Сол қолдың саусағымен зондтың мұрын-көмей жолындағы жатысын
саусақпен баса отырып, көмейге дұрыс келуін қадағалау керек.
Зондтың бос бөлігін воронкамен жалғастырамыз, ақырындап
воронкаға дайын тамақты құямыз. Әзірлеген сұйық тамақты
Жане шприцімен сорып алып, ауасын шығарып беруге де болады.
Қоректік заттарды енгізіп болған соң, ондағы тағамның қалдықтарын
жуу үшін зондқа таза су құяды, кейін воронканы алып тастаймыз.
Зондтың ұшын науқастың бетіне лейкопластырмен оған кедергі
жасамайтындай етіп бекіту керек.
Кейбір жағдайларда зондты науқастың жағдайына байланысты 2-3
тәулікте ауыстырып тұру керек.
Есіңізде болсын! Зонд өңешке немесе асқазанға түссе пациенттің хал жағдайы өзгермейді. Ал егер зонд кеңірдекке түссе пациент көгеріп, жөтеліп қақалады. Бұл жағдайда зондты тез шығарып алып, пациентті дем алдырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |