Научный журнал


МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет55/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   202
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Бұл мақалада автор педагогикалық ғылымда аксиология идеясының 
білім беру саласына енуін көрсететін парадигмалық өзгерістер бар 
екенін атап көрсетеді. Тарихи-педагогикалық шындықтарды талдауды 
автор белгілі мәдени, аксиологиялық, өркениеттік, инновациялық, 
синергетикалық әдіснамалық ұғымдарға сәйкес жүзеге асырып отыр. 
Білім жүйесінің трансформациясы әрқашан жалпы мәдениеттің даму 
контекстінде жүреді. Педагогикада мәдениет адамның дамуы мен білім 
алуына, айналадағы әлеуметтік-табиғи орта құндылықтарын игеруге, 
қоршаған әлеммен және өзімен қарым-қатынасты үйлестірудің негізгі 
шартына айналады.
Білім құндылық ретінде қарастырылады. Рухани мақсаттар 
ретінде тіршілік ететін жалпыадами құндылықтар жоғары 
деңгейде тұжырымдалатын ұғымдарда нақтыланады. Автордың 
пайымдауынша, олар тұлғалық мәнге ие болып, адаммен мәдениетті 
игеру барысында қол жеткізіледі және музыкалық білімнің осындай 
негіз құраушы құндылықтарына мәдениет, жеке тұлға, даму, еркіндік, 
жауапкершілік, ақиқат, жақсылық, сұлулық т.б. жатады. Осыған орай, 
мақалада музыкалық білімнің аксиологиялық негіздері қарастырылған. 
Кілтті сөздер: парадигма, мәдениет, аксиологиялық тұғыр, 
музыкалық білім, құндылықтар.
КІРІСПЕ
Қоғамның жаңа деңгейге көтерілуімен байланысты оның қозғаушы күші 
болып отырған – жастарға білім беру ісінде өткен тарихты тәжірибелерді ой-
елегінен өткізіп, жаңа заман талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру, 
сөйтіп Тәуелсіз Қазақстандағы музыкалық білімнің зерттелуі бүгінгі күнгі 
қажеттіліктердің бірі болып отыр.
Отандық педагогиканың орнауы мен дамуының тарихи және 
әдіснамалық заңдылықтарын, оның қайсы бір кезеңде – еуропалық 


90
91
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
музыкалық өнер мен білімнің заманауи жетекші бағыттарымен өзара әрекет 
ету ерекшеліктерін, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім 
жүйесінің орнауы аясында ғылыми-педагогикалық теориялар мен жетекші 
педагогикалық идеялардың даму сатыларының арақатынастық деңгейін
кешенді зерттеудің маңызы біздің зерттеуіміздің ракурсын айқындайды.
Қазақстан педагогика ғылымында педагогикалық фактілер мен 
құбылыстарды және процестерді қоғамның социомәдени дамуы контекстінде 
зерттеуде әдіснамалық тұғырларды әзірлеу мен іске асырудың үлкен
ғылыми қоры жинақталды. 
Профессор Таубаева Ш. Т. бойынша әдіснамалық тұғырларды жіктеу 
келесі түрде көрінеді:
– Жүйелік тұтастай тұғыр – Р. Г. Лемберг, Г. А. Уманов, Н. Д. Хмель, 
Г. Е. Альмухамедова.
– Нақты-тарихи тұғыр – Т. Т. Тәжібаев, И. Б. Мадин, А. И. Сембаев,
Г. М. Храпченков, А. Н. Ильясова, В. Г. Храпченков, А. Кубесов,
Э. А. Урунбасарова, А. Н. Көшербаева, Г. К. Ахметова, Б. А. Альмухамбетов, 
А. Д. Кайдарова.
– Этномәдени тұғыр – А. С. Сейдімбек, М. Х. Балтабаев, Ж. Ж. Наурызбай, 
Ш. Б. Күлманова.
– Этнопедагогикалық тұғыр – К. Б. Жарықбаев, С. К. Қалиев,
С. А. Ұзакбаева, К. Ж. Кожахметова, К. Болеев, Р. К. Дусенбинова,
А. Б. Абибулаева, Н. Э. Пфейфер, И. Р. Халитова, Б. Тойлыбаев, Ж. Асанов,
К. Шалғынбаева, Р. А. Жаңабаева, Ж. Чилдебаев, А. С. Имангалиев.
– Социологиялық және гуманистік тұғыр – Р. Ж. Иржанова,
К. К. Құнантаева, И. М. Кузьменко, М. Н. Кузьмина, Л. К. Кермов,
А. Т. Табылдиев, В. В. Трифонов, Б. И. Мұканова, К. К. Жампейсова,
Г. Т. Хайруллин, А. А. Бейсенбаева, Н. Н. Хан, А.А. Калюжный,
А. А. Калыбекова, Г. Ж. Менлібекова, А. Н. Тесленко т.б.
– Аксиологиялық тұғыр – Г. К. Нұргалиева, А. К. Ахметов, А. К. Рысбаева.
– Салыстырмалы тұғыр – А. К. Кусаинов, К. С. Мусин.
– Болжамдық тұғыр – А. П. Сейтешев, Т. С. Садыков, Б. А. Абдыкаримов, 
К. М. Арынғазиев. М. Ж. Жадрина.
– Инновациялық тұғыр – Е. Х. Мамбетказиев, А. С. Абдыманапов,
Д. Р. Примбеков т.б.
– Акмеологиялық тұғыр – М. А. Құдайқұлов, Б. К. Момынбаев, В. В. Егорова, 
А. Е. Абылкасымова, С. Т. Каргин, Т. Кышкашбаев, Б. А. Тұрғынбаева.
Жалпы педагогика мен білім тарихының және жеке алғанда 
Қазақстандағы музыкалық білім тарихының дамуы қоғамның жаратылыстық, 
заңды, тарихи қозғалыс үдерісі ретінде қарастырылады. 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Педагогика мен білім тарихының әдіснамасы түрлі тұғырларды 
пайдаланады.
Тұғыр – қойылған зерттеу міндетін шешудің негізгі жолы, ол шешу 
бағыты мен стратегиясын ашады. Жалпығылыми мағынада тұғыр саналуан 
контексттерде пайдаланылады. Тұғыр тарихи-педагогикалық зерттеу аясында 
тарихи-педагогикалық таным үдерісі жақтарының, оның мазмұны мен түрлерінің 
маңызды сипаттамаларын, тарихи мен логикалықтың, сапа мен санның 
арақатынасын айқындайды [1, 17].
Әдіснамалық тұғыр білім тарихындағы құбылыстар, фактілер мен 
оқиғаларды автордың көруінің, түсінуі мен интерпретациясының жәй моделі 
ғана емес, ол өзіндік ғылыми негізделген тұтастай талдау болып табылады. 
Білімнің даму сатылары мен логикасына көзқарас бұрышы, соның негізінде 
фактологиялық материалды іріктеу және интерпретациялау жүргізіледі, 
зерттелетін фактілер мен құбылыстарды т.с.с. бағалаудың аксиологиялық 
параметрлері салынады. 
Тарихи-педагогикалық ақиқаттарды талдау басқаларға, бір жағынан 
әлдеқашан белгілі әдіснамалық тұжырымдамаларға Б. А. мәдениеттанушылық, 
аксиологиялық, өркениеттік, инновациялық, синергетикалыққа негізделуі тиіс.
Педагогикада мәдениет тұлғаны дамыту және тәрбиелеу, қоршаған социотабиғи 
орта құндылықтарын игеру құралына, қоршаған әлеммен және өз-өзімен қарым-
қатынастарының басты үйлесу шартына айналады.
Ресей ғалымы В. С. Библер мәдениетті адамның өзгеруі мен жетілдірілуінің 
шарты мен үдерісі ретінде қарастырады [2, 70]. Бұл кілтте мәдениеттанушылық 
тұғыр, мәдениет тек тәрбие мен білімді біріктіретін интеграциялық құралға ғана 
айналып қоймай, мәдениеттің, білім мен педагогикалық қызметтің нәтижелілігі, 
перспективалығы мен бірлігіне жетуі де болады.
Мәдениеттанушылық тұғыр педагогикалық фактілерді, құбылыстар мен 
процестерді адамның табиғатымен, оның білімі мен тәрбиесі арақатынасында, 
яғни мәдениет пен педагогиканың диалектикалық өзара әрекеті мен өзара ықпал 
етуінде зерттеуге мүмкіндік береді, бұл жерде ол педагогикалық білім мен 
практиканың үстемдігі ретінде алға шығады.
Педагогика мен білім тарихында мәдениет ғылыми-тарихи санаттан нақты-
тарихи санатқа ауысады. Ол білім мен тәрбие проблемасына бағытталған. 
Мәдениеттанушылық тұғыр, біздің түсінігімізше, құбылыстарды олардың тарихи 
ретроспективасында терең қарастыруға жол ашады, зерттелетін құбылыстың 
қазіргімен және болашақпен байланысын анықтауға, сөйтіп осылайша, зерттеудің 
болжамшылдық қызметін жүргізуге көмектеседі. 


92
93
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет