Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


төменгілерден де төмен еттік»



Pdf көрінісі
бет4/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Үміт сәулесі

төменгілерден де төмен еттік» («Тин» сүресі, 5-аят) 
деу арқылы имансыз қара жүрек адамдық шекарасынан 
аттап, хайуандық межеден асып, ауыз айтуға бармай-
тын төмен дәрежеге түспек. Майлықожа ақын бір өлең 
шумағында: 
«Алланың аты ашады көңілдегі қараңды, 
Нышаны дейді пейіштің жазғы соққан самалы»,– 
деген екен.
Егер жүректе жаратқан Иеге деген иман болма-
са, айналада қоршаған нәрселердің бәрі жау, өмір 
дегенің кім күшті болса сол жеңіп шығатын арпалыс 
алаңына айналып, адам ешқашан тыным таппай өмірін 
қынжылыспен, өзгеге сенімсіздікпен, ал өлімді ойласа 
тіптен үрейден арылмаған күйде күн кешеді. Өйткені 
өлу – топырақтың бауырына түсіп шіріп жоқ болу, 
жарық дүниеде сүйгендерімен қош айтысу, жалғанды 
жалпағынан басып жиған-терген мал-дүние мен атақ-
даңқынан айырылу секілді көрініп жүрегіне тыным 
бермейді. Имансыз адам жайлы Құранда: 


11
Үміт cәулесі
مِهِناَيْغُط يِف ْمُهُرَذَنَو ٍةَّرَم لَّوَأ ِهِب اوُنِمْؤُي مَل اَمَك ْمُهَرا َصْبَأَو مُهَتَدِئْفَأ ُبِّلَقُنَو
َنوُهَمْعَي
«Олардың көңілдерін және көздерін (ақиқатты 
түсінуден) теріс айналдырамыз да, бұдан бұрын 
сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңдікке са-
лып қоямыз» (Әнғам сүресі, 110-аят) деп сипаттаған. 
Расында, нағыз бақытсыз – тақырға отырған адам, иман 
байлығынан құр қалған жан. Иман екі дүние бақытын 
сыйласа, имансыздық осы дүниеде һәм ақыретте де 
қасірет тартқызады. Және Жаратқан иеміз: 
ا ًكن َض ًة َشيِعَم ُهَلَ ّنِإَف يِرْكِذ نَع َضَرْعَأ ْنَمَو
«Ал кім Мені еске алмаса, күдіксіз, оған бір 
тар тұрмыс болады» («Та-һа» сүресі, 124) деп осы 
мәселенің мәнін ашуда.
Міне, имансыз өткен өмір неткен өкінішті 
десеңізші! Қараңғылықтан, өмірдің қиыншылығынан 
өздерін арылтып, жандарына рахат сыйлаймыз деп өз 
өмірлерін қиятын кейбір имансыздардың өмірі осыған 
үлкен мысал. Қазіргі таңда суицид оқиғаларының 
әлемде өркениеті дамыған елдерде көп орын алуы бізге 
көп нәрседен сыр ұқтырса керек. Алланың адамзатты 
бақытқа бастар заңдарына құлақ аспай, өмірдің мәнін 
тек материалды байлықтан іздегендердің жағдайы 
қандай өкінішті! Атеистік идеологияның ызғары 
қайтып, Ислам қауқары артып айқын көріне бастаған 
қазіргі заманда ойланған адам үшін көптеген ғибраттар 
бар. Материализмге сүйенген атеистік түсініктің 
жойқын соққы жеуі біздерді Алла тағаланың шариғатын 
мойындауға жетелейді. Арам пиғылды, қарау жандар 
аспанда жарқырап тұрған күнді қанша бүркемелемек 


12
Үміт cәулесі
болса да оған шамасы жетпеді. Олардың пайымдауынша, 
білім-ғылым шарықтап дамыған сайын Құдайға деген 
сенім өздігінен жоғалуы керек еді. Алайда әлемде орын 
алып жатқан дінге деген ерекше құлшыныс олардың 
теорияларының барлығының күлін көкке ұшырды. 
Сондықтан Алла тарапынан келген елшілердің шыншыл 
екенін мойындайтын уақыт жеткен сияқты.
ْمُهَّنَيِز ْجَنَل َو ًةَبِّيَط ًةاَي َح ُهَّنَيِي ْحُنَلَف ٌنِمْؤُم َوُهَو ٰىَثنُأ ْو َأٍرَكَذ نِّم ا ًحِلا َص َلِمَع ْنَم
َنوُلَمْعَي اوُناَك اَم ِن َس ْحَأِب مُهَر ْجَأ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет