Научный журнал



Pdf көрінісі
бет158/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
қошы параметрі жетсе, ал осы жарысқа дейінгі оқушылардың ең төменгі 
көрсеткіші 47,8 баллмен белсенділік болды. 
Cпорттық бағдарламаға сәйкес өткізілген жарыстан кейін жүргізілген 
сараптаудан аталған көрсеткіштердің мөлшерлері көтерілгендігі байқалады. 
Яғни, оқушыларының көңіл қошы алғашқыда 64,0 ±пай 3,1 балл болса, 
нақтылы іс-әрекетт – спорттық жарыстан кейін 65,0 ±пай 0,7 балл болды. Ал 
белсенділік 18,2 % ға, көңіл күй параметрі 8,8 % ға жоғарылап, статистикалық 
растау (Р < 0, 05) танытты (1-кесте).
Жарыстан кейінгі реактивті үрей мен жеке тұлғалық үрей 
көрсеткіштерінің төмендеуі анықталды.
Кесте 1 – Спорттық жарыстан кейінгі мектеп оқушыларының көңіл қошы, 
белсенділігі, көңіл күйі көрсеткіштерінің өзгерістері
Көрсеткіштер
Көңіл қошы
Белсенділік
Көңіл күйі
Жарысқа дейін
64,0 ±пай/3,13 балл
46,7 ±пай/8,1балл
54,2 ±пай/2,17 балл
Жарыстан кейін
64,0 ±пай/0,7балл
55,2 ±пай/2,7балл
59,0 ±пай/0,4 балл
Реактивті үрейдің алғашқы көрсеткіші 37,8 ±пай/ 2,49 балл болса, 
спорттық жарысқа қатысқаннан кейінгі деңгейі 36,6 ±пай/ 2,53 баллды құрады. 
Оқушылардың жеке бастық үрейі жарыс кезіндегі психоэмоционалдық 
жүктемеден кейін статистикалық растаумен (Р < 0, 05) 18 % төмендеді 
(1-сурет.). 
Сурет 1 – Спорттық жарыстан кейінгі мектеп оқушыларының 
психофизиологиялық дәрежесі
Сонымен, жасөспірім шақтағы жүйке-психикалық өзгеруден, кері 
эмоциялық жауаптан, қорқыныштан, күйзелістен, түршігуден спорттық 
жарыс әдістері арқылы қорғау жолдары оқушылардағы әртірлі деңгейдегі 
жүйке-психикалық ауытқулар дамуын алғашқы кезеңде табуға мүмкіндік 
береді. Шексіз үрей, ретсіз жанжал, орынсыз агрессия жасөспірімдердің 
соматикалық денсаулығын төмендететін негізгі белгілер болып саналады.
Спорттық мектеп оқушыларының жарысқа дейінгі агрессиялық 
көрсеткіштері жоғары болғаны туралы мәлімет 2-кестеде көрсетілген. 
Кестеден көргендей алғашқыда, жарыс кезіндегі қобалжу, сенімсіздік сияқты 
белгілер жоғары болып, жарысқа дейінгі жүргізілген қарқынды жаттығулар 
– денені қыздыру үдерісінен кейін агрессиялық көрсеткіштерінің барлық 
қалыптары кенеттен төмендеп, спортшылар байсалды мінез танытты. 
Кесте 2 – Спорттық жарыстан кейінгі мектеп оқушыларының жанжалдық 
көрсеткіштері мен қалыптарының өзгерістері
Көрсеткіштер
Жаттығуға дейін
Жаттығудан кейін
Дене агрессиясы 
70,75 ±пай/0,01 балл
61,5 ±пай/3,3 балл **
Жанама агрессия 
52,25 ±пай/2,4 балл
40,0±пай/2,4 балл **
Түршігу 
60,7 ±пай/10,8 балл
44,5 ±пай/9,7 балл
Кертартпалық
64,75 ±пай/2,9 балл
86,0 ±пай/2,4 балл ***
Өкпелеу
61,25 ±пай/2,8 балл
53,8 ±пай/3,0 балл
Күдіктену
63,5 ±пай/2,53 балл
53,8 ±пай/2,9 балл *
Вербалды агрессия 
65,7 ұпай/3,0 балл
78,2 ±пай/3,0 балл **
Ауто агрессия 
67,2 ±пай/3,7 балл
71,4 ±пай/2,5 балл
Агрессия индексі
62,85 ±пай3,7 балл
59,9 ±пай/2,8
Жауласу индексі
62,3 ±пай/2,8 балл
54,7 ±пай/3,0
Ескертпе: статистикалық нақтылық *– 0,05; ** – 0,01; *** – 0,001
Оқушылардың дене және жанама агрессилық түрлері жарыстан кейін 
сәйкесті, 13,3 және 23,9 % төмендеп, статистикалық растау (Р < 0, 01) 
көрсетті. Ал, түршігу 27%, (Р < 0, 001) 33,4 %, өкпелеу 12,4 %, күдіктілік 
(Р< 0,05) 15,5 %, төмендегендерін 2-кестеден көруге болады. Жарыстан 
кейін агрессорлық индексі 59,9 ±пай/ 2,8 баллға түссе, жауласу индексі 12 % 
төмендеді.
Сонымен, жарыстан шалдыққан дене және психоэмоционалдық жүктеме 
ауырлығы жас жеткіншектің басқа тұлғаға қарсы дене күшін қолдану, 
жанжалдасу, айқай, зеку сияқты жағымсыз сезімдерін көрсету, басқа адамды 
жақтырмау, ренжуге бейім тұру қалыптарының төмендеуіне әсер еткендігі 
байқалды. Сонымен бірге, айналасына зиян келтіруі мүмкін деген оймен 
қасындағы балаларға, құрбыларына сенімсіздікпен сақтықпен қарайтындар 
саны едәуір азайды.
Осыған байланысты, алынған мәліметтерді сараптау барысында систолдық 
артериялық қысым өз-өзін сезіну (r = 0,88) көрсеткішімен кері байланыста 


310
311
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
болғаны анықталды. Диастолдық артериялық қысым көрсеткіші агрессия индексі 
(r = 0,93) және жанама агрессиямен (r = 0,97) кері корреляциялық байланыста 
болды. Оқушылардың реактивті үрей көрсеткіші жекебастың үрейімен (r = 
0,71), өкпелеумен (r = 0,76) тура байланыста болды. Ал, түршігумен (r = 0,86) 
кері байланыста болды. 
Оқушылардың жарыстан кейінгі көңіл қошы олардың белсенділігі 
және көңіл күйіне оң әсер етті. Белсенділік көрсеткіші көңіл күймен, жанама 
агрессиялықпен және ауто-агрессиялықпен корреляциялық байланыста болды. 
Сонымен қоса, үрей, қорқыныш, қажетсіздік және т.б. жеткіншек жастағы 
болатын жүйке-психикасы өзгерістерінің төмендеуі тіркелді. Оған ұйытқулы 
үрей мен жеке бастық үрей көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі дәлел. 
Агрессия көрсеткіштері мен оның қалыптарының барлық өлшем көрсеткіштері 
бойынша оң нәтиже алынды.
ҚОРЫТЫНДЫ
1 Мектеп оқушыларының көңіл қошы, белсенділігі және көңіл күйі 
көрсеткіштеріне спорттық жарыс іс-әрекеті оң әсер етеді.
2 Спорттық жарыс кезеңінде оқушылардың үрей, қорқыныш, қажетсіздік 
сияқты жүйке-психикалық көрсеткіштері төмендейді.
3 Жарыс кезеңінде мектеп оқушыларының агрессиялық көрсеткіштері және 
оның қалыптары төмендейді.
4 Спорттық жарыстан кейін тіркелген оқушылардың психофизиологиялық, 
психоэмоционалдық деңгейлері мен психикалық бейімделу дәрежесі және 
агрессиялық көрсеткіштері оң корреляциялық байланыста болды. 
5 Оқушылардың жетілуі кезіндегі тұлғалығы неғұрлым көп қырлы болса, 
солғұрлым оның қажетті бейімделу кезеңіндегі әлеуеті жоғары болады және 
қорқыныш пен үрей аз болады.
6 Зерттеу барысында алынған спорттық жарыс әдістерімен қорғау жолдары 
оқушыларда әртірлі деңгейдегі жүйке-психикалық ауытқулар болуын алғашқы 
кезеңде табуға мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Онаев, С. Т., Балаева, Е. А., Курмангалиева, Д. С. және басқ. 
Әлеуметік зертеулердін нәтижесі бойынша спортшылар арасындағы 
экологиялық мәселелердің бағасы // Гигиена труда и медицинская экология. 
– 2012. – № 4 (37). – С. 191–193.
Никитюк, Б. А. Интегративные подходы в возрастной и спортивной 
антропологии. – М. : Изд-во «Ин-т психол. РАН», 1999. – 218 с. 
Онаев, С. Т., Исмаилова, А. А., Рахманова, Г. А., Тоқметов, Д. М. 
Жасөспірімдер организмдеріндегі агрессия көрсеткіштеріне биологиялық 
қоспаның әсерін бағалау // Актуальные вопросы охраны здоровья 
работающего населения: матер. Респ. науч. – практ. конф. с межд. участ. – 
Караганда, 2008. – С. 80–83.
4 Тест Айзенка: Джесси Рассел. – СПб. : Книга по Требованию, 2012. 
– 46 с.
5 Айзенка, Х. Психологические теории тревожности: Тревога и 
тревожность / Под ред. В. М. Астапова. – СПб. : Питер, 2001. – 247 с.
Апчел, В. Я., Цыган, В. Н. Стресс и стрессоустойчивость человека / 
В. Я. Апчел, В. Н. Цыган, – СПб. : «Питер», 1999. – 86 с.
Ханин, Ю. Л. Краткое руководство к применению шкалы реактивной 
и личностной тревожности Спилбергер / Ю. Л. Ханин. – М. : Медицина, 
1976. – 176 с.
8 Хван, А. А., Зайцев, Ю. А., Кузнецова, Ю. А. Стандартизация 
опросника А. Басса и А. Дарки // Психологическая диагностика. – 2008. –
№ 1. – С. 35–58.
Сидоренко, Е. В. Методы математической обработки в психологии. 
– СПб. : ООО «Речь», 2003. – 350 с., ил. 
Материал 12.02.18 баспаға түсті.
С. Т. Онаев
1
, Ш. Т. Тулегенов
2
, Ж. А. Тулегенова
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет