Научный журнал



Pdf көрінісі
бет69/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
Сонымен бірге, қозғалыс бұзылыстарының жіктелуінде тірек-қимыл 
аппараты зақымдалған балалардың ересектерге тәуелділік жағдайлары да есепке 
алынады. Осы жағдайды ескере отырып қозғалыс бұзылыстарының одан арғы 
жіктелуін көрсетуге болады:
• Егер балаға тәрбиешінің көмегі қажет болмаса, бұл қозғалыс зақымдалу 
деңгейінің жеңіл дәрежесі;
• егер балаға тәрбиешінің көмегі қажет болса, бұл қозғалыс зақымдалу 
деңгейінің орташа дәрежесі;
• егер балаға ересектер көмегі толық қажет болса, бұл қозғалыс зақымдалу 
деңгейінің ауыр дәрежесі.
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың физикалық даму 
ерекшеліктеріне балалардың дене массасының азаюы; бойының қысқалығы; 
сымбатының бұзылуы; жалпақ табандылық; кеуде қуысының дамуындағы 
бұзылыстар; өкпенің тіршілік сыйымдылығының төмендеуі; кеуде қуысы 
көлемінің азаюы; бас сүйек ақаулығы; бет әлпетінің ақаулығы; дисплазия жатады. 
Қозғалыс дамуының бұзылысында кеңістіктегі қозғалыстың нақты болмауы; 
уақыттағы қозғалыстың нақты болмауы; ырғақты қозғалысты орындай алмауы; 
бұлшық ет күшін жіктеудің төмен деңгейі; тепе – теңдік қызметі дамуының төмен 
деңгейі; қозғалыс дискоординациясы байқалады.
Жүру кезіндегі бұзылыс: бүкірею; аяқ-қол қозғалысының дискоординациясы; 
аяғын тырпылдату; аяғын еденмен сүйрету; қозғалыс ырғақсыздығы; тік жүруден 
үнемі ауытқу; адым қашықтығының әр түрлілігі; қол сермеу кезіндегі әр 
түрлі амплитуда; қозғалыс енжарлығы; денені вертикальды қозғалту; дененің 
вертикальді осьтен үнемі ауытқуы, сонымен бірге бұзылыстарға жүрген кезде 
аяқтарын тік немесе жартылай бүгуін, теңселіп жүруді, басын төмен қаратып 
немесе бір жағына қисайтуды да жатқызуға болады. Қозғалыс енжарлығы 
байқалады. 
Негізгі қозғалыс қабілеті дамуындағы бұзылыстар: дененің негізгі бұлшық 
ет топтарының (қолдар, аяқтар, іш, арқа) күш көрсеткіштерінің қалыпты 
жағдайынан ауытқуы; қозғалыс жылдамдығының болмауы; динамикалық 
сипаттағы төзімділіктің болмауы; шапшаң күштің төменділігі. (Н. П. Вайзман, 
1997) [6].
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың дене тәрбиесі алуан 
түрлілігімен ерекшеленеді. Ол өз алдына сау балаларға дене тәрбиесін берудегі 
сияқты мақсаттар қояды, алайда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалалардың 
моторикалық даму ерекшелігіне байланысты өзіне тән әдістерді қажет етеді.
Негізгі қозғалыс дағдыларын дамытуда ерте ынталандыру ерекше маңызға 
ие. Сол себептен, қозғалысында бұзушылық бар балалардың дене тәрбиесі бала 
өмірінің алғашқы айларынан басталғаны жөн. Арнайы сабақтар баланың алғашқы 
бірінші айларында басталса, қозғалыс бұзылыстарын едәуір деңгейде түзетуге 
және патологиялық қозғалыс стереотиптерінің қалыптасуының алдын алуға 
болады. Тірек-қимыл аппараты зақымдалу кезінде қозғалыстарды дамыту үлкен 
ауыртпалыққа, әсіресе, ерте және кіші мектеп жасында, яғни баланың ақаулықты 
сезінбейтін және оны жеңуге ұмтылмайтын кезінде әкеледі. 
Тірек-қимыл аппараты зақымдалу кезінде моторлық дамуы баяу ғана емес, 
сонымен қатар, әрбір кезеңде сапасы төмен болып келеді. Мұндай балаларды 
дене тәрбиесі кезінде аурудың әртүрлі клиникалық формаларына тән өзіне 
және бұзылыстарды есепке ала отырып, моторлық дамуды онтогенетикалық 
ынталандыру жатыр. Сондықтан, жалпы қозғалыстарды дамытуды арнайы 
жаттығулар жасау барысында кезең кезеңмен жүргізілуі қажет. Негізгі қозғалыс 
функцияарының қалыптасу деңгейін ескере отырып, түзету жұмыстары 
барысында келесідей міндеттері шешу қажет:
1 Бастың орналасуы мен оның қозғалысына бақылауды қалыптастыру;
2 Дененің жоғарғы бөлігін жазылуға үйрету;
3 Қолдың сүйену функциясын жаттықтыру (жіліншік пен қол буынына 
сүйену);
4 Дененің бұрылу функциясын дамыту (арқадан ішке, іштен арқаға бұрылу);
5 Отыру функциясы мен орнынан орынға көшу фукнциясын қалыптастыру;
6 Төртаяқтап тұруға үйрету, тепе-теңдік пен осы қалыпта еңбектеуді дамыту;
7 Тізерлеп тұруға, одан соң екі аяқтап тұруға үйрету;
8 Тік жүру қалпын сақтауды және сүйелеп жүруді дамыту;
9 Өз бетімен жүруге және оның бұзылысын түзетуге ынталандыру [7].
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған кезде қозғалысты дамытуда емдік 
дене шынықтыру және ысқылау жетекші рөл атқарады. Бұл әсіресе балалардың 
церебралдық сал ауруы кезіндегі бұлшықет тонусы патологиялық өзгерістермен 
тығыз байланысты, сол себептен статикалық және локомоторлық функциялардың 
көбі өз бетімен дами алмайды немесе дұрыс дамымайды. Аурудың формасы мен 
баланың жас ерекшелігіне сай балаға емдік дене шынықтыру мен ысқылаудың 
жеке кешені таңдалады. 
Емдік гимнастиканың негізгі міндеттері патологиялық тонустық 
рефлекторлық белсенділікті тежеу, оның негізінде бұлшықет тонусын қалыпқа 
келтіру және еріксіз қозғалыстарды жеңілдету, баланың жасына сай қозғалыс 
дағдыларының кезең кезеңмен дамуын жаттықтыру болып табылады. Жалпы 
моториканы дамытудың бастапқы кезеңінде барлық іс-шаралар тежеліп қалған 
стато-кинетикалық рефлекстерді реттеуге және тонустық рефлекстердің 
әсерін жоюға, одан соң белсенді қозғалыстардың мүмкіндіктерін дамытуға 
бағытталған. Жалпы моториканы қалыпқа келтіруге бағытталған іс-шаралар 
алдында бұлшықет тонусын қалыптандыру әдістері қолданылуы тиіс. Тірек-


122
123
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет