Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


Алланы еске алумен жүректер тыныштық таба-



Pdf көрінісі
бет21/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   98
Үміт сәулесі

Алланы еске алумен жүректер тыныштық таба-
ды» демей ме. Сонымен қатар Алла елшісі (с.а.с.): 
«Үйлеріңде Құранды көп оқыңдар. Құран оқылмаған 
үйде жақсылық аз, жамандық көп болады. Ол 
үйдің тұрғындарының кеудесі қысылады»
14
«Құран 
оқыңдар! Расында ол қиямет күнінде өзінің достарына 
шапағатшы болады»
15
, – деген болатын.
ТАҒДЫР
Али (р.а.) былай дейді: «Бірде біз Бақиул-ғарқад 
деген жерде болатынбыз. Алла елшісі келіп, біздің 
жанымызға отырды. Біз де ол кісіні қоршап отыра 
14
Дарақутни, Әнас және Жәбирден риуаят етілген 
15
Мүслим. 


44
Үміт cәулесі
қалдық. Қолында бір ағаш бұтағы болатын. Жерге 
сызықтар сыза бастады. Сосын: «Жаннат пен тозақта 
орны белгіленіп қоймаған ешбір адам жоқ, барлығының 
барар жері белгілі» – деді. Көпшілік: «Уа, Алланың 
елшісі! Олай болса пешенемізге жазылғанға сеніп 
(ешқандай іс-амал жасамай) жүрсек болмай ма?» – 
деп сұрағанда,: «Амал етіңдер. Әрбір пенде тағдырда 
жазылғанына қол жеткізеді. Жаннаттықтар пейішке 
жетелейтін амалда табысты болады. Тозақтықтар 
тозаққа жетелейтін амалда табысты болады», – деді. 
Бұдан кейін мына аятты оқыды: 
اَّمَأَو }7{ ىَر ْسُيْلِل ُهُرِّسَيُنَسَف }6{ ىَن ْس ُحْلاِب َقَّد َصَو }5{ ىَقَّتاَو ىَطْعَأ نَم اَّمَأَف
ىَر ْسُعْلِل ُهُرِّسَيُنَسَف }9{ىَن ْس ُحْلاِب َبَّذَكَو }8{ ىَنْغَت ْساَو َل ِخَب نَم
«Ал енді әлдекім (Алла жолында мал-пұлын) 
берсе , тақуалық қылса, жақсылықты дұрыс деп 
білсе, сонда оның жолын оңайластырамыз. Ал енді 
кім сараңдық істесе, (Аллаға құлшылық етуді) еле-
месе, жақсылықты өтірікке шығарса, сонда оның 
ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз» («Ләйл» 
сүресі, 5-10-аяттар).
Міне, осы аяттар бізге жаннат үшін күш-қайрат 
жұмсап, ниет етіп, осы жолға ұмтылғандарға, жаннат 
жолы жеңілдетілетінін, ал кімде-кім жамандықты қалап, 
тозақи амалдарға бейімдік көрсетіп, бар тапқанын сол 
жолда жұмсаса, барар жері де тозақ болатындығын ай-
туда. 
Сондай-ақ бір хадисте сахаба Ұбаданың бала-
сына: «Балам, сенің басыңнан өткен барлық істің 
болмауының мүмкін еместігін және болмаған істің 
болуының мүмкін еместігін түсінбейінше, сен еш 
уақытта діннің (тәтті) дәмін тата алмайсың. Мен 


45
Үміт cәулесі
Пайғамбардың (с.а.с.) былай деп айтқанын естідім: 
«Алла ең бірінші қаламды жаратты. Сосын оған: 
«Жаз!» деп әмір берді. Қалам: «Не жазайын?» – деп 
сұрады. Алла тағала: «Ақырет күніне дейін орын ала-
тын нәрсенің бәрін жаз» деді». Балам, мен сондай-ақ 
Пайғамбардың: «Кімде-кім осындай сеніммен өлмесе, 
ол менен емес», – дегенін естідім»,– дегені айтылады. 
Сондықтан да болған нәрсеге «Алланың жазғаны солай 
шығар» деп сену ең дұрысы. 
Құранда былай айтылады:
اَهَأَرْبَّننَأ ِلْبَق نِّم باَتِك يِف َّلِإ ْمُكِسُفنَأ يِف َل َو ِضْرَ ْلا يِف ٍةَبي ِصُّم نِم َبا َصَأ اَم
ٌري ِسَي ِ َّللا ىَلَع َكِلَٰذ َّنِإ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет