Науырзым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 тамыздағы бесінші шақырылған кезектен тыс сессиясының №323 шешімі мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №263 «Науырзым ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі26.78 Kb.
#2507



Науырзым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 тамыздағы бесінші шақырылған кезектен тыс сессиясының № 323 ШЕШІМІ
Мәслихаттың 2014 жылғы 24

желтоқсандағы № 263 «Науырзым

ауданының 2015-2017 жылдарға

арналған аудандық бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 және 109-баптарына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 263 «Науырзым ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 5276 тіркелген, 2015 жылғы 13 қаңтарда «Науырзым тынысы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Науырзым ауданының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 1681134,2 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 178452,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 5906,0 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 551,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 1496225,2 мың теңге;

2) шығындар – 1693619,7 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 6565,0 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер – 8919,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 2354,0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0,0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -19050,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 19050,5 мың теңге:

қарыздар түсімі – 8919,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 2505,8 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 12637,3 мың теңге.».


көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2015 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімінің қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:

балалардың және жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын тексеруге және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес түрінде халыққа көмек көрсету қызметін аудандар деңгейіне тапсыруға байланысты психологиялық-педагогикалық коррекция кабинетін қамтамасыз етуге 6474,0 мың теңге сомасында;

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне әлеуметтік көмек мөлшерін 6-дан 10- дейін айлық есептік көрсеткішке ұлғайтуға 324,5 мың теңге сомасында.

аудандық мағынадағы қысқы автомобильдік жолдарды қамтамасыз етуге 5000,0 мың теңге сомасында.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы аясында қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамытуға 15000,0 мың теңге сомасында.

"Қазақстан Республикасы Президентінен "Менің Отаным - Қазақстан. Моя Родина - Казахстан" атты бірінші сынып оқушысына сыйлық" оқу құралын сатып алуға және жеткізуге 134,7 мың теңге сомасында.».

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрайымы,

аудандық мәслихаттың хатшысы З. Алдажұманова

«КЕЛІСІЛДІ»


«Науырзым ауданының экономика,

қаржы және кәсіпкерлік бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_________________ Н. Дехтярева



2015 жылғы «18» тамыз




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет