Научный журнал


Жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар мен жаттығулар



Pdf көрінісі
бет66/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   202
1 Жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар мен жаттығулар:
– Салыстыру;
– Есептер шығару;
– Есептерді теңдеу арқылы шығару.


114
115
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
2 Зерттеу өзгешелігі бар жаттығулар:
– Логикалық жаттығулар;
– Қызықты есептер;
– Қызықты шаршылар мен үшбұрыштар;
– Жыл бойы өткенді қайталау.
Оларға математикаға қызығатын және бейімді оқушылар ерікті түрде 
қатысады. Математикалық үйірмелер арқылы оқушыларға бағдарлама көлемінде 
және математикалық қосымша мәселерінен де түсініктер беріп, олардың 
білімін жан-жақты кеңейтуге болады. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты 
шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта-
ықыласын толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысында оқушылардың 
математика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті математиктердің 
өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс 
жұмыстарын жандандырады. Баланың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер 
шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың 
шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, 
қиынырақ есептерге уақыттың бөлінді.
Сонымен, біз ұсынған сыныптан тыс жұмыстың көрсеткіші кейбір 
мәселелерін шеше отырып, жақсы оқулықпен, қонымды әдістемені бастауыш 
және орта мектепке енгізе отырып білім сапасын көтеруге болады деп есептейміз.
Эксперимент қорытындысында алынған нәтижелер және оларды талдау 
төмендегіше қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
– математика сабағын дамыта оқытудағы сабақтастықты қалыптастыру 
тек айқын мақсатты арнайы ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде ғана 
мүмкін болады;
– ұсынылған сабақтастықты қалыптастырудың зерттелген теориялық 
негіздері және әдістемесі болашақта математикадан оқушылардың білім сапасын 
арттыруға ықпал етеді;
– мұғалімнің дайындығы неғұрлым жоғары болса, солғұрлым нәтижелі 
болмақ.
Сөйтіп, жүргізілген тәжірибелік – эксперимент жұмыс біз ұсынған 
теориялық ұсыныстар мен жасалған әдістеме математикадан сапалы білім беру 
үшін пайдалы екендігін қуаттады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі қоғамға қажетті тұлғаны қалыптастыру үшін бастауыш сыныптан 
бастап оқушыларды дайындау керек екенін зерттеу барысында байқадық. 
Оқушының жан дүниесіне көбірек үңіліп, оны жете білуге және сол арқылы 
тәрбиелік ықпал ету мүмкіндігін арттыруда сыныптан және мектептен тыс 
жүргізілетін жұмыстардың ролі өте зор. Яғни, балаға ықпал ету, олардың 
неге жете білуіне қажет жағдайлар сабақтан гөрі осы сыныптан, мектептен 
тыс жұмыстарда мол. Сондықтан бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін 
және тәрбиелік мақсатта нақты көздеген нәтиженің болуы үшін мұғалім, 
сынып жетекшісі бұл жұмыстардын түрі, мазмұны дегендерді өзі жете біліп 
және оларды оқушы қызығушылығы мен жас ерекшелігіне сәйкес жүргізе 
білуі шарт. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар біріншіден, халқымызға 
тән жастарымыздың бойында тәрбиенің жақсы жақтарын үйренуге әсері мол 
екендігіне зерттеу барысында толықтай көзіміз етті.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан 
халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңырту – Қазақстан дамуының 
басты бағыты». – Астана қ., Егемен Қазақстан 2012 жылғы 27 қаңтар. – 2 б.
Оспанов, Т., Құрманалина, Ш., Құрманалина, С. «Бастауыш мектепте 
математиканы оқыту әдістемесі». – Астана : «Фолиант» баспасы, 2010. – 465 б.
Сейталиев, К. Тәрбие теориясы. Оқу құралы. – Алматы, 1986. – 281 б.
Әлімбай, Т. Р. «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар мен халық 
есептерi» /Мәтін/ – Алматы : Рауан, 1997. – 79 б. 
Материал 12.02.18 баспаға түсті.
Г. А. Бейсембаева
1
, М. А. Кененбаева
2
, Қ. К. Әмірбекова
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет