Научный журнал



Pdf көрінісі
бет98/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
жұмыстардың атқарар рөлі зор. Математикалық ойын дегеніміз – тынысы кең, 
алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып 
нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі оларды сабақтың орны мен 
міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын 
бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға 
қажетті материалдарды дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді 
қатыстыруға байланысты.
Математика сабағында дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу 
педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1 Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі; 
2 Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі;
3 Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы;
4 Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы;
5 Ойынның эмоционалды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар 
қойылады:
1 Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні 
бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2 Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден 
түсіндірілуі қажет.
3 Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз 
ату керек.
4 Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу 
керек [3].
Матемематикадан көп пайдаланылған дидактикалық ойындардың жіктемесі 
төмендегідей болады:
1) 10 көлеміндегі сандардың атауын, ретін меңгертуге бағытталған 
дидактикалық ойындар: санамақ-ойындар, жаңылтпаш-ойындар, жұмбақ-
ойындар, «Тізбек», «Поезд», «Орныңды тап», «Жалғастыра санау», «Көрші-
көрші» т.б.;
2) 10 көлеміндегі сандардың құрамы туралы білімді бекітуге бағытталған 
ойын: «Мынау кімнің үйі?», «Допты қай ойыншыға беру керек?», «Хаттың иесі 
кім?», «Керекті цифрды қой» т.б.;
3) 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайту дағдыларын қалыптастыруға 
бағытталған дидактикалық ойындар: «Айға кім бұрын жетеді?», «Есептеуіш 
машиналар», «Дүкен», «Десанттар», «Баспалдақтар» тағы басқалары;
4) Қарапайым геометриялық фигураларды меңгертуге бағытталған 
дидактикалық ойындар: «Геометриялық эстафета», «Ою құрастыр», «Фигураны 
тап», «Бірден сызып шық», «Сыр сандықты ашып қара» т.б. [4]. 
Біз Павлодар қаласы № 2 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш 
сыныптарында оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту және сабаққа 
қызығушылықтарын арттыру мақсатында ойын технологияларын математика 
сабағында қолдандық. 2 «А» сыныбында 22 оқушы білім алалды, ол сынып 
оқушыларына «3-ке көбейту және бөлу кестес»і тақырыбында сабақ жүргіздік. 
3-ке көбейту және бөлудің кестелік жағдайлары жөніндегі жаңа ұғыммен 
таныстыру барысында дидактикалық ойындарға байланысты тапсырмалар беру 
арқылы өттік. Сабақ өту барысында оқушыларды топқа бөліп, тапсырмаларды 
ойындар арқылы қызықтыра өткіздік.
1 – Тапсырма. Ойын «Қалт етпей қал». Бір-біріне допты лақтыру арқылы 
2-ге көбейту кестесін айтады. 
2 – Тапсырма. Ой қозғау 3×3=3+3+3
3×4=3+3+3+3
3×5=3+3+3+3+3
3×6=3+3+3+3+3+3
Теңдіктің он жағы мен сол жағын салыстыру. Әрбір келесі өрнектің мәні 
алдынғы өрнектің мәнінен 3-ке артық екеніне жауап алу.
– Көбейту дегеніміз не?
– Бірдей қосылғыштар қосу.
3 – Тапсырма. Ойын «жалғастыр». Көбейту кестесі қалай қурылғанын 
түсіндіру 3-ке көбейту кестесін оқушылар толықтырады.
Кесте 1
Абай ауылы
Шоқан ауылы
Ыбырай ауылы
3∙3=9
4∙3=
3∙4=12
3∙5=15
Көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндіру. 3-ке көбейту кестесін 
оқушылар толықтырады.
3×3=9 4×3=3×4 4 ×3=12
3×4=12 5×3=3×5 5× 4=15 
3×5=15 6×3=3×6 6×5=18
3-ке көбейту 7×3=3×7 3-ке көбейту кестесі
кестесі 8 ×3=3×8
9 ×3=3×9


190
191
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет