«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова


БАТЫРЛАР ЖЫРЫН СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ



Pdf көрінісі
бет73/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

БАТЫРЛАР ЖЫРЫН СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ 
Сейпутанова А.К., Калиахметова И.Е. 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті магистранты 
Өскемен қ., Қазақстан, e-mail: kie81@mail.ru 
Мақалада автор батырлар жырын оқытуда өз тәжірибесінде қолданған оқу 
және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін 
жүйелеп, нақты мысалдармен дәлелдейді 
Түйін сөздер: батырлар жырын оқыту, әдістер, әдеби талдау 
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды мәселелердің бірі- 
олардың ізеттілігін, тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық қасиеттерін, сондай-ақ, 
патриоттық, елжандылық қасиеттерін қалыптастыру қажет екені баршамызға аян. 
Осындайда батырлар жырын оқытуда құныдылық бағдарды негізге ала отырып, осы 
міндеттерді шешуге әр шебер ұстаз үлес қосары анық. Қазіргі заманғы ұстаз -
уақытпен бірге жаңарып, толықсып келе жатқан, озық технологияларды жан-жақты 
меңгерген білікті ұстаздар. Осыған байланысты біз мектепте батырлар жырын 
оқытуға байланысты тәжірибемен бөліскіміз келеді.
Мектепте батырлар жырын оқытуда ерекше мән беретін жайттар өте көп. 
Мысалы, 1-2 сағат аясында батырлар жырын толық оқушы бойына сіңіру мүмкін 
емес. Сондықтан да Қ.Бітібаеваның «Батырлар жырын оқыту» туралы кеңесін 
басшылыққа ала отырып, алдымен кіріспе жұмыс ретінде «Батырлар жыры» туралы 
алғашқы әдеби –теориялық ұғым беруге болады [1].
Оқушылар батырлар жырындағы халықтың арманы, тарихы туралы 
мәліметтер алады. Батырлық жырдың мазмұнын меңгерту үшін жырға шағын 
сюжеттік- композициялық жоспар жасадық. Бұл жоспар арқылы оқушыларға 
жырдағы басты оқиғалар туралы мәлімет беріледі. Жырды мұалім өзі оқып, аудио 
тыңдатып, болмаса, оқушыларға тізбектетіп, мәнерлетіп оқытамыз. Эпизодтардан 
сұрақтар қоя отырып, негізгі оқиғаларды мазмұндатамыз. Аннотация жаздыртамыз. 
Жырмен толық танысып шыққан соң, жетелеу сұрақтарын қою арқылы жырдың 
толық мазмұнын сұраймыз. Сондай-ақ, «Батырлар жырын» оқытуда топтағы 
оқушыларды 3 топқа бөлдік. Олар «Ой шақыру стратегиясы» арқылы «Батырлар 
жыры» ұғымын ашатын сөздерді жазу арқылы батырлық, ерлік, қаһарман, жекпе-
жек, жүйрік ат, ер, намысшыл, батыл елін сүйетін т.б сөздерді жазды. Батырлар 
жырының мазмұнымен танысып, жаңа сөздермен сөздік жұмыс жасады. Түсініксіз 
сөздерді синонимдермен алмастырды. Жырды үш бөлімге бөліп, әр топ өз 
бөлімдеріне жоспар құрды. Сабақты бекіту кезеңінде «Кубизм» әдісін пайдалану 
арқылы 1-ші топ батырлар жырының жанрлық ерекшелігін анықтаса, 2-ші топ 
батырлар жыры мен лиро эпостық жырларды салыстырды. 3-ші топ зерттеу: 
«Батырлар жырының» зерттелуі туралы мәліметтермен таныстырды. 1-ші топ 
қолдану кезеңінде жырдан үзінділер оқыды. 2-ші топ талдау кезеңінде жырдың 
көркемдік ерекшелігі, тілін талдады. 3-ші топ талқылау кезеңінде батырлар 


211 
жырының маңызы туралы айтты. Сабақты қорытындылау кезеңінде жырдың 
тақырыбы мен идеясын аштық. Жырда сөз болған мәселелерді анықтады. 
Батыр бейнесіне топтастыру әдісін қолдану арқылы сөздерді іріктедік. Топта 
атқарылған жұмыстар бойынша оқушылардың білімдері бағаланды. Үй 
тапсырмасына жырдан үзінді жаттауға және осы жыр бойынша сызба құру, жобалау 
жұмыстары берілді. Рефлексия кезеңінде оқушылар топ болып жыр мазмұны 
туралы ойларымен бөлісті. Осы жұмыстарды орындату арқылы біз оқушыларға 
қажетті білім бере алдық деп ойлаймыз. Өйткені, үй тапсырмасын тексеру кезеңінде 
оқушылардың сызба жұмыстары, жобалау жұмыстары арқылы оқушылар жыр 
туралы толық мәлімет алып шыққанын байқадық. Батырлар жырын оқыту арқылы 
оқушы бойына ерлік, батырлық, намысшылдық елін сүю т.б қасиеттерді меңгертуге 
болады. Осы сабақтарды өту арқылы мен іс-тәжірибеден мұғалім ретінде өту 
барысында Қ.Бітібаеваның тәжірибесінен өзімізге қажет нәрселерді алдық деп 
ойлаймыз. Батырлар жырын оқытудың қиындығы оның ұзақтығына, тілінің бүгінгі 
балалар үшін поэтикалық ерекшелігіне байланысты болады. 
Батырлар жырын оқытуда көңіл бөлінетін басты мәселелер мәтінмен 
жүргізілетін жұмыс кезеңдерінде қарастырылады. Ол кезеңдер кіріспе жұмыстар, 
жыр мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар, қорытынды жұмыстар болып 
табылады. Кіріспе кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып 
батырлар жыры туралы алғашқы әдеби-теориялық ұғым беріледі, батырлар 
жырында халық арманы, халық тарихы жататыны түсіндіріледі [3]. Жыр мазмұнын 
меңгерту бағытындағы жұмыс жоспар жасаудан басталады. 
Жырдың сюжеттік-композициялық жоспары жасалады да, оқушылардың көз 
алдына қойылады. Мысалы «Қобыланды батыр» жырын оқытуда оның 
төмендегідей сюжеттік-композициялық жоспары ұсынылады. Оны «Ой қозғау» 
әдісіне салып оқытуға болады. Мысалы:
1) Қобыландының дүниеге келуі.
2) Қобыландының алғашқы күресі.
3) Қобыландының тұлпары - Тайбурыл. 
4) Тайбурылдың шабысы. 
5) Қобыланды және қазақ хандығы. 
6) Қобыландының тұтқынға алынуы.
7) Көбіктінің ащы сөзімен жеңілісі.
8) Алшағыр ханның сарайында.
9) Қобыландының Құртқа сұлуға үйленуі.
10) Қобыланды батырдың ұлы, осы сияқты бірнеше сұрақтар арқылы ой 
қозғауға болады.
Іс-тәжірибеден өту барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясының 
бірнеше әдіс-тәсілдері (стратегиялары) қолданылды, атап өтсек төмендегідей: 
Батырлар туралы не білдің деген сұраққа жауап алу үшін «Ыстық орындық» 
әдісін қолдануға болады. Сұрақтары: Нағыз батыр кім? Қобыланды батыр 
жырының негізгі тақырыбы? Қобыланды неше жасында атқа мінді? Қобыландының 
серігі кім? Жыр немен аяқталды? 


212 
«Ашық сұрақ әдісі»: Қобыланды батыр мен ұлы отан соғысындағы 
батырлардың айырмашылығы қандай? Сол кездегі мен осы замандағы қару 
жарақтардың айырмашылығы. 
«Стоп кадр» әдісі. Оқушыларға мәтін таратылып беріледі. Стоп кадр әдісі 
арқылы мәтінді мұқият оқиды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін айтады. 1) «Қобыланды 
батыр» жырын оқиды 2) Мәтінді оқып отырған кезде белгілі бір сигнал беріледі, 
белгі берілген кезде «Стоп кадр» деп біреуді түртіп қалғанда тоқтаған жерінде 
кейіпкердің іс-әрекетін айтады. 3) Мәтін аяқталғанша дейін осылай жалғасады. 
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтіннен 
іздеп тауып, түсіндіреді. Сұрақтарға жауап береді. Көркем сөздерді табады. -
Жырдағы оқиға қай батырлар жайында құрылған? -Қобыландының тұлпары қалай 
аталады? -Жауға аттанған Қобыланды жырда қалай суреттелген? - Қобыланды 
жекпе – жекке кіммен шығады? 
«Суреттер сөйлейді» әдісі. Жырға және сұрақ деректерге сүйеніп суреттегі 
батырларды сипатта. Сипаттауда жырдағы көркем сөздерді қолдану туралы 
ескертіледі. Мысалы; қабағы тастай түйіліп, ақсұңқар құстай шүйілді, нар түйедей 
бақырды, түлкідей көзі жайнайды. Кейіпкерге сипаттама береді. 
«Әдеби шеңбер» әдісімен жұмыс 
1. Жыр мазмұны бойынша бес сұрақ құрастырады 
2. Жырдағы ең маңызды оқиғаларды анықтайды, дәлелдейді 
3. Кейіпкер өмірін қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, суреттейді. 
«SWOT талдауы» әдісі арқылы жырдағы басты кейіпкерлердің типтерінің 
күшті жақтары, әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіптерді ажыратып айтады. 
«Серпілген сауал» әдісі 
Берілген портреттен кейіпкердің қандай ерекшелігін байқадың? 
1. «Жад қыламын, Естеке, 
Жеті кәміл бабаны». 
Барғысы келіп батырдың 
Тоқтамайды табаны. 
2. Сонда Қобыланды батырдың 
Тері тамып иектен, 
Түгі шығып білектен, 
Жаны бір тулап жүректен, 
Неше бір құрдас айтса да, 
Қараманның бұл сөзі, 
Өтіп бір кетті сүйектен. 
Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға 
қиындығы – ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық 
ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту 5-9-сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек 
сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына 
мәселелерге көңіл бөлу керек.
Кіріспе жұмыстар «Батырлар жыры» туралы (эпостық жырлар) алғашқы 
әдеби-теориялық ұғым беру. (Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып). 
Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізіне халық тарихының жататыны. 
Мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар. 


213 
Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз 
алдына іліп қою. Мысалы, «Қамбар батыр» жырын оқытуда «Айқын мақсат қоя 
отырып» деген әдіске салып былайша жоспар жасауға болады: 
Жыршының баяндауы (Әзімбай туралы). 
Қыз Назымның сұлу сипатын суреттеуі. 
Қыз Назымның күйеу таңдауы, ешкімді ұнатпауы. 
Қамбарға ғашық болуы. 
Қамбардың сипаты. 
Қамбардың халқы үшін аңшылықпен айналысуы. 
Аң аулап жүргенде, жолбарыспен шайқасуы. 
Назым аулының үстінен өте шығуы. 
Назымның өкпесі, назы. 
Қамбардың жолына тор құруы. 
Қамбар мен Назымның тілдесуі, бір-біріне мұңшағуы. 
Назым ағаларыың ашуға булығуы.
Алшыораздың араша түсуі, ақылы. 
Қалмақ ханының Назымға құда түсуі. 
Алшыораз бен Келмембеттің соғысы. 
Қараман ханның қаһары. Әзімбай аулына жорығы. 
Әзімбайдың қысылуы, Қамбарға кісі салуы. 
Қамбардың елімен қоштасып, көмекке аттануы. 
Қараманды іздеп баруы, сөзбен айқасуы. 
Қараманның жекпе-жекке шығуы. 
Соғыс сипаты. 
Қараманды, қалмақтарды жеңуі. 
Қамбардың Назымға үйленуі.
Ұзақ жырға, әрі оқиғалары да күрделі жырға осындай жоспар құру 
балалардың жырдағы басты оқиғалапды тез қабылдауы, аңғаруы, әрі сол бойыша 
мазмұнын жүйелі түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау рөлін 
атқарады. 
2. Жырды күйтабақтан тыңдатып (басқа жырды да оқытуға болады), жырдың 
оқылу мәнерімен таныстыру. 
3. Жырды мәнерлеп оқу. Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып, ізінше 
мазмұндатып отыру. Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу, басты 
оқиғаларын айтқызу. Аннотация жаздыру. Оны мына үлгіде жазуға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет