Научный журнал



Pdf көрінісі
бет88/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   202
С. Ж. Ибадуллаева
1
, А. М. Русанов
2
, А. А. Нургалиева
3
,
Н. С. Ауезова
4
1
б.ғ.д., профессор, Жаратылыстану факультеті, Қорқыт ата атындағы 
Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ., 120000,
Қазақстан Республикасы; 
2
б.ғ.д., профессор, Химия-биологиялық факультеті, Орынбор мемлекеттік 
университеті, Орынбор қ., 460018, Ресей Федерациясы;
3
биология мамандығының докторанты, Жаратылыстану факультеті, 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қызылорда қ., 120000 Қазақстан Республикасы;
4
б.ғ.к., аға оқытушы, Агрономиялық факультеті, С. Сейфуллин атындағы 
Қазақ агротехникалық университеті, Астана қ., 010011,
Қазақстан Республикасы
e-mail: 
1
salt_i@mail.ru
БОЛАШАҚ БИОЛОГ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ 
БІЛІМ АЛУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Білім беру мазмұнының жаңаруы, жеке тұлға, қоғам мен 
мемлекеттің қажеттілігінің өзгеруі педагогикалық білім беру 
жүйесіне, бүкіл өмір бойы білімін жетілдіруге дайын, әдіснама 
мен әдістеменің қажетті деңгейін меңгерген, инновациялық кәсіби 
қызметке қабілетті жаңа буын мұғалімдерді даярлаудан тұратын
әлеуметтік талаптар қоюда. 
ЖОО мен мектептерге арналған Мемлекеттік білім беру 
стандарттарының талаптарына сәйкес қазіргі заманғы мұғалім 
– бұл өз пәнін жетік меңгерген, білім алушылардың іс-әрекетін 
ұйымдастырушы және түзетуші, әрбір білім алушыны оқыту 
процесіне тарта алатын кәсіби маман. Сонымен бірге жаңа заманғы 
мұғалім білім алушымен «жақын арадағы даму аймағында» жұмыс 
істеп, білім алушыға қолдау көрсетуі тиіс. 
Кілтті сөздер: мотивация, оқытудың интербелсенді әдістері, 
бағалау.


166
167
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
КІРІСПЕ
Жаңа заманғы мұғалім оқытудың мақсаттарын жүзеге асыру үшін 
коммуникация құралдарымен жұмыс жасай алуы, ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны меңгеруі, яғни ақпараттық-коммуникациялар саласында құзыретті 
болуы керек [1]. 
Мұғалімнің кәсіби қызметін жүзеге асыру қолданыстағы көптүрлілік 
арасынан қажетті әдісті, педагогикалық технологияны, оқулықтар мен оқу-
әдістемелік құралдарды, оқыту құралдарын өзбетінше таңдай алуымен және 
қолдануымен тікелей байланысты. Ол үшін мұғалім ұсынылған педагогикалық 
технологияның теориялық негізін, оқу курсының мазмұнын, оның логикасы мен 
пәндік ұғымдар қалыптастырудың әдістерін, т.б. өзбетінше талдай алуы керек. 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Білім беру жұмысымен бірге қазіргі заманғы мұғалім оқыту процесіне 
өзгерістер енгізу үшін тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастырып, 
оны жүргізе алуы тиіс. Қазіргі заманғы мұғалім білім мен мәдениеттің жоғары 
деңгейін көрсетіп қана қоймай, өз бетінше өз білімін үнемі толықтырып, 
жетілдіріп отыруы, дербес шығармашылық, зерттеушілік және инновациялық 
қызметті жүзеге асыра алуы керек. Осылайша, дербестік қазіргі заманғы 
мұғалімнің негізгі кәсіби қасиеттерінің біріне айналуда [2]. 
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттеріне сәйкес, болашақ биолог 
мұғалімдерінің өз бетінше білім алу қабілеттерін интербелсенді оқыту 
технологиясы арқылы дамыту мүмкіндігін анықтау үшін 2015–2017 жылдары
университеттін 5В011300 – «Биология» мамандығы бойынша оқитын 71 студент 
қатысқан тәжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылды. 
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы үш кезеңді қамтыды: анықтаушы кезең, 
қалыптастырушы кезең және қорытындылаушы кезең. 
Тәжірибелік-эксперимет жұмысының анықтаушы кезеңінің міндеттері
мынадай болды:
– Білім алушылардың өз бетінше білім алуға ынтасын анықтау;
– Студенттердің өз бетінше білім алу қабілетінің деңгейін анықтау;
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін сауалнама, әңгімелесу және тест 
әдістері қолданылды. Бұл әдістер студенттердің өзбетінше білім алудың маңызын 
сезінуі, өз бетінше білім алуға жеке жетістік ретінде қарауы, өзбетінше білім алу 
қабілетінің деңгейлері мен олардың мақсатқа сәйкестігін анықтауға мүмкіндік 
берді. 
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге жүргізілген талдау 
студенттердің өз бетінше білім алу қабілетінің компоненеттерін (мотивациялық, 
іс-әрекеттік және бағалау компоненттері) анықтауға және соның негізінде 
осы процеспен байланысты критерийлерді анықтауға мүмкіндік берді. Бұл 
компоненттердің қалыптасқандығының негізгі көрсеткіші студент тұлғасының 
өз бетінше білім алудың жоғары деңгейіне көтерілуі болып табылады. Сонымен 
қатар аталған критерийлерді барынша тиімді тексеруге мүмкіндік беретін 
әдістемелерді таңдап алдық (1-кесте)
Кесте 1 – Болашақ мұғалімдердің өз бетінше білім алу қабілетін дамыту 
компоненттері және критерийлері
Өз бетінше білім алу қабілеті компоненттері
Өз бетінше білім алу қабілеті деңгейінің 
критерийлері
М о т и в а ц и я л ы қ к о м п о н е н т : б і р т ұ т а с 
эмоционалды-тұлғалық аппарат (өз білімін 
жетілдіруге деген іштей қажеттілік, жеке 
құндылықтары, эмоционалдық-ерік жігері, 
жалпы ақыл-ой қабілеті ).
Мотивациялық-құндылықтық критерий: 
өз бетінше білім алудың маңызы мен 
құндылығын сезіну, өз бетінше білім алуға 
деген оң көзқарас
Іс-әрекеттік компонент: ақпараттың негізгі 
көздерімен (библиографиялық жүйе, 
автоматтандырылған ақпараттық-іздеу 
құралдары, қосымша көздер) жұмыс жасай алу 
білігі мен дағдысы, көп ақпаратпен жұмыс жасай 
алу икемі, көп ақпараттың ішінен бастысын 
таба алуы. 
Операциялық-практикалық критерий: 
ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс 
жасай алу арқылы білім игеру икемі, өзін 
ұйымдастыру мен өзін реттеу.
Бағалау компоненті: өз бетінше білімін талдау 
мен баға беру, өз жетістіктерін бағалау. 
Бағалау-бақылау критерийі: өз іс-әрекетін 
нақты бағалай алу
Студенттердің өз бетінше білім алу қабілетінің деңгейлерін жоғары, орташа, 
төменгі деңгейлер деп бөлдік.
Жоғары деңгей: студент өз бетінше білім алудың қажеттілігін терең түсінеді, 
сонымен бірге алдына мақсат қойып, оны кәсіби міндеттерді шешуде нақтылай 
алады және оны шешудің тиімді жолдарын анықтай алады; өз бетінше білім алу 
процесінде түрлі ақпарат көздерін тиімді пайдалана алады және өз бетінше білім 
алу процесін басқара алады.
Орташа деңгей: студент өз бетінше білім алуды жеке және кәсіби 
қызығушылықтарымен байланыстыра алады; өз бетінше білім алу процесінде 
түрлі ақпарат көздерін тиімді пайдалана алады және өз бетінше білім алу процесін 
ұйымдастыра алады, кей жағдайда оқытушы көмегіне сүйенеді.
Төменгі деңгей: өз бетінше білім алуға ынтасы төмен, оның қажеттілігін 
сезінбейді; өз бетінше ақпарат іздей алғанымен оны өңдеу тәсілдерін білмейді, 
оқытушының үнемі бақылауы мен көтермелеуін қажет етеді. 
Сауалнама жауаптарын талдау сауалнамаға қатысқан 63 студент 
(88,7 %) өз бетінше жұмыс өз бетінше білім игеруге мүмкіндік береді деп 
есептейтіндігін көрсетті. «Сіз өз бетінше білім алуға көңіл бөлесіз ба?» деген 


168
169
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет